ҚР Президентінің 03.10.95 ж. № 2477 Жарлығымен; 2004.20.12 ж. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 34-бап өзгертілді
34-бап. Азаматтық мәселелер жөніндегі арыздар бойынша қорытындылар
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары, шетелдегi мекемелерi өздерінің арыздар бойынша қорытындылары немесе азаматтық мәселелер жөніндегі ұсыныстарын азаматтыққа қабылдау туралы өтініш жасаушы адамның осы Заңның 1-бабында көзделген шарттарды сақтау туралы жазбаша міндеттемесімен бірге Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі немесе Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің атына жібереді.
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі және Қазақстан Республикасының халықтың көшi-қон мәселелерiн жүргiзушi органы Қазақстан Республикасы территориясынан тыс жерлерде тұрақты тұратын әрбір арыз берушіні Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың немесе оны қалпына келтірудің дұрыстығы туралы, соның ішінде оны Қазақстан Республикасында еңбекке, тұрғын үйге және өзгелеріне орналастыру мүмкіндігі туралы Қазақстан Республикасының Президентіне дәлелді қорытынды береді.
Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу туралы арыздар жөніндегі қорытындыларда арыз берушінің мемлекет алдындағы міндеттемелерінің немесе оның мүліктік міндеттемелерінің орындалмағандары, олармен азаматтардың немесе кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің елеулі мүдделерінің байланысты екені туралы, оның айыпкер ретінде қылмыстық жауапқа тартылуы, не оның заң жүзінде күшіне енген сот үкімі бойынша жазасын өтеуі туралы, не ол адамның азаматтықтан шығуы Қазақстан Республикасының мемлекет қауіпсіздігі мүдделеріне қайшы келетіні туралы нақты мәліметтер хабарланады.
35-бап. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы азаматтық мәселелер жөніндегі комиссия
Осы Заңның 29-бабында көрсетілген азаматтық мәселелерді алдын ала қарау үшін Қазақстан Республикасының Президенті азаматтық мәселелер жөнінде комиссия құрады.
Азаматтық мәселелер жөніндегі арыздар мен ұсыныстарды қараған кезде Комиссия арыз берушінің дәлелдеріне, ұсыныс мазмұнына, мемлекеттік органдар қорытындыларына, өзге де құжаттарға және куәлардың тиісті түрде ресімделген айғақтарына жан-жақты баға береді.
Комиссия өзі жүргізіп отырған іс жөнінде тиісті мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерден құжаттар мен материалдар талап етуге қақылы, олар қажетті ақпаратты комиссия белгілеген мерзімде табыс етеді.
Комиссия әрбір арыз немесе ұсыныс бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыныс енгізеді.
Егер Комиссия мәжілісіне оның мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, ол заңды болады. Комиссия шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады.
Комиссия шешімі комиссияның мәжіліске қатысқан барлық мүшелері қол қоятын протоколмен ресімделеді.
ҚР Президентінің 03.10.95 ж. № 2477 Жарлығына сәйкес 36-бап өзгертілді
36-бап. Азаматтық мәселелер жөніндегі актілер
Азаматтыққа қабылдау, оны өзгерту мәселелерi жөнiнде және өтiнiш қабылданбаған жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шығарылады.
Азаматтық мәселе жөнінде қайталап берілген арыз бұл мәселе жөніндегі осының алдындағы шешімнен кейін бір жыл өткен соң қаралады. Іс үшін арыз берушіге мәлім болмаған және мәлім болуы мүмкін болмаған елеулі мән-жайлар туған ретте қайталап жасалған өтініш ертерек те қаралуы мүмкін.
ҚР Президентінің 03.10.95 ж. № 2477 Жарлығына сәйкес 37-бап өзгертілді
37-бап. Азаматтық алу және одан айырылу мерзімінің есептелуі
Қазақстан Республикасы азаматтығына:
- азаматтыққа қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы шыққан күні;
- кәмелетке толмағандардың туған немесе асырап алынған күні;
- кәмелетке толмағандардың ата-анасын Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы шыққан күні;
- мемлекетаралық шарттарында көзделгендей тәртiп бойынша тiркелген күннен бастап ие болады.
Қазақстан Республикасының азаматтығы:
- Қазақстан Республикасы Президентінің азаматтықтан шығару туралы Жарлығы шыққан күнi;
- осы Заңда көзделген тәртiппен мемлекеттік органдардың одан айырылғанын тiркеген күнi;
- Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген тәртiппен Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуы тiркелген күнi тоқталады.
ҚР 17.05.02 ж. № 322-II Заңына сәйкес 38-бап өзгертілді
38-бап. Республика территориясында тұру мерзімінің есептелуі
Осы Заңның 16-бабының 1) тармақшасында көрсетілген республика территориясында тұру мерзіміне:
егер адам армияға дейін Республика территориясында тұрып, армиядан босатылған күні мен Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген күні арасындағы үзіліс үш айдан аспаса, армияда қызмет еткен уақыты;
егер оқуды бітірген немесе оқу орнынан шығарылған күні мен Қазақстан Республикасына келген күні арасындағы үзіліс үш айдан аспаса, республикадан тыс жерлерде оқыған уақыты;
егер командировканың аяқталуы мен Қазақстан Республикасына келген күнінің арасындағы үзіліс үш айдан аспаса, республикадан тыс жерлерге командировкаға барған уақыты есептеледі.
Науқастанып қалған, дүлей апат болған ретте немесе басқа да дәлелді себептер бойынша осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген үш айлық мерзімді есептеу тоқтатылады.
Басқа мемлекеттердің сот органдары тағайындаған қылмыстық жазалау шараларын өтеу уақыты, сондай-ақ республика территориясында командировкада болған, емделген мерзімі және басқа да уақытша тұрған реттер Қазақстан Республикасы территориясында тұру мерзіміне есептелмейді.
Қазақстан Республикасының азаматы болып саналуының күші жойылғаннан бұрынғы кезең Қазақстан Республикасы территориясында тұру мерзіміне есептелмейді.
7-тарау. Азаматтық мәселелер жөніндегі шешімдердің орындалуы
ҚР Президентінің 03.10.95 ж. № 2477 Жарлығымен 39-бап өзгертілді; 17.05.02 ж. № 322-II ҚР Заңымен 39-бап өзгертілді; 2004.20.12 ж. № 13-III ҚР Заңымен 39-бап жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
39-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерi жөніндегі шешiмдердi орындаушы органдар
Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын адамдарға қатысты азаматтық мәселелер жөніндегі шешiмдердiң орындалуы құжаттандыру және паспорттар мен жеке бас куәлiктердi беру жөніндегі уәкiлеттi органға, басқа мемлекетте тұратын адамдарға қатысты - Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемесiне жүктеледi.
Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдарға құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәлiктердi беру жөніндегі уәкiлеттi орган, не шетелдегi мекемелер Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiн және (немесе) паспортын тапсырады. Он алты жасқа толмаған баланың құжаттарында оның азаматтыққа қатыстылығы туралы жазба жасалады.
Қазақстан Республикасында тұратын, азаматтығы тоқтатылған адамдарға iшкi iстер органдары азаматтығы жоқтығы туралы куәлiк бередi.
40-бап. Азаматтық мәселелер жөніндегі шешімдердің орындалуын бақылау
Азаматтық мәселелер жөніндегі шешімдердің орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссия жүзеге асырады.
8-тарау. Азаматтық мәселелер жөніндегі шешімдерге шағым беру
41-бап. Азаматтық мәселелер жөніндегі шешімдерге шағым беру
Азаматтық мәселелер жөніндегі шешімді Қазақстан Республикасы Президентінің қайта қарауы мүмкін.
Азамат болу және азаматтығынан айырылу туралы мәселелер жөніндегі шешімге шағымдар Қазақстан Республикасы Президентінің атына беріледі.
Азаматтық мәселелер жөніндегі арыздарды қабылдаудан орынсыз бас тартуға, арыздардың қаралу мерзімін бұзуға, сондай-ақ лауазымды адамдардың азаматтық туралы істің қаралу тәртібін және азаматтық мәселелер жөніндегі шешімдердің орындалу тәртібін бұзатын басқа да заңсыз іс-әрекеттеріне заңда белгіленген тәртіппен бағыныштылық реті бойынша жоғары тұрған лауазымды адамға не сотқа шағым берілуі мүмкін.
ҚР 17.05.02 ж. № 322-II Заңына сәйкес 9-тарау жаңа редакцияда
9-тарау 2009.29.04 № 154-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының