3. Шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған тауар импорты жөніндегі ақпарат тексерiлетiн кезең белгiлi бiр кәсіпорынның қаржы есебiнiң соңғы жылы не, егер бұл мүмкiн болмаса, iстi қарауға қатысы бар анық қаржылық және басқа деректер болған iстi қарау басталғанға дейiнгi алты ай болып табылады.
4. Шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған тауар импорты жөніндегі iстi қарау мерзiмi оның рәсiмi басталған кезден алты айдан аспауға тиiс.
23-бап. Құпия ақпарат
1. Iстi қарау барысында уәкiлетті органға табыс етiлетiн құпия ақпарат мүдделi адамдардың жазбаша келісімiнсiз жария етiлмеуге тиiс.
2. Құпия ақпаратты табыс етушi мүдделі адамдар бұл ақпарат бойынша құпия емес сипатта жазбаша түсiндiрмелер беруге тиiс.
Түсiндiрмелер ақпараттың мәнiн түсiну үшiн жеткiлiктi дәрежеде егжей-тегжейлi болуға тиiс.
3. Құпия ақпаратты уәкiлеттi органның лауазымды адамдары, Қазақстан Республикасының заң актілерінде тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке мақсаттарда жария ете алмайды, пайдалана алмайды, үшiншi бiр тұлғаларға, сондай-ақ өзге мемлекеттік органдарға бере алмайды.
5-тарау. Уақытша шаралар
24-бап. Субсидия мен материалдық зиянның болуын алдын ала анықтау
1. Iстi қарау барысында алынған нақты деректер негiзiнде уәкiлеттi орган ерекше субсидиялардың және отандық өндiрушілерге келтiрiлген материалдық зиянның немесе оны келтiру қаупiнiң болуы немесе олардың болмауы, сондай-ақ iстi қарауды жалғастыру немесе тоқтату туралы алдын ала қорытынды шығарады.
2. Шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған тауар импортының және материалдық зиянның немесе оны келтiру қаупiнiң болуы туралы алдын ала қорытынды шығарғаннан кейiн уәкiлеттi орган барлық мүдделi тұлғаларға және олардың елдерiнiң ресми органдарына уақытша өтеу шараларын енгізу ниетi туралы хабарлама жiбередi. Iстi қарауға тартылған мүдделi тұлғалар хабарлама жiберiлгеннен кейiн он күн iшiнде уақытша өтеу шараларын қолданудың негiздемесi жөнiнде жазбаша ескертпелер беруге құқылы, оларды уәкiлеттi орган назарға алады немесе iстi қарауды өткізу кезiнде қабылдамай тастайды.
3. Уәкiлеттi орган iстi қарау жүргiзiлiп жатқан тауардың тұтынушыларына, мұндай тауар бөлшек саудада көп болған жағдайда, iстi қарауға жататын және субсидиялауға, материалдық зиян мен олардың арасындағы себеп-салдар байланысына қатысты ақпарат беру мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi.
25-бап. Уақытша өтем шараларын енгізу
1. Шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған тауар импортының болуы және оның материалдық залал келтiруi немесе оны келтiру қаупi туралы уәкілеттi орган шығарған алдын ала қорытынды негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі уақытша өтем шараларын енгізу туралы шешiм қабылдайды.
2. Қазақстан Республикасы банкінің ақша депозиттерi және (немесе) кепiлдiгi нысанындағы уақытша өтем шаралары өнiм берушiге iс қарала басталған кезден бастап екi айдан ерте қолданылмайды.
3. Уақытша өтем шараларын қолдану төрт айдан аспауға тиiс.
4. Уақытша өтем шараларын Қазақстан Республикасының кеден органдары өз аумағына еркін айналысқа шығарылған шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған импорттық тауар берушiлерге олар ресми жарияланғаннан соң он күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн қолданады. Кепiлдi ақша депозиттерi түрiнде өндiрiп алу тәртібін Қазақстан Республикасының кеден органы белгiлейдi.
26-бап. Уақытша өтем шарасының мөлшерi
Уақытша өтем шарасының мөлшерi ерекше субсидиялардың алдын ала белгiленген мөлшерiнен аспауға тиiс, бiрақ ол отандық өндiрушiлерге келтiрiлген материалдық залалдың орнын толтыру үшiн жеткiлiктi болса, оның мөлшерi азырақ болуы мүмкiн.
