34) негізгі отын қоры - қабылданып болжанған жағдайларда (сыртқы ауаның температурасы және трасса бойынша желдің жылдамдығы) кезінде, сондай-ақ есептелген режимдер мен ұшудың профилін ұстаған кезде айқындалатын қозғалтқыштарды іске қосқан және жылытқан, бұру, ұшып-көтерілу, ұшу, қонуға кіру және қону кезінде жұмсалатын отын массасы;
35) резервтік отын қоры (бұдан әрі - РОҚ) - екінші айналымға кетуге және Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың ұйғарылған биіктікте отынның ең аз километрлік шығысына сәйкес келетін жылдамдықпен болжанған метеожағдайларда бағыт бойынша ұшудың есептелген нүктесінен қосалқы әуе айлағына ұшуды орындауға; қосалқы әуе айлағының үстінде күту режимінде ұшуды орындауға; шешім қабылдаған биіктікке дейін қонуға кіруді жүзеге асыруға арналған қажетті отын салмағы;
36) өтемдік отын қоры - ӘК жүргізу және отынды өлшеу жүйелерінің дәлдігімен, пайдаланылатын ӘК мен қозғалтқыштардың жеке сипаттамаларының шашыңқылығымен, метеорологиялық жағдайлардың болжанғаннан ауытқу мүмкіндігімен байланысты ақауларды өтеу үшін қажетті отын салмағы, сондай-ақ ұшуға отын қорының қажетті есебінің әдістемелік қателіктерін өтеу үшін қажетті қосымша отын салмағы;
37) ӘК әсер ету бұрышы а - бойлық осі ОХ мен ЭК жылдамдық проекциясының арасындағы ОХУ жазықтығына байланысты координаттар жүйесінің бұрышы.
Ескертпе 1: а келтірілген барлық құжаттарда бойлық остің таңдалуы көрсетілуге тиіс.
38) Ескертпе 2: Көтеру күшін (су) тиісті а коэффициенті координаталардың жылдамдық жүйесінде айқындалады;
ӘК сырғу бұрышы В - ӘК жылдамдығының бағытымен V және координаттарға байланысты ОХУ жүйесі жазықтығының арасындағы бұрыш;
39) қисаю бұрышы у - OZ көлденең осімен және ол кезінде жалтару бұрышы нөлге тең жағдайға ығыстырылған координаттардың қалыпты жүйесінің OZg осі арасындағы бұрыш;
Ескертпе: Координаттардың қалыпты жүйесінің басталуы ӘК салмағының ортасына орналасады. OZ осі жергілікті сатылас бойынша жоғары бағытталған. OXg және OZg остерінің бағыты міндетке сәйкес таңдалады;
40) и тангаж бұрышы - OX бойлық осі мен координаттар қалыпты жүйелерінің OXg Zg көлденең жазықтығы арасындағы бұрыш;
41) Көлбеу траекториясының бұрышы - Vк жер жылдамдылығы мен координаттар қалыпты жүйелерінің OXg Zg§ көлденең жазықтығы арасындағы бұрыш.
Ескертпе: Vk жер жылдамдығы - координаттардың қандай да бір жердегі жүйелеріне қатысты ӘК салмағының орталығының қозғалыс жылдамдығы;
42) құлаудың ак әсер етуінің бұрышы (көтермелі күштің коэффициенті) (сқб - шығарып тастаудың басталуына сәйкес келетін ӘК әсер етуі (көтермелі күштің коэффициенті) бұрышы.
Ескертпе 1: құлаусыз басталуы деп ұшқыштың бағалауы бойынша әсер етудің үлкен бұрыштарында жол берілмеуге тиіс ӘК өздігінен апериодтты немесе тербеліс қозғалысының (рульдердің әдеттегі шағын ауытқушылығымен оңай амалданатын қозғалысты қоспағанда) туындау сәті мен тіркеу деректері бойынша әсер ету бұрышын кемітпей тоқтамауы түсініледі.
Ескертпе 2: құлау деп әсер етудің үлкен бұрыштарында пайда болатын, әсер ету бұрышын кемітпей тоқтамайтын үлкен амплитудасы бар ӘК өздігінен апериодтты немесе тербеліс қозғалысымен сипатталатын құбылыс түсініледі;
43) рұқсат берілетін әсер етудің бұрышы (көтеру күштің коэффициенті) ар(Срб) - Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың нұсқама ұйғарылған ӘК конфигурациялары мен ұшу режимдері үшін пайдалану шектеулері ретінде белгіленетін әсер ету бұрышының (көтеру күштің коэффициенті) мәні;
44) шекті әсер етудің бұрышы (көтеру күшін коэффициенті) аш (Сшб) - Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта ұйғарылған ӘК конфигурациялары мен ұшу режимдері үшін шекті шектеулер ретінде белгіленетін әсер ету бұрышының (көтермелі күштің коэффициенті) мәні;
45) ең жоғары қол жеткізілген әсер ету бұрышы (көтеру күшін коэффициенті) амах ж (смах ж) - ӘК ұшу сынақтары кезінде қол жеткізген әсер ету бұрышының (көтеру күші коэффициенті) ең үлкен мәні;
46) ең жоғары теңгерімділік әсер етудің бұрышы (көтеру күшін коэффициенті) amax т(сmах т) - ұшудың қаралып отырған жағдайларында (конфигурация, орталықтау, стабилизатордың ахуалы, қозғалтқыштардың жұмыс істеу режимі және т.б.) тік көтерілуге штурвалдың толық ауытқушылығы кезінде ӘК әсер ету бұрышының (көтермелі күштің коэффициенті) неғұрлым орнықтырылған мәні;
47) ескерту белгілерін туындауының әсер ету бұрышы (көтеру күшін коэффициенті) ае(себ) - онда рұқсат етілетін әсер ету бұрышына (көтеру күшін коэффициенті) ае (себ) табиғи немесе жасанды жасалған ескерту белгілері туындайтын әсер етудің бұрышы (көтермелі күштің коэффициенті);
48) пумах Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген ең жоғары пайдалану жүктелімі - қаралып отырған ұшу салмағында және ӘК конфигурациясы кезінде координаттардың байланысқан жүйесінде айқындалатын маневрлеу кезінде ӘК салмағының ортасында конструкцияның беріктігі бойынша барынша рұқсат етілетін қалыпты жүктелімнің мәні;
49) орнықтылық - ӘК ұшқыш араласпай оқыс емес қозғалыстың кинематикалық параметрлерін қалыпқа келтіру мен ӘК оқыс әрекеттері аяқталғаннан кейін бастапқы режиміне қайту сипаты;
50) басқарылу - ӘК кеңістікте басқару (штурвал мен басқыштардың) иінтіректерін ауытқуына тиісті желілік және бұрышты ауыспалылығымен жауап беру сипаты;
51) қысқа кезеңді қозғалыс - ӘК ұшудың нақты тұрақты жылдамдығы V кезінде ӘК айналуының кинематикалық параметрлерін салыстырмалы тез тербелісті өзгерісімен сипатталатын салмақтарының орталығына қатысты өзіндік бойлық қозғалысының түрі;
52) ұзын кезеңді қозғалысы - ӘК әсер етудің нақты тұрақты бұрышы кезінде ұшу жылдамдығында, биіктігінде салыстырмалы баяу тербелісті өзгерісімен сипатталатын ұшудың бастапқы траекториясына қатысты өзіндік бойлық қозғалысының түрі;
53) шиыршықты қозғалыс - ӘК осы қозғалыстың тұрақтылығы немесе тұрақсыздығының дәрежесіне қарай өздігімен оның қисықтығы мен қисаю бұрышын кеміте немесе ұлғайта отырып, оның үдерісі кезінде ӘК шиыршықты түрдегі траектория бойынша жүретін өзіндік бүйірлі апериодтты қозғалысының (әдетте баяу ететін) түрі;
54) ӘК теңгеру - әрбір конфигурация үшін рульдердің тиісті ауытқуларымен қамтамасыз ететін ұшудың белгіленген режимінде ӘК барлық іс-қимыл жасаушы сәттердің тепе-теңдік жай-күйі. ӘК теңгеруді қамтамасыз ететін басқару рульдері мен иінтіректерінің жағдайлары теңгермелік деп аталады. Босатылған басқарумен ӘК теңгерілуі деп басқару иінтіректердегі күштер триммерлік құрылғылар арқылы іс-жүзінде нөлге дейін азаюын теңгерілу деп атайды. Босатылған басқарумен ӘК теңгеру басқару иінтіректеріндегі күштер триммер құрылғылары арқылы іс жүзінде нөлге дейін азаюын теңгеру деп аталады. Күштер бойынша теңгерілген ӘК басқару иінтіректерін босату қалдық теңгерімсіздіктің ықпал етуімен олардың жүрісіне әкелмейді - қалдық теңгерімсіздікке тек қана басқарудағы үйкеліс күштерінің шегінде жол беріледі;
55) қайта жүктелім n - нәтиже беруші күштің R (Р тартым мен RА аэродинамалық күштің жиынтығы) еркін құлаудың жылдамдатуға g ӘК массасының m туындысына қатысты. Екпіннің, қонудың және жүгірістің жағдайлары үшін n жүктелімді айқындаған кезде қосымша жердің реакциясы ескеріледі.
nх = Rx/mg бойлық қайта жүктелім.
ny= Ry/mg қалыпты қайта жүктелім.
nz = Rz/mg көлденең қайта жүктелім.
Rx, Ry, Rz - тиісінше бойлық, қалыпты және көлденең күш (координаттар байланысқан жүйесінің остері бойынша нәтиже беруші күштің R құрамалары).
nxA = RxA/mg - тангендік жүктелім.
nуа = RyA/mg қалыпты жылдамдық жүктелімі.
nzA = RzA/mg - бүйірлі жүктелім, Rxa, RyA, Rza - тиісінше тангендік күш, көтермелі күш және бүйірлі күш (координаттар байланысқан жүйесінің остері бойынша нәтиже беруші күштің R құрамалары);
56) ӘК орнықтылығы мен басқарылу сипаттамасын қарау кезінде пайдаланылатын шартты белгілер:
ф, бв, бэ, бH - стабилизаторға, биіктік руліне, элерондарға, бағыттау руліне тиісінше басқару органдарының аэродинамалық ауытқу бұрыштары (бұдан әрі - басқару органы);
фш.э - бейтарап жағдайынан штурвалдың бұрыштық ауытқуы;
Хв, Хэ, ХH - өзінің бейтарап жағдайларына қатысты басқару штурвалы мен басқыштары (ұшқыш күш салған орында) иінтіректерінің желілік ауыспалығы;
Рв, Рэ - бойлық пен көлденең бағыттарында тиісінше штурвалдағы күштер;
Ри = Рн оң - Рн сол - басқыштардағы күштің әртүрлігі (4-сурет);
tв tэ, tH - биіктік руль триммерлерінің, элерондардың және бағыт рулінің (өзінің бейтарап жағдайына сәйкес) ауытқу бұрыштары;
dPеdPэdPH
dxBdxэdxH - олардың жүруі бойынша штурвалда және басқыштарда күштер өзгерісінің градиенттері;
wx, wy, wz z - координаттар байланысқан жүйесінде қисаюының,
жалтарудың және тангаждың жылдамдығы (4-сурет);
dPB dxB
PnB =___, XnB =___, - тиісінше штурвалда күштердің өзгеруі
dny dny
мен қалыпты жүктелімнің бірлігіне штурвалдың ауысуы;
биіктік рулінің (стабилизатордың) кезеңді
ауытқу кезінде салыстырмалы қалыпты жүктелімді тастау (орнықтырылған үстелімге қатысы бойынша);
tср - биіктік рулінің (стабилизатордың) кезеңді ауытқуы кезінде қалыпты жүктелімнің белгіленген үстелімінің 95% жету үшін қажетті уақыт аралығы ретінде анықталатын іске қосылу уақыты;
57) ӘК орнықтылығы мен басқарылуын қарау кезінде қабылдаған координаттардың байланысқан (OXYZ) және жылдамдық (ОХа YaZa) жүйелері мен белгілердің ережесі 4-суретінде келтірілген. Жүйе координаталарының басталуы ӘК салмағының ортасында болады. ОХ бойлық осі симметрия жазықтығында жатады және ӘК соңынан тұмсық жағына қарай бағытталады. Бойлық осьтің бағыты ӘК, қанаттың немесе фюзеляждің базалық остері бойынша да, екпіннің бас остері бойынша да бағытталуы мүмкін.
