Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң мәселелерi Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 Қаулысы
(2011.24.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 23 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі (Сыртқыiсминi) туралы ереже бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 2005.08.09. № 905 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң бес, оның iшінде бiр бiрiнші орынбасары болуына рұқсат етілсiн.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөнiндегі комитетi оның функциялары мен мүлiгi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігіне берiле отырып таратылсын.
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. К. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 986 қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1118 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2009.20.03. № 378 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.26.01. № 23 Қаулысымен (бұр.ред.қара)1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының бірыңғай жүйесін басқаратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрліктің ведомстволары - Халықаралық ақпарат комитеті, Сыртқы саяси талдау және болжамдау комитеті бар, Халықаралық экономикалық ынтымақтастық комитеті.
2. Министрлік өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, халықаралық шарттарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында және банктерде шоттары болады.
Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Министрліктің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Министрлік өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің (бұдан әрі - Министр) бұйрықтарымен ресімделетін, міндетті күші бар шешімдерді қабылдайды.
5. Министрліктің штат санының лимитін Министрлікке ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
ҚР Үкіметінің 2009.20.03. № 378 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.26.01. № 23 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Министрліктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 31.
7. Министрліктің толық атауы - «Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
8. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
9. Министрліктің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Министрліктің кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәнінде шарттық қатынастарға түсуге құқығы жоқ
.
2. Министрліктің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
10. Министрліктің негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы Сыртқы саясатының тұжырымдамасын және негізгі бағыттарын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне тиісті ұсыныстар беру;
2) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын іскен асыру, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыруға және халықаралық беделін нығайтуға жәрдемдесу;
3) шет елдерде Қазақстан Республикасының, оның азаматтарының және заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғау;
4) Қазақстан Республикасының халықаралық бейбітшілікті, ғаламдық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігерін дипломатиялық құралдармен және әдістермен іске асыру;
5) Қазақстан Республикасының егемендігін, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын, басқа мемлекеттермен және халықаралық аренадағы қарым-қатынастарында оның саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерін дипломатиялық құралдармен және әдістермен қорғауды қамтамасыз ету;
6) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси және сыртқы экономикалық стратегиясы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті үшін ұсыныстар әзірлеу және Президенттің халықаралық бастамаларын іске асыру;
7) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дипломатиялық және консулдық қарым-қатынастарын жүзеге асыру;
8) шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының бірыңғай сыртқы саяси және экономикалық бағытын және инвестициялық саясатын жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының басқа да орталық мемлекеттік органдардың халықаралық қызметін үйлестіру;
9) әлемдегі және әлеуметтік-экономикалық жағдайға, шет мемлекеттердің сыртқы және ішкі саясатына, халықаралық ұйымдардың қызметіне талдау жасау және Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарын қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2010.09.03. № 184 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды атқарады:
1) шетелдік мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;
2) Қазақстан Республикасы халықаралық саясатының стратегиясын іске асыру;
3) келіссөздер жүргізуді және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасуды ұйымдастыру;
4) халықаралық шарттарды жасасу, орындау, өзгерту және олардың қолдануын тоқтата тұру мен тоқтату туралы ұсыныстар әзірлеу, оларды Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Үкіметінің қарауына белгіленген тәртіппен енгізу;
5) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастары мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламентіне және Үкіметіне белгіленген тәртіппен ұсыныстар мен ұсынымдар беру;
6) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың қызметіне қатысуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының халықаралық қоғамдастық мүшесі ретінде ғаламдық және өңірлік проблемаларды шешудегі рөлін арттыруға жәрдемдесу;
7) Қазақстан Республикасының басқа елдермен парламентаралық байланыстарын жүзеге асыруға жәрдемдесу;
8) Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде халықаралық-құқықтық нормалармен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен регламенттелетін консулдық функцияларды жүзеге асыру;
9) шет елдерде тұратын отандастармен байланыстарды және қарым-қатынастарды дамытуға жәрдемдесу;
9-1) босқын деп танылған адамның шыққан елінде тұратын туыстары туралы ақпарат алуына өз құзыреті шегінде жәрдемдесу;
10) Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, сондай-ақ консулдық мекемелерінің жұмыс істеуіне жәрдемдесу, өз құзыреті шегінде оларға қызмет көрсететін ұйымдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
11) Қазақстан Республикасының су ресурстары мен қоршаған ортаны халықаралық қорғау және ұтымды пайдалану, Дүниежүзілік мұхит ресурстарын игеру, ғарыш кеңістігін зерттеу саласындағы мүдделерін қамтамасыз етуге қатысу;
12) Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын, оның қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігін, құқық тәртібін қорғауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен сауда-экономикалық, қаржы, ғылыми және ғылыми-техникалық, мәдени, сондай-ақ өзге де байланыстарын дамыту мен кеңейту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу;
13) өз құзыреті аштыққа және артта қалушылыққа, халықаралық терроризмге, діни және саяси экстремизмге, ұйымдасқан қылмысқа және есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, оларға ұқсас заттардың, прекурсорлардың және қару-жарақтың заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар зардаптарын жою жөніндегі халықаралық акцияларға шегінде қатысу;
14) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының транзиттік-көліктік әлеуетін тиімді пайдалануға жәрдемдесу және энергетика мен мұнай-газ салаларында Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықпен ынтымақтастығы жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және жүргізуге қатысу;
15) өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
16) инвестициялық ахуалдың жақсаруына жәрдемдесу және халықаралық нарықта Қазақстан Республикасының жағымды бейнесін қалыптастыру;
17) мемлекеттік бағдарламаларды, басым жобаларды іске асыру үшін тікелей қаржы ресурстарын, ішінде халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдары тарапынан берілетін заемдар мен гранттар есебінен тартуға қатысу;
18) қазақстандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық нарыққа шығуына жәрдемдесу;
19) Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар саласындағы заңнамасын жетілдіру, оны Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес келтіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
20) өзінің құзыретіндегі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу, бекіту;
21) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын тіркеудің, есепке алудың және сақтаудың бірыңғай мемлекеттік жүйесінің қалыптасуын қамтамасыз ету;
22) шет елдерде Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясаты, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани өмірі туралы ақпарат таратуға жәрдемдесу;
23) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, бұқаралық ақпарат құралдарын Қазақстан Республикасының халықаралық жағдайы мен сыртқы саясаты туралы хабардар ету;
24) Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттардың депозитарийі функцияларын жүзеге асыру;
25) Қазақстан Республикасының мемлекетішілік және халықаралық іс-шараларын протоколдық-ұйымдастыру тұрғысынан қамтамасыз ету;
26) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың орындалуын жалпы қадағалау мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
27) мемлекетішілік және халықаралық іс-шараларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Мемлекеттік протоколды сақтауы бойынша үйлестіруді жүзеге асыру;
28) дипломатиялық және консулдық артықшылықтар мен иммунитеттердің сақталуын қамтамасыз ету;
29) Қазақстан Республикасының құрметті (штаттан тыс) консулдарының функциялары мен өкілеттіктерін белгілеу;
30) халықаралық шарттарды жасасудың сыртқы саясат тұрғысынан қисындылығы туралы қорытындылар беру;
31) Қазақстан Республикасының қатысушы болуға ниеті бар халықаралық шарттар ережелерінің, сондай-ақ халықаралық шарттар жобаларының Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелеріне сәйкестігі туралы және олардың күшіне енуі мен орындалуына байланысты басқа да мәселелері бойынша қорытындылар беру;
32) Қазақстан Республикасы жасасатын халықаралық шарттардың түрлерін айқындау;
33) халықаралық шарттарды жасасу мәселелері бойынша шет мемлекеттермен немесе халықаралық ұйымдармен қатынастарды жүзеге асыру;
34) өкілеттік сертификатын ресімдеу жолымен халықаралық шарттарды жасасуға қатысты актілерді жасасуға өкілеттіктерді растау;
35) «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені» жинағында, Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми басылымдарында жариялау үшін Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарын ұсыну;
36) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын халықаралық ұйымдардың тиісті органдарында тіркеу;
37) ратификациялық грамоталар, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын ратификациялау, бекіту немесе қабылдау туралы құжаттар алмасуды не осындай грамоталарды, ратификациялау, бекіту, қабылдау немесе қосылу туралы құжаттарды депозитарийге сақтауға өткізу, халықаралық шарттардың қолданысын тоқтату, тоқтата тұру не олардың күшін жою туралы құжаттарды жолдау не осы функцияны Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері немесе Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктеріне тапсыру;
ҚР Үкіметінің 2011.24.03. № 270 Қаулысымен 37-1) тармақшамен толықтырылды(2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
37-1) Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін тәртіппен Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтік паспорттарын беру, есепке алу, сақтау және жою;
38) Қазақстан Республикасының заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
ҚР Үкіметінің 2009.20.03. № 378 қаулысымен 12-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.26.01. № 23 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
12. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ведомстволарға:
1) шет елдерде Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясаты, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани өмірі туралы ақпарат таратуға жәрдемдесу;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, бұқаралық ақпарат құралдарын Қазақстан Республикасының халықаралық жағдайы мен сыртқы саясаты туралы хабардар ету;
3) Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты саласында талдамалық зерттеулер жүргізу;
4) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын тиімді іске асыру мақсатында халықаралық аренада болып жатқан үдерістер мен оқиғаларды болжауды жүзеге асыру;
5) инвестициялық ахуалдың жақсаруына жәрдемдесу және халықаралық нарықтарда Қазақстан Республикасының жағымды бейнесін қалыптастыру;
6) бағдарламалық құжаттарды, басым жобаларды іске асыру үшін тікелей қаржы ресурстарын, ішінде халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдары ұсынатын қарыздар мен гранттар есебінен тартуға қатысу;
7) Қазақстан Республикасы Президентінің шетел мемлекеттерінің Басшыларымен уағдаластықтарының экономикалық бөлігін өз құзыреті шегінде іске асыруды қамтамасыз ету;
8) Қазақстан Республикасының шет елде тиісті іс-шараларды ұйымдастыруға шетелдік инвестициялар мен технологияларды тарту мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдары мен ұйымдарына жәрдемдесу;
9) Қазақстан Республикасының елдік және әлемдік экономиканың даму саласындағы мүдделі мемлекеттік органдары мен ұйымдары үшін ұсыныстар және ұсынымдар әзірлеу.
жөніндегі функциялар жүктелуі мүмкін.
13. Министрліктің өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
өз құзыретінің шегінде орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға;
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты және материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
қолданыстағы заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарын жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
14. Министрлікті Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
Министрдің оның ұсынысы бойынша және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары, оның ішінде бір бірінші орынбасары болады.
15. Министр Министрліктің жұмысына басшылық жасайды және Министрлікке жүктелген міндеттерді орындау мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауаптылықта болады.
16. Министр:
1) өз құзыреті шегінде шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынаста Қазақстан Республикасын білдіреді;
2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Министрлікті білдіреді;
3) өзінің орынбасарлары мен Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
4) еңбек қатынастарының мәселелері Министрдің құзыретіне жатқызылған дипломатиялық қызмет персоналын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған персоналды, сондай-ақ жауапты хатшыны қоспағанда, заңнамада белгіленген тәртіппен дипломатиялық қызмет персоналын көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
17. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы Министрлік аппаратын басқарады.
18. Үкіметтің, Министрдің орнынан түсуі жауапты хатшының өкілеттіктерін тоқтатуға әкеп соқпайды.
19. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне және Министрге есеп береді.
20. Жауапты хатшы:
1) Министр қалыптастыратын саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді, Министрдің актілері мен тапсырмаларын орындайды;
2) Министрлік аппаратына басшылық етеді: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) Министрлік қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастыру-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етеді;
4) Министрмен келісілген соң Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Министрліктің штаттық саны шегінде Министрліктің, ведомствоның құрылымын және штаттық санын бекітеді;
5) Министрмен келіскеннен кейін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
6) Министрліктің тәртіптік, аттестациялық және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, орындаушылық және еңбек тәртібін, кадр қызметі мен құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;
7) Министрліктің қызметін қамтамасыз ету мақсатында және өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін мемлекеттік сатып алулар өткізуді ұйымдастырады;
8) Министрмен келісілген соң Министрліктің департаменттері және басқармаларының басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
9) ведомство басшысы тағайындау үшін ұсынатын ведомство басшысының орынбасарын Министрдің тағайындауын келіседі;
10) Министрдің келісім бойынша Министрліктің қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
11) еңбек қатынастарының мәселелері Министрдің және басқа да жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған персоналды қоспағанда, Министрдің келісімі бойынша дипломатиялық қызмет персоналының тәртіптік жауапкершілік мәселелерін шешеді;
12) Министрліктің Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Министр бекітетін стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
13) Министрліктің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және Министрліктің қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрге бекітуге ұсынады;
14) Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды, бюджеттік өтінімді Республикалық бюджеттік комиссиясының қарауына енгізетін Министрге ұсынуды, сондай-ақ бюджет процесінің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
15) Министрдің келісімінен кейін Министрлікті қаржыландыру жоспарларын және қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітеді;
16) мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
17) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
18) Министрлікке келісуге түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;
19) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Министрлікті білдіреді;
20) еңбек қатынастарының жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жататын персоналды қоспағанда, Министрліктің персоналын лауазымдарға тағайындайды және босатады;
21) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
21. Өзіне жүктелген қызметтік міндеттерін орындау үшін жауапты хатшының мыналарға:
1) Министрліктің аппараты қызметкерлерінің орындау үшін міндетті тапсырмалар беруге;
2) өзге мемлекеттік органдардан және лауазымды адамдардан жауапты хатшының құзыретіне жататын мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды сұратуға және алуға;
3) жеке қолданылатын құқықтық актілерді қабылдауға құқығы бар.
22. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған жүктелген міндеттерді орындау үшін жауапкершілікте болады.
23. Министрдің жанынан сандық және жеке құрамын Министр бекітетін алқа құрылады.
Алқа халықаралық жағдайдың, Қазақстан Республикасы сыртқы саяси қызметінің, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің және Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерінің практикалық жұмысының негізгі мәселелерін қарайтын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
24. Министрлік қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелерін, лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттерін, оның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреті мен өкілеттіктерін Министрліктің регламенті және құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер белгілейді.
4. Министрліктің мүлкі
25. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдық қаражаттан, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
26. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
27. Министрліктің өзіне бекітілген мүлікті өздігінен иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Министрлікке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін. Министрліктің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы және шетелдегі жылжымайтын және өзге мүлікті иелену, пайдалану және оларға билік етуге құқығы бар.
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
28. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1118 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң
тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 21 қазандағы № 1578 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 49, 472-құжат).