1. Су пайдаланушылар кооперативiнiң атқарушы органының құзыретiне осы Заңда, су пайдаланушылар кооперативiнiң жарғысында және су пайдаланушылар кооперативiнiң жалпы жиналысы (уәкiлдер жиналысы) мен байқаушы кеңесiнде қабылданған өзге де құжаттарда айқындалған, жалпы жиналыс (уәкiлдер жиналысы) пен байқаушы кеңесiнiң құзыретiне жатпайтын су пайдалану кооперативiнiң қызметiн қамтамасыз ету мәселелерi жатады.
2. Су пайдаланушылар кооперативiнiң үшiншi тұлғалармен қатынаста су пайдаланушылар кооперативi атқарушы органының өкiлеттiгіндегі өзi белгiлеген шектеулерге сiлтеме жасауға құқығы жоқ. Алайда, су пайдаланушылар кооперативi оның атқарушы органының үшiншi тұлғамен белгiленген шектеулердi бұза отырып жасасқан мәмiлесiнiң жарамдылығына, егер мәмiле жасалған кезде үшiншi тұлғаның мұндай шектеулер туралы бiлгендiгiн дәлелдесе, дауласуға құқылы.
21-бап. Су пайдаланушылар кооперативiнiң атқарушы органы мүшелерiнiң қызметiн шектеу
1. Су пайдаланушылар кооперативi атқарушы органының мүшелерiне:
1) жалпы жиналыстың (уәкiлдер жиналысының) келісімiнсiз су пайдаланушылар кооперативiмен одан мүлiктiк пайда алуға бағытталған мәмiлелер (сыйға беру, қарыз, өтеусiз пайдалану, сатып алу-сату және басқа шарттарды қоса) жасасуға;
2) су пайдаланушылар кооперативi үшiншi тұлғалармен жасасқан мәмiлелер үшiн су пайдаланушылар кооперативiнен, үшiншi тұлғалардан комиссиялық сыйақы алуға;
3) үшiншi тұлғалардың су пайдаланушылар кооперативiмен қатынасында солардың атынан әрекет етуге немесе солардың мүдделерiн қорғауға;
4) су пайдаланушылар кооперативiнiң қызметiмен бәсекелесетiн кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салынады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көзделген шектеулер су пайдаланушылар кооперативi атқарушы органы мүшелерiнiң жақын туыстары мен жекжаттарына да қолданылады.
3-тарау. Қорытынды ережелер
22-бап. Осы Заңды бұзғаны үшiн жауаптылық
Осы Заңның талаптарын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
23-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.
2. Осы Заң қолданысқа енгізiлгенге дейiн құрылған арнайы су пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары алты ай iшiнде осы Заңға сәйкестендiрiлуге және Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу туралы заңдарына сәйкес мемлекеттік қайта тiркеуден өткiзiлуге тиіс.
3. Құрылтай құжаттары осы Заңға сәйкес келтiрiлгенге дейiн заңды тұлғалар өздерiнiң қолданыстағы құрылтай құжаттарының ережелерiн Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне және осы Заңға қайшы келмейтiн бөлiгiнде басшылыққа алуға тиiс.
Қазақстан Республикасының