1) бюджетке төленуге тиіс корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы 100 пайызға азайтылады;
2) салық салу объектілері және (немесе) салық салумен байланысты арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын объектілер бойынша:
жер салығын есептеу кезінде тиісті ставкаларға 0 коэффициент;
уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығына жер учаскелерін берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу кезінде тиісті ставкаларға 0 коэффициент;
мүлікке салынатын салықты есептеу кезінде салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0 пайыз ставка қолданылады.
151-3-бап. Қызметін «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасын қолдану мақсатында «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағын құруға сәйкес келетін қызмет түрлері мыналар болып табылады:
тұрмыстық электр аспаптарын жасау;
тері бұйымдарын өндіру;
химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;
резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау;
өзге де металл емес минералдық өнімдерді өндіру;
металлургия өнеркәсібі;
дайын металл бұйымдарын жасау;
машиналар мен жабдықтарды жасау;
мұнай-химия өнімдерін, сондай-ақ ілеспе, сабақтас өндіріс пен технологиялар өнімдерін өндіру;
қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі.
2. Қызметін «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеуі кезінде:
1) бюджетке төленуге тиіс корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы 100 пайызға азайтылады;
2) салық салу объектілері және (немесе) салық салумен байланысты арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын объектілер бойынша:
жер салығын есептеу кезінде тиісті ставкаларға 0 коэффициент;
уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығына жер учаскелерін берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу кезінде тиісті ставкаларға 0 коэффициент;
мүлікке салынатын салықты есептеу кезінде салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0 пайыз ставка қолданылады.
151-4-бап. Қызметін «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасын қолдану мақсатында «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құруға сәйкес келетін қызмет түрлері мыналар болып табылады:
бағдарламалық қамтамасыз етілімді, дерекқорларды және аппараттық құралдарды жобалау, әзірлеу, енгізу, тәжірибелік өндіру және жасау;
жасанды иммундық және нейрондық жүйелер негізінде жаңа ақпараттық технологияларды жасау;
ақпараттық технологиялар саласында жобаларды жасау және енгізу жөніндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу;
мәтіндерді өңдеуге арналған машиналарды, көшіру-көбейту жабдықтарын, жөнелту машиналарын, калькуляторларды, кассалық аппараттарды, таңбалау машиналарын, билет-кассалық машиналарды жасау, басқа да кеңсе машиналары мен жабдықтарын, электрондық есептеу машиналарын және ақпаратты өңдеуге арналған өзге де жабдықтарды жасау;
электр- және радиоэлементтерді, таратушы аппаратураны, дыбыс пен бейнені қабылдауға, жазуға және шығаруға арналған аппаратураны жасау;
тұрмыстық электр аспаптарын жасау;
ақпараттық және инновациялық технологиялар саласындағы білім беру қызметі.
2. Осы Кодекстің 150-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасын қолдану мақсатында «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құруға сай келетін қызмет түрлері мыналар болып табылады:
бағдарламалық қамтамасыз етілімді, дерекқорларды және ақпараттық технологиялардың аппараттық құралдарын жобалау, әзірлеу, енгізу, тәжірибелік өндіру және жасау, сондай-ақ дата-орталықтар көрсететін қызметтер, онлайн қызметтерін көрсету;
ақпараттық технологиялар саласындағы жобаларды жасау және енгізу жөніндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу.
3. Қызметін «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеуі кезінде:
1) бюджетке төленуге тиіс корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы 100 пайызға азайтылады;
2) салық салу объектілері және (немесе) салық салумен байланысты арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын объектілер бойынша:
жер салығын есептеу кезінде тиісті ставкаларға 0 коэффициент;
уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығына жер учаскелерін берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу кезінде тиісті ставкаларға 0 коэффициент;
мүлікке салынатын салықты есептеу кезінде салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0 пайыз ставка қолданылады;
3) бюджетке төленуге тиіс әлеуметтік салық сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 359-бабына сәйкес есептелген әлеуметтік салық сомасы бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде 100 пайызға азайтылады:
жеңілдікті қолданудың ең ұзақ кезеңі - қызметін арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асыратын ұйым ретінде тіркелген күннен бастап 5 жыл;
корпоративтік табыс салығы бойынша салық кезеңі ішінде қызметкерлерге еңбекақы төлеу шығыстары жылдық жиынтық табыстың кемінде 50 пайызын құрайды;
корпоративтік табыс салығы бойынша салық кезеңі ішінде қызметкерлерге еңбекақы төлеу шығыстарының 90 пайызын қызметкерлерге - Қазақстан Республикасының резиденттеріне еңбекақы төлеу шығыстары құрайды.
151-5-бап. Қызметін «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасын қолдану мақсатында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құруға сәйкес келетін қызмет түрлері мыналар болып табылады:
киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарын шығару;
трикотаж бұйымдарын шығару;
тоқыма материалдарынан тігілетін киім шығару;
жібек маталар мен солардың негізінде жасалатын бұйымдар шығару;
мата емес тоқыма материалдар мен солардан жасалған бұйымдар шығару;
кілемдер, кілем бұйымдары мен гобелендер шығару;
мақта целлюлозасы мен одан туынды өнімдер шығару;
мақта шикізатынан жоғары сапалы қағаз шығару;
тері бұйымдарын шығару.
2. Қызметін «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеуі кезінде:
1) бюджетке төленуге тиіс корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы 100 пайызға азайтылады;
2) салық салу объектілері және (немесе) салық салумен байланысты арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын объектілер бойынша:
жер салығын есептеу кезінде тиісті ставкаларға 0 коэффициент;
уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығына жер учаскелерін берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу кезінде тиісті ставкаларға 0 коэффициент;
мүлікке салынатын салықты есептеу кезінде салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0 пайыз ставка қолданылады.
151-6-бап. Қызметін «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасын қолдану мақсатында «Бурабай» арнайы экономикалық аймағын құруға сәйкес келетін қызмет түрлері мыналар болып табылады:
жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ойын бизнесімен байланысты емес қонақүйлерді, демалыс үйлерін, санаторийлерді салу және пайдалануға беру;
туристік қызмет көрсету.
2. Қызметін «Бурабай» арнайы экономикалық аймағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеуі кезінде:
1) бюджетке төленуге тиіс корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес корпоративтік табыс салағының есептелген сомасы 100 пайызға азайтылады;
2) салық салу объектілері және (немесе) салық салумен байланысты арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын объектілер бойынша:
жер салығын есептеу кезінде тиісті ставкаларға 0 коэффициент;
уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығына жер учаскелерін берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу кезінде тиісті ставкаларға 0 коэффициент;
мүлікке салынатын салықты есептеу кезінде салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0 пайыз ставка қолданылады.»;
«244-2-бап. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін тауарларға салық салу
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тауарлар тізбесі бойынша арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсатына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын тауарларды арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізуге нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынады.
Осы баптың мақсаттары үшін осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлар деп еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) және кедендік бақылаудағы тауарлар түсініледі.
2. Арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын тауарларды өткізу кезінде нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымды растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
1) қызметін арнайы экономикалық аймақтардың аумағында жүзеге асыратын ұйымдармен тауарларды беруге жасалған шарт (келісімшарт);
2) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі бойынша тауарлар шығаруды жүзеге асыратын кеден органының белгілері бар тауарлар тізбесі қоса берілген тауарларға арналған декларациялардың және (немесе) көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттардың көшірмелері;
3) осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдарға тауарларды тиеп-жөнелтуді растайтын тауарлардың ілеспе құжаттарының көшірмелері;
4) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың тауарларды алуын растайтын құжаттардың көшірмелері.
3. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін тауарларды берушілерге қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы салық органынан растау алынғаннан кейін арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде іс жүзінде тұтынылған әкелінген тауарлар бөлігінде жүргізіледі. Арнайы экономикалық аймақтардың аумағындағы салық органының сұратуы бойынша тиісті арнайы экономикалық аймақтың басқару органы беретін арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде әкелінген тауарлардың пайдаланылуы туралы құжат растау үшін негіз болып табылады.
4. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде әкелінген тауарлардың іс жүзінде тұтынылуы туралы құжатты береді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжат қаржылық қамтамасыз ету болған кезде беріледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжатта қамтылған мәліметтердің дұрыс еместігі анықталған жағдайда бюджет шығындары қаржылық қамтамасыз ету есебінен өтеледі.
Бюджет шығындарын өтеу мақсаттары үшін қалыптастырылатын қаржылық қамтамасыз ету мынадай тәсілдермен:
ақшамен;
банк кепілдігімен;
кепілдемемен;
мүлік кепілімен;
сақтандыру шартымен жүргізіледі.
Басқарушы компания қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастырудың кез келген тәсілін, оның ішінде екі немесе бірнеше тәсілді біріктіріп қолдану жолымен таңдап алуға құқылы.
5. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы салық органына арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген кемінде 205 000 еселік айлық есептік көрсеткішке барабар сомадағы қаржылық қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттарды ұсынады.
Қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастырудың, басқарушы компанияда осындай қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттарды беру тәртібін, сондай-ақ бюджет шығындарын қаржылық қамтамасыз ету қаражаты есебінен өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
244-3-бап. «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағына өткізілетін тауарларға салық салу ерекшеліктері
1. Егер осы Кодекстің 244-2-бабында өзгеше көзделмесе, «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағына Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тауарлар тізбесі бойынша жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу және пайдалануға беру үдерісінде толығымен тұтынылатын тауарларды өткізуге нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынады.
Осы баптың мақсаттары үшін құрылыс үдерісінде толығымен тұтынылатын тауарлар деп мұндай тауарларды еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастыру және олардың кедендік бақылауда болуы шартымен инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу үдерісіне тікелей тартылған тауарлар (электр энергиясын, бензинді, дизель отыны мен суды қоспағанда) түсініледі.
2. Осы бапқа сәйкес нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
1) Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында осы баптың 1-тармағында көрсетілген объектілер құрылысын жүзеге асыратын ұйымдармен тауарларды беруге арналған шарт (келісімшарт);
2) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі бойынша тауарлар шығаруды жүзеге асыратын кеден органының белгілері бар тауарлар тізбесі қоса берілген тауарларға арналған декларациялардың және (немесе) көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттардың көшірмелері;
3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдарға тауарларды тиеп-жөнелтуді растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері;
4) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың тауарларды алуын растайтын құжаттардың көшірмелері.
3. «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағына өткізілетін тауарларды берушілерге қосылған құн салығының артығын қайтару, осы бапқа сәйкес «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағындағы салық органынан растау алғаннан кейін инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу үдерісінде әкелінген, іс жүзінде тұтынылған тауарлар бөлігінде жүргізеді. «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағындағы салық органының сұратуы бойынша астананың жергілікті атқарушы органы беретін, инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу үдерісінде әкелінген тауарлардың іс жүзінде тұтынылуы туралы құжат растау үшін негіз болып табылады.»;
7) 359-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Қызметін «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдар әлеуметтік салықты осы Кодекстің 151-4-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында белгіленген ережелерді ескере отырып есептейді.»;
8) 481-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Қызметін арнайы экономикалық аймақтардың аумағында жүзеге асыратын ұйымдар жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемді осы Кодекстің 151-1, 151-2, 151-3-баптарының 2-тармақтары 2) тармақшаларының үшінші абзацтарында, 151-4-баптың 3-тармағы 2) тармақшасының үшінші абзацында, 151-5 және 151-6-баптарының 2-тармақтары 2) тармақшаларының үшінші абзацтарында белгіленген ережелерді ескере отырып есептейді.».
3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексi) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 101-құжат; № 22, 132-құжат):
мынадай мазмұндағы 57-баппен толықтырылсын:
«57-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 150-бабының 2-тармағы және 151-4-бабының 2-тармағы 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.».
4. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат):
көрсетілген Заңның қосымшасы 1-тармағының 92) тармақшасындағы «сақтауда жүзеге асырылады.» деген сөздер «сақтауда;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 93) тармақшамен толықтырылсын:
«93) Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасын сақтауда жүзеге асырылады.».
2-бап. Осы Заң:
1) 1-баптың 2012 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағын;
2) 1-баптың 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2011 жылғы шілденің 21-і
№ 470-ІV ҚРЗ