b - негізгі және тұмсықтық деңгелек осьтерінің көлбеу бойынша арасындағы қашықтық;
h - ӘК ауырлығының ортасынан жерге дейін сатылас бойынша қашықтық (10-сурет);
bo - шассидің жолтабаны.
Барлық мөлшерлер шассиді тұру жаншу кезінде айқындалады.
201. Тш жағдайында қону, старт және тіркеп сүйрету кезінде тежеу.
ӘК жерде тұруына сәйкес келетін жағдайда деп саналады. Деңгейлес жүктеме (ӘК қозғалысы бойынша немесе қарсы) Тэ жерге дөңгелектердің жанасу нүктелерінде салынған және:
Егер ӘК топырақты ШҚЖ-да жүйелі пайдалану талабы қойылса, Мэ және РYy шамалар mвзл шыға отырып, айқындалады.
202. Тк жағдайы. Ұшып көтерілу кезінде жерден ӘК көтерілгеннен кейін дөңгелектерді кенеттен тежеу.
Ұшуда ӘК жағдайын қараған жөн:
1) толық шығарылған шассимен;
2) құлпыда толық жиналған шасси кезінде;
3) шассидің аралық жағдайымен.
Әрбір тіректің дөңгелектеріне Мmах сәті салынуға тиіс.
Қауіпсіздік коэффициент f=2,00.
Ескертпе: Егер Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта ұшқышқа ұшып көтерілу кезінде ӘК жерден көтерілгеннен кейін дөңгелектерді тежеуге тыйым салынса, Тк жағдайын қарамауға рұқсат беріледі.
Артқы деңгелекті (костыльді) (артқы дөңгелегі бар шассиді) жүктеу жағдайлары.
203. Құйрықтар дөңгелектің (костыльдің) беріктігін анықтаған кезде геометриялық ара қатынастары қаралап отырған жағдайдың пайдалану жүктемесіне сәйкес келетін шамаға жаншылған амортизациясы кезінде белгіленуге тиіс.
204. Еш жағдайында үш нүктеге қону.
Пайдалану мен максимальді жұмыстарды жұтқан кезде пайдалану және максимальді жүктемелер (nүA және nmахA жүктелімдер) амортизацияның жаншу диаграммасынан анықталуға тиіс. Күштер әрекетінің бағыты жер бетіне қалыпты.
205. Еш+Gш жағдайында тік және маңдайлық күштердің бір мезеттегі әрекеті (12-сурет).
12-сурет
ӘК үш нүкте жағдайында тұрылғаны саналады.
Жерге қалыпты Ру күшінен басқа артқы дөңгелекке дөңгелек осіне салынған және кері бағытталған Рх = -0,5 Ру күш әрекет етуі алынады.
Ру күші Еш жағдайындағыдай айқындалуға тиіс.
Амортизациясы алдыңғы соққыға жұмыс істемейтін артқы дөңгелек (костыль) үшін қосымша nYA сәйкес келетін РYу құйып алу кезінде РYx = -2,5Р no.oa -мен жүктеуді қараған жөн.
Ескертпе:
Костыль үшін Рх күш оның жерге тиген нүктесіне салынған.
206. R1 ш жағдайында бүйірлі соққымен қону.
ӘК үш нүкте жағдайында тұрылғаны саналады. 25%-ке азайтылған Еш+Gш жағдайы жүктемелерінің және Pz=±0,15Ру бүйірлі жүктемесінің бір мезеттегі әрекеті қаралуға тиіс. Бұдан басқа, артқы дөңгелек (костыль) жерге дөңгелектің (костыльдің) тиген нүктесіне салынған Pz ±0,2 Ру бір бүйірлі жүктеменің әрекетіне тексерілуге тиіс; амортизацияның тұру жаншылғаны алынады.
Бағдарлаушы артқы дөңгелек (костыль) үшін бағдарлау осіне қатысты Pz бүйірлі күшінің 20% сәті және осы сәттің 80% дөңгелек осіне жұп күштерімен немесе жерге костыльдің тиген нүктесінде жұп күштерімен қабылдануын алу қажет.
207. Алдыңғы тіректі және артқы сақтандырғыш тіректі (алдыңғы дөңгелегімен шассиді) жүктеу жағдайларында төменде қаралатын барлық жағдайларда ӘК үш нүктеде болуы, ал амортизация - қаралып отырған жағдайдың пайдалану жүктемесіне сәйкес жаншылған деп саналады.
Қосақталған дөңгелектері кезіндегі барлық жағдайларда дөңгелектерге біркелкі емес жүктеме қаралуға тиіс: жалпы жүктемеден 60% бір дөңгелекте және 40% екіншісінде қаралуға тиіс.
Егер ӘК топырақты ұшып көтерілу-қону жолағында жүйелі пайдалану талабы қойылса, жүктемелерді үлестіру 0,7:0,3 қатысты жүргізіледі.
Барлық жағдайларда кез келген дөңгелектерде тік жүктеменің пайдалану мәні 0,67 Рразр.рад аспауға тиіс, ал Аmах жұтқан кезде сатылас жүктеменің мәні 0,75 Рразр.рад аспауға тиіс, мұндағы Рразр.рад-дөңгелекке бұзушы радиалдық күш.
Бағдарлаушы мен басқарылатын дөңгелектер үшін осы Норманың 211-тармағында тапсырылатын Му мәніне тең алдыңғы дөңгелектің осіне қатысты Рх күштерін симметриялық емес салғаннан сәттің бөлігі бағдарлау осьте, ал сәттің қалған бөлігі - дөңгелек осінде жұп күшпен қабылдануын алынған жөн.
208. Еш.қон жағдайында үш нүктеге қону.
Пайдалану мен максимальді жұмыстарды жұтқан кезде пайдалану және ең жоғары жүктемелер (nІA және nmах жүктелімдер) амортизацияны жаншу диаграммасынан анықталуға тиіс. Күш әрекетінің бағыты - жер бетіне қалыпты.
Ескертпе: Шассидің және оның бекітпелерінің беріктігі шектеушіге соғылған кезде кері жүрісте амортизатор штогінің толық шығу сәтінде пайда болатын жүктемелерге тексерілуге тиіс. Бұдан басқа, шасси конструкциясы элементтерінің беріктігі онда алғашқы қысымның мүмкіндігі болу кезінде амортизациялық тіректі жаншуды бастауға сәйкес келетін жүктемелерге штоктің толық шығу, бірақ кері қарай бағытталған жағдайында тексерілуге тиіс. Жүктемелер дөңгелектердің осьтеріне салынуға тиіс. Қосақталған дөңгелектер болған кезде дөңгелектер арасында жүктемені үлестіру біркелкі болады. Қауіпсіздік коэффициенті f=1,5.
209. Еш+Gш жағдайында дөңгелекке алдыңғы соққы. Пайдалану мен ең жоғары жұмысты жұтқан кезде жүктемелердің шамалары Е ш.пос жағдайындағыдай алынуға тиіс. Жүктемені дөңгелек осьтеріне салған және Аэ жұтқан жағдайда көлбеуге 450 бұрышымен және Аmах жұтқан жағдайда 550 бұрышымен ұшуға қарсы артқа қарай еңкейткен жөн.
210. Еш+ G ш жағдайында айналдырылмаған дөңгелектермен қону.
Алдыңғы дөңгелектің осіне көлбеуге 450 бұрышымен жоғары және төмен бағытта күш салынуға тиіс. Күштің шамасы А жұтқан жағдайда Еш.пос жағдайының 0,7 тең алынуға тиіс.
211. R1ш жағдайы. Алдыңғы тірекке бүйірлі соғумен қону.
Пайдалану мен максимальді жұмыстарды жұтқан кезде жүктемелердің шамаларын - Еш.пос жағдайындағыдай алынуға тиіс. Жүктемені дөңгелек осьтеріне салынуға және Аэ жұтқан жағдайда бүйірлі компонент оның мәніне +0,25 болатындай жоғары және +0,33 бүйірге жантаюға тиіс.
