ұшқан және қонған кезде ауа-райының жақсы болуын;
қолданылатын отын, май, қосымды және басқа жұмсалатын техникалық сұйықтықтар мен газдар;
техникалық қызмет көрсетудің кезеңділігі мен түрлері, белгіленген ресурс, ӘК қызметінің мерзімі мен оның функционалдық жүйелері;
3) ұшудың өлшемдерін (режимдерін):
ұшудың биіктігі;
көлденең және тігінен жылдамдылық;
жүктелімдер;
әсер ету, сырғу, крен және тангаж бұрыштар;
ӘК көзделген конфигурациялары үшін осы параметрлердің үйлесімдерін қамтиды. Пайдаланудың күтілетін жағдайлары ӘК нақты үлгісін қолдану ерекшеліктерімен айқындалатын басқа да деректерді қамтиды. Пайдаланудың күтілетін жағдайлары ӘК пайдаланудың шектеулері, жағдайлары мен әдістері ретінде оның пайдалану құжаттамасына енеді.
Ескертпе: Пайдаланудың күтілетін жағдайларының өлшемдері жиынтығын қарау кезінде ерекше жағдайларды талдау үшін олардың бір мезгілде пайда болу мүмкіндігі ескерілуге тиіс.
15. Пайдалану мен шекті шектеулерді Дайындаушы сыртқы ықпал етулер мен функционалдық істен шығулар мүмкіндігін, ӘК сипаттамасын, ұшу дәлдігін, сондай-ақ борттық аспаптар мен жабдықтың қателіктерін ескере отырып, белгілеуге тиіс.
16. Пайдалану шектеулері ұшу мен жердегі персонал тарапынан бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ететін түрде пайдалану құжаттамасының (ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың, техникалық пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың, техникалық қызмет көрсету регламентінің) тиісті бөлімдерінде көрсетілуі тиіс.
Шекті шектеулер туралы ақпарат ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта келтіріледі.
17. Табиғи ескертуші белгілер болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда ұшу кезінде экипажды пайдалану шектеулеріне жақындағанын немесе жеткенін ескертуді қамтамасыз ететін ӘК жасанды құралдармен жабдықталуға тиіс. Егер ӘК сипаттамалары, табиғи белгілері мен жасанды құралдары тиімді ескертуді қамтамасыз етпесе, онда ӘК шекті шектеулерден тыс қасақана істелген шығуын болдырмайтын арнайы құрылғылармен жабдықталуы тиіс.
Экипажды пайдалану шектеулердің жақындағанын немесе жеткенін ескерту құралдарына:
1) рұқсат берілетін диапозондарды бөле отырып, көрсеткіштер шкалаларына белгі қою;
2) тактильдік, жарық пен дыбыс дабыл берушілер және т.б. жатады.
Шекті шектеулерден тыс қасақана істелген шығуды болдырмайтын арнайы құрылғыларға:
1) күштерді және иінтіректер мен басқару органдарын өзгерту тетіктері;
2) датчиктар немесе шекті режимдерді есептеуіштердің және т.б. сигналдары бойынша басқару органдарының автоматты ауытқу құрылғылары жатады.
Аспаптардан тікелей жақындықта осы аспаптар бақылайтын параметрлердің пайдалану шектеулерінің диапозонын белгілей отырып, жазбаларды (кестелерді) белгілеу ұсынылады.
18. Пайдалану шектеулерін тыс шыққаннан кейін (шекті шектеулерден аспай) ӘК пайдалану шектеулеріне немесе ұсынылатын режимдерге қайтуы экипаждан ерекше кәсіби шеберлікті, шектен тыс күштерді қолдануды және (немесе) ұшудың керемет тәсілдерін талап етпеуі тиіс.
19. Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес экипаждың іс-қимылы кезінде пайдаланудың күтілетін жағдайларында:
1) авариялық жағдайдың туындауына әкелетін кез келген істен шығу жай-күйі (функционалдық істен шығуы) іс жүзінде мүмкін емеске қарағанда жиі емес оқиға ретінде бағаланатын немесе істен шығу жай-күйлерінен (функционалдық істен шығуларынан) туындаған жиынтық мүмкіндігі ұшудың бір сағатына 10-7-ге сәйкес мәнінен жалпы ӘК үшін аспайтын;
2) істен шығу жай-күйлерінен (функционалдық істен шығуынан) пайда болған апаттық мән-жай туындауының жиынтық мүмкіндігі ӘК үшін ұшудың бір сағатына 10-6-дан аспайтын; бұл ретте авариялық жағдайдың туындауына әкелетін кез келген істен шығу жай-күйі (функционалдық істен шығу) іс жүзінде мүмкін емеске қарағанда жиі емес оқиға ретінде бағаланатын;
3) істен шығу жай-күйлерінен (функционалдық істен шығуынан) пайда болған қиын жағдайдың туындауының жиынтық мүмкіндігі ӘК үшін ұшудың бір сағатына 10-4-дан аспайтын; бұл ретте авариялық жағдайдың туындауына әкелетін кез келген істен шығу жай-күйі (функционалдық істен шығу) іс жүзінде мүмкін емеске қарағанда жиі емес оқиға ретінде бағаланатын болып ӘК жобалануы және құрастырылуы тиіс.
Олардың туындауына әкелетін ұшу жағдайларының барлық қиындықтары мен істен шығу жай-күйлері (функционалдық істен шығулары) ұшудағы экипаждың іс-қимылы бойынша тиісті ұсынымдарды пысықтау үшін талдауға жатады.
Ерекше жағдайлардың туындау мүмкіндіктерінің мәндері үлгілік ұшудың ұзақтығын ескере отырып, есептелуі тиіс.
Ерекше жағдайларды талдау функционалдық жүйелердің өзара әсерін ескере отырып, жүргізілуі тиіс.
20. Функционалдық жүйенің істен шығуының жай-күйі (функционалдық істен шығу) мынадай жағдайлардың біреуі орындалса нақты мүмкін емес оқиғаға жатқызылуы мүмкін:
1) көрсетілген жағдай тәуелсіз жалғаспалы істен шығудың екі және одан да көп үйлесімі болып табылады және ұшудың бір сағатына 10-9 -дан кем ықтималымен пайда болады;
2) көрсетілген жай-күй нақты механикалық істен шығудың (бұзылу, сыналану) салдары болып табылады және Дайындаушы іс жүзінде схема және шынайы конструкцияны, пайдаланудың ұзақ кезеңі үшін осындай конструкцияларды статистикалық бағалау материалдарын, сондай-ақ белгіленген ресурстың шегінде сертификатталған объектіні пайдаланған кезде осы Нормаларда белгіленген тиісті талаптарды ескере отырып, және техникалық қызмет көрсетудің белгіленген мерзімдері мен тәртібіне сәйкес беріктігін, төзімділігін және өміршеңдігін талдау арқылы осындай жай-күйдің туындауының нақты мүмкін еместігін негіздейді.
Егер сертификаттау кезінде (функционалдық істен шығу) жай-күйі іс жүзінде ықтимал емес оқиғалардың санатына жататыны көрсетілсе, онда осындай оқиға осы Норманың 19-тармағы бойынша ерекше жағдайларға одан әрі талдау жасаудан алынып тасталуы мүмкін.
21. ӘК-тің Нормалардың 19-тармағының авариялық жағдайларды туындататын істен шығуларына қолданылатын талаптарына сәйкестігін дәлелдеу үшін мынадай шарттардың бірі орындалады:
1) бар тәжірибе осы істен шығу жай-күйін ықтималдығы өте төмен деп есептеуге мумкіндік береді, немесе
2) екі және одан да көп тәуелсіз жүйелі істен шығулар үйлесімі нәтижесінде туындайды, немесе
3) осы Нормалардың 20-тармағы 2) тармақшасының талаптары орындалған.
