1) газы аз жерде;
2) сынақтар бағдарламасында көрсетілген аралық белгіленгендер;
3) шарықтау режимдерде өткізілуге тиіс.
1542. Қалақтарды әуе винтінің төлкесіне бекіту туралы әуе винті жиілігінен айналу кезінде оған ықпал ететін ең жоғары центрден тепкіш күш жүктемесінен көрі жарықтың режиміне сәйкес екі есе көп жүктемеге тап болуы мүмкін. Сынақ не әуе винті айналу кезінде, не созуға арналған статикалық сынақтар кезінде жүргізілуі мүмкін.
Артық жүктеме қосымшасының ұзақтығын сынақтар бағдарламасы белгіленуге тиіс.
1543. Әуе винтінің айналудың ең жоғарғы жиілігін арттырумен сынау.
Сынақ қозғалтқышы бар әуе винтінің бірлескен жұмысы кезіндегі мүмкін болатын қысқа мерзімді шығарып тастау шамасына арналған оның ең жоғарғы айналу жиілігінен асатын немесе олардың қайсысының көптігіне қарай шарықтау режиміндегі айналу жиілігі 5%-ға асатын жиілікпен әуе винтінің айналуы кезінде 10 минут (30 с бойынша 20 цикл) бойы жүргізілуге тиіс.
Ескертпе. Жұмыстың жиынтық ұзақтығын сақтау кезінде 10 минут бойы айналу жиілігін арттырумен циклдардың ұзақтығын азайтуға рұқсат беріледі.
1544. Әуе винтінің осы көзделген режимдерінде қорғау құрылғыларының істелген жұмысы кезіндегі, жекелеген жүйелердің істен шығу имитациясы кезіндегі сипаттамасы, сондай-ақ әуе винті кері қимылдайтын режимдегі сипаттамасы қозғалтқышы бар әуе винтінің сынақтары кезінде аэродинамикалық трубада немесе, егер бұл мүмкін болмаса, ӘК-де (ұшу зертханасында) анықталуы тиіс.
1545. Сынақ кезінде үлкен, шағын қадамның және қадамды тіркегішін басқару арналары бойынша қалақтар қадамының бөлектеп өзгеру тетігінен және екі арнадан бір мезгілде ағыстар жағдайында майдың ең жоғары ұйғарынды ағуы анықталуы тиіс.
Сынақтар жүргізген кезде әуе винтінің арналарынан ағыстарды бірізділікпен көбейтетін (5 л/минут арқылы) имитация өткізуге мүмкіндік беретін қосымша құрылғыларды пайдалануға рұқсат беріледі.
Майдың ең жоғарғы ұйғарынды ағыстарымен әуе винті қозғалтқышпен бірлесіп техникалық құжаттамада берілген өлшемдерден ауытқымай жұмыс істеген жағдайда осындай аса жоғары ағыстар танылуы мүмкін.
1546. Әуе винтінің жұмысын оның қалақтарын флюгирлеу кезінде тексеру пайдалануға жіберілген қозғалтқышқа кіре берістегі майдың ең төмен және ең жоғарғы температурасы кезінде жүргізілуге тиіс және әуе винтінің флюгирлеу өлшемдері техникалық құжаттамада белгіленген шектерде:
1) флюгирлеу жүйесін қолмен қосу кезінде - қозғалтқыштың жұмыс режимдерінің барлық диапазонында, сондай-ақ ажыратылған қозғалтқышта;
2) флюгирлеу жүйесін автоматты түрде қосу кезінде - техникалық құжаттамада көзделген қозғалтқыштың жұмыс режимдерінің диапазонында;
3) флюгирлеу жүйесін авариялық қосу кезінде - қозғалтқыштың жұмыс режимдерінің барлық диапазонында көрсетілуі тиіс.
1547. Әуе винтінің текшелік сынақтары кезінде төменде көрсетілген істен шығу имитациясы жүргізілуі тиіс. Бұл ретте, істен шығу ұйғаруынсыз теріс тартымның туындауына және әуе винтінің айналу жиілігін ұйғаруынсыз арттыруға алып келмейтіндігін көрсетуі тиіс:
1) жеке-дара істен шығуы бойынша - қалақтарды орнату бұрышын азайтуға команда беру жағдайында әуе винтінің алу жиілігін реттейтін центрден тепкіш тетігі реттегішінің тұрып қалуы;
Анықталған ағу шамасы бойынша көлемінен асып түсетін әуе винтінің арналарынан ағатын ағыстар;
2) қосарлы істен шығулар бойынша - қалақтарды орнату бұрышын азайтуға команда беру жағдайында әуе винтінің айналу жиілігін реттейтін центрден тепкіш тетігінің рет тығынының тұрып қалуы және қадамның центрден тебу фиксаторының бір мезгілде істен шығуы.
Әуе винтінің нақты үлгісі үшін істен шығулар мен сынақтардың түрлері сынақтар бағдарламасымен белгіленуі тиіс.
1548. Әуе винтінің негізгі бөлшектерінің беріктігі (қалақтар, корпустар, стакандар, картерлер мен валдар, оның ішінде тең осьті әуе винтінің валдары):
1) сынақтар кезінде әуе винтінің негізгі бөлшектерінің жүктемелерін (кернеулерін) тексерумен;
2) пайдалануда жүктемелікті көрсететін жүктемелер кезінде әуе винтінің негізгі бөлшектерінің шыдамдылығын динамикалық зертханалық сынақтармен;
3) әуе винтінің ресурстарын белгілеу жөніндегі сынақтармен;
4) беріктік қорларының берілген мәндеріне сәйкес тексерумен;
5) флаттерден қорғалуын тексерумен және әуе винті қалақтарының жиілік сипаттамаларын анықтау бойынша зертханалық сынақтармен расталуы тиіс.
Валдағы немесе валдардағы (көршілес бұрамдардағы) ауыспалы кернеулерінің беріктік шарттары бойынша әуе винтінің айналу иілігінің жұмыс диапазоны шегінде көтеріңкі деңгейлі режимдер табылған жағдайда, пайдалануда валдарға әсер ететін жүктемелердің жиынтығын салу кезіндегі шыдамдылық шегін анықтау бойынша сынақтар жүргізілуі тиіс. Валға осындай жүктеме жиынтығымен сынақтар жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, оның қажу беріктігін айқындайтын негізгі жүктеме салынуға тиіс. Сынақтар кезінде ұдайы өндірілмейтін жүктемелердің валдың қажу беріктігіне әсері есеп айырысу жолымен бағалануы тиіс.
Ескертпе. Жекелеген жағдайларда валдардың шыдамдылық шегі баламалы конструкциялар сынақтарының нәтижелері бойынша бағалануы мүмкін.
1549. Қалақтардың бұрылу жылдамдығының сәйкестігі оларды техникалық құжаттамада берілген мәннің кері қимылдайтын жағдайына өту кезінде тексерілуі тиіс.
Әуе винтінің ең жоғарғы және ең төмен айналу жиілігі мен кері қимылдайтын тартым режиміне өту кезінде оның айналу жиілігінің өзгеру жатықтығы анықталуы тиіс.
Сынақтармен әуе винті қалақтарының кері қимылдайтын жағдайға өз бетімен өтуінің болмайтындығы көрсетілуі тиіс.
234. 150 сағаттық текшелік сынақтар
1550. 150 сағаттық текшелік сынақтар кезінде:
1) әуе винтінің техникалық құжаттамада көрсетілген талаптарға сәйкестігі;
2) әуе винтінің оның реттеу мен басқару жүйелерінің жұмыс қабілеттілігі анықталуы тиіс.
