4) сақтандыру, қайта сақтандыру шартымен байланысты дебиторлық және кредиторлық берешектерді қайта бағалау бойынша бағамдық айырма;
5) сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша үшінші тұлғалардан суброгация (регресс) тәртібімен қойылатын талаптар бойынша кірістер;
6) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры жүзеге асыратын мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтанушысымен жасалған міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеу үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын сақтандыру ұйымдарының өтемақы төлемдері;
7) эмитенттің өзі шығарған акцияларын орналастырудан алған ақшаларының сомасы сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының салық салу объектілері болып табылмайды.
3. Сақтандыру, қайта сақтандыру үйымдарының өзге қызметтен алған салық салынатын табыстары осы тармақ ережелері ескеріле отырып «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексінің) 83-бабында белгіленген тәртіппен айқындалады.
Сақтандыру, қайта сақтандыру шарттарын бұзған кезде қайтарылған сақтандыру сыйлықақыларын, сондай-ақ қайта сақтандыру шарттары бойынша төленген сақтандыру сыйлықақыларын қоспағанда, сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының шығыстардың жалпы сомасындағы өзге қызметтен алынған шегерімге жатқызылатын шығыстар сомасы сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының жалпы кірістер сомасындағы өзге қызметтен алуға жататын (алынған) кірістерінің үлес салмағы негізге алына отырып, барабар әдіспен айқындалады.
4. Сақтандыру сыйлықақыларын орналастыру қызметін қоса алғанда, сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары салық салу мақсатында сақтандыру, қайта сақтандыру қызметін жүзеге асырудан алынатын кірістері мен шығыстары бойынша және өзге қызметтен алынатын кірістері мен шығыстары бойынша бөлек есеп жүргізуге міндетті.
5. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша корпоративтік табыс салығын мынадай ставкалар бойынша:
1) жинақтаушы емес сақтандыру, қайта сақтандыру бойынша - аффилиирленген тұлғалардың сақтандыру, қайта сақтандыру қызметін қоспағанда, жинақтаушы емес сақтандыру, қайта сақтандыру қызметінен түсетін салық салынатын табыс сомасының 4 процентін;
2) аннуитеттік сақтандыруды қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру, қайта сақтандыру бойынша - аннуитеттік сақтандыру, сондай-ақ аффилиирленген тұлғаларды сақтандыру, қайта сақтандыру қызметін қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру, қайта сақтандыру қызметінен түсетін салық салынатын табыс сомасының 2 процентін;
3) аннуитеттік сақтандыру бойынша - аффилиирленген тұлғаларды сақтандыру қызметін қоспағанда, аннуитеттік сақтандыру қызметінен түсетін салық салынатын табыс сомасының 1 процентін;
4) аффилиирленген тұлғаларды сақтандыру, қайта сақтандыру бойынша - аффилиирленген тұлғаларды сақтандыру, қайта сақтандыру қызметінен түсетін салық салынатын табыс сомасының 8 пайызын төлейді.
5) 2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген, сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары салық кезеңі ішінде алуға жататын (алған) табыстарға 20 пайыздық ставка бойынша корпоративтік табыс салығы салынуға тиіс.
7. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары сақтандыру, қайта сақтандыру қызметінен алынатын кірістері бойынша орналасқан жеріндегі салық органына есепті айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей бір айға есептеп шығарылған корпоративтік табыс салығы бойынша ай сайынғы есеп айырысуын табыс етеді.
8. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының қызметінен түсетін салық салынатын кірістері бойынша корпоративтік табыс салығын есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне дейін төлейді.
9. Салық кезеңінің қорытындылары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары орналасқан жеріндегі салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей барлық табыстар жөнінде декларация табыс етуге міндетті.
10. Корпоративтік табыс салығын төлеу декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей салық кезеңінің қорытындылары бойынша жүргізіледі.
11. Ұтысты, сыйақыны төлеу кезінде ұсталған салық сомасы сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары салық кезеңі ішінде есептеп шығарылған корпоративтік табыс салығының есебіне жатқызылмайды.