Бағдарлаушы мен басқарылатын дөңгелектер үшін Mу мәніне тең алдыңғы дөңгелектің осіне қатысты бүйірлі күштер сәтінің бөлігі бағдарлаушы осте, ал сәттің қалған бөлігі - дөңгелек осьнда жұп күшпен қабылдануын алған жөн.
Егер бүйірлі күштің сәті алдыңғы дөңгелек бағдарлауының осіне қатысты Му мәнінен аз болса, онда сәт пен күштің шамалары бойынша алынуға тиіс.
R2ш жағдайында рульдеу кезінде бұрылу (басқарылатын алдыңғы дөңгелегі бар ӘК үшін).
Іске қосылған басқарумен алдыңғы тірекке мынадай жүктемелер әрекет етеді:
дөңгелек осіне салынған жерге қалыпты күш
Tyh
РІу = Рno.1+ ------,
b
жерге дөңгелектің тиген нүктесінде салған бүйірлі күш РІz= +0,8РІу, бірақ, егер басқару механизмі немесе шиммидің бәсеңдеткіші бустердің (бәсеңдеткіштің) күшін шектейтін сақтандырғыш клапанымен
жарақталса, РYz шамасы 1 My mах артық алынбайды.
r
Мұндағы Tэ - негізгі тіректің барлық дөңгелектерін тежеудің жиынтық күші (сол жағының немесе оң жағының).
Көрсетілген РYy және РYz жүктемелердің шамалары есептердің негізінде мынадай жағдайларда нақтылануы мүмкін:
ӘК ауырлығының тік жүктелімі nу =1,00;
көтермелі күш Y=0;
шассидің бір негізгі тірегінің дөңгелектері және қозғалтқыштардың симметриялық емес тартымы арқылы тежеумен nвзл - мен ӘК бұрылуы жүргізіледі;
алдыңғы тірек бейтарап жағдайда тіркелген.
Артқы сақтандырғыш тірекке соғу.
212. Пайдалану жүктеме пайдалану жұмысты жұтқан кезде тірекке ең жоғары күш ретінде амортизацияның жаншу диаграммасынан анықталуға тиіс. Сақтандырғыш тіректің амортизациясы толық жаншумен алынады.
213. Қысқы шаңғы шассиін артқы немесе тұмсықтық шаңғымен жүктеу жағдайлары. Шаңғы шассиінің беріктігін анықтаған кезде геометриялық ара қатынастар қаралып отырған жағдайдың пайдалану жүктемесіне сәйкес келетін шамаға жаншылған амортизациясы кезінде белгіленуге тиіс.
Егер техникалық жағдайлар бойынша доңғалақтарды шаңғыларға айырбастауы көзделсе, шассидің беріктігі барлық жағдайларға тексеруден өтуге тиіс.
талаптар арнайы айтылған жағдайларды қоспағанда, негізгімен бірге алдыңғы, артқы шаңғыларға қатысты.
214. Ел жағдайында үш нүктеге қону және екпін.
Әрбір шаңғыға мынадай жүктемелер әрекет етуі алынады:
шаңғының жұмыс бөлігінің ұзындығы бойынша үлестірген және негізгі мен тұмсықтық тіректері, артқы дөңгелегі (костыль) және дөңгелек шассиінің Еш жағдайында артқы сақтандырғыш тірек үшін тиісті қалыпты жүктемелерге тең жерге қалыпты күш.
тиісті сатылас жүктемеге 0,25 тең үйкеліс күші Т.
Қауіпсіздік коэффициенті дөңгелек шассиінің Gш жағдайында көрсетілгендей айқындалуы тиіс.
Ескертпе 1: Шаңғы шетінің қатты майысуынан басталатын шаңғы ұшының 4 см. кетерілісіне дейінгі қашықтық шаңғы жұмыс бөлігінің ұзындығы болып саналады.
Ескертпе 2: Шаңғының ұзындығы бойынша жерге қалыпты жүктемені үлестіру сызықтық заңы бойынша шаңғы барлық күштердің әрекетімен тепе-теңдікте болуымен алған жөн (13-сурет); ені бойынша жүктемені үлестіру - біркелкі болады.
13-сурет.
Gл жағдайында шаңғының ұшуына алдыңғы соққы (алдыңғы және артқы шаңғылар үшін қаралмайды).
ӘК тұрақтағы жағдайында бір шаңғыға жүктеме
шаңғының ұшын көтерілген басымен қосатын хорданың ортасынан және төлкенің осьнан өтеді (14-сурет).
14-сурет.
Мұндағы - nҮG негізгі тіректер үшін Gш жағдайын пайдалану жүктелімі (Осы Норманың 195-тармақ).
R1л жағдайында бүйірлі соғумен қону.
ӘК тұрақтағы жағдайы. Негізгі мен алдыңғы тіректерге және артқы тірекке әрекет етуші жерге қалыпты күштер доңғалақ шассиінің R1ш жағдайында тиісті жүктемелерге тең болуға тиіс. Бүйірлі күштерді тиісті қалыпты жүктемелерден 0,25 тең алған жөн.
Қалыпты жүктеме шаңғының ұзындығымен сызықтық заңы бойынша тепе-теңдестіруші шаңғы төлкесінің осы арқылы өтетіндей үлестірілуге тиіс. Шаңғының ені бойынша жүктемені үлестіру - біркелкі болады. Шаңғыға бүйірлі жүктеме жұмыс ұзындығы бойынша біркелкі оны тепе-тең әрекет етуші (Pz) шаңғының жұмыс бөлігінің ортасында ұзындығы бойынша, ал биіктігі бойынша - жерден шаңғы денесінен 1/3 максимальді биіктігінің қашықтығында салынуға тиіс.
Қауіпсіздік коэффициенті тиісті тіректер мен артқы тірек үшін доңғалақты шассидің R1ш жағдайларында көрсетілгендей алынуға тиіс.
Мл жағдайы. Шаңғының қатып қалуы (тұмсықтық пен артқы шаңғылар үшін қаралмайды).
ӘК тұрақтағы жағдайы және шаңғының біреуіне әрекет етеді:
- жер жазықтығында айналу сәті
мұндағы l - шаңғы жұмыс бөлігінің ұзындығы;
Pcт.взл - mвзл кезінде шаңғыға тұрудағы жүктеме;
төлке осі арқылы өтетін жердің тік реакциясы РІу = Pno.асe,
шамасын осы шаңғыдан оң жағынан немесе сол жағынан қаралатын шаңғы осьнан тепе-тең әрекет етуші тартымға дейін қашықтыққа Mэ сәтті бөлумен Pүx, шаңғы бойымен үйкеліс күші.
Шасси элементтерін жүктеу жағдайларында екіостік арбалары бар тіректер. Z осіне қосарлас осьқа қатысты бұралатын арбасымен негізгі тіректің беріктігі оның орнына Мшт жағдайы енгізілетін Мш жағдайын қоспағанда негізгі тіректі жүктеудің барлық жағдайларында қаралуға тиіс.
Жүктемелердің шамалары, бағыты мен салу нүктелері жүктеудің тиісті жағдайларында көрсетілгендей алынуға тиіс. Арбаның алдыңғы және артқы жүктемелерді үлестіру мынадай сипатта жүргізілуге тиіс:
Еш.пос, Еш+ Gш және Еш және Еш жағдайларында арбаның бұрылу осьіне дейінгі қашықтыққа кері пропорционал;
Gш жағдайында Рх Нормаланатын жүктеменің барлық деңгейлес құрамдасы доңғалақтардың не алдыңғы, не артқы осьна салынуға тиіс; Рх Нормаланатын жүктеменің тік құрамдасы арба осьнің бұрылуына қатысты сәттердің тепе-теңдік жағдайынан алдыңғы және артқы осьтерінің арасында үлестіруге тиіс;
Еш.көтер, Еш+ Gш жағдайларында Рх жүктемені доңғалақтардың алдыңғы және артқы осьтарының арасында тең, ал Pу - арба осьнің бұрылуына қатысты сәттердің тепе-теңдік жағдайынан үлестірген жөн;
R1 R2 жағдайларында жүктемелердің Pу сатылас және Pх деңгейлес құрамдастары арба осьнің бұрылуына қатысты сәттердің тепе-теңдік жағдайынан үлестіреді, ал жүктеменің бүйірлі құрамдасы доңғалақтардың алдыңғы мен артқы осьтарының арасында екі нұсқада үйлестіріледі:
1) әрбір осьтың доңғалақтарына сатыласқа пропорционал бүйірлі жүктеме салынады;
2) бір (кез келген) осьтің доңғалақтарына барлық жүктемеден 50% салынады, ал басқа осьтің доңғалақтарына салынбайды; бұл ретте, бір тірекке барлық Pz бүйірлі құрамдас тиісті жағдайда (R1 R2) көрсетілгеннен 0,5 тең;
Тm жағдайында жүктемелердің Ру тік және Рх деңгейлес құрамдастары арба осьнің бұрылуына қатысты сәттердің тепе-теңдік жағдайынан үлестіруге тиіс.
Mшт жағдайында.
Mүy айналған сәттің шамасы тең болуға тиіс:
Мұндағы Р ст.взл - mвзл кезінде тірекке тұрудағы жүктеме;
с - алдыңғы осьтің сол жақ (оң жақ) доңғалақтарының түйіспелер орталықтарының арасындағы диагональ бойынша қашықтығы. My сәті с иініне ие екі бірдей жұп күштерінің түрінде доңғалақтар құрсауларының төменгі нүктелеріне салынуға тиіс. Бұдан басқа, әрбір остің доңғалақтарына mвзл кезінде тірекке тұрудағы жүктемеге сәйкес келетін жүктеме салынады.
Барлық санамаланған жағдайларда әрбір оске келетін жүктеме арбаның сол жақ пен оң жақ жақтары доңғалақтарының арасында жалпы жүктеменің бір жақтың доңғалақтарына 60%, ал екіншісінің доңғалақтарына 40% келетіндей үлестірілуге тиіс. Егер ӘК топырақты ұшып көтерілу-қону жолағында жүйелі пайдалану талабы қойылса 0,7:0,3 қатысты үлестіру жүргізіледі. Барлық жағдайларда кез келген доңғалақтарда тік жүктеменің пайдалану мәні 0,67 Рразр.рад артық болуға тиіс, ал Аmах жұтқан кезде сатылас жүктеменің мәні Аmax - жоғары болмауға тиіс, мұндағы Рразр.рад - доңғалаққа бұзушы радиалдық жүктеме.
Алдыңғы тірек басқару тетігі мен шимми демпфері.
Шассидің алдыңғы тірек конструкциясының элементтері, басқару тетігі мен шимми демпфері алдыңғы тірек доңғалағын (доңғалақтарын) қаралып отырған доңғалақ үшін Pz=f(PyBy) эксперименталдық мәндері бойынша анықтаған және 1,25 есе көбейткен жөн.
Бүйірлі әкетудің бұрыш шамасы пайдалану жұмысты жұту жағдайы үшін By = + 100 және ең жоғары жұмысты жұту жағдайы үшін By = + 50 тең алынады. Алдын ала есеп жүргізген кезде Pz үшін ара қатынастар пайдаланылуы мүмкін. Pz күштің иіні мынадай формула бойынша анықтаған жөн:
мұндағы r - жермен шинаның орта нүткесінің және тиісті тік жүктеме кезінде доңғалақты бағдарлау осьнің арасындағы қашықтық;
D - доңғалақтың диаметрі;
бш - көрсетілген сатылас жүктеме кезінде шинаны жаншу,
ф - доңғалақтың бағдарлау осімен сатылас жасалатын бұрыш.
Му= Pzr сәті доңғалақтың бағдарлау осьна қатысты бустер дамытатын сәтінен аз алынбайды.
Егер басқару тетігі немесе шимми демпфері бустердің (демпфердің) күшін шектейтін сақтандырғыш клапанымен жарақталса, онда бустермен (демпфермен) теңестірілетін пайдалану сәті артық емес алынуға тиіс, мұндағы Мтр - доңғалақтың (доңғалақтардың) бұрылу жүйесіндегі үйкеліс сәті.
Егер ӘК симметриясы жазықтығынан бір жағынан кідірген қозғалтқыштарымен ұшып көтерілу үзілген кезде ӘК бұрылуын болдырмау үшін алдыңғы тіректі басқару көзделсе, тұмсықтық тірек конструкциясының, басқару тетігінің және шимми демпферінің беріктігі бойынша дайындаушы мемлекеттің құзыретті органымен келісім бойынша дайындаушы белгілеген жүктеменің қосымша есепті жағдайлары қаралуға тиіс.
215. Шассидің амортизаторлары, пневматикалық және гидравликалық күштік цилиндрлер. Тежеуге арналған және шассиді жинау мен шығаруға арналған шассидің амортизаторлары, пневматикалық және гидравликалық цилиндрлері оның бөлігі болып табылатын шассиге қойылатын 188-ші талаптарға сәйкес беріктікке есептелуге тиіс.
Бұдан басқа, шасси амортизаторларының, пневматикалық және гидравликалық цилиндрлердің беріктігі цилиндрлердегі максимальді ішкі қысымға тексеруден өтуге тиіс. Шассидің амортизаторлары үшін цилиндрдегі максимальді қысымға Аmaх жұмысты шассидің амортизациясы жұтқан кезде газ бен гидравликалық камераларда тиісінше дамитын қысымды алған жөн. Пневматикалық пен гидравликалық күштік цилиндрлер үшін рmaх үшін цилиндрдегі максимальді мүмкін қысымын алған жөн; цилиндрде сақтандырғыш клапаны болған кезде рmaх =1,15pкл.раб. мұндағы ркл.раб - клапан болған кезде цилиндрдегі жұмыс қысымы.
Күштік цилиндрлер мен шасси амортизаторларының герметикалығын тексеру үшін олар бақылаушы нығыздау қысымға тартылуға тиіс. Бұл ретте нығыздау қысымның шамасы рmaх кем болмауға тиіс.
Нығыздау қысымға қатысы бойынша қауіпсіздік коэффициенті f=1,50 кем болмауға тиіс.
216. Доңғалақтардың, шиналардың және тежеуіштердің негізгі сипаттамалары осы тарауда қелтірілген жүктемелердің бір реттік әрекетіне де, 48-тарауға сәйкес төзімділікке де тиісті сынақтармен расталуға тиіс. Таңдалған алғашқы қысым р0 кезінде осы сипаттамалар:
Vвзл.к екпіні кезінде жоғары рұқсат етілетін жылдамдық;
Vпос.K жүгірісі кезінде жоғары рұқсат етілетін жылдамдық;
Р ст.взл.к екпіні кезінде доңғалаққа жоғары рұқсат етілетін статикалық жүктеме;
Рст.пос.к жүгірісі кезінде жоғары рұқсат етілетін статикалық жүктеме;
доңғалаққа жоғары рұқсат етілетін жүктеме Рм.д - жанама қисықтың Р = f(б) абсцисстардың осьна келбеу бұрышының тангенсі тиісті ауқымдарды ескере отырып тұрудағы жүктеменің тұрудағы шөгуіне төрт есе еселенген қатысына тең. Доңғалаққа максимальді жол берілетін жүктемені статикалық салған кезде алынған қисық бойынша айқындауға рұқсат беріледі;
Рбұз.рад доңғалақтың бұзушы радиалдық жүктемесі;
0,75 Рразр.рад тең жүктеме ретінде айқындалатын Рпред, доңғалаққа шекті жүктеме;
бп.о толық қысу - Рпред тең жүктеменің статистикалық қосымшасы кезіндегі шинаны орнату;
МyT қонғаннан кейінгі жүгірісі режиміндегі пайдалану мен жоғары тежеу сәттері және Мmах.ст старт кезінде жоғары тежеу сәті;
тежеу кезінде доңғалақтың тежеуіші жұтуы мүмкін Аеmах энергияның максимальді шамасы болып табылады.