Әуе винтінің 150 сағаттық текшелік сынақтарының бағдарламасы:
1) дайындық жұмыстарын;
2) әуе винтінің және оның қозғалтқыштағы жүйелерінің сипаттамалары мен жұмыс қабілеттілігін тексеруді;
3) әуе винтінің қозғалтқышпен бірлескен сынағын;
4) әуе винтінің қосымша сынақтарын;
5) сынақтардан кейінгі жұмыстарды қамтуы тиіс.
150 сағаттық текшелік сынақтар алдындағы дайындық жұмыстарына:
1) әуе винтінің сынақта ұсынылған материалдарын зерделеу мен тексеру;
2) әуе винтінің сынаққа қабылдау, олар мыналарды қамтиды:
әуе винтінің барлық бөлшектерін сырттай қарап шығуды және үйкелген бөлшектерді микрометриялық өлшеуді;
әуе винтінің жинауды және статикалық теңдестіруді;
әуе винтінің геометрикалық сипаттамаларын тексеруді;
әуе винтінің өлшенуін;
әуе винтінің және айналу жиілігін реттегішті зертханалық тексеруді;
Ескертпе. Зертханалық тексеру текшелерді қозғалтқышсыз жүргізіледі және мысалы, әуе винтінің басқару арналары бойынша ағу шамасын, қорғау құрылғыларының және т.б. реттеуді анықтауды қамтиды.
өлшеу аппаратурасын дайындау және текшеге орнату;
әуе винтінің қозғалтқышқа орнату және реттеу кіруге тиіс.
1551. Әуе винтінің және оның қозғалтқыштағы жүйелерінің сипаттамалары мен жұмыс қабілеттілігін тексеруге:
1) әуе винтінің белгіленген айналу жиілігін ұстап тұру орнықтылығын қозғалтқыш жұмысының әртүрлі режимдеріне тексеру;
2) тең осьтік әуе винтінің техникалық құжаттамада берілген айналу жиілігінің әртүрлілігін тексеру;
3) қалақтарды қозғалтқыштың әртүрлі белгіленген режимдерінде орнатудың оң және теріс бұрыштары кезіндегі әуе винтінің жұмысын тексеру;
4) әуе винтінің қозғалтқыштың ауыспалы процестері кезіндегі жұмысын тексеру;
5) қорғау құрылғыларының жұмыс қабілеттілігін: аралық таяныш, қалақтар қадамының фиксаторы, қалақтар қадамының тартып қысқышының центрден тебуін және т.б. тексеру;
6) қалақтарды флюгирлеу жүйесінің жұмыс қабілеттілігін соңғысын Фmin флюгерлік жағдайға енгізу кезінде немесе Фрев сынақ бағдарламасы белгілеген қозғалтқыштың жұмыс режимдері кезінде және флюгерлік жағдайдан шығару кезінде:
қалақтардың флюгерлік жағдайға енгізуге арналған жүйені қолмен қосу кезінде;
әртүрлі көзделген дабылдардан жүйені (айналдыру сәті бойынша, теріс тартылыс және т.б. бойынша) автоматты түрде қосу кезінде; флюгирлеудің авариялық жүйесін қосу кезінде;
әуе винтінің қадамын өзгерту тетігімен басқару арналарындағы майдың қысымын тексеру;
қозғалтқыштың кіре берісіндегі май температурасының әуе винтінің берілген айналу жиілігін ұстап тұруға тигізетін әсерін тексеру.
1552. Әуе винтінің қозғалтқышпен бірлескен сынақтары қозғалтқыштың 150 сағаттық текшелік сынақтарының бағдарламасы бойынша жүргізілуге тиіс.
Қадамды өзгерту тетігін қайта қосулар мен қалақтарды 6.5.3 бойынша текшелік сынақтарды ескере отырып флюгерлік жағдайға енгізудің жалпы санының мына төмендегілерден кем болмауы үшін қосымша текшелік сынақтар жүргізілуге тиіс:
1) әуе винтінің тетігін қозғалтқыштың жердегі аз газ режимінен максимальді ұзақ режимге дейін және керісінше өзгерте отырып 375 қайта қосу;
2) әуе винтінің тетігін қозғалтқыштың жердегі аз газ режимінен максимальді ұзақ және кері режимге дейін 0,6-0,85 сәйкес 875 қайта қосу;
3) қозғалтқыштың ауыспалы процестері кезінде 6.5.3.13.4 сәйкес 300 тексеру;
4) қозғалтқыштың жұмыс режимі өзгерген жағдайда қалақтардың аралық таянышын 1450 ажырату;
5) жұмыс істеп тұрған козғалтқышқа флюгирлеу жүйесінің қолмен қосқан кезде қалақтардың флюгерлік жағдайға 60 және ажыратылған қозғалтқыш кезінде 15 енгізу;
6) флюгирлеу жүйесін автоматты қосу кезінде қалақтарды флюгерлік жағдайға 100 енгізу;
7) флюгирлеу жүйесін автоматты қосу кезінде қалақтарды флюгерлік жағдайға 40 енгізу;
8) қалақтарды ішінара 190 флюгирлеу;
9) кері қимылдайтын жұмыс режимі бар әуе винтінің тетігінің Фп.у-дан Фрев-ге дейін және кері 400 қайта қосу.
Ескертпе. Әуе винтінің қадамын өзгерту тетігін қосымша қайта қосу сол бір үлгідегі қозғалтқыштың басқа данасында немесе зертханалық текшелерде жүргізуге рұқсат беріледі.
1553. 150-сағаттық текшелік сынақтардың ұзақтығы 25% ішінде әуе винті қалақтарының МҚЖ қосылуы тиіс. Қосылған МҚЖ-ы бар жұмыс режимдері сынақтардың бағдарламасымен анықталуы тиіс.
1554. 150 сағаттық сынақтардан кейін мынадай жұмыстар орындалуы тиіс:
1) әуе винті мен айналу жиілігінің реттегішін зертханалық зерттеу;
2) әуе винті мен айналу жиілігінің реттегішін бөлшектеу, олардың қозғалтқыштарын қарап шығу және олардың ақауларын табу;
3) әуе винті мен айналу жиілігі реттегішінің үйкелген бөлшектерін микрометриялық өлшеу;
4) әуе винті мен айналу жиілігі реттегішінің бөлшектерін техникалық құжаттарға сәйкес арнайы бақылау;
5) әуе винті мен айналу жиілігі реттегішінің ақаулы бөлшектерін сынау;
6) сынақтар материалдарын өңдеу және сынақтардың нәтижелері бойынша акт жасау.
1555. 150 сағаттық текшелік сынақтардың нәтижелері, егер техникалық құжаттамалармен белгіленген әуе винтінің талаптарына сәйкес расталған болса, қанағаттанарлық деп танылуы мүмкін.
235. Әуе винтінің ресурстарын белгілеу жөніндегі сынақтар
1556. Әуе винтінің ресурстарын белгілеу үшін 1613-тармақта көзделген сынақтар жүргізілуге тиіс.
1557. «ӘК-де орнатылғанға дейін» сертификациясы кезінде әуе винті ұшу сынақтарына қанағаттанарлықпен өтуге тиіс, олар:
1) әуе винтті және оның жүйелерін негізгі пайдалану режимдерінде реттеу мен басқарудың ұшу-пайдалану сипаттамаларын;
2) әуе винті элементтерінің тербелістік жүктемесін;
3) мұз қатуға қарсы жүйесінің жұмыс қабілеттілігін;
4) әуе винтінің қол жетімсіз теріс тартымнан қорғаудың автоматты жүйелерінің жұмыс кабілеттілігін;
5) әуе винтінің кері қимылдайтын тартым жүйесінің жұмыс қабілеттілігін;
6) әуе винтінің үлгілік бейімі бойынша ұшулардағы жұмысын тексеруді қамтиды.
1558. Мемлекеттік сынақтарға ұсынылған әуе винтінің конструкция мен негізгі деректері бойынша сәйкес келетін әуе винтіне жіберілуі тиіс. Сынақты жоғарыдан көрсетілген айырмашылығы бар тексерілетін сипаттарға елеуі түрде әсер етпейтін сол бір үлгінің басқа әуе винтінің жүргізілуі мүмкін.
1559. Сынақтар әуе винтінің жұмысына арналған сол үлгінің қозғалтқышында жүргізілуге тиіс. Әуе винтінің жұмыс режимдерін айқындайтын қуат пен қозғалтқыштың басқа деректері мемлекеттік сынақтарға ұсынылып отырған қозғалтқыштың осы түрінің үлгісінің деректеріне сәйкес келуге тиіс.
1560. Сынақтарды қозғалтқышты әуе винтінің тағайындалған сол үлгідегі ӘК олардың ұшу сынақтары үшін (ұшу зертханасында) арнайы жабдықталған не басқа үлгідегі ӘК орындауға рұқсат беріледі. Бұл ретте, сыналып отырған әуе винтіне кіретін қуатты қондырғы элементтерінің, сондай-ақ әуе винтінің жұмысына әсер ететін ӘК элементтері мен жүйелерінің конструкциясы мен топтамасы осы элементтерге тәуелді (мысалы, әуе винтінің агрегаттары орналасқан жердегі ортаның температурасы, оның тетіктерінің жұмыстық сұйықтықтары температурасында, агрегаттардың электр қорегінің өлшемдері бойынша) әуе винтінің пайдаланудың күтілетін жағдайларындағы ұдайы өндірісті қамтамасыз етуі тиіс. Осы жағдайларды жасайтын имитацияларды пайдалануға жол беріледі.
236. Ұшу сынақтары
1561. Ұшуды пайдалану жағдайларындағы тексеру әуе винтінің жұмыс қабілеттігін, оның қанаттарын орнату бұрыштарының негізгі тіркелген таяныштарын таңдаудың дұрыстығын, сондай-ақ басқа да әуе винтінің ұшу-пайдалану сипаттамаларын, оның реттеу мен басқару жүйелерін, талаптарына кіретін жұмысты бақылау құралдарын және техникалық құжаттама деректерін тексеруді көрсетуі тиіс.
Тексеру жерде және ұшу сынақтарымен жүргізілуі тиіс, мұнда:
1) әуе винтінің айналу жиілігін реттеудің орнықтылығы мен дәлдігі және қозғалтқыш тексерілетін барлық белгіленген режимдегі осьтік әуе винтінің айналу жиілігінің әртүрлігі;
2) әуе винті қалақтарының бұрылу механизмінің жұмыс қабілеттігі және оның айналу жиілігін, оның ішінде максимальді шамасын реттеудің сапа сипаттамасы мен әуе винтінің айналу жиілігінің қозғалтқыштағы ауыспалы процестері кезінде, ол тексерілетін іске қосуды қоса, оның тепе-теңдік мәндеріне ауытқу ұзындығы;
3) қалақтарды флюгерлік жағдайға енгізу жүйелері бар мәжбүрлі (қолмен) қосу кезінде және ұшудың барлық үлгілік кезеңдерінде одан шығару кезінде қозғалтқыш деңгейлес «алаңдарда» және маневрлерде тексерілетін әуе винтінің қалақтарының бұру тетігінің жұмыс қабілеттілігі;
4) әуе винтінің қалақтарын орнатудың флюгерлік бұрышын таңдау дұрыстығы. Тексеру пайдаланудың күтілетін жағдайларына сәйкес келетін ұшу жылдамдығының диапазонында, әуе винті не айналады, не 0,5 с-1 аспайтын жиілікпен жұмыс бағытына айналатынын көрсетуге тиіс;
5) әуе винтінің қалақтарын орнатудың ең аз бұрамын таңдау дұрыстығы, жердегі жағдайлар кезінде (ӘК тұрақтағы кезінде):
бір валды қозғалтқышты қалыпты іске қосу;
жердегі аз газ режимінде май жүйесінің жылу алмастырушының жеткілікті үрлеуін;
техникалық құжаттамада көрсетілген шектерде жердегі аз газды режимдегі әуе винтінің тартымы қамтамасыз етілуге тиіс;
6) оның конструкциясына кіретін әуе винтінің жұмысын бақылау құралдарының жұмыс кабілеттілігі бағалануға тиіс.
Сынақтар кезінде крейсерлік ұшуда әуе винтінің ұзақ жұмысының қалақтардың бұрылу тетігінің жұмыс қабілеттігіне және қозғалтқыштағы ауыспалы процестері кезінде және әуе винтінің қалақтарының флюгерлік жағдайға енгізу және одан шығару кезіндегі реттеу мен басқару жүйелерінде әсерін бағалаған жөн. Тексеруді 400С-тан жоғары атмосфералық ауа температурасы кезінде РП-да көрсетілген жоғары крейсерлік режимінде кем дегенде екі сағат бойы немесе осы режимдегі, ал екі сағаттан кем болса, пайдаланудағы ең мүмкін болатын жұмыс ұзақтығының ішінде жұмыстар кейін жүргізген жөн.
1562. Тексеру әуе винтінің ұшудағы пайдалану жағдайын әуе винтінің шыдамдылығы мен ресурсы бойынша 4.9.3 талаптарына сәйкес қол жетпейтін оның элементтерінің тербелістік жүктемеден кейін сол тәрізді көбейтуге алып келмейтіндігін көрсетуі тиіс.
Тексеруді жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізген жөн, олардың:
1) ол тексерілетін турбовинттік қозғалтқыш жұмыс жердегі жағдайлары мен режимдерінде әуе винтінің элементтерін, тербелістік жүктемесінің сипаты мен деңгейі;
2) ол тексерілетін турбовинттік қозғалтқыштың барлық ұшу режимдері мен жұмыстарында әуе винтінің элементтерін тербелістік жүктеменің сипаты мен деңгейі бағалануға тиіс.
Сынақ кезінде жердегі желді жағдайларда әуе винтінің элементтерін тербелісті жүктемеден кейінгі әсері бағалануы тиіс.
Тербелісті жүктемені анықтауға арналған тексеруге әуе винтінің қалақтары, сондай-ақ әуе винтінің осы үлгісінің текшелік сынақтары нәтижелерінің негізінде анықталуы тиісті валдары, корпусы және оның басқа да элементтері, тізбесі және баламалы конструкциясы бар басқа да әуе винтін бабына келтіру тәжірибесі жатады.
1563. Тексеру әуе винтінің конструкциясына кіретін оны басқару мен бақылау құралдарының элементтері бар мұздануға қарсы жүйенің ұшудағы пайдалану жағдайларында жұмысқа қабілеттілігін және қозғалтқыштың өлшемдеріне қол жетімсіз әсер етпейтінін көрсетуі тиіс.
Тексеруді «құрғақ» ауада ғана орындауға рұқсат ететін жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізген жөн.
Ұшу сынақтары 11000 метрге дейінгі әртүрлі ұшу биіктіктерінде немесе әуе винтінің пайдаланудағы күтілетін жағдайына сәйкес максимальді биіктікке дейін, егер ол 11000 метрден кем болса, ұшу жылдамдығы диапазонының пайдалануда күтілетін диапазонын қамти отырып, жүргізілуге тиіс. Қозғалтқыштың әртүрлі режимдерінде жердегі (ұшудағы) газы аз режимнен шарықтау (максимальді) режиміне дейінгі диапазондағы сынақтар кезінде:
1) мұз қатуға қарсы жүйесі жұмыс қабілеттігі (мысалы, мұз қатуға қарсы жүйесі электржылытқыштарының жұмысын сипаттайтын өлшемдер бойынша), әуе винтінің конструкциясына кіретін мұз қатуға қарсы жүйесін басқару мен бақылау құралдарының жұмыс қабілеттігі;
2) мұз қатуға қарсы жүйесі жұмысының қозғалтқыш өлшеміне әсері бағалануы тиіс.
1564. Әуе винтінің қол жетпейтін теріс тартымынан қорғаудың автоматты жүйелерінің жұмыс қабілеттігін тексеру.
1) әуе винтінің қол жетпейтін теріс тартымынан қорғау жүйелерінің жұмыс қабілеттігі мен кедергіден қорғаныстығы;
2) жүйелердің ұшу-пайдалану сипаттамаларының техникалық құжаттама деректеріне сәйкестігі;
3) әуе винтінің конструкциясына кіретін пайдаланудағы қорғаныстық жүйелерді бақылау құралдарының жұмыс қабілеттігі көрсетілуге тиіс.
Тексеруді жердегі және ұшудағы сынақтармен өткізген жөн, бұл жерде:
1) әуе винтті қалақтарын флюгерлеудің автоматты жүйелерінің жұмыс қабілеттілігі, теріс тартымды шектеу, осы жүйелер жұмыс істей бастауға тиісті режимдерде қозғалтқыштың қалыпты жұмысы кезінде және әуе винтінің қозғалтқышы мен реттеу және басқаның жүйелерінің істен шығу имитациясы кезінде қалақтарының аралық жағдайын шектеу бағалануы тиіс. Бұл ретте, ұшу өлшемдері (режимдері) бойынша жүйелердің сенімсіз жұмыс істеу шекаралары анықталуға, қозғалтқыш тартымының өзгерісі, оның ішінде әуе винтінің авторотация режимінде оның қалақтарының аралық және минималды винттердің тіректеріндегі орнату жағдайы кезінде (егер РП көзделген ұшуда ең төмен бұрыш пайдаланылса) тікелей немесе жанама тәсілмен бағалануы тиіс;
2) жүйелердің жұмысына кіру көзделмеген, қозғалтқыштың қалыпты жұмысы режимдерінде оның жұмыс істеп кетуін болдыртпайтын, автоматты флюгирлеу жүйелердегі датчиктерінің жұмыс істеп кету өлшемдері бойынша қорлардың жеткіліктілігі;
3) пайдаланудың күтілетін жағдайларындағы қону режимдерінде қозғалтқыштың орнықты жұмысы енгізілуге тиісті әуе винтінің қалақтарын орнатуда аралық бұрыштың таңдаудың дұрыстығы және техникалық құжаттамаға сәйкес талап етілетін оның мүмкіндігі, ол теріс тартымның шамасы авторотациясы кезінде минималды мүмкіндікте болуға тиіс;
4) әуе винтінің конструкциясына кіретін пайдаланудың қорғау жүйелерін бақылау құралдарының жұмыс қабілеттілігі бағалануға тиіс.
Сынақтар кезінде атмосфералық ауа температурасының оның өзгеріс диапазонына әсерін, егер осы әсер едәуір күтілетін болса, бағаланған жөн.
1565. Әуе винтінің кері қимылдайтын тартылым жүйелерінің жұмыс қабілеттілігін тексеру;
1) кері қимылдайтын тартым жүйесінің жұмыс қабілеттілігін;
2) қозғалтқыш пен әуе винтті жұмысының орнықтылығын және кері қимылдайтын тартым режимдеріндегі олардың өлшемдерінің техникалық құжаттама деректеріне сәйкестігін;
3) оның конструкциясына кіретін әуе винттің жүйесін бақылау құралдарының жұмыс қабілеттілігін көрсетуге тиіс.
Тексеруді жерде және ұшу сынақтарымен жүргізген жөн, оларды:
1) кері қимылдайтын тартқышы жүйесінің жұмыс қабілеттілігі, белгіленген режимдердегі және, жүйені пайдалану рұқсат етілген ұшудың сол бір ұшу кезеңіндегі жүйені қосу, жұмыста ажырату кезіндегі жұмыстар мен өлшемдердің орнықтылығы;
2) қалақтардың кері қимылдайтын режимдеріне көшу кері тартқыш жетістігі және оң тартқыш режиміне көшу уақыты;
3) оның конструкциясына кіретін әуе винтінің кері қимылдайтын тартқышы жүйесінің жұмысын бақылайтын құралдардың жұмыс қабілеттілігі бағалануы тиіс.
Сынақтар кезінде анықталған жел жағдайының және жердегі атмосфералық ауаның сипаттамасына әсері (егер ол елеулі күтілетін болса) бағалануы тиіс.
1566. Әуе винтінің текшелік ресурстық сынақтар бағдарламаларының режимдерін таңдау шынайылығын растау үшін кем дегенде 50 ұшу айналымы циклдары көлемі мен пайдаланудың күтілетін жағдайдағы үлгілік бейіндері бойынша ұшуда тексеру жүргізілуі тиіс.
237. Әуе винтінің ӘК сертификаттау кезіндегі сынақтары
1567. ӘК-ні сертификаттау кезінде әуе винті мыналарды:
1) белгіленген режимдерде және қозғалтқыштағы ауыспалы проценттер кезінде әуе винті;
2) әуе винтінің элементтерін тербелісті жүктемелерді;
3) табиғи мұз қату жағдайларында әуе винтінің МҚЖ-ін және оның тиімділігін;
4) ӘК үшін қол жетімсіз әуе винтінің кері тартымынан ӘК қорғаудың қамтамасыз етілгендігін;
5) әуе винтінің жұмысының кері қимылдайтын режимін және оның ӘК сипаттамасына әсерін;
6) әуе винтінің ұшу циклының өлшемдерін;
7) әуе винтін пайдалану технологиялылығын тексеру бойынша ұшу сынақтарынан қанағаттанарлықпен өтуге тиіс.
1568. Мемлекеттік сынақтарға ұсынылған немесе олардан өткен конструкциясы мен негізгі деректері бойынша әуе винтіне сәйкес келетін сынақтарға әуе винт өтуі тиіс сынақтар жоғарыда көрсетілген үлгіден айырмашылығы бар, сыналған сипаттамаларға елеулі әсер етпейтін сол үлгідегі басқа әуе винтімен жүргізілуі мүмкін.
1569. Әуе винтінің сынақтарының жұмысы үшін әуе винтті тағайындалған сол үлгінің қозғалтқышында жүргізілуге тиіс. Әуе винтінің жұмыс режимдерін айқындайтын қозғалтқыштың қуаты мен басқа да деректері мемлекеттік сынақтарға ұсынылған немесе олардан өткен қозғалтқыштың сол бір түрі үлгісінің деректеріне сәйкес келуі тиіс.
1570. Сынақтар әуе винтінің қозғалтқышымен қоса белгіленген сол бір үлгінің ұшағында жүргізіледі. Сынақтардан ӘК-де әртүрлі жағдайларда өзінің орналасуына жұмыс істейтін барлық қозғалтқыштар, әуе винтінің өтуі тиіс.
1571. Сынақтардың жекелеген бөліктерін ұшу зертханасында, егер оған жеткілікті түрде толық (тексерілетін сипаттамаларға қатысты) қуат қондырғы элементтерінің конструкциясы мен тұтастыру, сондай-ақ әуе винтті тағайындалған әуе винтті байланысты немесе оның жұмысына әсер ететін элементтері мен жүйелері ұдайы өндірілген болса, орындауға рұқсат беріледі.
1572. Сынақтар кезінде қуатты қондырғыдағы әуе винтінің өзара іс-қимылының тексеріліп отырған сипаттамаларға және ӘК функционалдық жүйелерінің әуе винтінің байланысты жұмыстағы мүмкін болатын ауытқуларға әсерін, егер осы әсерді елеулі деп тануға негіз бар болса, бағалаған жөн.