49. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүрiп өтуiн жүзеге асыра отырып:
1) Арнайы рұқсатсыз, мерзiмi өткен немесе дұрыс ресiмделмеген Арнайы рұқсатпен, Арнайы рұқсатта көрсетiлген лауазымды адамдардың қолы болмаған жағдайларда рейске шығуға;
2) Арнайы рұқсатқа қандай да бiр өзгерістер мен толықтырулар енгiзуге;
3) белгiленген қозғалыс бағытынан ауытқуға;
4) Арнайы рұқсатта көрсетілген қозғалыс жылдамдығын арттыруға;
5) 30 км/сағат және одан жоғары жылдамдықпен келе жатқан автокөлiк құралдарын басып озуға;
6) басқа көлiк құралдарын сүйретуге;
7) қозғалысты қолайсыз ауа-райы жағдайларында (көктайғақ, көрiнiм 100 метрден кем және т.с.с.) жүзеге асыруға;
8) егер тасымалдау шарттарында мұндай қозғалыс тәртібі белгiленбесе, жол жиегімен жүруге;
9) жолдың жүру бөлігінiң шегінен тысқары орналасқан арнайы тұрақтардан тыс жерлерге тоқтауға;
10) автокөлiк құралының техникалық жарамсыздығы туындаған немесе қозғалыс қауiпсiздігіне және (немесе) жүктiң сақталуына қауiп төндiретiн жүктiң бекітілуi бұзылған кезде қозғалысты жалғастыруға тыйым салынады.
50. Егер тасымалдау процесiнде қозғалыс бағытын өзгертудi талап ететiн жағдай туындаса, тасымалдаушы қозғалысын тоқтатуы тиiс және аумағында тасымалдау тоқтатылған аумақтың уәкiлетті органына осы Ережеде белгiленген тәртiппен жаңа бағыт бойынша жүруге рұқсатпен жүгiнедi.
5. Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктердi тасымалдайтын автокөлік құралдарының
техникалық жай-күйіне және жабдықтарына
қойылатын қосымша талаптар
51. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүкті тасымалдау мамандандырылған жылжымалы құраммен - тiркемесi немесе ауыр жүк тасығыш жартылай тiркемесi бар автомобиль-тартқышпен жүзеге асырылады.
Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүкті ернеулi тұғырнамалары бар жылжымалы құраммен тасымалдауға рұқсат етiледi. Бұл ретте, қажет болған жағдайда (мысалы, жүк шанақтың көлемiнен шығып тұрса) ернеулер алынады және автокөлік құралында жүкте орнықтыру үшiн қосымша бекіту құралдары қолданылады.
52. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралының техникалық жай-күйi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, сондай-ақ оны жасаушы зауыттың нұсқаулығына сәйкес болуы тиiс.
53. Автокөлiк құралына жасаушы зауыт белгiлеген, рұқсат етiлген салмақтық нормативтен артық жүк тиеуге рұқсат етілмейдi.
54. Автопоездың тежегiш жүйесi автомобиль-тартқыштың тежегішi басқышынан жұмыс iстеуi және оның буындары арасында тежеу кезiнде тiркеме мен жартылай тiркеменiң автомобиль-тартқышқа қатысты ауытқу, сондай-ақ басқа да авариялық жағдай жасау мүмкiндiгi болмайтындай тежегiш күштердi бөлудi қамтамасыз етуi тиiс.
55. Автомобиль-тартқыш өзi мен тiркемесiнiң (жартылай тiркемесiнiң) арасындағы жалғағыш магистральдар үзіліп кеткен жағдайда автомобиль-тартқышты жұмысшы немесе авариялық тежегiшпен тежеуге мүмкiндiк беретін тежеу қондырғысымен жабдықталады.
56. Тiркемелер (жартылай тіркемелер) автомобиль-тартқышпен жалғағыш магистральдар үзiлген жағдайда олардың автоматты түрде тоқтауын қамтамасыз ететiн тежеу қондырғыларымен жабдықталады.
57. Тiркемелер (жартылай тiркемелер) барлық дөңгелектерге әсер ететiн және автомобиль-тартқыштан ажыратылған толық салмақты тiркеменi (жартылай тiркеменi) кемiнде 16% еңiсте ұстап тұруды қамтамасыз ететiн тұру тежегішімен жабдықталады.
58. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралында еңісте тоқтауға мәжбүр болған жағдайда оны қосымша орнықтыру мақсатында сырғуға қарсы кемінде екi тiреуiш (әр жаққа бiреуден) болуы қажет.
59. Автопоезд үшін оның әрбiр буынына екiден сырғуға қарсы тіреуіштер болуы тиiс.
60. Көлiк құралының кабинасы екi жағынан артқы жақты көретiн сыртқы айналармен жабдықталуы тиiс. Айналар автокөлiк құралының және тасымалданатын жүктiң көлемiн ескере отырып, тура да және бұрылмалы да қозғалыс кезiнде жүргiзушiге көлденеңiнен әрi тігiнен жеткiлiктi көрудi қамтамасыз етуi тиiс.
61. Артқы көрiнiс айналарының автокөлiк құралының негiзгі көлемдерiнiң iшiне 20-25 кг/с шегіндегі күшпен ауыстыру мүмкiндігін қамтамасыз ететiн бұру тетiктерi болады.
62. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдары нормативтiк құқықтық құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес "Автопоезд" "Iрi көлемдi жүк" немесе "Ұзын өлшемдi көлiк құралы" деген тану белгiлермен белгіленедi.
63. Тiркеме-ұзартылманың тiркеменiң артқы көлемiнен 1 метрден аса шығып тұратын жетегi (құбыр) Жол қозғалысы ережесіне сәйкес белгіленедi.
64. Iрi көлемдi жүктi тасымалдау кезiнде жүгі бар автокөлiк құралының биiктігi жолдың жүру бөлігінің үстiнен 4,5 метрден асатын болса, бүркемелеу автомобилiне жоғары ұшында сары түстi сигналдық шамдары бар бiр немесе екi габариттік штангалар орнату қажет.
Шамдарды орнату биiктігi тасымалданатын жүктiң жоғарғы көлемiнен 5-10 сантиметр жоғары болуы және iрi көлемдi автокөлiк құралы жүргiзушiсiнiң көз алдында болуы тиiс.
Шамдар тәулiктiң қараңғы кезіндегі немесе жеткiлiксiз көрiнiм жағдайларындағы қозғалыс кезiнде iске қосылуы тиiс.
6. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк
құралдарының Қазақстан Республикасының автомобиль
жолдары арқылы жүру тәртібін бақылау
65. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары арқылы жүруiн бақылауды уәкiлетті орган өзiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құзыретi шегiнде автокөлiк құралдарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктерiнде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көлiктік бақылау посттарында жүзеге асырады.
66. Автокөлiк құралының көлемдiк өлшемдерiнің нақты мәндерiн айқындау өлшеу сызғыштарының немесе арнайы сызықтық өлшеу аспабының көмегiмен, ал толық салмақ пен осьтiк жүктемелер - стационарлық немесе жылжымалы үлгiдегi автомобиль таразыларының көмегiмен жүргiзiледi.
67. Сызықтық өлшеу жабдығы мен автомобильдiк таразылар жарамды жағдайда болуы және олардың метрологиялық тексеруден өткендiгi туралы сертификаты болуы тиiс.
68. Автокөлiк құралдарының көлемдiк және салмақтық өлшемдерiн айқындау кезiнде өлшеу жабдығының тасымалдаушының пайдасына шешiлетiн қателiктерi ескерiледi.
69. Автокөлiк құралдары, соның iшiнде бiр осьте екi жалқы немесе қосарланған дөңгелегi бар тiркемелер мен ауыр салмақты жартылай тiркемелер үшiн осьтiк жүктемелердi айқындауды сыналған әдiстемелер бойынша есептеу жолымен жүргiзуге рұқсат етіледi.
70. Егер автокөлiк құралының келген жерiнде уәкілетті органның лауазымды адамы осы Ереженi бұзу фактiсін анықтаса, тасымалдаушы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (бұдан әрi - Кодекс) сәйкес әкiмшiлiк жауапкершілікке тартылады, ал автокөлiк құралын одан әрi пайдалануға анықталған бұзушылық жойылғанға дейiн тыйым салынады.
71. Осы Ереже бұзылған жағдайда уәкiлеттi орган мынадай шаралар қабылдайды:
1) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының Арнайы рұқсатсыз жүрiп өткенi анықталған жағдайда, тасымал тоқтатылады, автокөлiк құралы ұсталады және жақын маңдағы тұраққа жiберіледi, ал тасымалдаушы әкiмшiлiк жауапкершілікке тартылады.
Тасымалдаушы жүріп өту бағытын келiскеннен және iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралының жүргенiне барлық жол жүру бағыты үшiн алымдар сомасын төлеген соң берiлетiн Арнайы рұқсатты алғаннан кейін тасымал қайта жалғасуы мүмкін;
2) бөлiнетін жүгi бар iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүрiп өтуi анықталған жағдайда тасымал тоқтатылады, автокөлiк құралы жақын маңдағы тұраққа жiберiледi, ал тасымалдаушы әкiмшiлiк жауапкершілiкке тартылады.
Егер тасымалдаушы Қазақстан Республикасының аумағында белгiленген жол берiлетiн салмақтық және/немесе көлемдiк өлшемдерге сәйкес келтiру үшiн автокөлiк құралын артық жүктен босатса және iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралының жүргенiне бағыттың iс жүзiнде жүрiп өткен бөлiгi үшiн алымдар сомасын төлесе, Арнайы рұқсат берiлместен, тасымал қайта жалғасуы мүмкiн;
3) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының өлшемдерінің бiрi Арнайы рұқсатта көрсетілгендерден асып кету фактілерi анықталған жағдайда, тасымал тоқтатылады, автокөлiк құралы жақын маңдағы тұраққа жiберiледi, ал тасымалдаушы әкiмшiлiк жауапкершілікке тартылады.
Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүріп өтуiне төленген алымға тасымалдаушы тиiстi қосымша ақы төлегеннен, iс жүзiнде анықталған салмақтық және көлемдiк өлшемдердi көрсете отырып, қосымша Арнайы рұқсат, ал қажет болған жағдайда, қосымша келiсу алғаннан кейiн ғана тасымал қайта жалғасуы мүмкiн;
4) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жолды Арнайы рұқсатта көрсетілген бағыттан ауытқи отырып жүруi анықталған жағдайда, тасымал тоқтатылады, автокөлiк құралы жақын маңдағы тұраққа жiберiледi, ал тасымалдаушы әкiмшiлiк жауапкершілікке тартылады.
Жүрiп өту бағыты келісілгеннен, тасымалдаушы iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының iс жүзiнде жүрiп өткен бағыты және жаңадан белгiленген жол жүру бағыты бойынша алым сомасын төлегеннен, жаңа арнайы рұқсат алғаннан кейiн ғана тасымал қайта жалғасуы мүмкiн;
5) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жолды Арнайы рұқсатта көрсетiлген мерзiмдерден ауытқи отырып жүруi анықталған жағдайда тасымалдың тоқтатылуы мүмкiн және тасымалдаушының өтiнiшi бойынша жүру бағытындағы жол қозғалысының жай-күйiне және шарттарына сәйкес, уәкiлетті органның және келiсушi ұйымдардың қызметкерлерi кейiннен ұзартуы мүмкiн;
6) жол полициясы органдарының келісімiнсiз тасымалдаушы берген Арнайы рұқсат анықталған жағдайда тасымал тоқтатылады, автокөлiк құралы жақын маңдағы тұраққа жiберiледi, ал тасымалдаушы әкiмшілік жауапкершілікке тартылады.
Жол қозғалысының жай-күйi мен жағдайына сәйкес кейiннен жол жүру бағыты жол полициясы органымен келісілгеннен кейiн тасымал қайта жалғасуы мүмкiн.
Бөлінбейтін ірі көлемді және ауыр
жүктерді Қазақстан
Республикасының аумағында
тасымалдауды ұйымдастыру және
жүзеге асыру ережесіне
1-қосымша
Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр
салмақты жүктердi Қазақстан
Республикасының аумағында
тасымалдауды ұйымдастыру және
жүзеге асыру ережесіне
2-қосымша
Iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк
құралдарының Қазақстан
Республикасының жолдары
бойынша жүруiне
N______________
АРНАЙЫ РҰҚСАТҚА
БАҚЫЛАУ ТАЛОНЫ
Iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралдарының
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүргенi үшiн
алынатын алымның сомасы________________________________
(жазумен)
Ескерту: Осы бақылау талоны Iрi көлемдi және ауыр
салмақты көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының жолдары
бойынша жүруіне арналған тиісті арнайы рұқсатқа мiндеттi
қосымша болып табылады
Теңге
1000000 | 100000 | 10000 | 1000 | 100 | 10 | 1 |
2000000 | 200000 | 20000 | 2000 | 200 | 20 | 2 |
3000000 | 300000 | 30000 | 3000 | 300 | 30 | 3 |
4000000 | 400000 | 40000 | 4000 | 400 | 40 | 4 |
5000000 | 500000 | 50000 | 5000 | 500 | 50 | 5 |
6000000 | 600000 | 60000 | 6000 | 600 | 60 | 6 |
7000000 | 700000 | 70000 | 7000 | 700 | 70 | 7 |
8000000 | 800000 | 80000 | 8000 | 800 | 80 | 8 |
9000000 | 900000 | 90000 | 9000 | 900 | 90 | 9 |
Iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк
құралдарының Қазақстан Республикасының
жолдары бойынша жүруiне
N____________
АРНАЙЫ РҰҚСАТТЫҢ
TYБIPTEГIНЕ БАҚЫЛАУ ТАЛОНЫ
Iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралдарының
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүргені үшiн
алынатын алымның сомасы________________________________
(жазбаша)
Арнайы рұқсатты алдым_____________________________
(тасымалдаушының аты-жөнi,
қолы, күні)
Ескерту: Осы бақылау талоны iрі көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының жолдары бойынша жүруiне арналған тиiстi арнайы рұқсаттың түбiртегiне мiндеттi қосымша болып табылады
ҚР Үкіметінің 2009.16.06. № 913 қаулысымен 3-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр
салмақты жүктердi Қазақстан
Республикасының аумағында
тасымалдауды ұйымдастыру және
жүзеге асыру ережесіне
3-қосымша
______________ облысы (қаласы)
бойынша аумақтық көліктік
бақылау органының
басшысына
(басшысының орынбасарына)
Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк
құралының жүруiне арнайы рұқсатты алу үшiн
ӨТIНIШ
Тасымалдаушының атауы_____________________________________________
__________________________________________________________________
СТН_______________________________________________________________
Мекен-жайы, телефоны______________________________________________
Автомобильдiң маркасы ___________мем.нөмірi_______________________
Тiркеменiң (жартылай тіркеменiң) маркасы_________мем.нөмірi_______
Жүру бағыты_______________________________________________________
Маршруттың жалпы қашықтығы км.____________________________________
Соның iшiнде қалалардың аумағы бойынша, км________________________
Жүргізушінің аты-жөні_____________________________________________
Iлесушi адамның аты-жөні__________________________________________
Iлесiп жүру түрi__________________________________________________
Жүктiң атауы мен салмағы т._______________________________________
Жүрудiң болжанған күні мен уақыты_________________________________
Автокөлiк құралының жүгiн қоса есептегендегі
нақты салмақтық және көлемдiк өлшемдерi:
Өлшемдерi | Нақты | Рұқсат етілген | Асқаны |
Жол бетiнен биiктiгi, м | | | |
Ені, м | | | |
Автокөлiк құралының ұзындығы, м | | | |
Толық салмағы, т | | | |
Тiркеменiң толық салмағы, т | | | |
АКҚ-ның дөңгелектiк өрнегі | 1-бi- лiк | 2-бi- лiк | 3-бi- лiк | 4-бi- лiк | 5-бi- лiк | 6-бi- лiк |
Бiлiктердiң ара қашықтығы, м | | | | | | |
Бiлiкке нақты жүктеме, т.с. | | | | | | |
Білiкке рұқсат етiлген жүктеме, т.с. | | | | | | |
Асқаны, % | | | | | | |
Автокөлiк құралының ең кiшi бұрылу радиусы____________
Қосымша деректер______________________________________
____________________________________ ________________
(тасымалдаушының лауазымы, аты-жөні) (М.О. қолы)
Өтiнiштің берілген күнi__________________
Келiсушi органның шешiмi___________________________
__________________________________________
________________________ _________________
(лауазымы, аты-жөні) (М.О. қолы)
Келiсушi органның шешiмi___________________________
__________________________________________
________________________ _________________
(лауазымы, аты-жөні) (М.О. қолы)