Ескертпе:
1. Климаты ыстық аудандарда (Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары, Балқаш көлінің оңтүстігінде орналасқан Алматы облысының аумағы, сондай-ақ Қарағанды облысының Жезді және Приозерский аудандары) тоқу тығыздығы 2 жіп, суық климатта - 3 жіп.
2. Жылы қысқа пальто әйел адамдарға жылы күртенін орнына берілуі мүмкін.
3. Жейделер ер адамдарға беріледі.
4. Климаты ыстық аудандарда берілмейді.
5. Климаты суық аудандарда беріледі. Климаты қалыпты аудандарда, далада және жылытылмайтын үй жайларда жұмыс істейтіндерге 4 жылға беріледі. Климаты ыстық аудандарда берілмейді.
6. Жылы шалбарлар жылы күртеге беріледі.
Стационарлық медициналық мекемелерде емделіп жатқан науқас сотталғандарды заттай мүлікпен
жабдықтаудың заттай нормалары
Р/с № | Заттар атауы | 1 адамға берілетін заттар саны | Кию мерзімі | Бұл затты беру кезінде қолданылатын ескертулер № |
1 | Жейде және іштен киетін кольсондар немесе пижама | 2 жиынтық | 1 жыл | 1 |
2 | Мақта-матадан жасалған халат | 1 дана | 3 жыл | |
3 | Мақта-матадан жасалған шұлық | 2 жұп | 1 жыл | 2 |
4 | Көрпе (жүннен тоқылған немесе синтепоннан) | 1 дана | 3 жыл | |
5 | Матрац (мақтадан немесе паралоннан) | 1 дана | 4 жыл | |
6 | Жастық (мақтадан немесе синтепухтан) | 1 дана | 4 жыл | |
7 | Ақ жаймалар | 2 дана | 1 жыл | 3 |
8 | Жастықтың сыртқы тыстары | 2 дана | 1 жыл | |
9 | Сүлгі | 2 дана | 2 жыл | 4 |
10 | Госпитальдық туфли | 1 дана | 1 жыл | |
Ескертпе:
1. Әйел адамдарға іштен киетін жейделер мен мақта-матадан жасалған панталондар 1 жылға 2 данасы беріледі;
2. Әйел адамдарға мақта-матадан жасалған шұлықтар 1 жылға 2 данасы беріледі;
3. Туберкулезбен ауыратындарға, тері ауруы бар және операциядан кейінгі ауруларға 1 жылға 3 жайма беріледі;
4. Әйел адамдарға қосымша гигиеналық орамал 1 жылға 1 данасы беріледі.
Тергеу изоляторларында ұсталатын күдіктілер мен айыпталушыларды төсек жабдықтарымен
жабдықтаудың заттай нормалары
Р/с № | Заттар атауы | Заттар саны | Пайдалану мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Көрпе (жүннен тоқылған немесе синтепоннан) | 1 дана | 2 жыл |
2 | Матрац (мақтадан немесе паралоннан) | 1 дана | 2 жыл |
3 | Жастық (мақтадан немесе синтепухтан) | 1 дана | 2 жыл |
4 | Ақ жаймалар | 2 дана | 1 жыл |
5 | Жастықтың сыртқы тысы | 2 дана | 1 жыл |
6 | Сүлгі | 2 дана | 1 жыл |
7 | Гигиеналық сүлгі (әйел адамдарға беріледі) | 1 дана | 1 жыл |
Түзеу мекемелерде ұсталатын сотталғандарды төсек жабдықтарымен жабдықтаудың заттай нормалары
Р/с № | Заттар атауы | Заттар саны | Пайдалану мерзімі |
1 | Көрпе (жүннен тоқылған немесе синтепоннан) | 1 дана | 3 жыл |
2 | Матрац (мақтадан немесе паралоннан) | 1 дана | 4 жыл |
3 | Жастық (мақтадан немесе синтепухтан) | 1 дана | 4 жыл |
4 | Ақ жаймалар | 3 дана | 2 жыл |
5 | Жастықтың сыртқы тысы | 2 дана | 2 жыл |
6 | Сүлгі | 2 дана | 1 жыл |
7 | Гигиеналық сүлгі (әйел адамдарға беріледі) | 1 дана | 1 жыл |
Түзеу мекемелерінде ұсталатын сотталғандардың заттай мүліктерін жөндеуге жұмсалатын
материалдар шығындардың заттай нормалары
Р/с № | Заттар атауы | Жылына 1 адамға жұмсалатын материалдар саны |
1 | 2 | 3 |
1 | Пластрезинді ұлтаңдар | 2 жұп |
2 | Мақта жіптер | 2 жұп |
3 | Пластрезинадан жасалған бедерлер | 2,5 орау |
4 | Зығыр жіптері | 20 грамм |
5 | Өкше шегелері | 20 грамм |
6 | Ұлтараққа кесілетін киіз | 20 грамм |
7 | Аяқ киім кремі | 500 грамм |
8 | Аяқ киім щеткасы | 1 дана |
9 | Мақта кесімдері | 1,5 метр |
Ескертпе:
Ұлтараққа кесілетін киіз бен аяқ киім кремі киіліп жүрген пималар мен былғары аяқ киімнің 1 жұбына есептеліп беріледі.
Күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталғандарға 1 кг. құрғақ кірді қолмен жуғанда және оның ластануы мен
су кермектігінің дәрежесіне байланысты жұмсалатын синтетикалық жуу ұнтақтары, сабын мен кальцийленген сода,
жеке гигиена бұйымдарының және жұқпасыздандыру құралдарының грамм есебіндегі шығындарының заттай нормалары
1) синтетикалық кір жуу ұнтақтарын қолдана отырып кір жуу кезінде:
Кірлердің түсі | Кірлердің ластану дәрежесі | Синтетикалық кір жуатын ұнтақ | Аралас кір жуатын ұнтақ |
Жұмсартылған суда | Кермек суда | Жұмсартылған суда | Кермек суда |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Ақ | I | 27 | 36 | 31 | 40,5 |
II | 30 | 40 | 35 | 45 |
III | 36 | 48 | 42 | 54 |
IV | 45 | 60 | 52,5 | 67,5 |
Түрлі-түсті | I | 22,5 | 27 | 27 | 31 |
II | 25 | 30 | 30 | 35 |
III | 30 | 36 | 36 | 42 |
IV | 37,5 | 45 | 45 | 52,5 |
2) сабын мен кальцийленген соданы қолдана отырып жуу кезінде:
Кірлердің түсі | Кірлердің ластану дәрежесі | Жұмсартылған суда | Кермек суда |
60% сабын | сода | 60% сабын | сода |
Ақ | I | 19 | 19 | 24 | 24 |
II | 21 | 21 | 27 | 27 |
III | 25 | 25 | 32 | 32 |
IV | 32 | 32 | 40 | 40 |
Түрлі-түсті | I | 20 | 3,5 | 24 | 5,5 |
II | 22 | 4 | 28 | 6 |
III | 26 | 5 | 33 | 7 |
IV | 33 | 7 | 42 | 9 |
Ескертпе:
1. Кірлердің ластану дәрежесі мынадай көрсеткіштермен сипатталады:
І дәреже - қолданыста аз тұтынылған шамалы ластанған кірлер мен киімдер, жаңа заттар;
II дәреже - орташа ластанған кір (дақтары, үйкелген жерлері бар төсек орнының кірі, жеке адамның сүлгілері және т.б.);
III дәреже - дақтары көп, қатты үйкелген қатты ластанған кір (ас үй орамалдары, көп киілген киімдер және т.б.);.
IV дәреже - тұрмыстық және өндірістік қатты ластанған арнайы киім - ac үй, наубайхана (нан зауыттар) кірлері.
2. Төртінші дәрежеде ластанған кірлерді жуу үшін кір жуу ұнтақтарының шығындау нормасына қосымша 1 килограмм құрғақ кірге мынадай мөлшерде:
1) жұмсартылған суда ақ кірлер үшін 6 грамм және түрлі-түсті кірлер үшін 3 грамм;
2) кермек суда ақ кірлер үшін 8 грамм және түрлі-түсті кірлер үшін 5 грамм кальцийленген сода жұмсалады;
3) Кірлерді қолмен жуған кезде 1 кг. құрғақ кірге: 60% кір сабын - 20 грамм (немесе 40% - 30 грамм) және кальцийленген сода 12 гр. мөлшерінде жұмсалады;
4) Кір жууға арналған сабын мен сода синтетикалық кір жуу ұнтақтары болмаған кезде беріледі;
5) Көрмек судың дәрежесі жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық станциялардың зертханалық анализдерімен расталуы тиіс.
3) жеке гигиена құралдары
| Бір адамға: |
Айына (грамм) |
Кір сабын | Иіс сабын |
Күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталғандарға: | | |
ер адамдарға | 200 | - |
әйел адамдарға | 200 | 100 |
Түзеу мекемелерінің емдеу мекемелері мен медициналық бөлімдерінде стационарлық емдеудегі күдікті, айыпталушы және сотталған | | |
ер адамдарға | 250 | - |
әйел адамдарға | 250 | 100 |
Тәрбие колонияларыңда ұсталатын күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталғандарға, соның ішінде стационарлық емдеудегі науқастарға (қажеттілігіне қарай барлығына): | | |
ер адамдарға | 400 | 50 |
әйел адамдарға | 400 | 150 |
Ескертпе:
1. Түзеу мекемелері мен түрмелерде ұсталатын денсаулыққа зиянды және ауыр еңбек жағдайларында жұмыс істейтін сотталғандарға, бір адамға айына салмағы 50 грамм кір сабын қосымша беріледі.
2. Бір сотталғанға моншада жұмсауға 30 грамм сабын қосымша беріледі.
4) жұқпасыздандыру, бұқырлау және дератизациялау құралдарының тізбесі
Р/с № | Құралдар атауы | Нысаны | Қолдану саласы | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | ДП-2Т | Таблетка, ұнтақ | Әр түрлі профильдегі таз ауруларының (туберкулез, АҚТҚ-жұқпасы, гепатиттер) бактериалды және вирустық этилогтар кезінде медициналық залалсыздандыру | Құралдарды Нұсқаулыққа сәйкес қолдану керек |
2 | Септустин | Сұйық концентрат | Таз ауруларын алдын ала стерилизациялық тазалау және залалсыздандыру үшін |
3 | Акватабс | Таблеткалар | Ауыз суларды, жеміс-жидектерді, көкөністерді зарарсыздандыру үшін |
4 | Деохлор таблеткалары | Таблеткалар | Медсанбөлімдердегі бактериалдық және таз аурулары этилогтарының жұқпалары кезіндегі медициналық залалсыздандыру |
5 | Октениман, загросепт | Дайын ерітінді | Қолды тазалау үшін |
Күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталғандарға арналған дәретхана қажеттіліктері бойынша
шығындардың заттай нормалары
| Бір адамға арналған |
бір айға | 3 айға |
дәретхана қағазы | гигиеналық қажеттіліктер | тіс пастасы | тіс щеткасы |
ер адамға | 1 бума | | 1 тюбик (150 грамм) | 1 дана |
әйел адамға | 1 бума | 10 дана | 1 тюбик (150 грамм) | 1 дана |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 2 қыркүйектегi
№ 889 қаулысымен
бекітілген
Жазасын өтеуден босатылатын сотталғандарға көмек көрсету
ережесi
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару Кодексiнің 177-бабының негiзiнде әзiрлендi және бас бостандығын шектеу, қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру түрiндегi жазасын өтеуден босатылатын адамдарды тұрғылықты немесе жұмыс iстейтiн жерiне ақысыз жол жүрумен, сондай-ақ жол жүру кезiнде тамақ өнiмдерiмен немесе ақшамен қамтамасыз ету тәртібін реттейдi.
1. Түзеу мекемелерiнің, тергеу изоляторларының немесе қамауға алу үйлерінің (бұдан әрi - мекемелер) әкiмшiлiгi жазасын өтеу мерзiмдерінің аяқталуына дейiн он жұмыс күнi қалғанда немесе бас бостандығынан айырудың өтелмеген бөлiгiн Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексiнiң 71-бабына сәйкес бас бостандығын шектеу түрiндегi жазамен алмастырған жағдайда босатылуы тиiс сотталғандардың тiзiмiн (босатылған күнiн, бағытын және соңғы барып жететiн пунктiн көрсете отырып) дайындайды.
Қылмыстық-атқару инспекциясы қызметi жазасын өтеу мерзiмдерiнiң аяқталуына дейiн бiр ай қалғанда Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң облыстық Басқармасына бас бостандығын шектеу түрiндегi жазасын тұрғылықты жерiнде өтеп жатқан босатылуы тиiс адамдардың тiзiмiн (босатылатын күнiн көрсете отырып) бередi.
2. Мекеменiң қаржы қызметi тiзiмдi алғаннан кейiн он жұмыс күнi iшiнде босатылатын адамға тұрғылықты немесе жұмыс iстейтiн жерiне дейiн жүзеге асырады. Жол жүру билетi үшiн төлем жасауды мекеме әкiмшілігi аудару арқылы жүргiзедi. көрсеткiштен 50% мөлшерiнде ақша берiлуi мүмкiн. босатылғаны туралы анықтамасы бар болғанда ғана сатып алынады.
5. Жазасын өтеуден босатылған адамды мекеме қызметкерi жөнелту станциясына дейін шығарып салады.