22. Егер (функционалдық істен шығудың) жай-күйі қиын немесе авариялық жағдайдың туындауына әкелген және іс жүзінде ықтимал емес санатына жатқызылмаған жағдайда экипажға ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың ұйғарылған іс-қимылдарды орындау үшін істен шығуды уақтылы табу мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.
Ескертпе: экипаж істен шығуды уақытылы табуы мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін бақылауда болатын параметрлер ретінде Нормаланған мәнінен ауытқуы істен шығудың туындауымен ілеспейтін, ал оның жақындағанын ескертетін параметрлерді таңдау ұсынылады.
23. Егер (функционалдық істен шығудың) жай-күйі қиын немесе авариялық жағдайдың туындауына әкелген және іс жүзінде ықтимал емес санатына жатқызылмаған жағдайда экипажға ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта ұйғарылған іс-қимылдарды орындау үшін істен шығуды уақтылы табу мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.
Көрсетілген ұсынымдар мүмкіндігінше ұшу сынақтарында тексерілуі тиіс. Ұшу тексерісі ӘК бұзылуымен, қатердің ерекше жоғары дәрежесімен байланысты немесе көпе-көрнеу орынсыз болған жағдайларда әзірленген ұсынымдар конструкциясы бойынша сертификатталуға жақын басқа ӘК пайдалану тәжірибесін талдау нәтижелерімен, сондай-ақ тиісті зертханалық, стендтік сынақтардың, моделдеу мен есептердің нәтижелерімен расталуы тиіс.
24. Егер (функционалдық істен шығудың) жай-күйі қиын немесе қиын жағдайдың туындауына әкелген және іс жүзінде ықтимал емес санатына жатқызылмаған жағдайда ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың экипажға осы жағдайда ұшуды аяқтау жөнінде нұсқауларды қамтуы тиіс.
Қиын жағдайлардағы іс-қимыл бойынша ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың нұсқаулары ұшу сынақтарында тексерілуге тиіс және қайтуы экипаждан ерекше кәсіби шеберлікті, шектен тыс күштерді қолдануды және ұшудың әдеттегідей емес тәсілдерін талап етуге тиіс емес.
25. Егер (функционалдық істен шығудың) жай-күйі қиын немесе ұшу жағдайларын қиындатудың туындауына әкелген жағдайда ұшуды пайдалану жөніндегі Басшылық экипажға ұшуды жалғастыру, жүйелерді пайдалану тәсілдері мен ұшуда ақауларды тәсілдеу жөніндегі нұсқауларды қамтуға тиіс.
Егер, бұл ретте, функционалдық істен шығуы ұшуға әсер етсе, онда Ұшуды пайдалану жөніндегі басшылықтың ұсынымдары ұшу сынақтарымен тексерілуге тиіс.
26. ӘК кемінде екі қозғалтқыш (марштардың) болуы тиіс.
Күштік қондырғы мен қозғалтқыштың (отынды, май, электр және т.б.) жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жүйелердің кез келген істен шығуы кемінде бір қозғалтқыштың істен шығуына әкелуге тиіс емес.
27. Басқару жүйелері сипаттамасының крейсерлік ұшу биіктігінде барлық қозғалтқыштардың жүйелі істен шығуы мен өздігінен ажыратылуы, сондай-ақ ӘК сипаттамасы төмендеуді, түзеуді және жерге қонуды (суға қонуды) орындау мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
Ескертпе. Бұл жағдайда қозғалтқыштардың сыналану түрінде істен шығуы қаралмайды.
28. ӘК экипажының құрамы (экипаж мүшелерінің саны мен олардың кәсіби құрамы) Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың барлық ұйғарылған операцияларының ұшудың әрбір кезеңіндегі уақытының ішінде орындалуын қамтамасыз етуге тиіс, бұл ретте ұшуға жіберілген тұлғаның саны кем дегенде екеу болуы тиіс. Экипаж кабинасында ұшудың барлық кезеңдерінде олардың кез келгені ұшу мүмкіндігін қамтамасыз ететін кемінде дегенде екі жұмыс орны болуға тиіс.
29. ӘК марштық қозғалтқыштарда орнатылған электр энергиясының генераторлары істен шыққан кезде, электр энергиясының қабылдағыштарының қызмет атқаруы қамтамасыз етілуі тиіс, ол ұшу әуеайлағына Ұшуды пайдалану жөніндегі басшылыққа сәйкес қауіпсіз ұшып-қонуын жалғастыру үшін қажет, межелі әуе айлағына немесе ең жақын әуеайлағына, оның ішінде:
1) ӘК ұшуы мен навигациясы;
2) тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мен өрт сөндіру жүйелерінің жұмыс істеуі;
3) пайдалану шектеулердің жақындағаны немесе жеткені туралы экипажды ескертуі құралдарын жұмыс істеуі үшін;
4) сыртқы мен ішкі кабиналық байланыстың жүргізуі;
5) экипаж кабинасы мен жолаушылар салондарын авариялық жарықтандыруы үшін;
6) Ұшу ақпараттары жиынтығы жүйелерінің жұмыс істеуі;
Ұшу жарамдылығының жалпы талаптарына ӘК сәйкестігін айқындаған кезде мыналарды:
1) сәйкестілік кестесін;
2) пайдалану құжаттамасын;
3) ӘК конструкциясына және оның функционалдық жүйелеріне салынған негізгі қағидаттарының, сондай-ақ нақты конструкцияда осы қағидаттарды жүзеге асыру тәсілдерін сипаттауын;
4) ұшу жарамдылығымен шарттасқан қиын, авариялық пен апаттық жағдайдың туындаудың ықтимал себептері мен мүмкіндіктерін талдау нәтижелерін; осы Нормаларда айтылған талаптарға ӘК сәйкестілігін растайтын есептердің, сондай-ақ ӘК мен оның функционалдық жүйелерінің текшелік, зертханалық және ұшу сынақтарының нәтижелерін;
5) ӘК пайдалану тәжірибесін талдау қорытындысын - осындай үлгідегі ӘК және олардың модификациялары; ӘК техникалық қызмет көрсету технологияны талдау нәтижелерін пайдалану қажет.
5. ӘК ұшуын пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа қойылатын жалпы талаптар
30. Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулық шектеулерден, ұсынымдардан және ұшу пайдаланылу мен ұшу техникасы жөніндегі басқа мәліметтерден тұрады және мыналарды:
1) жалпы ережелерді;
2) шектеулерді;
3) ұшудың ерекше жағдайларындағы іс-қимылды;
4) пайдаланудың қалыпты ережелерін;
5) ұшу-техникалық сипаттамаларды;
6) кенеттен қону режимін орындау бойынша нұсқауды;
7) ұшу сипаттамалары туралы мәліметті;
8) тұрақтылық пен басқарушылық сипаттамаларын;
9) күтілетін пайдалану жағдайындағы ұшу тәсілін;
10) ұшудың қауіпсіз жылдамдығын;
11) ұшудың, қозғалтқыш және агрегат жұмысының ұсынылатын режимін;
12) шассидың алдыңғы тірегінің көтерілу жылдамдығын;
13) барлық жұмыс істеп тұрған қозғалтқыштармен биіктікті алудың бастапқы жылдамдығын;
14) ұшу жағдайында пайдалану үшін қарастырылған барлық ұшу іс-қимылын;
15) ӘК осы типін күтілетін пайдалану жағдайының шегінде отынның негізгі қорын анықтау үшін қажетті отын шығысының сипаттамасын;
16) толық градиент бойынша барлық жұмыс істеп тұрған қозғалтқыштың биіктігін алу сипаттамасын;
17) ӘК барынша рұқсат етілетін ұшу (қону) массасын және ұшу (қону) сипаттамасын орнықтыруға жеңіл және шұғыл мүмкіндік беретін материал (номограммалар, кестелер мен сызбалар);
18) күтілетін пайдалану жағдайына қарайтын ұшу бойынша бағыттың сипаттамасын;
19) қосымшаларды қамтиды.