12. Осы баптың мақсатында, сақтандыру, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті қоспағанда, сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының қызметі өзге қызмет болып табылады.
24-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 249-бабының 2) тармақшасын қоспағанда, 2-тармағы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады деп белгіленсін.
2009.16.11. № 200-IV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiледi) (бұр.ред.қара) 25-бап өзгертілді
25-бап. Осы бапқа сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін қалыптасқан қосылған құн салығының есептен шығарылған сомасынан есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының асып кетуі бойынша бюджетпен өзара қатынастар тәртібі белгіленсін.
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, есепті салық кезеңінің соңындағы өсу (бұдан әрі - қосылған құн салығының асып түсуі) қорытындысымен декларация бойынша қалыптасқан есептен шығарылған салық сомасынан есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының асып кетуі қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдердің есебіне жазылады.
2. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын өткізу айналымдары бойынша осы баптың 1-тармағында аталған асып кету сомасы сонымен бір мезгілде мынадай шарттарға сай келген кезде осы бапта белгіленген тәртіппен қосымша құн салығын төлеушіге қайтарылады:
қосылған құн салығын төлеуші нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар сатуды, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты жүзеге асырады;
қосылған құн салығының асып түсуін қайтарып алу туралы салық өтініші берілген салық кезеңі үшін нөлдік ставка бойынша салық салынған, онда нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар жасалған, өткізу жөніндегі айналым өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымның кемінде 70 проценті болса, қосылған құн салығы төлеушіге қайтарылады.
3. Осы баптың 2-тармағында белгіленген шарттар орындалмаған жағдайда, қосылған құн салығының асып кеткені қосылған құн салығын төлеушіге оның өткен салық кезеңдері үшін қосылған құн салығын төлеу бойынша салықтық міндеттемелерін есепке ала отырып, нөлдік ставка бойынша салық салынатын, өткізілетін айналымның мақсаттары үшін пайдаланылған, өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша есепке жатқызылған салық сомасы бөлігінде қайтарылады.
4. Осы баптың 2-тармағының екінші абзацында көзделген, тұрақты өткізілетін, нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтерге жатқызу критерийлерін және осы баптың 3-тармағына сәйкес қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының асып түскен сомасын айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
5. Осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының асып түскен сомасын айқындау кезінде қосылған құн салығын төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ашылған банк шоттарына валюталық түсім түсірген не Қазақстан Республикасының аумағына сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операциялар бойынша экспортталған тауарларды сатып алушы қосылған құн салығын төлеушіге жеткізген тауарларды нақты әкелу жүзеге асырылған тауарлардың экспорты есепке алынады.
Қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операциялар бойынша тауарлар экспорты болған жағдайларында, сыртқы сауда тауар айырбасы (бартерлік) операциялар бойынша шарттың (келісім-шарттың), сондай-ақ сыртқы сауда тауар айырбасы (бартерлік) операциялары бойынша экспортталған тауарларды қосылған құн салығын төлеушіге сатып алушы жеткізген тауарлар бойынша импорттық жүк кеден декларациясының болуы есепке алынады.
Валюталық түсімнің түскені туралы салық қызметі органдарына қорытындылар табыс етуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімі бойынша уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысанда екінші деңгейдегі банктер жүзеге асырады.
Осы қорытындыны алу үшін салық қызметі органдары салықтық тексеру басталған күнгі валюта түсімдері туралы тиісті сауал жібереді.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Осы бапқа сәйкес қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекіткен нысанда және тәртіппен ұсынылған кеден одағының кедендік аумағынан тауарларды экспорт кедендік рәсімінде әкету фактісін растайтын кеден органының мәліметтері ескеріледі.
Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарларды экспорт режимінде әкету фактісін растайтын мәліметтер үшін кеден органы жауапты болады.
7. Егер нөлдік ставка бойынша салық салынатын өткізу айналымдары бар қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы салық органына салық өтінішін жасамаса, онда мұндай асып кету сомасы қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдер есебіне жазылады.
8. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын өткізу айналымы
бойынша қосылған құн салығын қайтару қосылған құн салығын төлеуші табыс еткен қосылған құн салығын қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы салық өтінішін салық органы алған күннен бастап, алпыс жұмыс күні ішінде және мыналардың:
1) қосылған құн салығы бойынша декларация;
2) нөлдік ставка бойынша салық салынатын өткізу айналымдарын растауға қажетті құжаттар;
3) салық органы жүргізген салықтық тексеру актісіне сәйкес қайтаруға ұсынылған салық сомасының шынайылығын растау не осы баптың 11-тармағында көзделген жағдайда, салықтық тексеру актісіне салық органының корытындысы негізінде жүргізіледі.
Осы тармаққа сәйкес қосылған құн салығы сомасын қайтару тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
9. Салықтық тексеру жүргізу барысында салық органы тексерілетін салық төлеушінің тікелей тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілеріне қарсы тексеруді тағайындай алады. Егер тексерілетін салық төлеушінің тікелей тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілері басқа салық органында қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрса, тексеруді тағайындаған салық органы тиісті салық органына осындай өнім берушіге қарсы тексеру жүргізу туралы сұрату жібереді.
10. Өнім берушімен өзара есеп айырысудың дұрыстығын растау үшін қарсы тексеру жүргізу туралы сұратуға жауап алынбаса және (немесе) егер тексерілетін салық төлеушінің өнім берушісі бұдан бұрын жіберілген сұрату салу бойынша қарсы тексеру жүргізілген кезде анықталған бұзушылықтарды жоймаған болса, бұрын жiберiлген сауал салу бойынша уәкiлеттi орган алған жауаптар негiзiнде мониторингке жататын iрi салық төлеушi бойынша қосылған құн салығы сомасының дұрыстығы расталмаса, салықтық тексеру аяқталған күнгі сома шегінде қосылған құнға салынған салық қайтарылмайды.
Бұл ретте салықтық тексеру актісінде осындай қосылған құн салығының қайтарылмауының негіздемесі көрсетіледі.
11. Мынадай жағдайларда:
1) салықтық тексеру аяқталғаннан кейін келіп түскен тексерілетін салық төлеушінің өнім берушілеріне қарсы тексеру жүргізуге салынған сұратуға жауаптар алынған кезде;
2) салық төлеушінің өнім берушісі бұрын жіберілген сауал сұрату бойынша қарсы тексеру жүргізілген кезде анықталған бұзушылықтарды жойған кезде немесе мониторингке жататын iрi салық төлеушi болып табылатын тексерiлетiн салық төлеушiнiң өнiм берушiсi бұрын жiберiлген сауал салу бойынша өздерiнiң өзара есеп айырысулары бойынша анықталған бұзушылықтарды жойған кезде қосылған құн салығының сомасын қайтару уәкілетті орган белгілеген нысанда салықтық тексеру актісіне қорытынды негізінде жүргізіледі.
Салықтық тексеру актісіне қорытынды кемінде екі дана мөлшерінде жасалады және оған салық қызметі органының лауазымды адамдары қол қояды. Салықтық тексеру актісіне қорытындының бір данасы салық төлеушіге табыс етіледі, бұл туралы салық төлеуші басқа данада белгі соғуға міндетті.
Салықтық тексеру аяқталғаннан кейін жауаптар келіп түскен жағдайда, салық органы тоқсанның соңғы айының жиырмасыншы күнінен ерте емес және тоқсанның соңғы айының жиырма бесінші күнінен кешіктірмей салықтық тексеру актісінің қорытындысын жасайды.
Бұл ретте осы қорытынды тоқсанның соңғы айының жиырмасыншы күніндегі жағдай бойынша қарсы тексерулер өткізуге арналған сауалдарға жауаптар нәтижесі бойынша жасалады.
12. Оған қатысты салықтық тексеру жүргізіліп жатқан қосылған құн салығын төлеушісінің мынадай өнім берушілері:
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) бұдан әрі оларды сатып алушы экспорттаған электр және жылу энергиясын, суды және (немесе) газды қоспағанда, электр және жылу энергиясын, суды және (немесе) газды жеткізуді жүзеге асырушылар;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 12-тармақ 1-1) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) байланыс қызметтерін жеткізуді жүзеге асырушылар;
2) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тауар беруді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді жүзеге асырған және қызметтерін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместер қарсы тексеруге жатпайды.
13. Қосылған құн салығы сомасын қайтаруды талап еткен салық төлеуші мен оның тікелей өнім берушісі - мониторингке жататын ірі салық төлеуші арасындағы операциялар бойынша қосылған құн салығы сомасын қайтаруға талап етілген сомалардың шынайылығын растауды салықтық тексеруді тағайындаған салық органы осындай салық органы жіберген сұрату салуға уәкілетті орган берген жауаптың негізінде қосылған құн салығы сомасының шынайылығы туралы мәліметтер негізінде жүргізеді.
Осы баптың 14-тармағында көзделген тәртіппен сұрау салуды жіберу туралы шешім қабылданған тікелей өнім берушісіне - мониторингке жататын ірі салық төлеушіге қатысты уәкілетті органға жіберіледі.
Сұрау салуда тексерілетін салық төлеуші туралы, тікелей өнім беруші - мониторингке жататын ірі салық төлеуші туралы деректер, ол берген шот-фактураның нөмірі, күні, өткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар сомалары, қосылған құн салығы сомасы, сондай-ақ тексерілетін кезеңі көрсетіледі.
Уәкілетті орган қосылған құн салығы сомасының шынайылығы туралы, оның ішінде тексерілетін салық төлеушімен тікелей өнім беруші - мониторингке жататын ірі салық төлеуші жасаған тексерілетін кезеңдегі көрсетілмеген операциялар туралы мәліметтер береді. Қосылған құн салығы сомасының шынайылығын растау туралы мәліметтер уәкілетті органда бар мониторинг бойынша есептіліктің деректері негізінде беріледі.
14. Өнім берушіге міндетті қарсы тексеру жүргізу және (немесе) ірі салық төлеушілер мониторингі бойынша есептілік негізінде қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын растау туралы уәкілетті органға сұрату жіберу туралы шешім осындай өнім берушілер ресімдеген құжаттар бойынша қосымша құн салығын төлеуші есепке жатқызған қосымша құн салығының сомасы қосымша құн салығын төлеуші барлық өнім берушілер ресімдеген құжаттар бойынша өнім беруші қосымша құн салығына жатқызған барлық қосымша құн салығының 80 процентін құрағанда қосымша құн салығын төлеушінің тікелей өнім берушілеріне қатысты қабылданады.
Бұл ретте, барлық өнім берушілер ресімдеген құжаттар бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығының жалпы сомасынан импортталған тауарларға арналған қосылған құн салығы сомалары мен осы баптың 12-тармағында көрсетілген өнім берушілер жасаған шот-фактуралар бойынша қосылған құн салығының сомалары алып тасталады.
Есепке жатқызылған қосылған құн салығының жалпы сомасынан 80 процентті айқындау үшін өнім берушілер жазып берген шот-фактураларда көрсетілген қосылған құн салығы сомасының азаюы тәртібінде қосылған құн салығын төлеуші өнім берушілерінің тізбесі жасалады.
Осы тізбедегі шот-фактуралар бойынша қосылған құн салығының жалпы сомасы есепке жатқызылған барлық қосылған құн салығының 80 процентін құрайтын алғашқы өнім берушілер қосылған құн салығын төлеушімен барлық өзара есеп айырысулар бойынша міндетті түрде қарсы тексеруге жатады және (немесе) уәкiлеттi органға iрi салық төлеушiлердiң мониторингi бойынша есептiлiктiң негiзiнде қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын растауы туралы сауал жiбередi.
15. Осы бапта көзделген қосылған құн салығын қайтару:
1) мыналарға:
шағын бизнес субъектілеріне;
шаруа немесе фермер қожалықтарына;
ауыл шаруашылық өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен ауылдық тұтынушылар кооперативтері үшін белгіленген арнаулы салық режимінде бюджетпен есеп айырысатын;
2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексінің) 267-бабының ережелерін қолданатын;
3) нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынатын және ол бойынша салық өтініші берілген өткізу айналымдары жасалған салық кезеңінен кейін он екі ай өткен соң қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы өтініш берген қосылған құн салығын төлеушіге қатысты жүргізілмейді.
16. Салықтық тексеру актісі және салықтық тексеру актісіне қорытынды бойынша қайтарылуға тиісті қосылған құн салығының асып кеткен жалпы сомасы қосымша құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы салық өтінішінде көрсетілген сомадан аспауы тиіс.
26-бап. Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық салық преференциялары Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған заңнамасына сәйкес айқындалған олардың қолданыс мерзімі өткенге дейін сақталатыны белгіленсін
27-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 274-бабы 2-тармағы 1) тармақшасының мақсаттары үшін мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізу күні деп, сондай-ақ республикалық мониторингке жататын салық төлеушілердің 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған тізбесіне енгізу күні түсінілетіні белгіленсін.
28-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінің (Салық кодексі) 623-бабы 3-тармағының мақсаттары үшін 2009-2010 жылдары мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесіне «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 99-бабына сәйкес түзетулерді ескерусіз 2007 жылдың деректері бойынша неғұрлым көп жылдық жиынтық табысы бар үш жүз ірі салық төлеуші енгізіледі.
Аталған тізбені Қазақстан Республикасының Үкіметі 2009 жылғы 1 ақпаннан кешіктірмей бекітеді.
29-бап. 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін басталған, патент, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлердің қызметі тоқтатылуына байланысты өтініші бойынша салықтық тексерулер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
30-бап. Резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемелерін дұрыс орындауы мәселесі бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін басталған салықтық тексеру «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексінде) белгіленген тәртіппен және мерзімдерде аяқталуға тиіс деп белгіленсін.».
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 30-1-баппен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
30-1-бап. 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 627-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде, 5-тармағы 2) тармақшасының бірінші және екінші бөліктерінде және 9-тармағының 2) тармақшасында, 632-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында, 3 және 6-тармақтарында, 633-бабының 3 және 4-тармақтарында көзделген тақырыптық тексерулер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 89-тарауында көзделген тәртіппен біржолғы талондардың болуы мәселесі бойынша да жүзеге асырылады деп белгіленсін.
31-бап. 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша оның құралған кезінен бастап бес жылдан астам әрекетсіз салық төлеушінің жеке шоты есебіндегі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың артық төленген сомалары оның салықтық берешегін өтеу есебіне мынадай тәртіппен:
1) бюджетке артық төленген салық сомасы:
салықтың осы түрі бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу есебіне;
салықтың басқа түрлері мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша бересілерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды өтеу есебіне;
2) бюджетке артық төленген басқа да міндетті төлемнің сомасы:
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің осы түрі бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдарды өтеу есебіне;
салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің түрлері бойынша бересілерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды өтеу есебіне;
3) бюджетке артық төленген өсімпұлдың сомасы:
салықтың осы түрі және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем бойынша бересілер мен айыппұлдарды өтеу есебіне;
салықтардың басқа түрлері мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша бересілерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды өтеу есебіне есепке алуға жатады деп белгіленсін.
Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, өсімпұлдардың артық төленген сомасы есепке алу жүргізілгеннен кейін соттың шешімі бойынша есептен шығарылады.
2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша оның құралған күнінен бастап әрекетсіз салық төлеушінің жеке шотында бес жылдан аса уақыт бойы есепте болған, есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасының есептен шығарылған салық сомасынан артығы соттың шешімімен есептен шығаруға жатқызылады.
Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, әрекетсіз салық төлеушінің салықтық берешегін өтеу есебіне өсімпұлдардың артық төленген сомаларын есепке алудың салық органдарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуінің, осы бапта көрсетілген сомаларды есептен шығарудың мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2010.09.05. № 288-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 32-бап жаңа редакцияда
32-бап.
2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша:
2002 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салынған салықтық құқық бұзушылықтар;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін салық органдары салған, салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы және (немесе) міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін төленбеген айыппұл сомасы салық берешегі болып танылмайды және бюджетке енгізілуге жатпайды, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептен шығарылуға жатады деп белгіленсін.