56) электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдығының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдығының жай-күйін мерзімдік тексеруді жүзеге асырады;
57) электр және энергия қондырғыларын пайдаланудың техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін энергия үнемдеу мақсатында электр және жылу энергиясын өндіру, беру және таратуды және оларды сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының техникалық пайдалануға беру және қауіпсіздік ережесін білуін біліктілік тексеруді ұйымдастырады;
58) энергетикалық объектілерде қауіпсіз және ұтымды өндіріс, электр және жылу энергиясын беру, бөлу және пайдалану, жылу үнемдеу саясатын орындау, заңды тұлғалардың энергетикалық тиімділігін тексеру жөнінде энергетикалық сараптамалар жүргізуді ұйымдастырады;
59) электр энергетикасы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды;
60) бақылауға алынған энергиялық жабдықтарды тексеру, энергетикалық ұйымдарға кешенді тексеру және электр станцияларының, электр және жылу жүйелерінің энергетикалық жабдықтарының жұмысында техникалық жөнсіздіктерге тексеру жүргізу кезінде сарапшыларды тартады;
61) тиісті мемлекеттік органдарға авариялардың, жазатайым оқиғаның болуына себепші және өзге де электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің техникалық талаптарын өрескел бұзған жауапты тұлғаларды тәртіптік жазаға тарту туралы ұйымдардың иелеріне ұсыныс енгізеді немесе Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасының бұзылуына кінәлі тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тарту туралы материалдар жібереді;
62) электр энергиясын өндіру, беру және тұтыну (желілер бойынша 0,4 кВт электр энергиясын беру мен тұтынудан басқа) және ЖЭО мен белгіленген қуаты 100 Гкал/сағат және одан жоғары қазандықтардың жылу энергиясын өндіруі саласында, техникалық пайдалану және қауіпсіздік техникасы, жабдықтың пайдалану сипаттамасы, энергия өндіретін, энергия беретін, энергиямен жабдықтайтын ұйымдардың (жылу желілерінен және белгіленген қуаты 100 Гкал/сағаттан кем қазандықтардан басқа) технологиялық мұқтаждықтарына электр энергиясы мен жылу энергиясын жұмсау нормалары саласында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін (техникалық регламенттерді қоспағанда) әзірлейді және бекітеді;
63) объектілерді жобалау, салу, пайдалану және техникалық қауіпсіздігі, жабдықтардың пайдалану және техника-экономикалық сипаттамалары, табиғи монополиялар субъектілері болып табылмайтын энергия өндіруші ұйымдардың технологиялық мұқтаждықтарына арналған электр және жылу энергиясының шығыс нормалары салаларындағы нормативтік техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;
64) инвестициялық бағдарламаларды әзірлеуге арналған техникалық тапсырманы бекітеді;
65) энергия өндіруші ұйымдармен келісімдер және инвестициялық шарттар жасасады;
66) энергия өндіруші ұйымдардың келісімдерде көзделген инвестициялық міндеттемелерді және инвестициялық шарттарда көзделген инвестициялық бағдарламаларды орындауына мониторинг жүргізеді;
67) энергия өндіруші ұйымдар тобын құрады;
68) жеке тариф есептік тарифтен жоғары болып бекітілетін жағдайда инвестициялық бағдарламаның құнын көтеруді келіседі;
69) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін, тарифтік сметаларды бекіту кезінде ескерілетін инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды табиғи монополиялар саласындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесіп бекітеді;
70) инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасауға қойылатын талаптарды белгілейді;
71) электр энергиясын орталықтандырылған сауда нарығының операторын және жүйелік операторын айқындайды;
72) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесімен электр байланысы жоқ өңірлер үшін электр энергиясы көтерме сауда нарығының жұмыс істеу және ұйымдастырылу ерекшеліктерін айқындайды;
73) қосарлас (шунттаушы) электр желілері мен қосалқы станцияларды жобалау мен салуды келіседі;
74) меншік нысандарына қарамастан, электр энергетикасы объектілерін және (немесе) оның жекелеген бөліктерін сатып алу-сату, жалға немесе сенімгерлік басқаруға беруді келіседі;
75) заттай мәндегі ұлттық отын-энергетикалық теңгерімді әзірлейді;
76) энергия үнемдеу саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастырады;
77) Энергия үнемдеу сараптамасы туралы ережені әзірлейді;
78) энергия үнемдеу мен жаңартылған энергия ресурстарын пайдалануды ынталандырудың нормативтік-әдістемелік, құқықтық және экономикалық тетіктерін әзірлейді;
79) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша объектілерді орналастыру жоспарын (бағдарламасын) бекітеді;
80) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін жүзеге асырады;
81) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша объектілер салу жобаларын келіседі;
82) техникалық пайдалану және электр энергетикасы объектілерінің қауіпсіздік техникасы саласындағы нормативтік техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;
83) жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерін аккредиттеуді жүзеге асырады;
84) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптамалық кеңес құрады;
85) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парағының, тәуекел деңгейін бағалау өлшемдерінің, жыл сайынғы тексеру жоспарларының нысандарын әзірлейді және бекітеді;
86) инвестицияларды мемлекеттік қолдауды жүзеге асырады;
87) белгіленген тәртіппен мемлекеттік заттай гранттарды беру туралы шешімдерді қабылдайды;
88) инвестициялық преференциялар беру туралы шешім қабылдайды;
89) инвестициялық преференциялар беруге өтінімдер қабылдайды және тіркейді;
90) инвестициялық преференциялар беруге келісімшарттар жасасады, тіркейді және оларды бұзады;
91) инвестициялық преференцияларды беруге арналған келісімшарттар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
92) техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін қалыптастыруға қатысады;
93) стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу жөніндегі стандарттар мен нормативтік құжаттарды, стандарттар мен олар туралы ақпараттардың каталогтары мен нұсқауларын басып шығару және пайдаланушыларды олармен қамтамасыз ету тәртібін белгілейді;
94) мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің жұмысын жүзеге асыру жөніндегі нормативтік құжаттарды келіседі;
95) ішкі айналымға арналған тауарлардың шығу тегі туралы сертификатты береді;
96) техникалық реттеу саласындағы заңды тұлғаларды аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
97) өлшем бірліктерін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды бекітеді;
98) өлшем құралдарының үлгісін бекіту туралы шешім қабылдайды;
99) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
100) аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарының қызметіне жыл сайын тексеру жүргізу арқылы тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
101) әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада көзделген тәртіппен аккредиттеу аттестатын тоқтата тұру, алып қою мәселелерін реттейді;
102) Техника-экономикалық ақпараттарды мемлекеттік сыныптаушылардың тізілімін жүргізеді;
103) Қазақстан Республикасында техника-экономикалық ақпаратты сыныптау мен кодтау жүйесін құру және оның жұмыс істеуін бақылау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
104) жобалар мен техникалық регламенттердің техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатқа және «Техникалық реттеу туралы» Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкестігін талдауды және сараптама жүргізуді ұйымдастырады;
105) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттермен және техникалық реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды;
106) техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;
107) техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қорының жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;
108) Ақпараттық орталықтың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
109) сәйкестікті растау, тауардың шыққан елін айқындау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттауды ұйымдастырады, сондай-ақ оларды кәсіптік даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастырады;
110) техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және үйлестіреді;
111) техникалық регламенттермен үйлестірілген стандарттарды талдауды және әзірлеуді ұйымдастырады;
112) мемлекеттік стандарттар мен техника-экономикалық ақпараттарды сыныптаушыларды әзірлеуді, келісуді, есепке алуды, бекітуді, сараптауды, өзгертуді, күшін жоюды және қолданысқа енгізуді ұйымдастырады;
113) мемлекеттік, халықаралық, өңірлік стандарттарды, шет мемлекеттердің стандарттарын, стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі ережелер мен ұсынымдарды ресми басылымдарда басып шығаруды және таратуды ұйымдастырады, олар туралы ақпаратты жариялайды;
114) стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармаларын растауды ұйымдастырады;
115) сәйкестікті растау саласындағы шағымдарды (апелляцияларды) қарау үшін апелляциялық комиссия құрады;
116) басқа ұйымдар шығарған сәйкестікті растау мәселелері бойынша, егер олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің талаптарына жауап бермейтін болса, құжаттардың күшін жою туралы ұсыныстар дайындайды;
117) өнімдерді таңбалауды бақылауды жүзеге асырады;
118) зертханааралық салыстырмалы сынау (салыстыру) жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
119) Қазақстан Республикасының метрологиялық қызмет жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады;
120) шама бірлігінің мемлекеттік эталондарын бекітеді;
121) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылуға жол берілуі мүмкін бірліктердің халықаралық жүйесіне кірмейтін шамаларды айқындайды;
122) метрология саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады;
123) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарының сыныптамасын белгілейді;
124) өлшем құралдарына, әдістері мен нәтижелеріне, өлшем құралдарын тексеру әдістемелеріне жалпы метрологиялық талаптарды айқындайды;
125) өлшем құралдарын тексеру және калибрлеу нәтижелерін салыстыруды ұйымдастырады;
126) өлшем бірліктерін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;
127) мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асырады;
128) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану мәселелері жөніндегі заңнамалық актілерін әзірлеу және өзгерту жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;
129) атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметті регламенттейтін нормалар мен ережелерді әзірлейді, белгілейді және қабылдайды;
130) радиациялық қауіпсіздікке, табиғи қорғанысқа және аварияға қарсы жоспарлауға, ядролық материалдар мен иондаушы сәуле көздерін есепке алуға және бақылауға қатысты нормалар мен ережелерді әзірлейді және келіседі;
131) атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;
132) атом энергиясын пайдалану саласындағы нормалар мен ережелердің сақталуын қадағалауды жүзеге асырады;
133) атом энергиясы саласында өз өкілеттіктерін орындауға байланысты инспекциялар жүргізеді;
134) Қазақстан Республикасының аумағында радиациялық жағдайды мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
135) ядролық материалдар мен иондаушы сәуле көздерін мемлекеттік есепке алу мен бақылауды жүзеге асырады;
136) радиациялық қауіпсіздікті бағалау нәтижелерін бекітеді;
137) ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды табиғи жағынан қорғаудың қамтамасыз етілуін қадағалауды жүзеге асырады;
138) ядролық материалдар мен иондаушы сәуле көздерін есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйесін құрады;
139) коммерциялық мақсаттарда беруді, сатуды немесе сатып алуды немесе коммерциялық сипаты жоқ беруді қамтитын атом энергиясын пайдалану саласындағы тауарлар мен қызметтердің экспорты мен импортын бақылауды жүзеге асырады;
140) радиациялық қауіпсіздік нормалары мен ережелерінің, лицензиялар шарттарының сақталуын қадағалауды жүзеге асырады;
141) радиациялық қорғау жөніндегі ұлттық комиссияның жұмысын қамтамасыз етеді;
142) радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы нормалар мен ережелердің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
143) радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында, оның ішінде халықтың сәуле алу мөлшерін бақылау мен есепке алуда мемлекеттік басқарудың бірыңғай жүйесін құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
144) ядролық материалдар мен басқа иондаушы сәуле көздерінің экспортын, импортын, тасымалдануын, транзитін және олардың орналастырылуын бақылауды жүзеге асырады;
145) конкурсқа, оның ішінде қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары және емдік балшық бөлігінде ұлттық компанияның үлестік қатысуымен шығарылатын блоктардың тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар дайындайды;
146) жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне жер қойнауын пайдалану салаларындағы, оның ішінде қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары және емдік балшық бөлігіндегі келісімшарттардың орындалу барысы туралы есеп береді;
147) мемлекеттік статистикалық есептілік нысандарын әзірлейді және мемлекеттік статистика саласындағы құзыретті органмен келісім бойынша отын-энергетикалық ресурстарды өндіру мен тұтынудың көлемі мен номенклатурасы және меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындар мен ұйымдар үшін оларды пайдаланудың тиімділік көрсеткіштері туралы мемлекеттік статистикалық есептіліктің енгізілуін қамтамасыз етеді;
148) жер қойнауын пайдалану және оларды өндірушілер бойынша операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізілімін қалыптастырады және жүргізеді, сондай-ақ осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау өлшемдерін әзірлейді;
149) өз қызметі барысында жер қойнауын пайдалану саласындағы, оның ішінде қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары және емдік балшық бөлігіндегі келісімшарттардың жасалуы мен орындалуы бойынша Қазақстан Республикасы мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
150) жер қойнауын пайдалануға, оның ішінде қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары және емдік балшық бөлігіндегі құқық беруге арналған келісімшарттарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіреді;
151) қатты пайдалы қазбаларды, жер асты суларын және емдік балшықты барлауға, өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын береді;
152) өндіруші салалар, оның ішінде қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары және емдік балшық бөлігіндегі қызметінің ашықтығы бастамасын іске асыруды жүзеге асырады;
153) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда тәулігіне екі мың және одан да көп текше метр көлемінде жер асты өндірістік-техникалық суларын барлау және өндіру құқығын береді;
154) жер қойнауын пайдаланушылар және (немесе) жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану жөніндегі қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары және емдік балшықтар бөлігінде операцияларды жүргізу үшін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға уәкілеттік берген тұлғалар ұсынатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жүргізілген, жүргізілетін және есепті кезеңнен кейінгі келесі жылға жоспарланатын сатып алу туралы ақпарат жинауды және талдауды жүзеге асырады;
155) геологиялық және тау-кен бөлінісін дайындайды және береді;
156) барлауды немесе өндіруді жүзеге асыруға арналған жұмыс бағдарламаларын келіседі;
157) жылдық жұмыс бағдарламасына мердігер ұсынған өзгерістерді келіседі;
158) жылдық жұмыс бағдарламаларын келіседі;
159) барлауды немесе өндіруді жүзеге асыруға арналған жылдық жұмыс бағдарламасын келіседі;
160) жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттар талаптарын орындауына мониторингті жүзеге асырады;
161) жер қойнауын пайдаланушылардың және (немесе) жер қойнауын пайдаланушылар тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға уәкілеттік берген тұлғалардың сатып алуында жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық қамту жөніндегі келісімшарттық міндеттемелерінің қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары және емдік балшықтар бөлігінде мониторингін және оларды бақылауды жүзеге асырады, оның ішінде жолсыздықтар анықталған жағдайда шаралар қабылдайды;
162) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізілімін қалыптастырады және жүргізеді;
163) жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттардың талаптарын, оның ішінде жұмыс бағдарламасын орындауын қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары және емдік балшықтар бөлігінде бақылауды жүзеге асырады;
164) жер қойнауын пайдаланушының қызметін бақылауды жүзеге асырады;
165) тау-кен жұмыстарын дамыту жоспарларын (жобаларын) бекітеді;
166) көмірсутек шикізатын қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндіру бойынша кен орындарын игеру жобаларын бекітеді;
167) пайдалы қазбалардың қорларына, пайдалануға берілетін жер қойнауы учаскелері туралы геологиялық және экономикалық ақпаратқа, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу және мониторингі бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптаманы ұйымдастырады және жүргізеді, пайдалы қазбалардың қорларын бекітеді;
168) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік теңгерімін, кен орындарының және пайдалы қазбалардың білінулері, қауіпті геологиялық процестердің мемлекеттік кадастрларын жасауды ұйымдастырады және жүргізеді;
169) тарихи шығындардың мөлшерін, жер қойнауы туралы геологиялық ақпараттың құнын және алу шартын айқындайды;
170) жер қойнауы геологиялық ақпаратының республикалық және аумақтың қорларын ұйымдастырады және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
171) атқарушы органдар мен жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасын және кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты бөлігінде жер қойнауын пайдаланудың белгіленген тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
172) жер қойнауын зерделеу және пайдалану мониторингін жүзеге асырады;
173) жер қойнауының мемлекеттік мониторингін жүзеге асырады;
174) жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануды бақылауды жүзеге асырады;
175) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу жөніндегі операцияларды жүргізуге қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары және емдік балшықтар бөлігінде шарттар жасайды;
176) келісімшарт негізінде жер қойнауын пайдаланушыға берілген жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеуге жер қойнауын пайдалану құқығын беруді келіседі;
177) жер қойнауын пайдаланушылармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптардың бұзылуы салдарынан келтірілген зиянның мөлшерін анықтайды;
178) жер қойнауын зерделеу мен пайдалануды мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
179) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдарға пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік теңгерімі бойынша ақпарат береді;
180) техногендік минералдық тізілімдердің мемлекеттік кадастрын жүргізеді;
181) тарату қорының, оның ішінде қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары және емдік балшық бөлігіндегі қаражатты пайдалануға рұқсат береді;
182) жер асты суларын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырады;
183) барлау және (немесе) өңдеумен байланысты емес, жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған құқықты ұсынады;
184) жер асты суларының мемлекеттік су кадастрын жүргізуді жүзеге асырады;
185) су бетіндегі су объектілері жоқ, бірақ ауыз су ретінде жер асты суларының жеткілікті қоры бар аумақта ауыз су және шаруашылық сулармен қамтумен байланысты емес мақсаттар үшін ауыз су ретінде жер асты суларын пайдалануға рұқсатты келіседі;
186) су объектілерінде, су қорғау аймақтарында және жолақтарында кәсіпорындар мен басқа да ғимараттарды орналастыру, жобалау, салу, қайта жаңарту және пайдалануға енгізу шарттарын келіседі;
187) бұрғылау және басқа да тау-кен жұмыстарын өткізуге жобалық құжаттаманы, жер асты су объектілері арқылы коммуникация құрылыстарының жобаларын келіседі;
188) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады;
189) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакеттерін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асырады;
190) өз қызметі саласында республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органының функциясын жүзеге асырады;
191) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
192) Министрлік қызметінің бағыттары бойынша оның жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асырады.
3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
14. Министрлікті Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
Министрдің орынбасарлары (вице-министрлер) болады, оларды Министрдің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және босатады.
15. Министр басшылықты жүзеге асырады және Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
16. Министр:
1) реттелетін саладағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді;
2) өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды;
3) вице-министрлердің біріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің басшылығына және Премьер-Министрі Кеңесінің Басшысына жіберілген құжаттарға қол қою бойынша өкілеттіктерді жүктейді;
4) ведомстволардың өзге де мемлекеттік органдармен өзара әрекет ету құзыреттілігін және тәртібін айқындайды;
5) өз қызметінде оның бақылауында болатын ведомстволар басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
6) жауапты хатшының келісімі бойынша ведомстволар басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
7) ведомстволар актілерінің қолданылуын толық немесе ішінара тоқтатады немесе тоқтата тұрады;
8) Министрдің бұйрықтарына қол қояды;
9) Министрлікті Қазақстан Республикасының Парламентінде, мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда білдіреді;
10) Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді;
11) Министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және қол қояды;
12) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
13) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
17. Министрлік қабылдайтын шешімдер Министрдің немесе оны алмастыратын адамның бұйрығымен ресімделеді.
18. Министрлік аппаратын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады.
19. Үкімет, Министр отставкаға шыққан жағдайда жауапты хатшының өкілеттігі тоқтатылмайды.
20. Жауапты хатшы өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Президентіне, Премьер-Министрге, Министрге есеп береді.
ҚР Үкіметінің 2011.02.04. № 349 Қаулысымен 21-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
21. Жауапты хатшы:
1) Министр қалыптастыратын саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді және оның актілері мен тапсырмаларын орындайды;
2) Министрлік аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) Министрлік қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
4) Министрдің келісімінен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Министрліктің штат санының лимиті шегінде Министрліктің, ведомстволардың құрылымын және штат санын бекітеді;
5) Министрдің келісімінен кейін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;
7) Министрліктің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
8) Министрдің келісімінен кейін Министрлік департаменттері мен басқармалары басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) комитеттердің басшыларын тағайындау үшін ұсынылатын комитеттер басшыларының орынбасарларын Министрдің тағайындауын келіседі;
10) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
11) Министрмен келісім бойынша Министрлік қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
12) Министрмен келісім бойынша еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;