723. Ұсынылған төлем құжаттарының негiзiнде ҚР ҰБ бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның банктiк шотынан қарыз берушiнiң, сондай-ақ контрагенттердiң банктiк шотына талап етiлетiн көлемде және валютада ақша аударады және бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға төлем жасалған фактi туралы жазбаша хабарламаны ұсынады.
724. Үкiметтiк қарыздарды өтеу мен оларға қызмет көрсету, үкiметтiк қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмiлелер бойынша операцияларды бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджеттiң орындалуы туралы есептiлiкте ұлттық валютада көрсетедi. Бұл ретте, үкiметтiк қарыздарды өтеу мен оларға қызмет көрсетуді, үкiметтiк қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмiлелер бойынша төлемдерді шетелдiк валютада жүзеге асырған жағдайда, осы операцияларды жүзеге асыру үшiн қажеттi валютаны сатып алу күнiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен анықталған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен жүргiзiледi.
725. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын өтеу мен оларға қызмет көрсетудi олар кезекті жылға арналған жергiлiктi бюджеттерде көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырады.
726. Белгiленген мерзiмде және қажеттi көлемде жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын өтеу мен оларға қызмет көрсету бойынша даярлықты қамтамасыз ету және төлемдердi жүзеге асыру мақсатында жергiлiктi атқарушы органдар қарыз берушiлерден төлеуге берілген шоттардың, төлем ведомосінің және төлемдердi жүргiзу үшiн қажеттi басқа да құжаттардың уақытылы түсуiн ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жүргiзедi.
727. Жергiлiктi атқарушы органдар ұсынылған шоттар мен төлем ведомостарында көрсетiлген төлем күнiнiң, сомасының, түрiнiң, төлем валютасының, төлем алушылардың қарыз шартының талаптарына сәйкес келуiн бақылауды жүзеге асырады.
728. Ұсынылған шоттар мен төлем ведомосінде көрсетiлген төлем күнiнiң, сомасының, түрiнiң, төлем валютасының, төлем алушылардың қарыз шартының талаптарына сәйкес келмеуi анықталған жағдайда, жергiлiктi атқарушы органдар кредит берушiлермен өзара iс-қимыл жасай отырып, ұсынылған шоттар мен төлем ведомостарын нақтылау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
729. Қарыз шарттарында анықталған төлем мерзiмiнде жергiлiктi атқарушы органдар қарыз берушiнiң шоттарына талап етiлетiн көлемде ақша аударуды қамтамасыз етедi.
730. Осы операцияларды жергiлiктi атқарушы органдар республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы есептiлiкте теңгемен көрсетедi. Бұл ретте, төлемдердi шетел валютасында жүзеге асырған жағдайда операцияларды жүзеге асыру үшiн қажеттi валютаны сатып алу күнiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен анықталған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен жүргiзiледi.
731. Жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi атқарушы органдар борышының мониторингiн жүзеге асыру шеңберiнде жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын өтеу мен оларға қызмет көрсету бойынша жүргiзiлген төлемдердiң есебiн жүргiзедi.
732. Республикалық бюджеттен мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекеттің кепілгерлігімен берілген қырыздарды, оның iшiнде мерзiмiнен бұрын өтеу мен оларға қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы бар болған кезде жүзеге асырылады.
733. Кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңы күшiне енгеннен кейiн бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мемлекеттік кепiлдiктермен, мемлекеттің кепілгерлігімен қамтамасыз етiлген мемлекеттік емес қарыздар бойынша қарыз алушылардың тiзбесiн бекіту туралы қаулысының жобасын белгiленген тәртiппен әзiрлейдi және енгiзедi. Көрсетiлген тiзбеге енген мемлекет кепiлдiк берген қарыз, мемлекеттің кепілгерлігімен алынған қырыз бойынша қарыз алушылар үшiн өтеу мен қызмет көрсетудi бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган қарыз шартында белгiленген мерзiм мен көлемде, инфрақұрылымдық облигацияларды орналастыру талаптарымен қарыз берушiлердiң төлем шоттарының негiзiнде республикалық бюджеттен кезекті қаржы жылының iшiнде жүзеге асырады.
Көрсетiлген тiзбеге енбеген, мемлекет кепiлдiк берген қарыз, мемлекеттің кепілгерлігімен алынған қарыздар бойынша қарыз алушылар үшiн республикалық бюджеттен төлеу туралы шешiм мынадай тәртiппен қабылданады:
1) Банк республикалық бюджеттен мемлекет кепiлдiк берген қарыз, мемлекеттің кепілгерлігімен алынған қарыздар бойынша кезектi төлемдердi жүргiзу қажеттiлiгi туралы қорытындыларды осындай төлемдер басталатын күнге дейiн отыз күннен кешiктiрмей бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға ұсынады;
2) ұсынылған қорытындылардың негiзiнде он бес күн iшiнде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган мемлекет кепiлдiк берген қарыз, мемлекеттің кепілгерлігімен алынған қарыз бойынша көрсетiлген қарыз алушылар үшiн төлемдердi республикалық бюджеттен төлемдер жүргiзудi көздейтiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын белгiленген тәртiппен әзiрлейдi және енгiзедi;
3) бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның, сенім білдірілген өкілдің (банк-агенттiң), инфрақұрылымдық облигацияларды ұстаушы өкілдің мемлекет кепiлдiк берген қарыз, мемлекеттің кепілгерлігімен алынған қарыз бойынша қарыз алушылардың арасында республикалық бюджеттен оқшауландырылған ақшаны қайтару шарттары, мерзiмi, тәртібі анықталған (нақтыланған) тиiстi қосымша келісімдер жасалады.
734. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган тиiстi айда мемлекеттік кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындау жөнiнде алдағы төлемдер көлемiн республикалық бюджеттiң түсiмдерінің және төлемдері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкестiгiн тексередi және жоспармен бекітілген көлемге сәйкес келмеген жағдайда республикалық бюджеттiң түсiмдері және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына тиiстi өзгерістер енгiзiледi.
735. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы болған кезде қарыз берушiлер, инфрақұрылымдық облигацияларды ұстаушы өкілдер және ұсынған және бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган тексерген төлеуге берілген шоттар негiзiнде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган төлем құжаттарын ресiмдейдi және ҚР ҰБ-ға жiбередi, онда талаптарына сәйкес мемлекет кепiлдiк берген қарыздың сәйкестендiру нөмiрi, бенефициар, төлем деректемелерi, қарыз шарттарының инфрақұрылымдық облигацияларын орналастыру төлем түрi, сомасы, валютасы, күнi көрсетiледi.
736. Ұсынылған төлем құжаттарының негiзiнде ҚР ҰБ бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның банк шотынан кредит берушiлердiң банк шоттарына талап етiлетiн көлемде және валютада ақша аударуды жүргiзедi және бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға төлем жүргiзу фактiсi туралы жазбаша хабарлама ұсынады.
737. Мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекеттің кепілгерлігімен алынған қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі операцияларды бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы есептiлiкте ұлттық валютада көрсетедi. Мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекеттің кепілгерлігімен алынған қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі төлемдердi шетел валютасында жүзеге асырған жағдайда, көрсету операцияларды жүзеге асыру үшiн қажеттi валютаны сатып алу күнiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен анықталған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен жүргiзiледi.
77-тарау. Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борыш, мемлекеттің
кепілгерлігі бойынша борыш мониторингiнiң тәртібі
738. Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борыш, сондай-ақ мемлекеттің кепілгерлігі бойынша борыш мониторингi (бұдан әрi - борыш мониторингi) мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борышты, сондай-ақ мемлекеттің кепілгерлігі бойынша борышты қалыптастыру, өзгерту және оған қызмет көрсету процесiн есепке алу, талдау және бақылау бойынша бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган атынан жасалатын мемлекеттік қызметi болып табылады.
