2010 және 2011 жылдары Қазақстан Республикасында қоршаған орта министрлерінің Еуропа және Азия конференцияларын өткізу мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 387-ө Өкімі
(2009.29.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 31 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасында 2010 жылы Азия-Тынық мұхит өңіріндегі қоршаған орта және орнықты даму министрлерінің алтыншы конференциясын және 2011 жылы министрлердің «Қоршаған орта Еуропа үшін» атты жетінші жалпыеуропалық конференциясын өткізуге дайындықты тиімді ұйымдастыруды және үйлестіруді қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
ҚР Үкіметінің 2009.29.10. № 1703 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Шөкеев | - | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің |
Өмірзақ Естайұлы | | бірінші орынбасары, жетекші |
|
Брагин | - | Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау |
Александр Геннадьевич | | министрлігі Құқықтық қамтамасыз ету және |
| | халықаралық ынтымақтастық департаментінің |
| директоры, хатшы |
Құсайынов | -Қазақстан Республикасының Экономика |
Марат Әпсеметұлы | | және бюджеттік жоспарлау вице-министрі |
|
Тұрғанов | - | Қазақстан Республикасының Энергетика және |
Дүйсенбай Нұрбайұлы | | минералдық ресурстар вице-министрі |
Әшімов Нұрғали Сәдуақасұлы | - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі |
Сәдуақасова Елдана Мәкінқызы | - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі |
Петров Валерий Викторович | - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі |
Майлыбаев Бағлан Асаубайұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі |
Омаров Қайрат Ермекұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары |
Оразаев Марат Әбілахатұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
Жақыпов Айдар Бексұлтанұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі |
Біртанов Елжан Амантайұлы | - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі; |
2. Жұмыс тобы Қазақстан Республикасында 2010 жылы Азия-Тынық мұхит өңіріндегі қоршаған орта және орнықты даму министрлерінің алтыншы конференциясын және 2011 жылы министрлердің «Қоршаған орта Еуропа үшін» атты жетінші жалпыеуропалық конференциясын өткізуге дайындықты тиімді ұйымдастыруды және үйлестіруді қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |