4) жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестігі;
5) докторантура бағдарламаларын іске асыратын жетекші аккредиттелген шетелдік білім беру-ғылыми ұйымдармен ғылыми алмасу туралы шарттардың болуы;
6) білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті аудиторлық қормен, компьютерлік сыныптармен, зертханалармен, құралдармен қамтамасыз етумен, қор материалымен жарақтандырылуы;
7) білім алушының бір жылғы оқуына жұмсалатын ең төменгі шығыстардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті оқу жылына арналған жоғары оқу орнынан кейінгі білімді мамандар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты бекіту жөніндегі қаулысында көзделген шығыстар деңгейіне сәйкестігі;
8) практикадан өткізу базалары ретінде белгіленген ұйымдармен жасалған шарттардың болуы;
9) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы;
10) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы;
11) меншік не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық және материалдық емес активтердің болуы.
ҚР Үкіметінің 2009.05.12. № 2020 Қаулысымен 13-тармақпен толықтырылды
13. Арнайы білім беретін бағдарламаларды іске асыратын ұйымдардың қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:
1) арнайы және арнайы (түзеу) ұйымдарға қабылдауды психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысына сай жас шамасына және топтың, сыныптың толымдылығына сәйкес жүзеге асыру;
2) жоғары және бірінші санаттағы тәрбиешілер, мұғалімдер үлесі олардың жалпы санының 20 пайызынан кем болмауы;
3) білім алушылар контингентіне шаққанда бір білім алушыға толық оқу цикліне саны кемінде 15 бірлік басылымнан келетін оқу әдебиеті қорының болуы;
4) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы;
5) білім беру ұйымы жағдайының қолданыстағы санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкестігі;
6) мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік жарақтандыру мен қамтамасыз етуге қойылатын ең төменгі талаптардың нормативтеріне сәйкес өзінің меншік құқығында бар жабдықтардың саны мен сапасы туралы өтініш берушінің мәліметтерімен расталатын ұсынылатын арнайы білім беру қызметтерінің тиісті сапасын қамтамасыз ететін материалдық-техникалық базаның болуы;
7) оқушылар мен тәрбиеленушілерге арналған тамақтандыру объектісінің болуы;
8) меншік не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық және материалдық емес активтердің болуы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 2 маусымдағы
№ 452 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Білім беру қызметін лицензиялаудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі № 596 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 20, 219-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі № 596 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 297 қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі № 596 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № 1747 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 49-50, 587-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі № 596 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 2 тамыздағы № 861 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 26, 276-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі № 596 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 желтоқсандағы № 1281 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 48, 614-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 қыркүйектегі № 964 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 36, 500-құжат).
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі № 596 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 1253 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 48, 621-құжат).
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі № 596 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 сәуірдегі № 250 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 12, 115-құжат).
9.»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі № 596 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 1195 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 47, 502-құжат).