Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қарашадағы № 1210 қаулысы
(2006.31.03. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2011 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн:
1) «Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 30 қарашадағы № 1274 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 43, 434-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарында:
реттiк нөмiрi 19-жолында:
«Жауапты орындаушылар» деген бағанда «МАКМ» аббревиатурасы «Ақпаратминi» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Орындау мерзiмi» деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
«2004 жылғы I тоқсан»;
реттiк нөмiрi 41-жол алынып тасталсын;
2) «Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2003 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 3 ақпандағы № 117 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2003 жылға арналған жоспарында:
реттiк нөмiрлерi 46-1, 46-2-жолдар алынып тасталсын;
3) ҚР Үкіметінің 2006.31.03. № 222 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |