Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 сәуірдегі № 343 және 2006 жылғы 25 тамыздағы № 817 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы № 1094 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 25 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тізілімін, нормативтік құқықтық кесімдерінің эталондық бақылау банкін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 сәуірдегі № 343 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 149-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тізілімін, нормативтік құқықтық кесімдерінің эталондық бақылау банкін жүргізу ережесінде:
4-тармақтың тоғызыншы абзацында «орталық мемлекеттік органдар ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;» деген сөздер алынып тасталсын;
5-тармақтың үшінші абзацында «, олардың ведомстволарының» деген сөздер алынып тасталсын;
2) «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 817 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 33, 354-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге мониторинг жүргізу ережесінде:
11-тармақта «уәкілетті органның басшысы» деген сөздер «орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайларда - уәкілетті органның басшысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақтың 4) тармақшасы «орталық» деген сөздің алдынан «ақпарат жинауды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
14-тармақта «басшысы» деген сөз «жауапты хатшысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге мониторинг жүргізу ережесіне 2-қосымшада:
«уәкілетті органның басшысы» деген сөздер «орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайларда - уәкілетті органның басшысы» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |