3) оның конструкциясына кіретін, ұшуда пайдаланылатын қозғалтқыштың жұмысын бақылау құралдарының жұмыс қабілеттілігі;
4) оның конструкциясына кіретін, қозғалтқыштан ауаны іріктеп алу жүйесі агрегаттарының жұмыс қабілеттілігі бағалануы тиіс.
Сынақтар кезінде екінші айналымға шығу жағдайларында, сондай-ақ газдинамикалық қорлар бойынша қозғалтқыштың орнықтылығы дағдарысты деп танылған ұшу жағдайларында қозғалтқыш жұмысының мүмкіндігі мен орнықтылығына мынадай факторлардың әсері (егер ол елеулі күтілетін болса):
1) атмосфералық ауаның температурасы мен қысымы;
2) қозғалтқыштың бастапқы режимі;
3) қозғалтқыштың бастапқы режимдегі жылу жағдайы;
4) ауыспалы процестерді айқындайтын реттегіштер элементтерін реттеудің техникалық жағдайлары шегіндегі өзгерісі;
5) ауа тұтынушылардың жекелей және бір мезгілде қосу кезіндегі қозғалтқыштан ауаны іріктеп алу;
6) тексерілген және көрші жатқан қозғалтқыштардың, егер оларға ауа бір біріне жақын жатқан ауажинағыштардан түссе, жұмыс режимдерінің үйлесуі бағалануы тиіс.
837. Қозғалтқыштың реттеу мен басқару жүйелерін тексеру.
Қозғалтқышты ұшуда пайдалану жағдайларында тексеру жүйенің жұмыс қабілеттілігінің сәйкестігін және қозғалтқышты онымен реттеу мен басқару және басқа жүйенің ұшу-пайдалану жүйесі сипаттамалары сапасының техникалық құжаттамада берілген және 105-тарау талаптарына сәйкестігін растауы тиіс.
Тексеру жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізілуі қажет, онда мыналар:
1) өзгертілмеген қозғалтқышты басқару иінтірегі жағдайында реттеудің функционалдық кіші жүйелерінің әрқайсысының жұмыс аймағындағы қозғалтқыштың реттелетін және шектелетін өлшемдерін қолдаудың орнықтылығы мен дәлдігі;
2) қозғалтқыштағы осы процестер кезінде қозғалтқыштың реттелетін және шектелетін өлшемдерінің ең жоғары шамасы мен ауытқу ұзақтығы тексерілетін ауыспалы процестердің басқару мен реттеу бағдарламаларында берілген өлшемдерін қолдаудың орнықтылығы мен дәлдігі;
3) ӘК басқа функционалдық жүйелеріне әсер ету кезінде және қызмет көрсетудің жердегі құралдарына, мысалы, электр қорегі өлшемдерінің ауытқуы, электр магниттік сәуле шығару қуатты көздерін қосу кезінде, электрондық блоктар жүйелерін кедергіден қорғалғыштығы;
4) пайдаланудағы жүйелерді бақылайтын қолда бар құрылғылардың жұмыс қабілеттілігі бағалануы тиіс.
Сынақтар кезінде жүйелер жұмысының сипатына мынадай факторлардың әсері (егер ол елеулі түрде күтілсе):
1) функционалдық кіші жүйелердің әрқайсысының жұмыс саласындағы ұшудың биіктігі мен жылдамдық өзгерісі;
2) қозғалтқыштың кеңістіктегі көлбеулері мен ұшудың (сатылас жылдамдық, жүктелімдер) серпілісті факторлары;
3) реттегіштердің пайдаланудағы болуы мүмкін шектердегі жұмыс сұйықтығының температурасы;
4) реттеу агрегаттарының қоршаған ортаның температурасы;
5) қозғалтқыштан ауаны іріктеп алуы бағалануы тиіс.
838. Қозғалтқышты ӘК пайдалану жағдайларында тексеру техникалық құжаттамада берілген жерде қозғалтқышты суықтай және ыстықтай іске қосу және пайдаланудың күтілетін жағдайларында ұшуда іске қосудың талаптарына сәйкес өрттен қауіпсіздікті және қамтамасыз етілгендікті растауы, сондай-ақ оның ӘК басқарудың ыңғайлылығына әсері бойынша және экипажға қойылатын талаптар бойынша қозғалтқышты іске қосу рәсімінің қолайлылығын көрсетуі тиіс.
Тексеру жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізілуі қажет, онда мыналар:
1) қозғалтқышты жерде суықтай және ыстықтай іске қосу кезде іске қосудың өлшемдері мен жүйелері;
2) қозғалтқыштың өлшемдері және ұшу қауіпсіздігі жөніндегі басшылықта көзделген жағдайлардағы іске қосу құрылғысымен қозғалтқышты бұрай отырып, авторотация режимінен ұшуда оны іске қосу кезінде және іске қосу кезінде іске қосу жүйесі;
3) қозғалтқышты іске қосу кезінде, оның ішінде ұшу қауіпсіздігі жөніндегі басшылықта сәйкес орындалатын қайталама іске қосулар кезінде ӘК пайдаланудың өрт қауіпсіздігі;
4) қозғалтқышты іске қосу үшін экипаж орындайтын рәсімдер бағалануы тиіс.
Сынақтар кезінде қозғалтқыштың іске қосу қасиетіне мынадай факторлардың әсері:
1) жерде іске қосу кезінде жел жағдайлары, атмосфералық ауаның температурасы мен қысымы;
2) қозғалтқышты ажыратып тастау сәттері мен оны кейіннен іске қосу сәттері арасындағы үзілістің ұзақтығы;
3) техникалық жағдайлармен рұқсат етілетін іске қосу кезінде қозғалтқышты басқару және реттеу аппаратурасын реттеудегі және іске қосу құрылғысының энергиямен қоректену өлшемдерінің ауытқулары бағалануы тиіс.
839. Тексеру турбокомпрессор роторлары элементтерінің тербеліс жүктелісінің деңгейі мен текшелік жағдайлардағы тербелістер деңгейімен салыстырғанда қозғалтқышты пайдалану жағдайларында қозғалтқыштың корпустары мен агрегаттарының тербелістерін рұқсат берілмеген көбейтудің болмауын растауға және тербелістер деңгейінің Нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкестігін көрсетуге, сондай-ақ қозғалтқыштың тербелісін бақылайтын борттық жүйенің жұмыс қабілеттілігін растауы тиіс.
Тексеру жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізілуі қажет, ол кезде мыналар:
1) қозғалтқыш корпустары мен агрегаттары тербелістерінің тексерілетін жағдайлары мен режимдеріндегі қозғалтқыш сипаты мен деңгейі;
2) қозғалтқыштың бақылау тербелісінің борттық жүйесінің жұмыс қабілеттілігі, жарамды қозғалтқыштың қалыпты жұмысы кезіндегі осы өлшемнің ауытқуларының орнын толтыру үшін талап етілетін, ең жоғары тербеліс деңгейінің авариялық белгі бергіштің жұмыс істеу өлшемі бойынша қорының жеткіліктілігі;
3) қозғалтқыш роторлары элементтерінің тексеру жағдайларындағы тербеліс жүктемелерінің сипаты мен деңгейі бағалануы тиіс.
Сынақтар кезінде қозғалтқыштың тербеліс сипаттамасына мынадай факторлардың әсері (егер ол елеулі күтілсе):
1) жердегі жел жағдайлары, атмосфералық ауаның температурасы мен қысымы;
2) тексерілген және көрші жатқан қозғалтқыштардың, егер оларға ауа бір біріне жақын жатқан ауажинағыштардан түссе, жұмыс режимдерінің үйлесуі;
3) ауаны тұтынушылар жекелей және бір мезгілде қосу кезінде қозғалтқыштан ауаны іріктеп алу бағалануы тиіс.
Тербеліс жүктемесінің сипаты мен деңгейін анықтауға арналған тексеруге текшелік сынақтар кезіндегі елеулі әсер ететін пайдалану факторларының жеткіліксіз толық ұдайы өндірілмеген деп тану үшін турбокомпрессор роторларының сол бір элементтері жатады.
Қозғалтқыш корпустарының тербеліс сипаты мен деңгейін тексеру оның ӘК бекітілген тораптарының орналасу жазықтығында және пайдаланудағы тербелістерді борттық бақылауға арналған орындарда, ал турбовинттік қозғалтқышта әуе бұрамының редукторында орындаған жөн.
Тербелісі тексерілуге тиісті қозғалтқыш агрегаттарының тізбесі сынақтар нәтижелері бойынша белгіленеді.
840. ӘК қозғалтқышты жұмыс жағдайларында тексеру текшелік сынақтар ұшу сынақтары жүйелерінің есептемелер нәтижелерін растауға және олармен жиынтықты түрде жағдайларда ӘК ұшу қауіпсіздігі жөніндегі басшылыққа сәйкес мұз қатуға қарсы жүйені пайдалану кезінде қозғалтқыш жұмысында көрсетілген бұрмалаушылықтардың туындамауын көрсетуі тиіс.
Тексеруді жердегі және ұшу сынақтарымен «құрғақ» ауада және мұз қатудың бақыланатын жағдайларында жүргізген жөн.
Сынақ ӘК пайдаланудағы күтілетін жағдайларына сәйкес келетін жылдамдықтарда барлық қозғалтқыштардың қалыпты жұмысы жағдайында, сондай-ақ олардың кейбіреулері істен шыққан жағдайда, бағдарламада белгіленген жоғары ұшу диапазонында өткізілуі тиіс. Бұл ретте пайдалану диапазонын қамтумен әртүрлі қозғалтқыш режимдеріне олардың өзгерістері:
1) қозғалтқыш мұз қатуға қарсы жүйенің және оны басқару мен бақылау құралдарының жұмыс қабілеттілігі мен пайдалану ерекшеліктері;
2) мұз қатуға қарсы жүйені жұмысының қозғалтқыш өлшеміне әсері;
3) мұз қату жағдайларындағы мұз қатуға қарсы жүйесінің тиімділігі, қозғалтқыштың жұмысына қалдық мұз түзудің әсері бағалануы тиіс.
Сынақтар кезінде мұз қатуға қарсы жүйені қосудың 1 минуттық ұзақтықпен кешіктірілуі қозғалтқыштың жұмысына әсері, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігі жөніндегі басшылықта сәйкес анықталған мұз қату жағдайларындағы ұшу ұзақтығының әсері бағалануы тиіс.
841. ӘК пайдалану жағдайларындағы тексеру кері қимылдайтын құрылғының және оны басқару жүйелерінің жұмыс қабілеттілігінің ӘК қозғалтқыштарының орнықты жұмыстары мен өлшемдерінің, осы құрылғымен жабдықталған ретінде де, жабдықталмаған ретінде де талаптарға сәйкестігі расталуға және техникалық құжаттамада тікелей тартқыштың белгіленген режимдеріне берілген және тартымның кері қимылдауы кезінде, сондай-ақ ауыспалы процестер кезінде, кері қимылдайтын тартым пайдаланылған пайдалану режимдеріне ӘК іс-қимылына, ұшу сипаттамасына және конструкциясының беріктігіне кері қимылдайтын құрылғының рұқсат етілмейтін әсері туындамайтынын көрсетуі тиіс.
Тексеру жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізілуі қажет, онда мыналар:
1) оны жұмысқа қосқан және кері қимылдайтын тартым режимін пайдалану рұқсат етілген жерде және ұшу кезеңдерінде ажыратып тастау кездегі басқару жүйесі бар кері қимылдайтын құрылғының жұмыс қабілеттілігі;
2) қозғалтқыш тексерілетін пайдалану жағдайларында және режимдерінде, сондай-ақ сынақтар кезіндегі кері қимылдайтын тартым режимдерінде тікелей тартым режимдерінде кері қимылдайтын құрылғысы бар қозғалтқыш жұмысының сипаты мен өлшемдері;
3) кері қимылдайтын тартым режиміндегі қозғалтқыш жұмысының ӘК басқа қозғалтқышының жұмысына және өлшемдеріне, кері қимылдайтын құрылғымен жабдықталған ретінде де және жабдықталмаған ретінде де әсері;
4) кері қимылдайтын құрылғы жұмысының ӘК элементтерінің жүктемесіне және оның құрылғыны қалыпты жұмысы кезіндегі, сондай-ақ оны өздігінен қосуға және ажыратып тастауға алып келетін істен шығу имитациясы кезінде іс-қимылына, егер олар іс жүзінде болу екіталай оқиғаларға жатпайтын болса, әсері бағалануға тиіс.
Сынақтар кезінде анықталған сипаттамаға жердегі жел жағдайларының және атмосфералық ауа температурасының әсері (егер олар елеулі түрде күтілсе) бағалануы тиіс.
Кері қимылдайтын құрылғыны өздігінен қосуға алып келетін істен шығу имитациясы қозғалтқышты осындай істен шығу кезінде автоматты түрде ажыратып тасталатын немесе дроссельдеуді қамтамасыз ететін кіші жүйелеріне сәйкес болған жағдайда ғана орындалады. Тексерудің қажеттілігі және құрылғыны өздігінен қосудың мүмкін болатын зардаптарын ескере отырып, ықтималдылықты бағалау негізінде белгіленеді. Талдаудың, мысалы, прототип құрылғыларды пайдаланудың жаңартылуы немесе тәжірибесі негізінде орындалуы мүмкін. Тексеру жүргізілетін ұшу режимдері мен кезеңдері сынақтарды қауіпсіз жүргізуді ескере отырып, осы талдаудың негіздері бойынша белгіленуі тиіс.
Кері қимылдайтын құрылғыны қоспауға алып келетін істен шығу имитациясы ӘК отырызылғаннан кейінгі жүгірісі кезінде орындалады. Сонымен бірге, қозғалтқыштың кері қимылдайтын құрылғыға қосылмайтын оның ӘК іс-әрекетіне әсері бойынша жұмыс режимін шектеуді таңдаудың дұрыстығы бағалануға тиіс.
842. Қозғалтқышты ӘК пайдалану жағдайларында тексеру ӘК пайдалануының барлық күтілетін жағдайларында қозғалтқыштың осы үлгісінің орнықты жұмысына кепілдік беретін газдинамикалық орнықтылықтың жеткілікті қорының болуын растауы тиіс.
Тексеруді жердегі және ұшудағы сынақтармен қозғалтқыштың газдинамикалық орнықтылық қорлары бойынша дағдарысты деп танылған пайдаланудың жағдайларында және режимдерінде жүргізген жөн. Қордың жеткіліктілігін растау кезінде мынадай:
1) қозғалтқыштың бір данасының тұрақты жұмысын, мысалы, конструктивтік элементтерді өзгертудің реттеу бағдарламаларын өзгертудің, сыртқы өзара ықпалдастықты арттыру есебінен кеміту ниеті бар газсерпінді тұрақтылық қорын жариялау. Қорды кеміту қозғалтқыштың осы үлгісі үшін сынақтар кезінде тікелей ұдайы өндірілмейтін (мысалы, қозғалтқышты жасауға және реттеуге жіберуге негізделген қорларды шашып тастау, қорларды ресурс пен басқаларды шығарудың есебінен кеміту) барлық елеулі факторлардың оған ететін ықпалы имитациялануға тиіс. Қорды ниеттенген кеміту шамасы сынақтар бағдарламасымен белгіленуге тиіс;
2) қалыпты жасалған және реттелген, жеткілікті деп танылған қозғалтқыштардың көп мөлшерінің тұрақты жұмысын жариялау әдістердің біреуі пайдаланылуы мүмкін.
Сынақтар жағдайларын таңдау кезінде қозғалтқыштың газдинамикалық орнықтылығына мынадай факторлардың әсері (егер ол елеулі түрде күтілсе) ескерілуі тиіс:
1) қозғалтқыш режимдеріне, оны реттеудің жүйесін баптауға және жіберу атмосфералық ауаның температурасына негізделген диапазонда компрессордың жұмыс режимдерін өзгерту;
2) жердегі жел жағдайлары (сынақтар кезінде жасанды түрде алынған ауа ағыстары пайдаланылуы мүмкін;
3) қозғалтқышқа кіре берістегі ауа ағысы өлшемдерінің деңгейі және оның ұшу жағдайларына және пайдаланудың күтілетін жағдайларында ӘК маневрлеріне негізделген бір тексіздігі;
4) орындалар алдындағы ауыспалы процестерге тән бастапқы режимде қозғалтқыштың шыдамдылық уақыты;
5) олардың ауа жинағыштары бір бірінен жақын орналасқан жағдайда, тексерілген көрші қозғалтқыш жұмысының режимі.