Тиісті қауіпсіздік коэффициенттерімен шассидің беріктігіне талаптардың есепті жағдайларында тапсырылатын жүктемелерге тексеруден өтуге тиіс.
Бұдан басқа, мынадай талаптар қанағаттандырылуға тиіс:
1) барлық ӘК үшін негізгі тіректер доңғалақтарының және артқы доңғалақтың мөлшерін таңдауды ӘК есептік ұшып көтерілу салмағы кезінде доңғалаққа тұру жүктемесі Рст взл.к аспайтындай және ӘК есептік қону салмағы кезінде тұру жүктемесі Рст пос.к аспайтындай жүргізген жөн.
Алдыңғы доңғалақтың мөлшерін таңдау ӘК есептік қону салмағы және шеткі алдыңғы центрлеу және 3 м/с 2 үдеумен тежеумен туындаған жүктеме кезінде алдыңғы доңғалаққа келетін тұру жүктемесінің жиынтығы толық жаншылған доңғалақтың жартысына сәйкес келетін жүктемеден аспауға тиіс.
Есептік ұшып көтерілу салмағы мен шеткі алдыңғы центрлеу кезінде тұмсықтық доңғалаққа келетін тұру жүктемесі Рст взл.к артық болуға тиіс;
2) пайдалану жұмысты жұтқан кезде келетін жүктеме доңғалаққа ең жоғары жол берілетін жүктемеден Рм.д аспауға тиіс;
3) ең жоғары жұтқан кезде келетін жүктеме доңғалаққа максимальді жол берілетін шекті жүктемеден Рпред аспауға тиіс;
4) шассидің негізгі тіректерінің доңғалақтары үшін Vвзл.к жылдамдығы қанаттың механизациясын ескере отырып ӘК есептік ұшып көтерілу салмағына айқындалған ӘК ең жоғары ұшып көтерілу салмағынан кем болмауға тиіс, ал шассидің алдыңғы доңғалақтар мен артқы доңғалағы үшін Vвзл.к есептік ұшып көтерілу салмағы мен неғұрлым қолайсыз центрлеу кезінде жерден доңғалақтың көтерілудің максимальді жылдамдығынан кем болмауға тиіс;
5) барлық доңғалақтар үшін Vпоc.к есептік қону салмағы кезінде айқындалатын ӘК қону салмағынан кем болмауға тиіс;
6) шина мен доңғалақтың беріктігі fр0 тең шинадағы ішкі артық қысымға тексеруден өтуге тиіс, мұндағы р0 - шинадағы алғашқы артық қысымы; f -3,00 тең алынатын қауіпсіздік коэффициенті;
7) доңғалақтар мен тежеуіштер екі мынадай жағдайларды қарағаннан айқындалатын максимальді тежеу сәтіне тексеруден өтуге тиіс:
қозғалыс кезінде тежеу максимальді тежеу сәті - қонғаннан кейінгі жүгіріс режимі үшін екі есе еселенген пайдалану тежеу сәтінен кемінде 2МУТ алынуға тиіс доңғалақтарды Дайындаушының деректері бойынша доңғалақтың жиынтық максимальді мүмкін тежеу сәтіне Mmax тең; қауіпсіздік коэффициенті f =3,00;
старттық тежеу, максимальді тежеу сәті - старттағы максимальді тежеу сәтіне, бірақ P cт.взлR аспайтын М mах.ст тең, мұндағы R - жаншылған доңғалақтын радиусы, P cт.взл - тұрақта ұшып көтерілу салмағы кезінде доңғалаққа жүктеме; қауіпсіздік коэффициенті f =2,00;
8) қонған кезде шиналармен және ӘК барлық тежеу доңғалақтарының тежеуіштерімен жұтылуға тиіс энергия жүргірістің қажетті ұзындығын қамтамасыз ету жағдайынан анықталады. Әрбір тежеу доңғалағына келетін осы энергияның үлесі ӘК өлшемдеріне және тежеу жүйесіне қарай есептеумен айқындалады және Аеmax тиісті мәнінен аспауға тиіс.