739. Барлық мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар, мемлекеттің кепілгерлігіменқарыздар борыш мониторингiнiң объектiлерi болып табылады, оның iшiнде:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарыздары;
2) ҚР ҰБ қарыздары;
3) жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздары;
4) мемлекеттік кепiлдiктермен қамтамасыз етiлген мемлекеттік емес қарыздар;
5) мемлекеттің кепілгерлігімен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздар.
740. Борыш мониторингi:
1) мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекеттің кепілгерлігімен алынған қарыздарды тiркеу және есепке алу;
2) қарыз шартымен белгіленген кестеге, мемлекеттік бағалы қағаздар мен инфрақұрылымдық облигацияларын орналастыру талаптарына сәйкес борышты өтеу және қызмет көрсету есебiне төлемдердi жүзеге асыруды қамтамасыз ету және бақылау;
3) қарыздар қаражатының түсiмдерiн қадағалау және есепке алу; борышты өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі төлемдердi есепке алу; борыш көлемiнiң өзгеруiн есепке алу; сондай-ақ қажет болған жағдайда, мерзiмi өткен төлемдердi есепке алуды қоса алғанда әрбiр қарыз бойынша қарыз валютасында барлық операцияларды есепке алу;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен анықталған валютаны айырбастаудың нарықтық бағамын есепке алу;
5) қарыз алудың өзгермелі ставкаларының өзгеруiн есепке алу жөніндегі жұмыстарды қамтиды.
741. Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар, мемлекеттің кепілгерлігімен алынған қарыздар бойынша операцияларды есепке алу үшiн мынадай құжаттар:
несие шотынан қаражатты алуды растайтын шетел қарыз берушiсiнiң үзiндiсi;
борыштың негiзгi сомасын өтеу және ол бойынша сыйақы төлеу жөніндегі төлем құжаты;
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi бекiткен нысан бойынша ҚР ҰБ өз қарыздарын алу, қызмет көрсету және өтеу туралы есептiлiгi;
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi бекiткен нысан бойынша мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды және мемлекеттің кепілгерлігімен алынған қарыздарды алу, қызмет көрсету және өтеу туралы банктердің есептiлiгi;
осы Ереженiң 669-тармағында көрсетiлген нысандар бойынша өз қарыздарын алғаны, оларға қызмет көрсеткенi және өтегенi туралы жергiлiктi атқарушы органдардың есептiлiгi пайдаланылады.
742. Борыш мониторингiн жүргізу үшiн мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борыш, мемлекеттің кепілгерлігімен алынған борыштың жәй- күйі туралы деректердi ағымдағы жаңарту үшiн мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар, мемлекеттің кепілгерлігімен алынған қарыздар бойынша ақпараттар жинау жүзеге асырылады.
78-тарау. Мемлекеттік борышты және мемлекет кепiлдiк берген борыш, мемлекеттің кепілгерлігі
бойынша борыш тәуекелдерін басқару
743. Мемлекеттік брыштың, мемлекет кепілдік берген борыштың, мемлекет кепілгерліктері бойынша борыштың және мемлекет алдындағы борыштың тәуекелдерін басқару өзіне бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган рәсімдер мен операцияларды регламенттеу, белгіленген лимиттер мен талаптарды сақтау, құралдар мен нарықтарды әртараптандыру, әртүрлі туынды қаржы құралдарын (тәуекелді басқару мақсаттары үшін нарықта пайдаланылатын опциондар, своптар, форвардық, фьючерлік және басқа да мәмілілір) қолдану әдістерін пайдаланып, оларды анықтауды, сәйкестендіруді, бағалау мен барынша азайтуды, үшінші тұлғалардың алдындағы борыштық міндеттемелері мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген заңды тұлғалардың борышын басқаруда уақтылы ден қою мен қажеті шараларды қабылдауды қамтиды
744. Тәуекелді басқарудың негізгі элементтеріне мыналар жатады:
1) борыштың ағымдағы жай-күйі мониторингі;
2) тәуекелді талдау: анықтау, сәйкестендіру және бағалау;
3) несиелік капитал рыногының конъюнктурасын зерделеу және туынды қаржылық аспаптарды қолдану мүмкіндіктерін бағалау;
4) туынды қаржылық аспапты таңдау;
5) туынды қаржылық аспаппен операцияларды жүзеге асыру.
