30. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы мемлекеттерге олардың азаматтығының визасыз келу туралы келiсiм бар елдерге транзитпен өтетiн шетелдiктерде Қазақстан Республикасының транзиттiк визасы болуы мiндеттi.
31. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлiк құралдарымен транзитпен өтетiн, оның iшiнде жүктердi автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiктер халықаралық автомобиль қатынасы үшiн ашық жолдар бойынша ғана жүредi.
32. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк өтуiнiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2010.19.10. № 1075 Қаулысымен 5-1-бөліммен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді және 2011 жылғы 22 ақпанға дейін қолданылады)
5-1. 2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарына қатысушылардың Қазақстан Республикасына келуі, тіркелуі,
аккредиттелуі, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуі
32-1. Аккредиттеу карталары болған жағдайда Ойындарға қатысушылар паспорттары бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы халықаралық жолаушылар қатынасы үшін ашық өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасына келеді және Қазақстан Республикасынан кетеді.
32-2. Аккредиттеу картасын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің уәкілетті қызметкері осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырады да, қолымен және мөрмен растайды.
32-3. Ойындарға қатысушыларға аккредиттеу карталарын беруді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің консулдық пункттері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өту пункттерінен өткенге дейін жүзеге асырады.
32-4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің консулдық пункттерінде аккредиттеу карталарын беру үшін паспорт және визалық қолдау нөмірі бар сәйкестендіру картасы негіз болып табылады.
32-5. Ойындарды ұйымдастырушы Ойындарға қатысушыларға сәйкестендіру карталарын беруді ұйымдастыру мақсатында Ойындарға қатысушылардың тізімін қалыптастырады.
32-6. Ойындарды ұйымдастырушы Ойындарға қатысушылардың тізімі визалық қолдау көрсету үшін 2010 жылғы 10 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жібереді.
32-7. Сәйкестендіру карталарын беруді ұйымдастыруды Ойындарды ұйымдастырушы Ойындарға қатысушылар Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейін осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүзеге асырады.
32-8. Визалық қолдау нөмірлері бар сәйкестендіру карталарының көшірмелерін Ойындарды ұйымдастырушы аккредиттеу карталарын беруге кемінде үш жұмыс күні қалғанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жібереді.
32-9. Сәйкестендіру және аккредиттеу карталары 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап 21 ақпанға дейін қолданылады.
32-10. Қазақстан Республикасына келу кезінде Ойындарға әрбір қатысушыға миграциялық карточка беріледі. Миграциялық карточкалар Қазақстан Республикасынан кету кезінде тапсырылуға тиіс.
32-11. Ойындарға қатысушыларды тіркеу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің шекаралық бақылау бөлімшелері арқылы тікелей Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде паспорттарға және мифациялық карточканың «Келу» және «Тіркеу» бағандарына шекараны кесіп өту туралы белгі қою жолымен жүзеге асырылады.
32-12. Ойындарды ұйымдастырушы осы Ереженің 32-11-тармағына сәйкес тіркеуді жүзеге асырғанға дейін кемінде 10 (он) күнтізбелік күн бұрын Ойындарға қатысушылардың тізімін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігіне ұсынады.
32-13. Тіркеу Ойындарға қатысушылардың аккредиттеу карталарының қолданылу мерзімінен аспайтын кезеңге ресімделеді.
32-14. Аккредиттеу ақпараттық дерекқорға Ойындарға қатысушылар туралы ақпарат енгізу және аккредиттеу карталарын беру жолымен жүзеге асырылады.
32-15. Қазақстан Республикасына осы Ереженің 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы келудің және болудың визасыз тәртібі туралы халықаралық шарттар жасасқан елдерден келген Ойындарға қатысушыларға аккредиттеу карталарын беру Ойындардың аккредиттеу орталықтарында жүзеге асырылады.
32-16. Осы Ереженің 32-2-32-3-тармақтарында көзделген жағдайларда Ойындарға қатысушылар оларға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің консулдық пункттерінде аккредиттеу карталары берілген сәттен бастап аккредиттелген болып саналады.
32-17. Аккредиттеу картасы Ойындарға қатысушыларға Ойындардың спорттық және өзге де мақсаттағы объектілеріне (Ойындарды басқару орталықтары, баспасөз орталықтары, Ойындарға қатысушыларды орналастыратын орындар) еркін кіруді қамтамасыз етеді.
32-18. Ойындарға қатысушыларды аккредиттеу туралы ақпаратты Ойындарды ұйымдастырушы уәкілетті мемлекеттік органдарға береді.
6. Осы Тәртiптi бұзғаны үшiн жауаптылық.
Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуы мерзiмiн қысқарту және кетiру
33. Осы Тәртiптiң нормаларын бұзу заңдармен көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
34. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуының мерзiмiн қысқарту және оларды Қазақстан Республикасынан кетiру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздемелер бойынша жүргiзiледi.
35. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуының мерзiмiн қысқарту туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес iшкi iстер органдары немесе ұлттық қауiпсiздiк органдары қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 13.03.03 ж. № 241 қаулысымен; 2005.20.07. № 756 қаулысымен (бұр.ред.қара) 36-тармақ өзгертілді
36. Кетiру туралы шешiмдi сот қабылдайды. Бұл ретте шетелдіктерді кетiрудi ұйымдастыру үшiн қажетті мерзiмге ұстауға жол берiледi. Оларды ұстау iшкi iстер органдарының арнайы мекемелерiнде жүргізiледi.
Кетiру бойынша шығыстарды кетiрiлетiн шетелдiк азаматтар не шетелдiктi Қазақстан Республикасына шақырған ұйымдар немесе жеке адамдар, ал ерекше жағдайларда iшкi iстер органдары көтередi.
Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына келу құқығынсыз келген адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету үшiн ол адамдарды әкелген көлiк ұйымы жауапты болып табылады.
37. Шетелдіктер заңдарда белгiленген тәртiппен өзiн Қазақстан Республикасынан кетiру және Қазақстан Республикасында болу мерзiмiн қысқарту туралы шешiмге шағымдануға құқылы.
38. Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық келiсiмдерiне сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланатын шетелдіктердің осы Тәртiптi бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi туралы, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында болу мерзiмiн қысқарту туралы мәселе дипломатиялық арналар бойынша шешiледi.
7. Халықаралық келiсiмдер
39. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық келiсiмдерiнде осы Тәртiпте қамтылғандардан өзгеше ережелер белгiленген болса, халықаралық келiсiмнiң ережесi қолданылады.
ҚР Үкіметінің 2010.19.10. № 1075 Қаулысымен 1-қосымшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді және 2011 жылғы 22 ақпанға дейін қолданылады)
Шетелдіктердің Қазақстан
Республикасына келуінің және болуының,
сондай-ақ олардың Қазақстан
Республикасынан кетуінің тәртібіне
1-қосымша
Аккредиттеу картасының нысаны
Ескертпе:
Акредиттеу картасының мөлшері - 10 см (ені)*15 см (биіктігі)
Деректер ағылшын тілінде енгізіледі
ҚР Үкіметінің 2010.19.10. № 1075 Қаулысымен 2-қосымшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді және 2011 жылғы 22 ақпанға дейін қолданылады)
Шетелдіктердің Қазақстан
Республикасына келуінің және болуының,
сондай-ақ олардың Қазақстан
Республикасынан кетуінің тәртібіне
2-қосымша
Сәйкестендіру картасының нысаны
Ескертпе:
Сәйкестендіру картасының мөлшері - 15 см (ені)*10 см (биіктігі)
Деректер ағылшын тілінде енгізіледі