31. Ұшу пайдалану жөніндегі басшылық осы Нормаларға, Үлгінің ұшу жарамдылығының сертификатына, Техникалық сипаттамасына, Техникалық қызмет көрсету регламентіне және ӘК техникалық пайдалану жөніндегі басшылығына, сондай-ақ ұшуларды орындау ережелері мен ӘК қозғалысын ұйымдастыруды, осы үлгідегі ӘК пайдалану көзделген қолданыстағы әуе желілері мен әуе айлақтарында метеорологиялық және әуе айлақтық қамтамасыз етуді айқындайтын жалпы мақсаттағы құжаттарға сәйкес келуі тиіс.
32. Ұшуларды орындауға және экипаждың іс-қимылына қатысты, оның ішінде ерекше жағдайлар туындаған кезде ұшу пайдалану жөніндегі басшылықтың нұсқаулары мен ұсыныстары осы Норманың 23-25 тармақтарын ескере отырып, ӘК-нің тиісті ұшу сынақтарының нәтижелерімен расталуы тиіс.
ӘК ұшудың барлық кезеңдерінде ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта орнатылған пайдалану шектеулерінен оны еріксіз шығаруға мүмкіндік беретін ерекшеліктеріне ие болмауы тиіс.
33. Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта ұйғарылған ұшу әдістері және ұшқыштың аса жоғарғы біліктілігін, шамадан тыс назарын және көп дене күшін талап етпейді.
6. Әуе кемесінің ұшу сипаттамалары, орнықтылығы және басқарылуы
34. Осы Нормалардың 6-10 және 12-21 тарауларында көрсетілген талаптарға сәйкестік сынақтарды тікелей өткізген кезде алынған нәтижелер немесе осы сынақтардың нәтижелерін қайта шығаратын сияқты сондай дәлдікті қамтамасыз ететін сынақтардың нәтижелеріне негізделген ӘК сынақтардан өткізу және есептеу жолымен белгіленуі тиіс.
35. Ұшу сипаттамаларына, сондай-ақ орнықтылық пен басқарылу сипаттамаларына әсер ететін функционалдық жүйелердің істен шығулары пайда болуын ескере отырып, осы Нормалардың 6-10 және 12-21 тарауларында қарастырылғандар осы Нормалардың 4-тарауының талаптарына сәйкес бағаланады.
36. Ұшу сипаттамаларына, қозғалтқыштар істен шыққан кезде тұрақтылық пен басқарылу сипаттамаларына қойылатын талаптар 7-11 және 13-22-тарауларда қауіпті қозғалтқыштардың істен шыққан кезінде қарастырылады.
37. Ұшуды пайдалану нұсқаулығын материалдарында ұшып көтерілу-қону сипаттамаларын және тиісті шектеулерді айқындау үшін 50% қарама-қарсы, 150% жолақ және 100% жанынан соққан желдің құрамдас жылдамдылығы ескерілуі тиіс.
38. Әр түрлі істен шығулар және олармен байланысты ұшу режимінің бұзушылықтары туындаған жағдайда ұшу жарамдылығын бағалаған кезде осы істен шығуды амалдау үшін ӘК басқаруға араласу кезінде экипаж мүшелерінің іс-қимылының кешігуін ескере отырып, ұшу жағдайлары мен ӘК тәртібін қарау қажет.
Экипаж мүшелерінің іс-қимылының кешігуі істен шығуды (ұшу режимінің бұзылуын) байқау сәті мен бұл істен шығуды (ұшу режимінің бұзылуын) амалдау үшін осы экипаж мүшелерінің іс-қимылы басталар алдындағы уақыт аралығымен айқындалады.
Істен шығудың байқалған сәті ӘК қозғалысының қандай да бір өлшемінің экипаж тани алатын өзгерістері бойынша немесе істен шығулардың дабыл беруші құралдары арқылы айқындалады.
39. Ұшу сынақтарында ұшу-қону сипаттамаларын айқындаған кезде нақты траекториялары үздіксіз орындалған режимдерден алынуы не жекелеген учаскелерден құрылуы мүмкін.
Жекелеген учаскелерден траекторияларды жасақтаған кезде:
1) әрбір учаскелердің шекаралары ӘК конфигурациялары, қозғалтқыштардың тарту (қуаты), ұшу жылдамдығының өзгерісімен айқын айқындалуы тиіс;
2) жекелеген учаскелерден жасалған траектория үздіксіз режимде тексерілуі және жекелеген учаскелерден жасалған траектория үздіксіз режимінің траекториясымен келісетіні көрінуі тиіс.
40. Ұшу сынақтарының нәтижелерін берілген атмосфералық жағдайларға қайта есептеген кезде Халықаралық стандарттық атмосфераның кестесі бойынша стандарттық жағдайларда келтірілуі тиіс.
Сонымен бір уақытта Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (ИКАО) (ООС - 9051 - АМ/896) қабылданған жоғары температуралық пен төменгі температуралық жағдайлар үшін ауа температурасының биіктікке тәуелділігі 1-суретте келтірілген.
1-сурет
41. Осы Нормаларда мынадай арнайы терминдер мен айқындамалар қабылданған:
1) шарықтау - ӘК екпіні мен ШҚЖ (Ұшып көтерілу-қону жолағы) деңгейінен кейіннен 400 м биіктікті алумен немесе олардың қайсысы үлкен соған қарай ұшу конфигурациясына ауысу аяқталатын биіктіктен көтерілуді қамтитын ұшу кезеңі (2-сурет);
2) қалыпты ұшып көтерілу - ұшу сипаттамасына әсер етуші ӘК барлық қозғалтқыштары мен жүйелерінің қалыпты жұмыс істеу кезіндегі шарықтау;
3) үзілген ұшып көтерілу - ұшып көтерілу сипаттамасына әсер етуші ӘК қозғалтқышы немесе жүйелері істен шыққан сәтіне дейін қалыпты сияқты өтетін ұшуы, одан кейін ӘК жалғаспалы тежелуімен ол толық тоқтағанға дейін шарықтаудың тоқтатылуы басталады;
2-сурет. Ұшып көтерілу схемасы
ОКД - орналастырылған қону дистанциясы, ҚШЖ - қауіпсіздіктің шеткі жолағы
4) жалғастырылған (аяқталған) ұшып көтерілу - ұшып көтерілу сипаттамасына әсер етуші ӘК қозғалтқышы немесе жүйелері істен шыққан сәтіне дейін қалыпты сияқты өтетін шарықтауы, одан кейін істен шыққан қозғалтқышпен немесе жүйемен шарықтау жалғастырылады және аяқталады;
5) ұшу жолағы (бұдан әрі - ҰЖ) - ұшып көтерілу-қону жолағынан (ШҚЖ), қауіпсіздіктің шеткі жолақтарынан (ҚШЖ) және ондайлар болса (2-сурет) қауіпсіздіктің бүйірлі жолақтарынан (ҚБЖ) тұратын жердің учаскесі;
6) қолда бар ұшу жолағы (бұдан әрі - ҚҰЖ) - ШҚЖ ұзындықтарының және оның бағытына қарай шарықтау немесе қону жүргізілетін (2 және 3-сурет) бір ҚШЖ (егер ондай бар болса) жиынтығы;
7) қауіпсіздіктің шеткі жолағы (бұдан әрі - ҚШЖ) - ШҚЖ-ның тікелей жиегінде орналасқан және ерекше жағдайларда ӘК жүруін аяқтауға арналған ҰЖ-ның бөлігі;
8) Lр екпіннің ұзындығы - ШҚЖ-дан оның бастау нүктесінен көтерілу нүктесіне дейін ӘК өтетін көлбеу бойынша қашықтығы;
9) қолда бар екпінінің ұзындығы (бұдан әрі - ҚЕҰ) - бұру учаскесінің ұзындығына кемітілген ШҚЖ-ның ұзындығы (2-сурет);
10) Lұшу қалыпты (жалғастырылған) ұшудың арақашықтық - бастау нүктесінен үзілу нүктесінде ШҚЖ-ның деңгейінен 10,7 м биіктіктегі нүктеге дейін ӘК өтетін көлбеу бойынша қашықтығы;
3-сурет. Толық қону арақашықтығының схемасы
ОКД - орналастырылған қонуарақашықтығы, ҚШЖ - қауіпсіздіктің шеткі жолағы
11) ұшудың қолда бар арақашықтығы ҰҚД - әуеайлақ қызметі мәлімдеген ұшу бағытына қарай екпінінің қолда бар ұзындығы, ҚШЖ-ның және бос аймақтың жиынтығына тең қашықтық, бірақ та ҰКД ШҚЖ-ның ұзындығынан 150% аспауға тиіс (2-сурет);
12) Lүзіл.ұшу үзілген ұшудың арақашықтығы - старт нүктесінен толық аяқталған нүктесіне дейін ӘК өтетін көлбеу бойынша қашықтық;
13) үзілген ұшып көтерілу арақашықтығы (бұдан әрі - ҮШОД) - меңгерілеу участігінің ұзындығына кемітілген ОҰЖ-ның ұзындығы;
14) hН - биіктікті алу градиенті - XН биіктікті алу траекториясын көлбеуінің тангенс бұрышы; процентпен көрсетілген:
hH=tgXH*100%;
15) hCH - төмендету градиенті XCH-төмендеу траекториясы көлбеуінің тангенс бұрышының абсолюттік мөлшері, процентпен көрсетілген:
hCH =(tgXCH)*100%
16) hпн - биіктікті алудың толық градиенті - осы Нормаларда қарастырылған жағдайларда ұшу сынақтары кезінде көрсетілген және Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың белгіленген қозғалтқыштарды жылыту рәсімдерін ескере отырып тартымы (қуаттылығы) бойынша қозғалтқыштарды номинал реттеуіне келтірілген биіктікті алу градиенті;
17) nчн - биіктікті алудың таза градиенті - осы Нормаларға сәйкес кемітілген биіктікті алудың толық градиенті;
18) нақты траектория - ұшу сынақтарында көрсетілген траектория;
19) толық траектория - тартымы (қуаттылығы) бойынша номинал реттелуіне және Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың белгіленген қозғалтқыштарды жылыту рәсімдерін ескере отырып Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың тапсырылған жағдайлар мен ұшу режимдеріне қайта санамаланған нақты траектория;
20) ұшудың таза траекториясы - оның nн. - градиенттері осы Нормаларға сәйкес кемітілген ұшудың толық траекториясы;
21) қонуға кіру - ұшу конфигурациясынан қонуға кіру конфигурациясына ауысуды бастау биіктігінен, бірақ 400 м. төмен емес және ШҚЖ шет жағының деңгейінен 156 м. биіктікке дейін (осы Норманың 114-тармағында айтылған жағдайлар үшін 9 м) ұшу кезеңі;
22) ШҚЖ-ның кіру жиегі - қону кезінде ӘК оның үстінен ұшып өтетін ШҚЖ шет жағасының желісі;
23) қону - тигенге дейін және толық тоқтағанға дейін (3-сурет) әуе учаскесін қамтитын ШҚЖ шет жағының кіру деңгейінен 15 м (осы Норманың 113-тармағында айтылған жағдайлар үшін 9 м) биіктіктен ұшу кезеңі (3-сурет);
24) екінші айналымға кету - қонуға кіру режимінен биіктікті алуға ӘК ауыстыру маневрі;
25) қону арақашықтығы Lкон - ол толық тоқтағанға дейін ШҚЖ шет жағасының деңгейінен 15 м (осы Норманың 113-тармағында айтылған жағдайлар үшін 9 м) биіктіктен бастап ӘК өтетін көлденең қашықтық;
26) қолда бар қону арақашықтығы (бұдан әрі - ОҚА) - ШҚЖ-ның ұзындығына тең (3-сурет) көлденең қашықтық;
27) екінші айналымға кетудің ең аз биіктігі - осы Нормаларда белгіленген жағдайларда екінші айналымға кету мүмкіндігі бар ШҚЖ-ның деңгейінен ең аз биіктік;
28) шешім қабылдау биіктігі (бұдан әрі - ШҚБ) - егер оған жеткенге дейін қонуды орындау үшін қажетті бағдармен көз көрім байланыс орнатылмайтын немесе, егер осы биіктікте ұшудың берілген траекториясына қатысты қауіпсіз қонуын қамтамасыз етпейтін жағдайларда екінші айналымға кетудің маневрі басталуға тиіс ШҚЖ шет жағасының деңгейінен есептелетін салыстырмалы биіктік;
29) қауіпті қозғалтқыш - оның істен шығуы ұшудың қаралатын режимінде ӘК ұшу сипаттамаларында, тәртібінде, басқарылуында және жағдайларында неғұрлым қолайсыз өзгерістерді тудыратын қозғалтқыш;
ӘК конфигурациясы оның сыртқы келбетін айқындайтын қанаттың механизмі сыртқы ілмектері және ӘК басқа да бөліктері мен агрегаттар жағдайларының үйлесімімен айқындалады. Ұшу кезеңіне қарай мынадай:
Ұшып көтерілу - шасси шығарылған, қанаттың механизмі ұшу жағдайында (ӘК ұшып көтерілу үшін белгіленген жалғасқанатшалар, алғы қанатшалар бұрыштарға ауытқыған);
ұшу - шасси жиналған, қанаттың механизмі ұшу жағдайында;
қонуға кіру - шасси шығарылған, қанаттың механизмі мен тежеудің аэродинамалық құралдары қонуға арналған жағдайда;
қону - шасси шығарылған, қанаттың механизмі мен аэродинамикалық құралдар қонуға арналған жағдайда;
екінші айналымға кету - қанаттың механизмі екінші айналымға кету жағдайында ӘК конфигурациялары қолданылады;
30) ең жоғары рұқсат берілетін ұшу салмағы жоғарғы - 33-тармақтағы талаптарды ескере отырып, бірақ mmax дв- аспайтын осы әуе айлағы үшін пайдаланудың күтілетін жағдайларында ең үлкен рұқсат берілген ӘК ұшу салмағы;
31) максимальді рұқсат берілген қону салмағы mжрқ - осы тармақтың 33) тармақшасының талаптарын ескере отырып, бірақ ұшу массасынан mқонж аспайтын осы әуе айлағы үшін пайдаланудың күтілетін жағдайларында ең үлкен рұқсат берілген ӘК ұшу салмағы;
32) бағыт бойынша ұшу - ұшып-көтерілу аяқталған сәтінен қонуға кіру басталғанға дейін ұшу кезеңі;
33) ұшуға талап етілетін отын қоры негізгі мен аэронавигациялық отын қорын қамтиды. АНҚ өтемдік пен резервтік отын қорынан тұрады;