Сынақтарды текшелік сынақтар кезінде қозғалтқыштың газдинамикалық тұрақты қорының жеткіліктілігінің нанымды дәлел алынбаған жағдайда, пайдаланудың сол бір дағдарысты жағдайлары мен режимдері үшін ғана өткізуге рұқсат етіледі.
Осы сынақтардың нәтижелерін бағалау кезінде сынақтар кезінде жүзеге асырылатын ӘК шекті шектеулерге шығуы кезінде қозғалтқыш жұмысының тұрақтылығы туралы деректер ескерілуі қажет.
843. Турбинаны қатты қызудан қорғау жүйесін тексеру жүйенің жұмыс қабілеттілігінің, кедергіден қорғалғыштығының және басқа ұшу-пайдалану сипаттамаларының және техникалық құжаттама талаптарына сәйкестігін растауы тиіс.
Тексеруді жердегі және ұшу сынақтарымен жүргізілуі тиіс, онда:
1) жүйенің жұмыс қабілеттілігі және оның жұмысындағы имитация кезінде қозғалтқыш жұмысы өлшемдерінің өзгерісі.
Имитация қозғалтқыштың белгіленген режимдерінде және жердегі және ұшудағы ең жоғары газ температуралы ауыспалы процестері кезінде орындалуы тиіс;
2) электрондық блоктар жүйесінің оларға ӘК басқа функционалдық жүйелерінің ықпалдары кезінде және жерде қызмет көрсететін, мысалы, электр қорегі өлшемдерінің ауытқулары, электр магниттік сәуле шығарудың қуатты көздерін қосу құралдарының кедергіден қорғалғыштығы;
3) ӘК пайдаланудың күтілетін жағдайларындағы (турбинаны қызып кетуден қорғау жүйесінің жалған жұмыс істеуін болдырмау үшін) қозғалтқыштың қалыпты жұмысы кезінде мүмкін болатын ең жоғары газ температурасының ауытқуларын өтеу үшін талап етілетін жүйе жұмысының өлшемі бойынша қордың жеткіліктілігі;
4) пайдаланудағы жүйе жұмысын бақылау құралдарының, егер олар бар болса, жұмыс қабілеттілігі бағалануы тиіс.
844. Қозғалтқыш жұмысын ӘК жағдайында тексеру жүйенің жұмыс қабілеттілігінің, кедергіден қорғалғыштығының және басқа ұшу-пайдалану сипаттамаларының техникалық құжаттама талаптарына сәйкестігін растауы тиіс.
Тексеруді жердегі және ұшу сынақтарымен жүргізу тиіс, ол кезде мыналар:
1) қозғалтқыш жұмысының газы аз жер (ұшу) режимінен шарықтау (ең жоғарғы) режимге дейінгі ауыспалы кезеңдер кезіндегі диапазонда белгіленген режимдеріндегі жерде және ұшуда помпаж белгі берушісінің жұмыс істеуін имитациялау кезінде қорғау құралдары элементтерінің жұмыс қабілеттілігі мен қозғалтқыш жұмысы өлшемдерінің өзгерісі: жүйенің жұмыс қабілеттілігі және оның жұмысындағы имитация кезінде қозғалтқыш жұмысы өлшемдерінің өзгерісі;
2) электрондық блоктардың автоматты жүйесінің немесе оларға ӘК басқа функционалдық жүйелерінің ықпалдары кезінде помпаждың туындауы туралы белгі беру құралдарының және жерде қызмет көрсететін, мысалы, электр қорегі өлшемдерінің ауытқулары, Электрлі магниттік сәуле шығарудың қуатты көздерін қосу құралдарының кедергіден қорғалғыштығы;
3) ӘК пайдаланудың күтілетін жағдайларындағы (помпаж белгі берушісінің жалған жұмыс істеуін болдырмау үшін) қозғалтқыштың қалыпты жұмысы кезінде мүмкін болатын ең жоғары газ температурасының ауытқуларын өтеу үшін талап етілетін жүйе жұмысының өлшемі бойынша қордың жеткіліктілігі бағалануы тиіс.
845. Қозғалтқыштың суытатын сұйықтықты жұмыс оның компрессорына бүрку кезінде тексеру:
1) жүйені қолдану жұмыс орнықтылығын және техникалық құжаттамада берілген талапқа ұшуды пайдалану жөніндегі басшылық рұқсат етілген жердегі және ұшудағы жағдайларда сұйықтықты оның компрессорына бүрку кезінде қозғалтқыш өлшемдерінің 826-тармағының 1) тармақшасының талаптарына сәйкестігі;
2) сұйықтықты бүрку жүйесі элементтерінің жұмыс қабілеттілігі растауы тиіс.
Тексеру жердегі және ұшу сынақтарымен жүргізу қажет, ол кезде:
1) қозғалтқыш жұмысының сипаты және сұйықтықты бүрку жүйесінің жердегі сыналуы кезінде және оны ұшуды пайдалану жөніндегі басшылық рұқсат еткен ұшу режимдеріне қосу кезінде шарықтау тартымын (қуатын) қалпына келтірудің және үдету шамасына талап етілетін қозғалтқыш өлшемдерінің сәйкестігі;
2) жүйе элементтерінің, ішінде пайдаланудағы оның жұмысын басқару мен бақылау құралдарының жұмыс қабілеттігі;
3) жүйені басқару ыңғайы және жүйені симметриялық орналасқан қозғалтқыштарға қосу мен алып тастаудың ілеспелілігі бағалануы тиіс.
Сынақтар кезінде қозғалтқыштың жұмысына және сұйықтықты бүрку жүйесіне мынадай факторлардың әсері (егер ол елеулі түрде күтілсе):
1) жердегі жел жағдайлары және атмосфералық ауаның температурасы;
2) кеңістіктегі ӘК жағдайы және оның әртүрлі координаттық осьтері бойынша жүктелімдері бағалануы тиіс.
846. Ұшу циклының өлшемдері, қозғалтқыш жұмысының режимдері, баламалы-циклдік сынақтар мен пайдалану бағдарламасы бойынша сынақтардың сынақтар циклдерін нақтылау мақсатында олардың ӘК осы үлгісіндегі қозғалтқышты пайдаланудың күтілетін жағдайлардағы ұзақтығы мен қайталанушылығы анықталуға тиіс. Көлемі ұшу сынақтарының бағдарламасымен айқындалады.
847. Қозғалтқыштың пайдалану технологиясын тексеру.
ӘК пайдалану жағдайларында ыңғайлы, қауіпсіз және бақылайтын қарап шығу мүмкіндігі, техникалық қызмет көрсету мен, Техникалық пайдалану жөніндегі басшылық және техникалық қызмет көрсету регламентінде көрсетілгендерге сәйкес қозғалтқыштарды, олардың бөлшектерін, тораптары мен агрегаттарын айырбастау көрсетілуі тиіс.
Тексеру кезінде техникалық қызмет көрсету регламентінде нұсқалған тұрақ жағдайларында және басқа жағдайларда тікелей ӘК тексеру жүргізу:
1) ыңғайлы, қауіпсіз және бақылайтын қарап шығудың, техникалық қызмет көрсету мен бөлшектерді, тораптар мен агрегаттарды, механикалық ақауларды табу құралдарын айырбастаудың және техникалық қызмет көрсету мен, техникалық пайдалану жөніндегі басшылық және техникалық қызмет көрсету регламенті нұсқауларына сәйкес қамтамасыз етілгендігі;
2) қуатты қондырғылардың құрамдастарындағы ӘК пайдаланылатын қозғалтқыштардың өзара алмасымдылығы;
3) қозғалтқышты консервациялау мен қайта консервациялаудың қамтамасыз етілгендігі;
4) қозғалтқышты гипрожетектерді тексеру мен реттеудің, реактивтік жылжымалы шүмек элементтерін тексерудің, егер олар қозғалтқышта бар болса (қозғалтқышты іске қоспастан) әуеайлақтық энергия көздерінен қамтамасыз етілгендігі;
5) қозғалтқыш роторының (роторларының) баяу айналуының қамтамасыз етілгендігі мен ыңғайлылығы қажет екендігін атап өту керек.
Тексеруді ӘК пайдаланудың әртүрлі климаттық жағдайларында жүргізілуі қажет.
122. Сериялық және жөнделетін қозғалтқыштардың сынақтары
848. Сериялық және жөнделетін қозғалтқыштар берілетін және бақыланатын текшелік сынақтарға және бағдарламаларда нұсқалған іріктеулерге, ал қажет болған жағдайда қосымша сынақтарға тартылуы тиіс.
Жөнделетін қозғалтқыштарды сынаған кезде қажет болған жағдайда бағдарламаларда нұсқалған сериялық қозғалтқыштардың берілетін және бақыланатын сынақтарынан өзгешеленетін сынақтардың әдістері мен жағдайлары көзделуі мүмкін.
Қозғалтқышты бөлшектегеннен кейін бөлшектерінің жай-күйін тексерумен сериялық және жөнделетін қозғалтқыштардың сынақтары мен іріктеулерінің көлемі қысқартылуы мүмкін, егер конструкциясының, сапасының жасауды бақылаудың жетістіктері көрсетілген болса, сондай-ақ сынақтар әдістемесі техникалық пайдалану жөніндегі басшылық нұсқаған қызмет көрсету ережелері сақталған, қозғалтқыштың жұмыс қабілеттілігін жөндеуаралық ресурс ішінде сақтау кезінде қамтамасыз етеді.
1-ескертпе: қозғалтқыштың сынақтар көлемінің немесе іріктеулерінің кез келген қысқартуы қозғалтқыштың пайдаланудағы жұмыс қабілетінің нашарлауы табылған жағдайда немесе қозғалтқыштың конструкциясына елеулі өзгерістер енгізген жағдайда қайта қаралуы мүмкін.
2-ескертпе: жөнделетін қозғалтқыштардың сынақтарының көлемі сериялық қозғалтқыштардың сынақтарының көлемінен өзгешеленуі мүмкін.
3-ескертпе: қозғалтқыштарды аз сериялармен өндіру кезінде сынақтардың көлемі мен іріктеу саны оларды қысқартуы мүмкін.
849. Сериялық және жөнделетін қозғалтқыштардың сынақтарын берілетін және бақыланатын деп бөлінеді. Берілетін сынақтардың мақсаты:
1) қозғалтқышты жасау және жинау сапасының техникалық талаптарға сәйкестігін тексеру;
2) қозғалтқышты жинақтайтын бөлшектер мен агрегаттардың жұмыс істей бастауын жүргізу;
3) қозғалтқыштың негізгі деректерінің берілген техникалық талаптарға сәйкестігін растау болып табылады.
Бақыланатын сынақтардың мақсаты:
4) қозғалтқышты қайталап жинау (берілетін сынақтардан кейін) сапасының техникалық талаптарға сәйкестігін тексеру;
5) қозғалтқышты жинақтайтын бөлшектер мен агрегаттардың жұмыс істей бастауын жүргізу;
6) қозғалтқышты реттеуді және баптауды және оның өлшемдері мен сипаттамаларының берілген техникалық талаптарға сәйкестігін тексеру;
7) қозғалтқыштың негізгі деректерінің берілген техникалық талаптарға сәйкестігін және оның қабылдануын ресми растау болып табылады.
Ескертпе: берілетін және бақыланатын сынақтардың тиісті негіздері кезінде бірлесуі мүмкін.
850. Сынақтар берілетін және бақыланатын сынақтардың бағдарламаларында көрсетілген бірізділікпен, жалпы талаптарға сәйкес, сондай-ақ мынадай қосымша ережелермен жүргізілуі тиіс:
1) статикалық жағдайларда турбовинттік қозғалтқыш тартымын өлшеу қабылданған үлгінің сынақ текшесінде өткізілуге тиіс. Турбовинттік қозғалтқыш қуатын өлшеу қабылданған тәсілмен әуе бұрамы бар қозғалтқышта жүзеге асырылуға тиіс; сонымен бірге газ ағынының реактивтік тартқышты тиісті дәрежеде ескерілуі тиіс;
2) сынақтар қозғалтқыштың кіре берістегі майдың ең жоғары температурасы кезіндегі жұмысын қамтуға тиіс. Кіре берістегі майдың ең жоғары температуралы тиісті режимдердегі жұмыс уақыты және осы температураның шамасы сынақтар бағдарламасында көрсетілуі тиіс.
Мұндай сынақтарды, егер қолда бар материалдар олардың қажет болмағанын дәлелдесе, өткізбеуге болады;
3) егер берілетін сынақтар барысында қандай да бір негізгі бөлшектерді немесе торапты айырбастаудың қажеттігін көрсетсе, осы сынақтар немесе олардың бір бөлігі келісілген көлемде қайталануы тиіс.