ОХҮ қалыпты осі ӘК симметрия жазықтығында орналасқан және оның жоғарғы бөлігіне бағытталған. OZ көлденең осі ӘК симметрия жазықтығына перпендикуляр және қанаттың оң жағына қарай бағытталған.
Vmin эр (VMCG) - екпіннің ең аз эволютивтік жылдамдығы.
Vmin эв (VMCA) - ұшудың ең аз эволютивтік жылдамдығы.
Vmin көтеріл (VMU) - көтерілудің ең аз жылдамдығы.
Vi.ш (Vef) - қозғалтқыш істен шыққан кездегі жылдамдық.
V1 - шешім қабылдау жылдамдылығы, онымен ұшуды қауіпсіз тоқтатуға да және қауіпсіз жалғастыруға да мүмкін ӘК екпінінің жылдамдығы.
Vалд.тірек (VR) - шассидің алдыңғы тірегінің көтерілу сәтіндегі жылдамдық, екпінде тангаж бұрышын ұлғайту үшін «өзіне қарай» бағытта штурвалдық ауытқуының басталу жылдамдығы.
Vотр (VLof) - көтерілу жылдамдығы, шарықтау жағдайында екпін аяқталғаннан кейін ШҚЖ-ның бетінен шассидің негізгі тіректерінің көтерілу сәтіндегі ӘК жылдамдығы.
V2 - ұшып көтерілудің қауіпсіз жылдамдығы.
V2n - барлық жұмыс істейтін қозғалтқыштармен бастапқы биіктікті алу жылдамдығы.
V3 - ұшып көтерілу арықтау да тетіктемені жинай бастау сәтіндегі жылдамдық.
V4 - ұшып көтерілу ұшу конфигурациясы кезіндегі жылдамдық.
Vmin эп (VMGL) - қонуға кірудің минималды эволютивтік жылдамдығы.
Vmin эп-1 (VMGL) - жұмыс істемейтін бір қозғалтқышпен қонуға кірудің ең аз эволютивтік жылдамдығы.
Vmin эп-2 (VMGL-2) - жұмыс істемейтін екі қозғалтқышпен қонуға кірудің минималды эволютивтік жылдамдығы.
Ескертпе: Жақшалар ішінде ИКАО қабылдаған жылдамдықтар келтірілген.
VЗПДmin - қонуға кірудің минималды көрсетімді жылдамдығы.
VЗПmax - қонуға кірудің максимальді көрсетімді жылдамдығы.
VЗП (VREF) - қонуға кірудің жылдамдығы.
VЗП_n-1 (VREF-1) - жұмыс істемейтін бір қозғалтқышпен қонуға кірудің жылдамдығы.
nх>0 - жылдамдық артады (ұшқышты отырғыштың арқасына ығыстырады);
nх<0 - жылдамдық кемиді (ұшқышты отырғыштың арқасынан босатады);
nу>0 - ұшқышты отырғышқа ығыстырады;
nу<0 - ұшқышты отырғыштан босатады;
nz>0 - ұшқышты солжақ бортқа ығыстырады;
nyz<0 - ұшқышты оң жақ бортқа ығыстырады;
х - басқару иінтірегінің сызықтық орнына ауысуы;
d - басқару органдарының ауытқуы;
Р - басқару иінтірегіндегі күш.
5-сурет. Биіктік рулінің кезеңді ауытқуы кезіндегі қалыпты жүктелімнің өзгерісі
Vзп_n-і (V ref-і ) - жұмыс істемейтін бір қозғалтқышпен қонуға кірудің жылдамдығы.
Vзп_n-2 (V ref-і ) - жұмыс істемейтін екі қозғалтқышпен қонуға кірудің жылдамдығы.
Vc (Vs) - құлау жылдамдығы немесе әсер ету бұрышына дейін тежеу үдерісінде жеткен апред координаттардың байланысқан жүйесінде көтермелі күш коэффициентінің ең үлкен мәніне немесе, егер nya= 1 келтірілген жағдайлар кезінде құлау бойынша апред тағайындалса ас сәйкес келетін ӘК ең аз жылдамдығы.
Vcl (Vsl) - ұшудың кіші газына сәйкес келетін ӘК салмағының, орталықтаудың және қозғалтқыштар жұмысы режимдерінің қаралып отырған мәндері үшін қаралып отырған конфигурацияда шығарып тастаудың жылдамдығы немесе ӘК ең аз жылдамдығы.
Va доп (Vc у доп), nyа = 1 келтірілген әсер етудің рұқсат етілетін бұрышы (көтеру күшін коэффициенті) кезіндегі жылдамдығы.
Vnn nyа = 1; келтірілген ескертуші белгілердің туындауына сәйкес келетін жылдамдық.
Vmaх э - ең жоғары пайдалану жылдамдығы.
Vmax max - есептік шекті жылдамдық.
Жылдамдықтарды қысқа белгілеу үшін мынадай қысқартулар пайдалану қажет:
ПЖ (JAS) - аспаптық жылдамдық;
ИЖ (CAS) - индикаторлық жер жылдамдығы;
ГОК (EAS) - индикаторлық жылдамдық;
ШЖ (TAS) - ақиқат жылдамдық.
Көрсетілген қысқартулар мөлшері бар сандық мәнінен кейін қойылады.
Мысалы, 200 км/с тең келетін қонуға кірудің приборлық жылдамдығы Vзп = 200 км/с ПЖ көрсетіледі.
Аспаптық жылдамдық - стандарттық жағдайларда теңіз деңгейінде ауаның қысымы кезінде қысылуын шегере отырып, ауаның толық және статикалық қысым арасындағы әр түрлігі бойынша градусталған жылдамдықтың көрсеткіші көрсететін жылдамдық
VПР --> Рполн - Рст,
мұндағы Рполн ауаның қысылғанын ескере отырып, алынды.
Индикаторлық жерлік жылдамдық - аспаптың қателікке және аэродинамалық дұрыстауға түзетілген аспаптық жылдамдық
VИЗ = VHP + 6Vnp + 6Va
Индикаторлық жылдамдық - теңіз деңгейінде стандарттық қысымнан ауа қысымының айырмашылығымен байланысты қысымдылыққа түзетілген индикаторлық жерлік жылдамдық:
VИЗ = VПР + бVпр
Ақиқат жылдамдық - мынадай арақатынаспен индикаторлық жылдамдықпен байланысты оқыс емес ағысқа қатысты ӘК жылдамдығы.
7. Ұшып көтерілу жылдамдықтары
42. Екпіннің Vmin ЭB ең аз эволютивтік жылдамдығы қауіпті қозғалтқыш кенеттен істен шыққан кезде ӘК тік сызықтық жүрісін ұстау үшін басқарудың аэродинамалық органдары арқылы ӘК басқару мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс жылдамдық.
Көрсетілген ӘК тік сызықтық жүрісі қалыпты жұмыс істейтін қозғалтқыштардың тартымын (қуаттылығын) кемітпей екпіннің бастапқы бағытына қосарлас бағытында жүргізілуге тиіс.
Қауіпті қозғалтқыш істен шыққан сәтінен бастап осы АКҰН 121-тармағында белгіленгеннен аспайтын басқыштарға күш түсірген кезде ұшудың ерекше әдістерін қолданудың қажеттілігісіз 10м асатын ӘК бүйірлі ығысуын болдырмау мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс, сондай-ақ ұшқыштың бағалауы бойынша орнықтылығы мен басқарылу сипаттамаларында рұқсат етілмейтін өзгерістер туындауға тиіс емес.
Осылайша айқындалған Vmіn эе мәні неғұрлым қолайсыз жағынан ұшу жолағының осіне 5 м/с бүйірден соққан жел кезінде 900 бұрышымен ұшып көтерілу жағдайларына сәйкес келуге тиіс.
Алдыңғы арбамен басқарылатын басқарудың аэродинамалық органдарының ауытқуымен байланысты ӘК не ажыратылған байланыс кезінде, не көтерілген тұмсықтық арбасымен Vmin эр айқындау қажет.
Vmin ЭB айқындау ұшу салмағының және ӘК орталықтаудың неғұрлым қолайсыз тіркесімдері кезінде ұшу басталған үшін белгіленген қозғалтқыштар мен басқа да режимдер жұмысының максимальды режимдері үшін жүргізілуге тиіс. ӘК Vmin ЭB эұ көрсетімі кезінде ТВҚ-дан (турболы-винтолы қозғаушы) ауалық бұрамасының басқаруға экипаждың араласуына жол берілмейді.
43. Ұшып көтерілудың Vmin ЭB ең аз эволютивтік жылдамдығы дағдарысты қозғалтқыш кенеттен істен шыққан қезде ӘК тіксызықтық жүрісін ұстау үшін басқарудың аэродинамикалық органдары арқылы ӘК басқару мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс жылдамдық. Көрсетілген ӘК тік сызықтық ұшуы қалыпты жұмыс істейтін қозғалтқыштардың тартымын (қуаттылығын) кемітпей жұмыс істейтін қозғалтқыштардың жағына 50 аспайтын қисаю кезінде жұмыс істемейтін сындарлы қозғалтқышпен жүргізіледі.
Қауіпті қозғалтқыштың істен шығу сәтінен бастап ұшудың бастапқы белгіленген режиміндегі сияқты сондай жылдамдықпен белгіленген тік сызықтық ұшудың режимі қалпына келгенге дейін бағытының өзгерілуі 200 және қисаю бұрышы абсолютті шамасы бойынша 150 асуын болдырмайтын мүмкіндік қамтамасыз етілуге тиіс.
Осының барлығы үшін ұшқыштың бағалауы бойынша орнықтылығы мен басқарылу сипаттамаларында рұқсат етілмейтін өзгерістер туындамайтын және ұшудың ерекше әдістерін қолданудың қажеттілігісіз қол жеткізілуі тиіс.
Ұшудың тік сызықтық белгіленген режимі қалпына келгеннен кейін басқару иінтіректеріндегі күштер (күштері бойынша ӘК теңгерусіз) осы Норманың 121-тармағында көрсетілген олардың мәндерінен аспауға тиіс, қисаю бұрышы абсолютті шама бойынша 50 аспауға тиіс.
Vmin ЭB мәнін айқындау қозғалтқыштар жұмысының ең жоғары режимі үшін, сондай-ақ басқа режимдер мен ұшу салмағының, пайдалану орталықтау неғұрлым қолайсыз үйлесімдері кезінде симметриялық тартымымен ұшуға сәйкес келетін және жердің әсерін ескермей ұшып көтерілуге белгіленген ӘК конфигурацияларының барлық нұсқалары үшін жүргізілуге тиіс.
ӘК Vmin ЭB үлгілеме көрсету кезінде турбо-винттік қозғалтқышпен әуе винтін басқаруға экипаждың араласуына жол берілмейді.
44. Көтерілудің минимальды жылдамдығы Vminотр Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың белгіленген орталықтау диапозонында ұшып көтерілу үшін ӘК барлық қабылданған конфигурацияларында белгіленеді.
Vminотр үлгілеме көрсету процесінде әсер етудің бұрышы ақосым (3.2.44) аспауға тиіс, ал шарықтау ара қашықтығы - осы Норманың 54-тармағына сәйкес айқындалған шарықтаудың қажетті дистанциясынан аспауға тиіс.
Vminотр жылдамдығында барлық жұмыс істейтін қозғалтқыштармен Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта белгіленген центрлеу диапозонында шарықтау кезінде ӘК көтерілісінің және ұшудың ерекше әдістерін қолданбай, осы Норманың 87-тармағында көрсетілген күштерді асырмай және орнықтылығы мен басқарылу сипаттамаларында ойдағыдай емес өзгертулерді туындатпай шарықтауды жалғастыруға болады.
45. Шассидің алдыңғы тірегін Vпст Vал т көтеру жылдамдығы Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта белгіленген және шарықтаудың конфигурациясы не тангаждың неғұрлым жоғары нақты жететін бұрыштық жылдамдығы бар алдыңғы тіректі көтеріп, барлық қозғалтқыштар жұмыс істеген кезде 1,10 Vminотр және бір қозғалтқыш жұмыс істемеген кезде 1,05 Vminотр кем емес жылдамдықта ӘК үзілісі болатын ол үшін көрсетілген жылдамдығы:
1) 1,05 Vmin ЭР;
2) 1,05 Vmin ЭB;
3) 1,05 VСl;
4) 1,05 Vmin отр кем болмауға тиіс.
Ескертпе. ақосым кем ӘК шектелген геометриясымен әсер етудің бұрышы немесе Vmin жету бойлық басқару органдарының шекті ауытқуымен шарттасуы көрсетілген ӘК қолданбалы Vmin отр кезінде жоғарыда көрсетілген сандық мәндердің коэффициенттері тиісінше 1,05 және 1,0 дейін кемітілуі мүмкін.
Ұшу салмағының және атмосфералық жағдайлардың тіркелген мәндері кезінде қалыпты да, жалғастырылған шарықтауға да Vал т бір мәнін белгілеу қажет.
46. V1 шешім қабылдау жылдамдығы Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың белгіленген және мынадай шарттарды:
1) V1 > Vmіn ЭР
2) V1 < Vn ст қанағаттандыруы тиіс.
47. V2 шарықтаудың қауіпсіз жылдамдығы Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың белгіленген және:
1) ұшып көтерілу конфигурациясы кезінде 1,20 Vс кем болмауға тиіс; Қозғалтқыштар жұмысының шарықтау режимін пайдалану істен шыққан қозғалқышпен құлау жылдамдығын 5% артық кемуіне әкелетін ӘК үшін Vсl кезінде коэффициентті 1,15 дейін темендетуге рұқсат етіледі;
2) ұшып көтерілу конфигурациясы кезінде 1,20 Vmіn эұ кем болмауға тиіс.
Vал т жылдамдықта шассидің алдыңғы тірегін көтерген кезде жалғастырылған шарықтау кезінде шарықтаудың қауіпсіз жылдамдығы V2 көтерілу нүктесінде ШҚЖ-ның деңгейінде 10,7 м артық емес биіктікте қол жеткізіледі;
3) ұшып көтерілу конфигурациясы кезінде 1,08 V ақосым кем болмауға тиіс.
48. Барлық жұмыс істейтін қозғалтқыштармен бастапқы биіктікті алудың жылдамдығы Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың белгіленген және:
1) V2;
2) ұшып көтерілу конфигурациясы кезінде 1,3 Vсl;
3) ұшып көтерілу конфигурациясы кезінде 1,2 Vmіn эұ;
Бастапқы биіктікті алу жылдамдығы 120 м биіктікке дейін жетуге тиіс.
49. Механизацияны жинауды бастау сәтіне ӘК жылдамдығы V3:
1) қалыпты шарықтау үшін V2n және жалғастырмалы үшін V2;
2) Механизацияның өзгерген жағдайы кезінде 1.20 Vс.
Қозғалтқыштар жұмысының ұшып көтерілу режимін пайдалану істен шыққан қозғалтқышпен шығарып тастау жылдамдығын 5% артық кемуіне әкелетін ӘК үшін Vсl кезінде коэффициентті 1,15 дейін төмендетуге рұқсат етіледі;
3) ол үшін Vmіn эұ көп қаралып отырған конфигурациялардың сол біреуі кезінде 1,10 Vmіn Эұ кем болмауға тиіс.
50. Ұшу конфигурациясы кезінде ӘК жылдамдығы V4;
1) ӘК ұшу конфигурациясы кезінде 1,3 Vсl;
2) ӘК ұшу конфигурациясы кезінде 1,2 Vmіn эұ.
8. Екпіннің ұзындықтары мен ұшып көтерілу арақашықтығы
51. Екпіннің ұзындықтары мен ұшып көтерілу арақашықтығы мынадай жағдайларда расталуға тиіс:
1) барлық қозғалтқыштар жұмыс істеген кезінде:
қозғалтқыштар жұмысының режимдері күштік қондырғының агрегаттары және ұшып көтерілу кезінде іске қосылатын ӘК жүйелері жұмыс істеген кезде ұшу үшін Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта белгіленген режимдерге сәйкес келуге тиіс;
алдыңғы тіректің көтерілуі Vn ст жылдамдығында жүргізілуі тиіс;
V2 қауіпсіз ұшу жылдамдығы ӘК көтерілу нүктесінде ШҚЖ деңгейінен 10,7 м биіктікке дейін жетуі тиіс;
шассиді жинауды бастау ӘК көтерілу нүктесінде ШҚЖ деңгейінен кемінде 3-5 м биіктікте жетуі тиіс;
ӘК конфигурациясы (шассиді жинаған басқа) өзгеріссіз қалуы тиіс;
2) бір қозғалтқыш істен шыққан кезде мыналар орындалуы тиіс:
Vотк істен шыққан қозғалтқыштың жылдамдығында қозғалтқыш ажыратылуы тиіс.
Ескертпе. Vотк үлгілеме көрсету кезде, егер ұшқыштың оң бағасын алған қозғалтқыштың істен шығуы туралы сигнал берудің арнайы құралдары қолданылса, қозғалтқыштың істен шығу имитациясынан кейін кемінде 3 с немесе одан аз уақытта V1 жылдамдығы жететіндей таңдалуы тиіс;
Турбобұрамалық қозғалтқыштары бар ӘК экипаждың әуе бұрамасын басқаруға араласуына жол берілмейді;
қозғалтқыштардың тартымын (қуатын) көбейту құралдары оларды іске қосуға арналған автоматты құрылғылары болмаған жағдайда экипаж V1 жылдамдығына жеткен соң ғана қолдануы тиіс;
ұшқыштың командасы бойынша экипаж мүшелері орындайтын операциялар үшін команда берген сәттен бастап оны орындауды бастағанға дейін 1 секунд уақыт аралығы енгізіледі;
сол бір экипаж мүшесі орындайтын және басқару тетіктерінің ауысуымен байланысты емес операциялар үшін алдыңғы операция аяқталған сәттен бастап келесі операция басталғанға дейін 1 секунд уақыт аралығы енгізіледі.
52. Ұшып көтерілудің үзілу арақашықтығы мынадай үш шаманың жиынтығын көрсетеді:
1) бастау сәтінен бастап Vотк жылдамдықта қозғалтқыш істен шыққан сәтіне дейін барлық жұмыс істейтін қозғалтқыштары бар екпін учаскесінің ұзындығы;
2) Vотк жылдамдығына жеткенге дейін істен шыққан бір қозғалтқышпен (қауіпті) және қалған қозғалтқыштардың қалыпты жұмыс істеу кезінде екпін учаскесінің ұзындығы;
3) V1 жылдамдықтан ӘК толық тоқтағанға дейін жұмыс істемейтін қозғалтқышпен тежеу учаскесінің ұзындығы. ШҚЖ үстінің жай-күйілеріне ПКЖ-да белгілеген ұшып көтерілудің үзілген арақашықтығы осы Норманың 51-тармағына қосымша жағдайларда айқындалады: