Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қарашадағы № 1274 және
2006 жылғы 9 ақпандағы № 94 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 1235 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қарашадағы № 1274 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 43, 434-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 9-жол алынып тасталсын;
2) «Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2006 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы № 94 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2006 ж., № 5, 42-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2006 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірі 46-жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |