ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен 80-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
80. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың әскери қызметшiлерi, арнайы атақтары бар арнаулы органдардың қызметкерлерi азаматтық қаруды иемденiп алуға рұқсатты көру қабілетінің бұзылуына, психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты қару ұстауға қарсылық жоқ екені туралы медициналық қорытындыны тапсырмай-ақ алады.
Ескерту. Қазақстан Республикасы азаматтарының өзiн-өзi қорғау мақсатында азаматтардың денсаулығын сақтау саласына басшылық етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті орталық атқарушы органының тиiстi нормаларына сәйкес аңшылық куәлігінсіз тұрғылықты жеріндегі iшкi істер органдары беретiн рұқсаттар бойынша алып жүру құқығынсыз тегiс ұңғылы, ұзын ұңғылы оның iшiнде жарақат салатын патрондары бар атыс қаруларын сатып алуға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының азаматтары қаруды "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымын мемлекеттік бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес пайдалана алады.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен 81-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
81. Қазақстан Республикасының аумағында кемінде бір жыл мерзімге тұру үшін белгіленген тәртіппен ішкі істер органдарында тіркелген шетелдіктер олар азаматтары болып табылатын мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің қолдаухаттары бойынша жалпы негіздерде Қазақстан Республикасында газды тапаншалар мен револьверлер, ұңғысыз атыс қаруын сатып алуға, алып жүруге және сақтауға құқылы.
Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшін белгіленген тәртіппен ішкі істер органдарында тіркелген шетелдіктер жеткізіп беруші заңды тұлғалардан механикалық шашыратқыштар, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіретін заттар толтырылған аэрозольді және басқа құрылғыларды, үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрі 4,5 мм-ге дейінгі пневматикалық қаруды рұқсат алмай-ақ сатып алады.
82. Туристiк жолдамалар, жеке және қызметтiк iстерi бойынша Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшiн белгiленген тәртiпте iшкi iстер органдарында тiркелген шетелдіктер азаматтық қаруды, өздерi сол елдердiң азаматтары болып табылатын мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдiктерінің өтiнiштерi бойынша, оны сатып алған күннен бастап 7 (жетi) күн iшiнде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкететiн жағдайда Қазақстан Республикасының Iшкiiсминi беретiн рұқсаттар бойынша жалпы негiзде сатып алады.
83. Қазақстан Республикасында тiркелген елшiлiктердiң дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық қызметкерлерiне азаматтық қаруды мемлекетаралық шарттарда белгiленген жағдайлар мен тәртiпте әкелуге, сатып алуға және әкетуге рұқсат берiледi. Бұл ретте әкелiнетiн, сатып алынатын және әкетiлетiн азаматтық қарулар мiндеттi түрде Қазақстан Республикасының Iшкiiсминiнде тiркелуi тиiс.
ҚР Үкіметінің 11.11.03 ж. № 1127 қаулысымен 84-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
84. Шетелдiктердiң өздерi әкелген азаматтық қаруды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте сыйға тарту немесе сату құқығы сақталады.
Шетелдiктер тиiстi рұқсат алу үшiн мемлекеттік баж төлейдi.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен 85-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
85. Азаматтарға азаматтық қаруды сатып алуға рұқсатты iшкi iстер органдары, төлқұжатын немесе жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен жағдайда үш ай мерзiмге бередi. Пайдаланылмаған рұқсаттар азаматтардың жазбаша өтініші бойынша көрсетілген мерзімге кемінде бір рет ұзартылады не ішкі істер органы олардың күшін жояды
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен 86-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
86. Азаматтық атыс қаруының немесе газды тапаншалар мен револьверлердің патрондарын азаматтар тиісінше нақты қару түрін сақтауға немесе сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының рұқсатын көрсеткенде дүкендерден сатып алады. Аңшылық оқ-дәріні тегіс ұңғылы аңшылық қаруды сақтауға немесе сақтауға және алып жүруге ішкі істер органының рұқсаты бар болған жағдайда сатып алынады.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен 87-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
87. Сатып алынған қару, iшкi iстер органдарының оны сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге бес жыл мерзiмге беретiн рұқсатын алу арқылы сатып алынған күнiнен бастап жетi күндiк мерзiмде иесiнiң тұрғылықты жеріндегі iшкi iстер органында тiркелуi тиiс.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен 88-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
88. Азаматтарға тиесілі қаруды тіркеу және қайта тіркеу үшін салық заңнамасында белгіленген мөлшерде мемлекеттік баж алынады.
Иесiнiң тұрғылықты жерi өзгергенде, егер қаруды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге бұрын берiлген рұқсаттың мерзiмi аяқталмаған болса, қаруды iшкi iстер органына есепке қою кезiнде төлем алынбайды.
ҚР Үкіметінің 11.11.03 ж. № 1127 қаулысымен 89-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
89. Азаматтық қаруды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсатты алу үшiн iшкi iстер органына:
1) көлемi 3х4 см екi фотосурет;
2) қаруды тiркеу (қайта тiркеу) үшiн мемлекеттік бажды және қаруды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсат беру үшiн төлегенi туралы түбіршектер;
3) қаруды иемдену көзiн көрсететiн құжат (рұқсаттың төлнұсқасы немесе өтінiш) ұсынылады.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен 90-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
90. Қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаттың қолданылу мерзімiн ұзарту үшiн иесi рұқсаттың қолданылу мерзiмiнiң анықталуынан бір ай бұрын техникалық байқаудан өткізу үшiн қолындағы қаруды және мынадай құжаттарды:
1) тегі, аты, әкесiнiң аты, тұрғылықты мекен-жайы, қарудың жүйесі, калибрi мен нөмiрi, оның сақталуын қамтамасыз ету жағдайын: сейфтiң немесе металл шкафтың немесе қаруға бөгде адамдардың қол жеткізуiн болдырмайтын өзге де құрылғының болуы көрсетiлген рұқсаттың қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы iшкi iстер органы бастығының атына өтiнiштi;
2) қарудың әр бірлігiн қайта тiркеу үшiн мемлекеттік баж төленгенi туралы түбіршектi;
3) көру қабiлетiнiң бұзылуына, психикалық ауруға, алкоголизмге , нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты қару ұстауға қарсылық жоқ екені туралы медициналық қорытындыны және Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжаттың көшірмесін ;
4) қаруды қауіпсіз ұстау ережелерін білуі бойынша қайта даярлау туралы анықтаманы
Ескерту. Қаруды сақтау, сақтау мен алып жүру құқығын беретін рұқсаттың қолданылу мерзімі әрдайым бес жылға ұзартылады.
ҚР Үкіметінің 11.11.03 ж. № 1127 қаулысымен (бұр. ред. қара) ; ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 91-тармақ өзгертілді
91. Қару мен оның патрондары қабырғаларының қалыңдығы кемiнде 3 мм болатын, сенiмдi ішкi құлпы бар, еденге немесе қабырғаға берiк бекітілген металл шкафта (сейфте) немесе қаруды бөгде адамдардың алуын болдырмайтын өзге де құрылыста, иесiнің тұрғылықты тұратын жерінде сақталуы тиiс. Атыс қаруларын тұрғын бөлмелердің қабырғаларына iлiп қоюға рұқсат етiлмейдi. Қаруды иесiнiң тұрақты тұратын жерiнен тыс орындарда (саяжайларда, бақтағы үйлерде, гараждарда, сарайларда, вагондарда, лашықтарда, шатырларда және т.б.), сондай-ақ жатақханаларда (бір отбасының мүшелерi жеке бөлмеде тұратын отбасылық жатақханаларды қоспағанда), уақытша вахталық үй-жайларда, туысқандарында, таныстарында сақтауға тыйым салынады. Қару иесiнiң ұзақ (үш айдан астам) кезеңде iссапарда болуы немесе әскери қызмет өткеруі кезеңіндегі ерекше жағдайларда қару иесінің тұрғылықты жеріндегі iшкi iстер органына уақытша сақтауға тапсырылады.
Азаматтық қарудың патрондары ішкі құлпы бар металл шкафтың (сейфтің) оқшауланған қуысында сақталуы тиіс
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен 92-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
92. Көліктің барлық түрлерiмен алып жүру немесе тасымалдау кезінде қару оқталмаған күйде қабына салынуы тиiс. Қаруды алып жүру немесе тасымалдау кезіндегі барлық жағдайларда иесі бір мезгілде қаруды алып жүрудiң рұқсаты болып табылатын, iшкi істер органының оны сақтау мен алып жүруге берген рұқсатын өзiмен бірге алып жүруге мiндеттi. Қаруды сақтаудың, алып жүрудiң, тасымалдаудың және пайдаланудың белгіленген ережелерiн бұзғаны үшiн кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.
Аңшылық суық қару қапталған күйде тек қана аңшылық куәлігі болған жағдайда тасымалданады.
93. Қаруды сақтаудың немесе сақтау мен алып жүрудiң рұқсаттары мынадай жағдайларда:
рұқсаттан ерікті түрде бас тартқанда не қарудың иесi қайтыс болғанда;
қоғамдық тәртіпке немесе басқарудың белгiленген тәртібіне қол сұғатын әкімшілiк құқық бұзушылықтар бір жыл ішiнде қайта жасалғанда;
қару айналымының белгiленген ережелерi бұзылғанда;
адам қылмыстық жауапқа тартылғанда;
иесі азаматтық немесе қызметтiк қаруды баллистикалық сипаттамаларының өзгеруіне әкелiп соққан конструкциялық жағынан қайта жасағанда күшін жояды.
Рұқсаттың күші жойылған жағдайда күшi жойылған күннен бастап бес жыл өткеннен кейін оны алу үшiн қайта өтiнiш бiлдiрiлуi мүмкін. Рұқсаттан ерікті түрде бас тарту жағдайында оны қайта алуға мерзім белгіленбейді.
94. Рұқсаттың күшін жою туралы дәлелді қорытынды шығарылады, оны ішкі істер органының бастығы бекiтедi. Қорытындыда мұндай шешім қабылдаудың негiздерi мен себептерi жазылады.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен 95-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
95. Рұқсаттың күшi жойылған жағдайда ол қару және оның патрондарымен бірге алынып қойылады. Қару иелерi немесе олардың заңды өкiлдерi алынып қойылған қару мен оның патрондарын iшкi iстер органдарының жолдамасы бойынша комиссиялық сатуға тапсырады не қаруды сатып алуға немесе сақтауға және алып жүруге iшкi iстер органдарының рұқсаты бар адамға бөлек берiлуi мүмкiн.
Ескерту. Қылмыстық iстер бойынша айып тағылған адамдардың қару мен оның патрондары рұқсатпен бірге алынып қойылады және тергеу органдарының немесе соттық қылмыстық iс бойынша түпкiлiктi шешiмiне дейiн iшкі iстер органдарында сақталады. Егер аталған адамға қатысты қылмыстық iс тоқтатылған болса немесе сот ақтау үкiмін шығарса, оған қаруы мен оның патрондары, қаруды сақтау немесе сақтау мен алып жүру рұқсаты қайтарылады.
96. Iшкi iстер органдары:
ұңғысының немесе ұңғылы қорапшасымен қоса, ұңғысының ұзындығы 500 мм-ге жетпейтiн және қарудың жалпы ұзындығы 800 мм-ге жетпейтiн, сондай-ақ конструкциясы оның ұзындығын 800 мм-ге жетпейтiн етiп жасауға мүмкiндiк беретiн және сонымен бірге бұл ретте ату мүмкiндiгi жойылмайтын ұзын ұңғылы атыс қаруын;
оқты түйдектете атуға мүмкiндiк беретiн азаматтық атыс қаруын;
нөмiрi жоқ, қолдан жасалған немесе нөмiрлерi қисайған атыс қаруын сатып алуға, сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсаттар бермейдi.
97. Азаматтық қарудың иесi қайтыс болған жағдайда отбасы мүшелерi бір айлық мерзiмде бұл қаруды қайта тiркеуге немесе комиссиялық өткізуге тапсыруға мiндеттi немесе олар оны азаматтық қаруды сатып алуға iшкi iстер органдарының рұқсаты бар адамға бөлек беруi тиiс. Мұраға қалдыру, сыйға тарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленедi.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен 98-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
98. Iшкi iстер органдарында қаруды бір адамнан екiншi адамға тапсыруға құжаттар ресiмдеуге рұқсат беріледi. Мұның өзi, рұқсат ету жүйесiн жүзеге асыратын ішкi істер органының қызметкерi қару иесiнiң және қарудың бұл түрiн сатып алуға iшкi iстер органының рұқсаты бар адамның қатысуымен, тапсырылатын қарудың есепке алынған жерiнде жүргiзедi. Мұндай жағдайда тапсырылатын қарудың маркасы, калибрі мен нөмірі рұқсат қағазға және сатып алу рұқсатының төлнұсқасына жазылады. Жазбаларды ішкі істер органының бастығы қол қойып және "Лицензиялық-рұқсат ету жүйесi" деген бедерi бар арнайы мөрмен куәландырады. Рұқсаттың төлнұсқасы қаруды тұрғылықты жерінде есепке қою үшін жаңа иесіне қайтарылады. Сонымен бір мезгiлде, қаруды тапсыруды жүргізудің негізінде қаруды есептен шығару туралы тиiстi жазбалар қару иелерiн есепке алу журналына енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен 99-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
99. Қарудың иесi тұрғылықты жерiн өзгерткен кезде iшкi істер органына қаруды есептен шығару туралы өтiнiш жасауға және жаңа тұрғылықты мекен-жайын көрсетуге міндетті. Қару иесi жаңа тұрғылықты жеріне келгеннен кейiн он күндік мерзiмде (шекаралық аймақта 24 сағат iшiнде) тұрғылықты жерi бойынша қолындағы қаруын есепке қоюға міндеттi.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен 100-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
100. Қарудың техникалық күйiн анықтау жөніндегі комиссия қаруды жарамсыз (жөндеуге келмейдi) деп тапса, қару тiркелмейді (қайта тіркелмейдi) және дереу қару айналымын бақылау саласындағы уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен жойылуы тиіс.
Ескерту. Қарудың техникалық күйiн анықтау жөніндегі комиссия ішкі істер органында құрылады, оның құрамы 3-4 адамнан: iшкi iстер органының рұқсат ету жүйесiн жүзеге асыраушы қызметкерiнен, криминалистен, қару шеберi-техниктен тұрады және ІІД (К) бастығының бұйрығымен бекітіледi.
Азаматтардың iшкi iстер органдарына ұсынған атыс қаруын тiркеу (қайта тіркеу) кезiнде оның техникалық күйiн анықтау үшiн қаруға тексеру жүргiзу комиссияның мiндетi болып табылады. Жұмыс барысында комиссия аңшылық атыс қаруының техникалық санатталу нормаларын басшылыққа алады.
Алынып қойылған, ерiктi түрде тапсырылған, тауып алынған қару мен оқ-дәрілердiң iшкi iстер органдарында сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тәртібін Қазақстан Республикасының Iшкіiсминi белгілейді.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен 101-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
101. Қару жоғалған немесе ұрланған жағдайда иесi ол жөнінде ішкі істер органына дереу хабарлауға мiндеттi.
Жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын, сондай-ақ суық қаруды сатып алудың, сақтаудың, алып жүрудiң және тасымалдаудың тәртібі заңнамада белгiленедi.
17. Марапаттық қаруды сақтаудың және алып қоюдың тәртібі
102. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы негiзiнде Қазақстан Республикасының азаматтары алған қару марапаттық қаруға жатады.
Қазақстан Республикасының азаматтары шет мемлекеттер басшыларының, шет мемлекеттер үкiметтерiнің басшылары мен мүшелерiнiң марапаттау құжаттары негiзiнде марапаттық қару алуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасының азаматтарына марапаттық қаруды сақтау мен алып жүруге рұқсатты Қазақстан Республикасының Iшкiiсмині береді.
Түйдектете атуға мүмкiндiк беретiн, сыйымдылығы 10 патроннан асатын оқжатары (барабаны) бар, сондай-ақ осы заңмен Қазақстан Республикасының аумағында айналымына тыйым салынған қару марапаттық қаруға жатпайды.
103. Марапаттық атыс (суық) қаруы бар адамдарға Қазақстан Республикасы Iшкiiсминi қарудың қолданылу мерзiмiн көрсетпей, "марапаттық" деген белгiсi бар сақтау және алып жүруге рұқсаттар бередi.
Марапаттық қаруды сақтау мен алып жүрудiң рұқсаты бір мезгiлде оны тасымалдаудың рұқсаты болып табылады.
104. Марапаттық атыс (суық) қаруы жетi күндiк мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Iшкiiсминiнде тiркелiп, оны сақтау мен алып жүрудiң рұқсаты алынуы тиiс.
ҚР Үкіметінің 11.11.03 ж. № 1127 қаулысымен (бұр. ред. қара) ; ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 105-тармақ өзгертілді
105. Марапаттық қаруды сақтауға рұқсат алу үшiн Қазақстан Республикасының Iшкiiсминiне мынадай құжаттар:
1) толтырылған өтiнiш-карточка;
2) қарумен марапаттау туралы құжаттың түпнұсқасы немесе нотариалды тәртiппен куәландырған көшiрмесi;
3) көру қабiлетiнiң бұзылуына, психикалық ауруға, алкоголизмге , нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты қару ұстауға қарсылық жоқ екені туралы медициналық қорытынды;
4) Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжаттың көшірмесі ;
5) қаруды қауiпсiз ұстаудың ережелерiн бiлетiндiгiн тексеру туралы анықтама;
6) алынып тасталды
7) қару мен оның патрондарын сақтауға және алып жүруге рұқсат берiлу үшiн мемлекеттік баждың төленгенi туралы түбіртек;
8) көлемi 3х4 см екі фотосурет ұсынылады.
106. Лауазымды адамдардан алынған, осы Ереженiң 102-тармағында көрсетiлмеген атыс (суық) қаруы марапаттық қару қатарына жатпайды және аумақтық iшкi істер органына:
1) әскери қол атыс және суық қару - оны берген тиiстi ведомствоға кейiннен табыс ету арқылы тегiн тапсырылуы тиіс;
2) аңшылық қару - осы Ережелердің 77-80 және 89-тармақтарына сәйкес оны сақтау мен алып жүруге рұқсат беру арқылы тiркелуi немесе оны сатып алу рұқсаты бар адамға бөлек берiлуi мүмкiн.
Ескерту. Марапаттық қаруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының "Жекелеген қару түрлері айналымын мемлекеттік бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы күшiне енгенге дейін атаулы қарумен марапаттау құқығы болған лауазымды адамдардың, өкiлдi және атқарушы органдардың бұйрықтары негiзiнде алынған, заңнамада белгiленген тәртiпте оны алып жүру мен сақтауға ішкі iстер органдарының рұқсаты бар қарулар жатады.
107. Марапаттық қаруды ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес сақтаудың, тасымалдаудың және пайдаланудың ережелерін бұзғаны үшін азаматтардан алып қоюы мүмкін.
108. Марапаттық атыс (суық) қарудың иесi қайтыс болған жағдайда аталған қару бір айлық мерзiмде iшкi iстер органдарына өткiзiледi.
109. Марапаттық қару iшкi істер органдары оны тиiсiнше қайта тiркеп, қайта жасағаннан кейiн сақтау үшiн мұражайларға тапсырылуы мүмкiн.
18. Республика аумағына азаматтық және қызметтiк қару мен
оның патрондарын әкелудiң және оны шетелге әкетудiң тәртібі
ҚР Үкіметінің 11.11.03 ж. № 1127 қаулысымен 110-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен 110-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2010.18.06. № 613 қаулысымен 110-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
110. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әкелуге рұқсатты уәкілетті ішкі істер органы заңды тұлғаларға мынадай құжаттардың негізінде береді:
1) қару мен оның патрондарының саны, әкелуге жауапты адамның тегі, аты-жөні, паспортының немесе жеке куәлігінің сериясы мен нөмірі, қару мен оның патрондары әкелінетін мемлекет, әкелу жүзеге асырылатын кеден бекеті көрсетілген ұйым басшысының өтініші;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
3) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатуға уәкілетті ішкі істер органы берген лицензиялардың көшірмелері;
4) қару мен оның патрондарын жеткізіп беруге шарттың (келісім-шарттың) нотариалды куәландырылған көшірмесі, оған олардың нақты түрлері, типтері, модельдері, саны көрсетілген спецификациясы қоса беріледі;
5) қару мен оның патрондарын сатып алуға ІІД берген әрекет ету мерзімі 12 ай лицензиясының көшірмесі;
6) экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті орган берген импорттауға (экспорттауға) берген лицензияның көшірмесі;
7) экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті орган берген соңғы пайдаланушының импорттық сертификатының көшірмесі (экспорттаушы елдің заңнамасында осындай құжатты ұсыну көзделген жағдайларда ұсынылады);
8) қару мен оның патрондарын әкелгеннен кейін оларды сертификаттауды жүргізу шартының көшірмесі;
9) сәйкестікті растау жөніндегі уәкілетті орган берген сәйкестік сертификатының көшірмесі (егер қару Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының мемлекеттік кадастрына (бұдан әрі - кадастр) енгізілген жағдайда);
10) қарудың (патрондарының типі) атауы мен моделінің белгісі және пайдаланылатын патрондары туралы ақпарат, қарудың негізгі техникалық көрсеткіштері, дайындаушы елдің және фирманың атауы, оның түрлі-түсті фотосуреті (егер қару кадастрға енгізілмеген жағдайда);
11) қару мен оның патрондарын әкелу немесе әкету құқығына рұқсат бергені үшін мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіршек.
Жарақат салатын патрондары бар ұңғысыз атыс қаруын, электр қаруын әкелуге рұқсат көрсетілген өзін-өзі қорғау қаруының зақымдаушы факторларының адам ағзасына әсеріне жол берілетіні туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген құжат ұсынылғаннан кейін беріледі.
Қару мен оның патрондарын әкетуге рұқсат беру үшін 1), 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттар ұсынылады.
Қосымша:
1) алушы заңды тұлғаға қару мен оның патрондары әкетілетін шетел мемлекетінің уәкілетті мемлекеттік ішкі істер органы берген қару мен оның патрондарын сатып алуға және әкелуге рұқсаттардың (лицензиялардың) көшірмелері;
2) осы қару тек бейбіт мақсаттарда пайдаланылатыны және басқа елдерге кері экспортталмайтыны туралы шетел мемлекетінің экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті органының жазбаша кепілдік міндеттемесі ұсынылады.
Қару мен оның патрондарын әкелуге немесе әкетуге рұқсат экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті орган берген тауарлардың импортына немесе экспортына лицензияда белгіленген мерзімге беріледі.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен 111-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
111. Қазақстан Республикасының азаматтарына кадастрға енгізілген атыс немесе газды қарудың кемінде бір бірлігін әкелуге рұқсатты өтініштің, атыс немесе газды қаруды сатып алу құқығына рұқсаттың көшірмесі, қару Қазақстан Республикасының аумағына әкелінгеннен кейін оған сертификаттауды жүргізу шартының негізінде ІІД береді. Кадастрға енгізілмеген қаруға қарудың атауы және моделінің белгісі (патрондарының типі) және пайдаланылатын патрондары туралы ақпарат, қарудың негізгі техникалық көрсеткіштері, дайындаған елдің және фирманың атауы, оның түрлі-түсті фотосуреті ұсынылады.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен 112-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2010.18.06. № 613 қаулысымен 112-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
112. Шетелдіктерге аңшылық атыс қаруының бірлі-жарым даналарын, олардың патрондары мен аңшылық пышақтарды әкелуге (әкетуге) рұқсатты аңшылық шаруашылығы ұйымының уәкілетті ішкі істер органы мынадай құжаттардың негізінде береді:
1) қолдаухат;
2) орман және аңшылық шаруашылығының уәкілетті органының облыстық аумақтық органымен келісілген аңшылық атыс және суық қару мен оның патрондарының санын әкелуге (әкетуге) рұқсат алуға өтініш;
3) аңшылық шаруашылығы ұйымының шетелдік аңшымен аң аулау шартының көшірмесі;
4) аңшылық шаруашылығы ұйымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органмен келісілген аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы облыстық атқарушы органның шешімі;
6) салық заңнамасына сәйкес аңшылық атыс және суық қаруды әкелуге (әкетуге) рұқсат беру үшін мемлекеттік баж төлеу туралы түбіршек;
7) аңшылық атыс және суық қаруды әкелуге (әкетуге) рұқсатты алуға сенімхат.
Ескерту. Шетелдіктер әкелген қару мен патрондарды әкету әкетуге рұқсатқа және онда көрсетілген мерзімдерге сәйкес жүзеге асырылады.
113. Ұйымдарға республикадан атыс, газды, суық қару мен патрондарды әкетуге рұқсатты Қазақстан Республикасының Iшкiiсминi қару мен оқ-дәрiлердiң саны, әкетуге жауапты адамның тегi, аты-жөні, жеке бас куәлiгiнiң (төлқұжатының) сериясы мен нөмiрi, қару мен патрондар әкетiлетiн мемлекет, ол арқылы әкету жүзеге асырылатын кеден пунктi көрсетiлген ұйым басшысының өтiнiшi негiзінде бередi.