Егер ӘК бірізділікті ұшып көтерілу-қонулар жасауға тиіс болса, онда ӘК тежеу жағдайлары (қону арасындағы уақыт аралықтары, тежеуіштерді іске қосқан сәттегі ӘК қозғалысының жылдамдығы, бірізділікті ұшып көтерілу-қону кезінде жүгіріс ұзындығы, тежеуіштерді суыту жүйесі және т.б.) және одан әрі Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрініс табуға тиіс. Доңғалақты тежеудің жоғарыда көрсетілген жағдайларын ескере отырып бірізділікті қонулар кезінде көп рет энергияны жұту қабілеті тиісті сынақтармен расталуға тиіс.
Ескертпе: Доңғалақтардың, шиналардың және тежеуіштердің қажетті параметрлерін анықтаған кезде ӘК Дайындаушы оны жобалау процесінде және топтамалық үлгіге жеткізгенде ӘК салмағының өзгеру мүмкіндігінен шығуға тиіс.
217. Шаңғылар. Шаңғы шассиінің элементі ретінде шаңғының және оның бекітпелерінің беріктігі барлық жағдайларда тексерілуге тиіс.
218. Ел1 жағдайы. Жинақталған жүктеу.
Шаңғы полоздың жұмыс ұзындығының шеттері бойынша орналасқан екі тіректе еркін жатуымен қаралады. Жүктеме шаңғының полозына қалыпты және төлкенің осіне салынғанда, ал оның шамасы Ел1 жағдайының сатылас жүктемесіне 0,5 тең алынады.
Бұдан басқа, төлкенің осьна бекітілген шаңғының жергілікті беріктігі шаңғының жұмыс ұзындығына 1/3 тең учаскеде шаңғының сыртқы қабырғасы бойынша біркелкі үлестірілген және төлке осіне қатысты симмертиялы орналасқан Ел жағдайы тік жүктемесінің 0,5 тексерілуге тиіс.
Шассидің кинематикалық ерекшеліктеріне қарай шаңғылардың беріктігі сондай-ақ жоғарыда көрсетілгендей ішкі қабырға бойынша сатылас жүктемені салған кезде тексерілуге тиіс.
Қауіпсіздік коэффициенті доңғалақты шассидің Еш жағдайларында керсетілген сияқты алынуға тиіс.
Шаңғылардың амортизаторлары.
219. Егер ұшуда шаңғы өзінің қалыпты ұшудағы жағдайында құлпымен тіркелмесе, амортизаторлар 4-баптың жүктеу жағдайларымен анықталатын ұшудың барлық режимдерінде шаңғылардың орнықтылығын қамтамасыз етуге тиіс, яғни барлық режимдерде олардың калыпқа келтіру сәті шаңғыға әрекет ететін қарсылық білдіруші сәтінен артық болуға тиіс (пайдалану жүктелімдерді ескере отырып аэродинамикалық және инерциялық күштер). Бұл ретте қарсылық білдіруші сәттің әрекетінен амортизаторлар шаңғылардың ұшуда оның калыпты ұшудағы жағдайынан ауытқуын, бірақ 40 аспайтын жіберуі мүмкін.