27-бап. Уақытша өтем шараларын енгізу туралы шешiмдi жариялау
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң уақытша өтем шараларын енгізу туралы шешiмi ресми басылымдарда жариялануға тиiс.
Жарияланымда мынадай деректер болуға тиiс:
тауар берушiлердiң немесе тауар әкелiнген елдiң атауы;
тауардың егжей-тегжейлi (кедендiк мақсаттар үшiн жеткілікті болатын) сипаттамасы;
субсидияның белгіленген көлемi;
материалдық залалды бағалау өлшемдерi;
уақытша шараларды енгізудiң негiзгi дәлелдерi;
уақытша өтем шарасының ставкасы және оны қолдану мерзiмдерi.
Жарияланымда құпия ақпарат болмауға тиiс.
6-тарау. Баға бойынша міндеттемелер
28-бап. Баға бойынша мiндеттемелер қабылдаудың талаптары
1. Iстi қарау рәсiмi баға бойынша мiндеттеме алынғаннан кейiн уақытша немесе түпкiлiктi өтем шаралары енгiзiлмей аяқталуы мүмкiн, оған сәйкес:
1) тауар шығарылған немесе экспорттаған елдiң үкiметі субсидияны жоюға немесе шектеуге келісім бередi;
2) өнiм берушi өз бағасын қайта қарауға немесе шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған тауар экспортын тоқтатуға мiндеттенедi.
2. Мұндай мiндеттемелер бойынша бағаны көтеру ерекше субсидиялар мөлшерiнiң орнын толтыру үшiн қажет мөлшерден көп болмауға тиiс. Егер шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған импорттық тауарды осы бағамен беру отандық өндiрушiлерге материалдық зиян келтiрмесе, бағаның көтерiлуi ерекше субсидиялардың мөлшерiнен кем болуы мүмкiн.
3. Баға бойынша мiндеттеменi уәкiлеттi орган ұсынуы мүмкiн, бiрақ өнiм берушi өзiне осындай мiндеттеме қабылдауға мәжбүр етiлмеуге тиiс.
4. Баға бойынша мiндеттеменi уәкiлеттi орган осы Заңның ерекше субсидиялардың және отандық өндiрушiлерге келтiрiлген материалдық зиянның немесе оның туындау қаупiнiң болуы жөніндегі 25 және 26-баптарына сәйкес өзi ерекше субсидияның және материалдық зиянның немесе зиян келтiру қаупiнiң болуы туралы алдын ала қорытынды шығарғаннан кейiн ғана қабылдауы мүмкiн.
5. Егер уәкiлеттi орган баға бойынша мiндеттеменi қабылдау өнiм берушiлер санының көп болуы салдарынан не уәкілеттi орган өнiм берушiге хабарлауға тиiс болатын басқа себептер бойынша iс жүзiне аспайды деп есептесе, оның қабылданбауы мүмкін.
29-бап. Баға бойынша мiндеттемелердiң сақталуын бақылау
1. Уәкiлеттi органның баға бойынша мiндеттемесi қабылданған өнiм берушiден баға бойынша қабылданған мiндеттеменiң орындалуы туралы деректер берудi талап етуге, сондай-ақ берiлген деректердiң анықтығына тексеру жүргiзуге құқығы бар.
2. Өнiм берушi баға бойынша мiндеттеменi бұзған жағдайда уәкiлеттi органның ұсынуымен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң алдын ала хабарламай, дереу уақытша шаралар қолдануға құқығы бар.
30-бап. Баға бойынша мiндеттемелердiң қолданылуы
1. Уәкiлеттi органның өнiм берушi баға бойынша қабылданған мiндеттеменi адал орындаған жағдайда iстiң қаралуын тоқтатуға құқығы бар.
2. Уәкiлеттi орган баға бойынша мiндеттемелер қабылданғаннан кейiн шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған тауар импортына байланысты iстiң қаралуын өзiне баға бойынша мiндеттеме қабылдаған өнiм берушi талап еткен жағдайда немесе өз бастамасы бойынша ерекше субсидия мен материалдық зиянның немесе оны келтiру қаупiнiң болуын анықтау үшiн одан әрi жалғастырады.
3. Материалдық залал немесе оның қаупiнiң болмауы баға бойынша қабылданған мiндеттеменiң салдарынан болған жағдайларды қоспағанда, ерекше субсидияның немесе материалдық зиянның болмау фактiсi анықталса, уәкiлеттi орган баға бойынша мiндеттеменiң күшiн жояды.
4. Баға бойынша мiндеттеме ерекше субсидиядан болатын материалдық зиянға қарсы iс-қимылға қажеттi уақыт iшiнде және мөлшерде күшiнде қалуға тиіс.
7-тарау. Өтем бажын салу және оны өндіріп алу
31-бап. Өтем бажын белгілеу және оның мөлшерін анықтау
1. Егер уәкiлеттi орган ерекше субсидиялардың және соларға байланысты отандық өндiрушiлерге келтiрiлген материалдық зиянның немесе оны келтiру қаупiнiң болу фактiсiн анықтаса және бұл орайда субсидиялар қайтарып алынбаса, онда өтем бажын енгізу туралы мәселе қаралады.
2. Өтем бажын енгізу үшiн барлық талаптар орындалған жағдайда оны енгізудiң дұрыстығы туралы шешiмдi уәкiлеттi орган шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған импорттық тауарларды пайдаланатын, мүдделерiне өтем бажын енгізу жайсыз әсер етуi мүмкiн жергiліктi мүдделi тұлғалардың пiкірiн ескере отырып қабылдауға тиіс.
3. Өтем бажының мөлшерi ерекше субсидиялардың осы Заңға сәйкес анықталатын мөлшерiнен аспауға тиіс, бiрақ ол отандық өндiрушiлерге келтiрiлген материалдық зиянды немесе оны келтiру қаупiн жою үшiн жеткілiктi болса, бұл субсидиялардың жалпы мөлшерінен азырақ болуы мүмкiн.
32-бап. Өтем бажын енгізу
1. Өтем бажын енгізу және оның ставкасының мөлшерi туралы шешiмдi уәкiлеттi органның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Yкіметі қабылдайды және ол ресми басылымдарда қаулы жарияланған күннен бастап күшiне енедi. Жарияланымда осы Заңның 27-бабында көзделген мәліметтер, сондай-ақ өнiм берушiлердiң дәлелдерiн немесе талаптарын қабылдау немесе қабылдамай тастау себептерi болуға тиіс.
2. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң өтем бажын енгізу туралы шешiмiнде шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған импорттық тауарды берушi немесе берушiлер көрсетiлуге тиiс.
Iске бiр елдiң бiрнеше өнiм берушiлерi тартылып, барлық өнiм берушiлердi атау мүмкiн болмаған жағдайда ел ғана аталады.
Егер iске бiр елден көп елдiң бiрнеше өнiм берушiлерi тартылса, не барлық тартылған өнiм берушiлер, не бұл iс жүзiнде мүмкiн болмаса, тартылған өнiм берушi елдердiң әрқайсысы аталады.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң өтем бажын енгізу туралы шешiмiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының кеден органдары оны, баға бойынша мiндеттемесi қабылданған өнiм берушiлердiң тауарын қоспағанда, барлық әкелiнетін, iстi қарау жүргiзiлген тауардан өндiрiп алады.
33-бап. Өтем бажының қолданылу мерзiмi
1. Өтем бажы, осы баптың 2 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң шешiмi күшiне енгеннен кейiн Қазақстан аумағына еркiн айналысқа шығарылатын тауарларға қолданылуға тиiс.
2. Уақытша өтем шаралары енгiзiлген жағдайда олар енгiзiлген күннен бастап өтем бажы қолданылады.
3. Егер өтем бажының көлемi уақытша өтем шарасының мөлшерiнен көбiрек болса, олардың арасындағы айырма өндiрiп алынбауға тиiс, ал егер азырақ болса, айырма заңдарда белгіленген тәртiппен өнiм берушiге қайтарылуға тиiс.
4. Егер уәкiлеттi орган ерекше субсидия берудi және отандық өндiрушiлерге келтiрiлген материалдық зиянның немесе оны келтiру қаупiнiң болуын терiске шығаратын түпкiліктi қорытынды шығарса, уақытша өтем шараларын қолдану кезеңiнде енгiзiлген кез-келген ақша депозитi немесе банк кепiлдiгi заңдарда белгiленген тәртiппен өнiм берушiге қайтарып берiлуге тиiс.
5. Уәкiлеттi орган отандық өндiрушiлерге шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған тауар импорты келтiрген материалдық зиян қысқа уақыт аралығында субсидияланған тауар берудiң ұлғайған көлемi салдарынан болды деп анықтаған жағдайда, өтем бажы уақытша өтеу шаралары енгiзiлген күнге дейiн үш ай iшiнде айналысқа түскен тауар импортынан өндiрiлiп алынуы мүмкiн.
8-тарау. Өтем бажының қолданылу мерзімі, қайта қаралуы және орнының толтырылуы
34-бап. Өтем бажының қолданылу мерзiмi
1. Өтем шаралары өтелуге тиiстi шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған тауар импорты келтiретiн материалдық зиянды немесе оны келтiру қаупін жою үшiн қажеттi уақыт iшiнде және мөлшерде қолданылады.
2. Өтем бажының қолданылу мерзiмi ол енгiзiлген немесе соңғы қайта қаралған күннен бастап 5 жылдан аспауға тиiс. Бұлайша қайта қарау уәкiлеттi органның бастамасы бойынша немесе мүдделi тұлғалардың өтiнiшi бойынша басталады.
3. Уәкiлеттi орган өтем шараларын қолдануды тоқтату мерзiмi туралы оның бiтуiне алты ай қалғанда ресми басылымдарда хабарлама жариялайды.
35-бап. Өтем бажын қайта қарау
1. Өтем бажын қайта қарауды уәкiлеттi орган өз бастамасы бойынша немесе мүдделi тұлғалардың өтеу бажының қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн үш айдан кешiктiрмей берген дәлелдi өтiнiшiнiң негiзiнде жүзеге асырады.
2. Өтем бажының қолданылуын тоқтату отандық өндiрушiлерге материалдық зиян келтіретiнi анықталған жағдайда уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне бұрын енгiзiлген өтем бажының қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiш жасайды.
36-бап. Өтем бажының күшiн жою
Егер осы Заңның 35-бабына сәйкес жүргiзiлген қайта қараудың нәтижесiнде уәкiлеттi орган өтем бажын қолдану ақталмады деп анықтаса, өтем бажының күшi жойылуға тиiс.
37-бап. Өтем бажы қайта қаралған жағдайда iстi қарау
Осы Заңның 35-бабына сәйкес өтем бажы қайта қаралған жағдайда уәкiлеттi орган қолданылып жүрген бажды қарау мен енгізу кезiнде қолданылған әдiстердi пайдаланады.
38-бап. Iстi қарауға тартылмаған өнiм берушiлерге өтем
бажының жеке мөлшерін белгілеу
1. Шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған импорттық тауар жөнiнде өтем бажын енгiзген кезде өтем бажы субсидиялар мен материалдық зиянның және немесе) оны келтiру қаупiнің болуы анықталған барлық көздерден келетiн ұқсас тауар импортынан кемсiтпейтiн негiзде әрбiр жағдайда тиiстi мөлшерде өндiрiлiп алынады.
2. Түпкiлiктi өтем бажы салынған, бiрақ істі қарауға жәрдемдесуден бас тартудан өзге себептер бойынша жеке iстi қарау өткiзiлмеген тауар берушiнiң арызы бойынша уәкiлеттi орган өтем бажының жеке мөлшерiн белгiлейдi.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 39-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
39-бап. Өзiне қатысты iстi қарау жүргiзiлетiн тауарды кедендiк декларациялау
Iстi қарау оның кедендiк декларациялауды өткізуге кедергi жасауға негiз болмайды.
40-бап. Кеден органдарының шет мемлекет (шет мемлекеттер одағы) субсидиялаған тауар импортының есебін алуы
1. Істі қарау басталғаннан кейін уәкілетті органның өтініші бойынша кеден органдары өтем шаралары осы импортқа одан әрі қолданыла алатын болуы үшін шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған тауар импортының есебін жүргізеді.
2. Кеден органдары істі қарау өткізіліп жатқан шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған тауарлар импортының көлемі туралы ақпаратты уәкілетті органға ай сайын хабарлап отыруға тиіс.
41-бап. Шешімдерге шағымдану тәртібі
Істі қарау кезеңінде қабылданған уәкілетті органның шешімдері мен іс-әрекеттеріне мүдделі тұлғалар сот тәртібімен шағым жасай алады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев