Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының
арасындағы бұдан арғы ынтымақтастық туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 9 сәуiрдегі № 306 қаулысы
(2010.26.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 17 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2007.13.06. № 491 қаулысымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.26.10. № 1112 қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «Мәдениет» деген сөз «Байланыс» деген сөзбен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
ҚР Үкіметінің 29.06.02 ж. № 710; 20.03.04 ж. № 364; 2005.28.01 № 73 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1 тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң атынан Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясымен («Мир» МТРК) жұмысты үйлестiру жөніндегі уәкiлеттi орган болып белгiленсiн.
ҚР Үкіметінің 29.06.02 ж. № 710; 20.03.04 ж. № 364; 2005.28.01 № 73 (бұр. ред. қара); 2005.30.11. № 1176 (бұр.ред.қара); 2007.13.06. № 491 (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2009.27.08. № 1253 (бұр.ред.қара); 2010.26.10. № 1112 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. Мемлекетаралық телерадиокомпанияның 1997 жылғы 5 қыркүйектегі Жарғысына сәйкес «Мир» МТРК Мемлекетаралық Үйлестiру Кеңесiнiң құрамына Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Болат Талапұлы Берсебаев енгiзiлсiн.
ҚР Үкіметінің 29.06.02 ж. № 710; 20.03.04 ж. № 364 ; 2005.28.01 № 73 (бұр. ред. қара); 2007.13.06. № 491 (бұр.ред.қара); 2009.15.06. № 907 (бұр.ред.қара); 2010.26.10. № 1112 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді
3. Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат вице-министрі Нұрай Нұрғожаұлы Оразов Қазақстан Республикасының «Мир» МТРК Жалпы жиналысындағы өкiлеттi өкiлi болып бекітілсiн.
ҚР Үкіметінiң 20.03.04 ж. № 364 қаулысымен 4-тармақ алынып тасталды
4. Е.Қ. Бекқожин «Мир» МТРК-ның Қазақстан Республикасындағы Ұлттық филиалының директоры болып бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 29.06.02 ж. № 710; 20.03.04 ж. № 364; 2005.28.01 № 73 (бұр. ред. қара); 2010.26.10. № 1112 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 5 тармақ өзгертілді
5. 2011 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі «Мир» МТРК-ның Қазақстан Республикасының аумағында болуының шарттары туралы келісімнiң жобасын әзірлесін.
ҚР Үкіметінің 29.06.02 ж. № 710; 20.03.04 ж. № 364 ; 2005.28.01 № 73 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 6 тармақ өзгертілді
6. «Мир» МТРК-ның Қазақстан Республикасының аумағында болуының шарттары туралы келісімдi жасасу жөніндегі өкiлеттiктер және осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігіне жүктелсiн.
7. «Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 23 маусымдағы № 533 қаулысының 4, 5, 6 және 7-тармақтарының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 24, 298-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi