3-тармақ 2003 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енді
3. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде бейбітшiлiкті қолдау және қауiпсiздiк жөнiндегі халықаралық міндеттемелердi орындауға тiкелей қатысқан және ұрыс қимылдарына араласқан Қарулы Күштер әскери қызметшілерiнiң осындай қатысу кезеңi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
33-бап. Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы заңнамасын бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жауаптылықта болады.
34-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң, 2003 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізiлетін 15-баптың 4-тармағын, 32-баптың 2 және 3-тармақтарын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы» 1993 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 8, 202-құжат; 1995 ж., № 8, 56-құжат; № 20, 120-құжат; № 22, 136-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 1999 ж., № 8, 233-құжат; 2002 ж., № 3, 22-құжат);
2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңын күшіне енгізу туралы 1993 жылғы 9 сәуірдегі Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 8, 203-құжат).
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. НАЗАРБАЕВ
Астана, 2005 жылғы қаңтардың 7-сі. № 29-III ҚРЗ