745. Борыш мониторингі осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
746. Мемлекеттік борышты басқару үстінде мынадай тәуекел түрлері туындайды:
1) пайыздық және валюталық тәуекелдер;
2) инвестициялық тәуекел бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган шығаратын бағалы қағаздардың бастапқы аукционында өтінімдерді қабылдау үдерісінде өзекті;
3) операцияларды жүргізу мен тіркеудің түрлі сатыларында операциялық қателіктерді қамтитын операциялық тәуекел; кемшіліктер; абырой тәуекелі; заң тәуекелі; адам факторы; кәсіби құпияның бұзылуы немесе табиғи зілзала.
Мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет кепілгерлігі бойынша борышты басқару үстінде тәуекелдердің мынадай түрлері туындайды:
1) пайыздық және валюталық тәуекелдер;
2) есептесу тәуекелі қарыз алушы дефолттан басқа кез келген себеп бойынша мемлекет кепілдік берген қарыздар немесе мемлекеттің кепілгерлігімен тартылған қарыздар бойынша төлемдер жүргізбеуі нәтижесінде Қазақстан Республикасының үкіметі ұшырауы мүмкін ықтимал шығындарды білдіреді;
3) кредиттік тәуекел қарыз алушының мемлекет кепілдік берген қарыздары және мемлекеттің кепілгерлігімен тартылған қарыздар бойынша міндеттемелерін орындамау тәуекелін білдіреді;
4) операциялық тәуекел.
747. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган талдауды мынадай түрде жасайды:
1) жол берілген мынадай факторларға: қаржыландыруға деген жаңадан мұқтаждық, борышты өтеу мерзімдерінің құрылымы, ұйғарылған борыштық міндеттемелер талаптарының сипаттамалары, пайыздық ставкалар және валютаның айырбас бағамдарын негіздей отырып орта мерзімді кезеңге борышты өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды болжамдайды;
2) болжаммен қамтылған кезеңге борыштық міндеттемелердің қолданыстағы және болжанған портфелі бойынша тәуекелдің негізгі көрсеткіштерін қамтитын борыштық сипаттаманы түзеді. Борыш сипаттамасы мынадай көрсеткіштерді қамтиды:
қысқа мерзімді борыштың ұзақ мерзімдіге қатынасы;
шетел валютасындағы борыштың ұлттық валютадағы борышқа қатынасы;
шетел валютасыдағы борыштың валюталық құрылымы;
сыйақының өзгермелі немесе бекітілген ставкалары;
борыштық міндеттемелердің орта мерзімі және міндеттемелерді өтеу мерзімдерінің басталу кестесі.
3) ұқсас кезеңге макроэкономикалық көрсеткіштермен және республикалық бюджеттің көрсеткіштерімен жүргізілген болжамдық есептеулерді салыстырады;
4) күтіліп отырған шығыстармен астастырылған тәуекел нұсқаларында борышқа қызмет көрсету жөніндегі шығыстардың ықтимал өсуімен өлшенетін тәуекелді бағалауды жүзеге асырады.
748. Туынды қаржы аспаптарын қолдану туралы шешім дайындау үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ҚР ҰБ-мен бірлесіп несие капиталы нарығының коньюнктурасын зерделейді және туынды қаржы аспаптарын қолдану мүмкіндіктерін бағалауды жүзеге асырады.
749. Туынды қаржы аспаптарын қолдану мүмкіндіктерінің жүргізілген тәуекелін талдау мен бағалау нәтижелерінің негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган туынды қаржы аспаптарын қолдануға байланысты шешім қабылдайды.
750. Борыш тәуекелдерін басқару мақсаттары үшін түрлі туынды қаржы аспаптары, оның ішінде қарыз шарттары бойынша халықаралық қаржы ұйымдарымен жасалған сыртқы своптар, форвардтық мәмілелер, фьючерлік мәмілелер, конверсиялар және басқа да мәліметтер қолданылады.
Своп деп екі тарап арасындағы ақша тасқыны айырбасын көздейтін мәміле ұғыналады. Үш түрлі своп болады - пайыздық ставкалар своптары, валюталық және тауар своптары.
Форвардтық мәмілелер пайыздық ставкаларға қатысты жасалады.
Фьючерстік мәмілелер валютаға қатысты жасалады.
Үш түрлі конверсия - валюта конверсиясы, проценттік ставка конверсиясы және пайыздық ставканың арту шегін не дәлізін белгілеу болады.
79-тарау. Мемлекет алдындағы борыш тәуекелдерін
басқару тәртібі
751. Осы тарау бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның белгіленген талаптарды сақтау тәсілдерін анықтау мен бағалау, уақты ден қою және мемлекет алдында борышты басқаруға қажетті шаралар қабылдау рәсімдерін белгілейді.
752. Мемлекет алдында тәуекелді басқарудың негізгі элементтеріне:
мемлекет алдындағы борыштың ағымдағы жағдайының мониторингі;
тәуекелді талдау жатады.
753. Мемлекет алдындағы борыш тәуекелдерін талдау нәтижесінің негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекет алдындағы борышты қайтару бойынша шешім қабылдайды.
754. Мемлекет алдындағы борышты басқару процесінде тәуекелдің мынадай түрлері туындайды:
1) валюталық тәуекел - кредит шарттарын жасасу және ол бойынша міндеттемелерді іс жүзінде орындау арасындағы кезеңде орын алатын валюта бағамының өзгеруі нәтижесінде ықтимал қаржылық зияндар.
2) кредит тәуекелі - қарыз алушылар өздерінің қаржылық міндеттемелерін төлемеу немесе мерзімін өткізіп төлеу салдарынан туындауы мүмкін залалдар.
3) төлем қабілетітілігі тәуекелі - қолайсыз сыртқы мән жайлардың салдырынан қарыз алушыда борыштық міндеттемелерді өтеуге кездестін қиындықтарға байланысты тәуекел.
4) пайыздық тәуекел - бюджеттік кредиттер жөнінде пайыздық ставканы өзгерту мүмкіндігіне байланысты тәуекел.
755. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекет алдында мынадай түрде қарыз тәуекеліне талдау жүргізеді:
1) мемлекет алдында орта мерзімді кезеңге берешек сома кредит шарттарының талаптарын (берешекті өтеу мерзімі, пайыздық ставкалар, айырбастау бағамы) негізге ала отырып, республикалық бюджетке қайтарылуы тиіс көлемді болжамдайды;
2) жүргізілген болжамды есептеулерді дәл осындай кезеңдегі макроэкономикалық көрсеткіштермен және республикалық бюджеттің өлшемдерімен салыстырады;
3) мемлекет алдындағы борыш тәуекелін олардың болжымданған ықпалын сипаттайтын тәуекелдерді айқындау және сипаттау жолымен бағалауды жүзеге асырады.
80-тарау. ?кіметтiк сыртқы қарыздар, байланысты
гранттар қаражаты және бiрлесiп қаржыландыру қаражаты
есебiнен қаржы операцияларын жүзеге асыру тәртібі
756. Несие шоты - қарыз беруші-бейрезидентте ашылған ағымдағы шот, онда тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушіге, сондай-ақ арнайы шотты толықтыруға тiкелей төлемдер жүзеге асырылатын үкiметтiк сыртқы қарыз немесе грант сомасы орналастырылады.
757. Үкiметтiк сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар есебiнен несие шотынан және/немесе арнайы шоттан жасалатын қаржы операцияларын бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi қаражатты алуға арналған өтiнiмдердiң негiзінде шетел қарыз берушiсiнiң немесе донордың атына жiберiлетiн нысан бойынша және қарыз шартына немесе байланысты грант туралы келісімге сәйкес, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Бұл ретте, үкiметтiк сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар қаражатын бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi тиiстi қарыз шартында немесе байланысты грант туралы келісімде көзделмеген мақсаттарға ала алмайды.
758. Несие шотынан қаражатты алуға арналған өтiнiмдерге екi қойылатын қолдар тобы бұрыштама соғады, онда қойылатын қолдың бiрiншi тобы бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға қойылған қолдың екiншi тобы бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiне бекітілген. Бұл ретте, қойылған қолдың бiрiншi тобы мәртебесiне ие болу бюджеттік бағдарламалар шеңберiнде үкiметтiк сыртқы қарыз қаражатын немесе байланысты грантты пайдалануды реттеумен және олардың мақсатты пайдаланылуын бақылаумен, екiншi қойылатын қолдар тобы иегерлерiнiң мәртебесi - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың мақсатты пайдаланылуына, сондай-ақ төлемдi алушы - ақшаны алушы деректемелерiнiң дұрыстығына және растығына толық жауапкершiлiкпен анықталады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 759-тармақ өзгертілді
759. Бiрiншi топтың қолдарын алу үшiн шоттан үкiметтiк сыртқы қарыз қаражатын немесе байланысты грантты алуға арналған өтiнiмде бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi қаражатты алуға арналған өтiнiммен бiрге бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға мыналарды:
төлемнiң мақсаты көрсетiлген iлеспе хатты;
бірлесіп қаржыландыру бойынша қаржылық операциялар жүргізген кезде аумақтың қазынашылық бөлімшесінде тіркелген шарт және келісімді тіркеу туралы хабарлама;
қарыз алу шарты немесе байланысты грант туралы келісімнің шеңберінде жасасқан келісімшарттарға төлемдер жүргізілген жағдайда осы келісімшарттарға сәйкес төлем жүргізілетін құжаттардың (орындалған жұмыстардың сертификаттары және/немесе сол немесе өзге қызметтердің берілгені туралы инвойстар, оның ішінде келісімшарттың талаптарында бұл көзделген жағдайларда, банктік кепілдіктердің көшірмелері) көшірмелері, олар бойынша бастапқы төлемдер жүргізу кезінде, одан кейінгі кез келген өзгерістер мен толықтырулары бар көшірмелерін қоса алғанда, осы келісімшарттардың көшірмелері, сондай-ақ егер, бұл қарыз алу шарты және байланысты грант туралы келісім бойынша рәсімдермен көзделген болса, келісімшарттар жасасуға арналған шетелдік қарыз берушінің ресми мақұлдамалар көшірмелерін;
келісім-шарт жасалмай жүргiзiлетiн шығыстар бойынша бiржолғы төлемдер жасалған жағдайда бастапқы құжаттардың көшiрмесiн (шот-фактураларды, жөнелтпе құжаттарды, кiрiс кассалық ордерлердi, түбiртектердi, қолхаттарды және өзге де құжаттарды);
үкіметтік сыртқы қарыздарды және байланысты гранттарды бірлесіп қаржыландыру жөніндегі қаржылық операцияларды қоспағанда, қарыз шарты бойынша немесе байланысты грант туралы келісім бойынша қабылданған қаржы рәсiмдерiне сәйкес шетел қарыз берушiсiне немесе донорға ұсынуға қажет құжаттардың көшiрмесiн;
осы Ереженің 109-қосымшасына сәйкес нысан бойынша берiлген рұқсаттар туралы анықтаманы;
бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның сұрау салуы бойынша есеп беретiн сомалар жөнiнде қосымша ақпаратты, оның ішінде келісімшарттардың, жұмыс көлемі ведомостарының, инвойстердің, сертификаттардың электрондық нұсқасын ұсынады;
тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша конкурстық комиссияның шешімі.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 760-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
760. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган он жұмыс күнi iшiнде шоттан үкiметтiк сыртқы қарыз қаражатын немесе байланысты грантты алуға арналған өтiнiмнiң үкіметтік сыртқы қарыздар және байланысты гранттар шеңберінде жасасқан келісім шартарға және қарыз шартының немесе байланысты гранттар туралы келісімнiң талаптарына сәйкестiгiн, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiне тиiстi кезеңге бөлiнген рұқсатты тексередi, қол қояды және оны шетелдiк қарыз берушiге немесе донорға беру үшiн бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiне қайтарады.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылының соңғы айында үкіметтік сыртқы қарыз қаражаттарын немесе байланысты грантты алуға арналған өтінімдерді ағымдағы қаржы жылының 15 желтоқсанына дейін қабылдайды.
761. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган осы Ереженің 757-759-тармақтарына сәйкес қарау үшiн бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi ұсынған несие шотынан, бірлесіп қаржыландыру шотынан қаражат алуға арналған өтiнiмдi мынадай:
егер жүргiзiлетiн қаржы операциясы қарыз шартының немесе байланысты грант туралы келісімнiң талаптарына немесе қарыз шартының немесе байланысты грант туралы келісімнiң шеңберiнде жасалған келісім-шартқа қайшы келген;
республикалық немесе жергiлiктi бюджеттік бағдарлама әкiмшiсiн қаржыландыру жоспарында көзделген жоспарлы тағайындаулар жоқ немесе жеткiлiксiз болған;
бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi Қазақстан Республикасының заңнамасында, қарыз шартында немесе байланысты грант туралы келісімде көзделген тиiстi ережелер мен рәсiмдердi бұзған;
жүргiзiлетiн қаржы операциялары бойынша құжаттарда сәйкессiздiк және қателік орын алған жағдайда оларды бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi жойғанға дейiн қабылдамауы мүмкiн.
762. Үкiметтiк сыртқы қарыздар қаражатын немесе байланысты гранттарды несие шотынан алу бюджеттi атқару кезiнде мынадай түрде:
Бiрыңғай бюджеттік сыныптама түсiмдерiнiң бюджеттік сыныптамасына сәйкес түсiмдер ретiнде инвестициялық жобалардың арнайы шотына аударған кезде;
ҚР ББС кiрiстер сыныптамасына сәйкес түсiмдер мен шығыстар (бiр мезгiлде) ретiнде тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) тiкелей берушiлерге аударған кезде ескерiледi.
Осы Ережеде көзделген инвестициялық жобаның арнайы шотына қаражатты аударуды Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарыз қаражатын немесе грант беретiн шетелдiк қарыз берушi немесе донор қарыз шартының немесе байланысты грант туралы келісімнiң талаптарына сәйкес шоттан алуға арналған бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң өтiнiмi негiзiнде жүргiзедi.
763. Инвестициялық жобаның арнаулы шотына осы шоттан бұрын жүргiзiлген шығыс операциялары бойынша қаражатты қайтару жағдайларын қоспағанда, қарыз шартының немесе байланысты грант туралы келісімнiң талаптарына сәйкес көрсетiлген шотты толықтыруға арналған үкiметтік сыртқы қарыз қаражатынан немесе байланысты гранттан басқа қаражат есепке алынбайды.
ҚР Үкіметінің 2009.04.12. № 2011 Қаулысымен 764-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
764. Осы шоттардан бұрын жүргiзiлген шығыс операциялары бойынша қаражатты қайтару жағдайларын қоспағанда, шоттардан жобаларды іске асыруға байланысты бюджеттік бағдарламалар ұлттық немесе шетелдiк валюталарында қаржыландырылады.