13) Майғындар - адамның мүшесіне әсер ету деңгейі бойынша аз қауіпті заттар және қауіптіліктің 4-сыныбына жатады. Майғындар өрт және жарылыс қауіпті материалдар болып табылмайды.
14) Битумдар - радиациялық қауіптіліктің II және III сыныбына жатады. Оларды қолданған кезде, қолданылатын шикізаттағы радионуклидтердің меншікті тиімділігін және жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың шекті-жол берілген шоғырлануын ескеру қажет.
15) Жол-құрылыс материалдарын қайта қолданған кезде, автомобиль жолын салу (қайта жаңарту, күрделі жөндеу) жобасында (келісім-шартында) оларды пайдалану негізделген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес пайдаланылған материалдың қалдық физика-механикалық ескерілуге тиіс.
6. Технологиялық процестердің қауіпсіздік талаптары
22. Жол-құрылыс материалдарын өндіру бойынша жұмыстарды орындаған кезде, әлеуетті қауіпті және зиянды өндірістік факторларға:
1) химиялық заттардың буларының, шаңның әсері;
2) діріл;
3) шу;
4) айналатын механизмдер;
5) ыстық битумдармен және қоспалармен түйісуден болатын терінің термикалық күю мүмкіндігі жатады.
23. Зиянды заттар шығарындыларының мөлшерін төмендету үшін, өнімнің әрбір нақты түріне арналған өндірістің Техникалық регламенттерінің, соның ішінде температуралық режим бойынша талаптарын сақтау қажет.
24. «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» технологиялық жабдық Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының талаптарына сәйкес болуға, саңылаусыздандырылуға, түтін газдарынан тазартуға арналған жабдықпен, шаң тазартқыш қондырғылармен және дыбыс өткізбейтін, оқшауланған қалқалармен жабдықталуға тиіс.
25. Жабдықты пайдалану кезінде, белгіленген тәртіппен жабдықты алдын ала тексеру және жөндеуді жүзеге асыру қажет.
26. Температураны, қысымды және басқа да өлшенетін параметрлерді бақылау үшін технологиялық процесте пайдаланылатын өлшеу құралдары мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің тізіліміне енгізілуге және белгіленген кезеңділікпен «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес тексерілуге тиіс.
27. Діріл тудыратын жабдық дірілдің жабдықтан топыраққа, жұмыс орнына және үй-жай конструкциясына берілуін шектейтін берік іргетастарға орнатылуы тиіс.
28. Жабдықтың діріл деңгейі 12 децибелден аспауға тиіс, дыбыстық қысым деңгейі кез келген октава жолағында - 135 децибел.
29. Ең көп шаң бөлінетін жердегі (тиеу, түсіру, материалды елекке, конвейерге беру орны) шағылтас пен қиыршықтасты сұрыптау, тазалау кезінде, жұмыс істеушілерді тас материалдың ұшып тиюінен қорғау үшін, қалқалармен оқшаулау керек (шарбақ, қалқалар және басқа түріндегі қоршау құрылғыларымен).
30. Кездейсоқ жанасу үшін қол жетімді, қозғалатын және айналатын механизм бөліктерін, егер олар қауіптілік көзі болып табылатын болса, тұтас немесе торлы қоршаулармен жабдықтау қажет.
31. Жарақаттану қаупін барынша азайту үшін, тас уатқыштардың тиеу алаңдарын, шұңқыр типті битум сақтау орындарын, битумды қазандықтар, битумды балқытатын және араластыратын қондырғылардың алаңдары мен баспалдақтарына, жұмыс істеушілерді тастардың кездейсоқ тиюінен сақтандыратын қалқалардың тиеу саңылауының үстіне орналастыра отырып, ернеулермен қоршайды.
32. Ашық полигондарда бетон араластырғыштарды, төңгершекті көтергіштері бар топырақараластырғыш жабдықты пайдаланып жұмыс істеген кезде, жұмыс істеушілерді түсіп кететін жол-құрылыс материалдарынан, сондай-ақ шығырдың үзіліп кету жағдайынан қорғау үшін, тиеу шөмішінің бағыттаушы швеллерлері төменнен және бүйірінен торлармен қоршалуға тиіс.
33. Дайындалған жол-құрылыс материалдары оларды тұтынушыға (тапсырыс берушіге) тиегенге дейін, осы Техникалық регламенттің қауіпсіздік талаптарына және нормативтік құжаттамада, шарттарда, келісім-шарттарда, белгіленген арналуы бойынша пайдалануға жарамдылық мерзімдеріне сәйкестігі бақылануға және қабылдануға тиіс.
7. Таңбалау кезіндегі қауіпсіздік талаптары
34. Жол-құрылыс материалдарының әр топтамасында және (немесе) көлік құралында тұтынушыға арналған мынадай ақпарат түріндегі таңбалау болуы тиіс:
1) шығарушы кәсіпорынның атауы және заңды мекен-жайы;
2) құжаттардың нөмірі және берілген күні (сапа паспорты, қауіпсіздік паспорты және (немесе) сынақтар хаттамалары);
3) тұтынушының атауы және мекен-жайы;
4) өнімнің атауы және оның үлгісі (маркасы);
5) өнімнің нақты түріне арналған нормативтік құжатты белгілеу;
6) өндіруші ел;
7) жарамдылық мерзімі;
8) табиғи радионуклидтердің меншікті тиімді белсенділігі;
9) физика-механикалық қасиеттері;
10) жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың құрамы және атмосфералық ауадағы, жер қыртысындағы, беттік және жер асты суларындағы және қоспалардағы ластаушы заттар құрамының нақты деңгейі бойынша ақпарат оны өндіріске қойған кезде өнімнің бастапқы топтамасымен нақты тұтынушыға, ал одан әрі өндіруде даулы жағдайларда, тапсырыс берушінің талап етуі бойынша ұсынылады.
Көрсетілген ақпарат тұтыну ыдысына, ол бар болған кезде тікелей түсіріледі, және (немесе) егер жол-құрылыс материалдары үйіліп тасымалданатын болса, ілеспе құжаттарға енгізіледі.
35. Көлік ыдысына қажет болғанда, жүктің қауіптілігін сипаттайтын көліктік таңбалау және манипуляциялық белгілер түсіреді.
Жол-құрылыс материалдарын олардың түріне байланысты таңбалау үшін мынадай белгілер:
1) «Ашық отты пайдалануға және темекі шегуге тыйым салынады»;
2) «Сумен сөндіруге тыйым салынады»;
3) «Өрт қауіпті. Тез тұтанатын заттар»;
4) «Абайлаңыз. Денсаулыққа зиянды аллергиялық (тітіркендіргіш) заттар»;
5) «Тыныс алу мүшелерін дербес қорғау құралдарымен жұмыс істеу керек»;
6) «Қорғаныш аяқ киіммен жұмыс істеу керек»;
7) «Қорғаныш қолғаппен жұмыс істеу керек»;
8) «Қорғаныш киіммен жұмыс істеу керек»;
9) «Қорғаныш көзілдірікпен жұмыс істеу керек» және басқа қорғау құралдары мен белгілерге арналған үйлестірілген стандарттарға сәйкес пайдаланылады.
8. Сақтау және тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптары
36. Бір-бірімен өзара әрекеттескенде, тұтану, жарылыс пайда болатын немесе жанғыш газдар түзетін жол-құрылыс материалдарын бірге сақтауға және тасымалдауға тыйым салынады.
37. Тас материалдарды сақтау материалдардың араласып кетуін болдырмайтын табиғи немесе арнайы дайындалған қатты бетте су қоймаларының суы қорғалатын аймағынан тыс жүргізілуге тиіс.
Тас материалдарды оларды бітеліп қалудан және ластанудан сақтандыратын жағдайларда сақтайды. Шығылтасты түйіршіктері бойынша бөлек сақтайды.
Тас материалдарды кез келген көлік түрімен үйінді түрінде тасуға рұқсат етіледі.
38. Минералды ұнтақтарды, цементті және органикалық емес тұтқыр материалдарды сақтау кезінде, олардың нығыздалуын (қотарып құю, ауамен қанығуы және т.с.с.) және ылғалдың әсер етуін болдырмау бойынша шаралар қабылдау керек.
Минералды ұнтақты, органикалық емес тұтқыр материалдарды аталған көлік түріне қолданылатын жүктерді тасымалдау ережесіне сәйкес, цементтасығыштармен, контейнерлермен, жабық вагон-шанақтарда немесе қарапайым жабық темір жол вагондарында көп қабатты қағаз немесе полиэтилен қаптарға буып-түйіп тасымалдайды.
Ұнтақты зауыт ішінде тасымалдау үшін, пневмокөлікті, сондай-ақ тасымалдауыштар, конвейерлер және қаптамамен жабылған иірліктерді пайдалану керек.
39. Битумдарды және битумды тұтқыр материалдарды осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, жылжымайтын немесе тасымалданатын қыздыру құралдарымен жабдықталған жабық металл немесе темір-бетон резервуарларда (сақтау орындарында) сақтау керек.
Мастиктер полиэтилен үлдірге немесе бүрмеқораптарға буып-түйілген текшелерде сақталады және тасымалданады.
Көлік құралдарында және сақтау орындарында буып-түю, тиеу (құю түсіру (ағызып жіберу) тазарту бойынша жұмыстарды орындаған кезде, қажеттілігіне қарай, өндіріс ерекшелігін ескере отырып, әрбір кәсіпорын үшін әзірленген қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтар мен ережелерді сақтау керек.
Битумдарды, битумды тұтқырғыштар мен мастиктерді сақтау және тасымалдау шарттары, олардың беткі және жерасты суына және жер қыртысына түсуін болдырмауды қамтамасыз етуге тиіс.
Сақтау орындары битумдарды және битумды тұтқыр материалдардың қауіпсіздік шарттарымен анықталған резервуарлар мен жабдықтардың сенімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиіс. Резервуарлардағы су мен ластануларды жылына бір рет алып тастап отыру керек.
Битумдарды және битумды тұтқыр материалдарды қолдану орнына битумтасығыштармен, автогудронаторлармен, қажет болғанда жылыту құрылғыларымен жабдықталған темір жол цистерналарымен тасымалдайды.
Мастиктерді кез келген көлік құралдарымен тасуға рұқсат етіледі.
Қоршаған ортаның көмірсутектерімен ластануын болдырмау, жарылыс қауіпсіздігімен және өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ету және еңбек жағдайын жақсарту үшін, шағылдырғыш-дискілер, шаю және резервуарларда тұнбалардың жиналуын болдыртпау жүйесін, сыйымдылықтарды тазартатын механикаландырылған құралдарды, темір жол және автомобилі цистерналарынан битумды тұтқыр материалдарды жылыту және құйып алуға арналған қондырғыларды, герметикалық құю және төгу қондырғыларын, жылжымайтын шланга құрылғысын, ағызу-құю операциялары процестерін автоматтандыру жүйелерін орнату қажет.
Битумдарды және битумды тұтқыр материалдарды судан және баска сүйықтықтардан босатылған темір жол және автомобиль цистерналарына құю керек.
Битумдарды және битумды тұтқыр материалдарды ағызу және құю режимі, сақтау және тасымалдау құралдарының құрылымы мен пайдалану шарттары электрстатикалық ұшқын қауіпсіздігі талаптарын қанағаттандыруға тиіс.
Эстакадалардың металл бөліктері, құбырлар, қотарып құятын жылжымалы құралдар, резервуарлар, автоцистерналар, телескопиялық түтіктер, түтік құбырлар мен ұштықтар ағызу және құю уақытында жерге қосылуы тиіс.
Мұнай өнімдерін ағызу-құю эстакадалары, мұнай өнімдері құйылған резервуарлар жай тартқыштармен жабдықталған болуға тиіс.
40. Ыстық қоспалар сақтауға жатпайды, оларды дайындағаннан кейін төсейтін жерге тасымалдайды және 60оС температура кезінде 110оС төмен болмайтын 131-200 пенетрациясы бар тұтқыр битумдар үшін 5 мм саңылауы бар тұтқырөлшеуіш бойынша шартты тұтқырлығы кезінде тұтқыр битумның маркасына байланысты (25оС температурада 0,1 мм иненің кіру тереңдігі кезінде) 120 оС темен болмайтын температурада төсейді. Беттік-белсенді заттарды немесе активтелген минерал ұнтақтарды пайдаланғанда, температураны 20оС төмендетуге рұқсат етіледі.
Салқын қоспаларды жазғы мезгілде ашық алаңдарда, ал күзгі-қысқы мезгілде - жабық қоймаларда немесе 2 аптадан бастап 8 айға дейін қалқаның астындағы қатарларда қолданылатын сұйық битумның нығыздалып қалуын болдырмауға арналған маркасына байланысты сақтау керек.
41. Дайын бетон қоспалар, ерітінділер, органикалық емес тұтқыр материалдармен өңделген шағылтас-қиыршықтасты-құмды қоспалар сақтауға жатпайды.
Құрғақ бетон қоспаларды полиэтилен үлдірден жасалған салмағы 8 кг дейінгі пакеттерде немесе салмағы 40 кг аспайтын қағаз қаптарда тасымалдайды және сақтайды.
Құрғақ қоспа салынған қаптар ораманың сақталуын және ылғал түсуден сақтандыруды қамтамасыз ететін жағдайда, 5 оС төмен болмайтын температурада сақталуға тиіс.
Дайын бетон ерітінділер мен қоспаларды тұтынушыға жеткізу үшін қолданылатын мамандандырылған түрдегі көлікпен жеткізіп береді.
Дайын бетон қоспаларды, ерітінділерді, органикалық емес тұтқыр материалдармен өңделген шағылтас-қиыршықтасты-құмды қоспаларды тасымалдаған кезде, оларға атмосфералық жауын-шашынның тиюін, біркелкілігінің бұзылу мүмкіндігін болдырмау, жолда салқын, жел және күн сәулесінің әсерінен сақтандыруды қамтамасыз ету қажет.
42. Жол белгісіне арналған қоспалар мен материалдарды олар тиісті түрде буып-түйілген, таңбаланған, қауіпсіз сақтау және тасымалдау бойынша ақпаратпен жабдықталған жағдайда, сақтауға және тасымалдауға рұқсат етіледі.
Жол белгісіне арналған қоспалар мен материалдарды сақтау және тасымалдау кезінде қамтамасыз етілуге тиіс:
1) қасиеттері мен қауіпсіздік көрсеткіштерінің кезекті өзгерісі болып өнімге рұқсат етілмеген қол жеткізуді болдыртпайтын буып-түюдің сақталуы, саңылаусыздығы, бүтіндігі және беріктігі;
2) әрбір топтамада сақтау шарттары мен мерзімдері көрсетілген қоса салынатын құжаттардың болуы;
3) қоспалардың адам өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктердің, қоршаған ортаның тіршілік әрекетіне қауіпті әсерін болдырмайтын, еңбекті қорғау тәсілдері мен әдістерін пайдалану;
4) жұмыс істейтін қызметкерлерге жеке және ұжымдық қорғау құралдарының, арнайы киім, жеке бас гигиенасы құралдарының, алғашқы медициналық көмек көрсету құралдарының берілуі;
5) жұмыс істеуші қызметкерлер құрамының сақтау және тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптары мен қауіпсіз жұмыс тәсілдері туралы ақпаратпен таныстырылуы;
6) жол белгісі үшін химиялық жолмен дайындалған қоспалар мен материалдарды сақтау және тасымалдау кезінде қорғау шаралары қауіпсіздік паспортында көрсетілуге тиіс;
7) қауіпсіздік паспортының болуы (химиялық негізі болатын қоспалар үшін).
43. Битумдалған жыныстарды (кирлерді) сақтауды сутартқышты және битумдалған жыныстарды (кирлерді) қатарлап салу кезінде топырақпен ластану мүмкіндігін болдырмауды қамтамасыз ететін бетон қаптамасы болатын объектінің жанындағы немесе рельстің жанындағы қоймаларда іске асыру қажет.
Битумдалған жыныстар (кирлер) негізіндегі салқын қоспаларды кепілдік сақтау мерзімі дайындалған күнінен бастап 6 айдан артық болмауы керек.
Битумдалған жыныстарды органикалық тұтқырлық құрамына байланысты битумдалған жыныстарды тасымалдауды жүкті өзі түсіретін автомобильдермен, шанақтың үстіне құмнан жабысуға қарсы қабатшалар немесе ұнтақ тәрізді материалдардан (минералды ұнтақ, талшықтас, бор, әк) су қойыртпақтарын салу қажет тіркемелермен және ернеулі автомобильдермен немесе қажет болса, жүк түсіруді және уақытша сақтауды қамтамасыз ететін арнайы жүксауыттармен жүзеге асыру керек.
44. Геосинтетикалық материалдарды сақтауды ауаның 80 %-дан артық болмайтын салыстырмалы ылғалдығында жабық қоймалық үй-жайларда жүргізу керек. Геосинтетикалық материалдарды жарылыс қауіпті және тез тұтанатын материалдар жанында, сондай-ақ жылыту аспаптарының маңында сақтауға рұқсат етілмейді. Геотор немесе мата емес геосинтетика материалының орамын сақтау кезінде биіктігі бойынша 7 қатардан артық болмай бір-біріне көлденең және параллель салынуы керек.
Геосинтетикалық материалдарды әрбір көлік түріне қолданылатын тасымалдау ережесін сақтай отырып, жабық көліктің барлық түрімен тасымалдауға рұқсат етіледі. Жұмыстарды өндіру учаскесі жанында геосинтетикалық материалдарды қоймалау үшін, күн сәулесінің тікелей түсу әсерін болдыртпайтын жағдайда жұмыс алаңы салынуға тиіс.
9. Пайдаға асыру және көму кезіндегі қауіпсіздік талаптары
45. Осы Техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін жол құрылыстары материалдарын өндірісінің жол құрылыстары материалдары мен қалдықтарын осы процестердің адамдардың өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктерге және қоршаған ортаға зиянды әсерін барынша азайтуға бағытталған қауіпсіздік шараларын сақтау кезінде заңнама талаптарына сәйкес қолдану керек.
46. Жол-құрылыс материалдарын пайдаланудың басым бағыты қайталама шикізат алынатын қалдықтарды пайдаға асыру болып табылады.
47. Жол-құрылыс материалдары және Техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін, пайдаға асыруға жарамайтын (әр түрлі ластану түрлерін ескере отырып), тазартуға келмейтін немесе тазарту қиын болатын өнеркәсіптік және химиялық өндіріс қалдықтарын термиялық залалсыздандыру қолданылып және (немесе) мамандандырылған (өнеркәсіптік) полигондарда көму керек.
10. Сәйкестікті растау
48. Жол-құрылыс материалдарының сәйкестігін міндетті түрде растау «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады:
1) міндетті түрде сертификаттау нысанында;
2) сәйкестік туралы декларацияны қабылдау нысанында.
49. Міндетті түрде сәйкестікті растауға жол-құрылыс материалдары жатады, соның ішінде 1-қосымшаға сәйкес жаңалары.
50. Міндетті сертификаты нысанында сәйкестікті растау «Сәйкестікті растау рәсімдері» Техникалық регламенті 1-қосымшасының № 2, 3, 4, 5, 7 сызбалары бойынша жүргізіледі.
51. Міндетті түрде сертификаттау нысанында сәйкестікті растау нақты өнім Қазақстан Республикасы қосылған және осы міндетті түрде сертификаттау нысаны көзделген халықаралық келісімдер, конвенциялар және басқа құжаттар жағдайда объектілері болып табылатын жағдайларда да қолданылады.
52. Талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін үйлестірілген стандарттардың тізбесі осы Техникалық регламентке 3-қосымшасында келтірілген.
11. Ауыспалы ережелер
53. Осы Техникалық регламент қолданысқа енгізілген сәттен бастап, Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын нормативтік-құқықтық актілер Техникалық регламент талаптарына сәйкес келтірілгенге дейін ұлттық қауіпсіздік мүдделерін қорғау, адамдардың өмірін немесе денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктерді, қоршаған ортаны қорғау мақсаттарына сәйкес келетін бөлімінде ғана міндетті орындауға жатады.
54. Жол-құрылыс материалдарының осы Техникалық регламент күшіне енгенге дейін берілетін белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар оларға белгіленген мерзім біткенге дейін жарамды болып саналады.
Техникалық регламентке
1-қосымша
«Жол-құрылыс материалдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің талаптары таралатын жол
құрылыстары материалдарының тізбесі
ҚР СЭҚ ТА коды | Материал атауы |
Міндетті сертификация формасында сәйкестікті растау үшін | Сәйкестік декларация формасында сәйкестікті растау үшін | |
1. Битум және битумдық тұтқырғыштар |
2713 2713 20 000 0; 2714 | | Жолдың мұнай битумы (тұтқыр, сұйық) |
2714 90 000 0 | | Полимерлі-битумды тұтқырғыш |
2713 90 | | Жол майғыны (анионды, катионды) |
2715 00 000 | | Құрамында битум болатын жыныстар (кирлер) |
2. Геосинтетикалық материалдар |
| 5603: 5603 14 900 0 | Геосинтетикалық материалдар (геосинтетикалық торшалар, геосинтетикалық торлар) |
3. Жағым |
1715 2715 00 000 0 | Жағым |
4. Жолды таңбалауға арналған материалдар |
3204 11 000 0; 3204 13 000 0; 3205 00 000 0; 3206 19 000 0; 3206 20 000 0; 3206 30 000 0; 3207, 3208; 3209; 3209 10 000; 3210 00 100 0; 3211 00 000 0; 3214 10 100 0; 3214 10 900 0 | | Астарлар, бояудақтар, бояулар, эмальдар, сылап бітеулер |
5. Қиыршықтас, шағылтас, шағылтастан жасалған қиыршықтас |
2517; 2517 10; 2517 10 100 0; 2517 10 200 0; 2517 20 000 0; 2517 30 000 0 | | Шағылтас (тау жыныстарынан, қиыршықтастан жасалған) және қиыршықтас және малтатас Қоспалар (шағылтасты-гравиялық-құмдық, құмдық-гравиялық) |
2515: 2515 12; 2515 12 200 0; 2515 12 500 0; 2516: 2516 11 000 0 | | Қара және түсті металлургия қождарынан және фосфорлы қождардан дайындалған шағылтас |
6. Қоспалар |
| 2515 00 000 0 3824 40 000 0 | Құрғақ (органикалық емес, органикалық, құрауышты) |
| 3913: 3913 10 000 0 | Термопластар |
| 3925: 3925 90 | Суық пластик |
7. Қоспалар |
2517 10 | 3816; 3816 44; 3824 50; 3824 50 100 0 6810 11 900 0 | Жол бетон қоспалары және цементбетон (гидротехникалық, ыстыққа берік, түсті, өте ауыр, қышқылға орнықты, беріктігі жоғары бетон, бетонполимер; фибробетон); |
3816; 3816 44; 3824 50; 3824 50 100 0 6810 11 900 0 | | ірі қуысты, кеуекті жеңіл бетон, көбікбетон, газ-бетон |
8. Құм |
2505; 2505 10 000 0 | | Құм (барлық түрлі табиғи, қиыршықтасты уатып елеу), боялған және боялмаған құмдар |
2505 90 000 0; 2506 | | Өнеркәсіп қалдықтарынан (қара, түсті және химия өнеркәсібінің) және өнеркәсіптің басқа салаларының уатылатын өнімдерді кезекті елеумен қазып алынған биметалл қалдықтарынан дайындалған құм |
9. Минералды ұнтақ |
2530; 2530 90; 2530 20 000 0; 2517 90 980 0; 2517 30 000 0 | | Карбонатты жыныстарда 11 дайындалған белсендірілген және белсендірілмеген минералды ұнтақ |
Карбонатты емес жыныстар мен өнеркәсіп қалдықтарынан дайындалған белсендірілмеген минералды ұнтақ |
10. Органикалық емес тұтқырғыштар |
2523; 2523 10; 2523 29 000 0; 2523 90 800 0; 2523 10 000 0 | | Цемент (портландцемент), гидравликалық цементтер |
2523 90 | | Қожды портландцемент, қожды цемент |
2523 30 | | Глиноземдік цемент |
2520, 2522 2522 10 000 0; | | Әктас |
2524 90 000 0; 2618 00 400 0; 2619 00 400 0; 2620 | | Өндіріс қалдықтары және әр түрлі өндіріс қождары негізіндегі тұтқырғыштар, асбоқалдықтар, бокситті қойыртпақтар |
11. Органоминералды және асфальтобетон қоспалар |
| 2715 00 000 0 | - қара қиыршықтас; - асфальтобетон, аэродромды жолқоспалары және асфальтобетон; - асфальтобетонды қиыршықтас-қою жақпа қоспалар; - құрамында битум болатын киржыныстарды қолданып жасалған асфальтбетон қоспалар; - полимерасфальтобетон, жол, аэродромды және полимерасфальтобетон қоспалар; - қара қиыршықтас-малтатас-құмды қоспалар |
12. Топырақтар |
| 2508 2508 40 000 0 | Тасты, байланыссыз (ірі сынықты және құмдар), тұтасқан (құмдақтар, саздақтар), балшықтар, лайлар, балшықты қалдықтар, шымтезекті топырақтар, шымтезектер |
Тоң |
Техногендік |
Органикалық тұтқыр материалдармен өңделген топырақтар |
Органикалық емес тұтқыр материалдармен өңделген топырақтар |
Тұрақтандырылған топырақтар |
Техникалық регламентке
2-қосымша
Зиянды заттар шоғырлануының шекті рұқсат етілген деңгейі
Заттың атауы | Елді мекендердің атмосфералық ауасындағы ШРШ шамасы, мг/м3 | ОБУВ мг/м3 | Жұмыс аймағының ауасындағы ШРШ шамасы, мг/м3 | Қауіптілік сыныбы |
орташа тәуліктік | ең үлкен бір реттік |
Азот диоксиді | 0,04 | 0,085 | | 2 | III |
Бенз/а/пирен | 0,1 мкг/100м3 | - | | 0,00015 | І |
Күкірт диоксиді | 0,05 | 0,5 | | 0,1 | ІІІ |
Стирол | 0,002 | 0,04 | | 30/10 | ІІ |
Толуол | - | 0,6 | | 150/50 | ІІ |
Шектелген көмірсутектер С1-С10 (С есептегенде) | - | 1,0 | | 300 | IV |
Фенол | 0,003 | 0,01 | | 0,3 | ІІ |
Сутегі хлориді | 0,1 | 0,2 | | 5 | ІІ |
Фосфорлы сутек | 0,001 | 0,01 | | | ІІ |
Фторлы сутек | 0,1 | 0,5 | | | І |
Цианисті сутек | | | | 0,3 | І |
Пентан | | | | 300,0 | IV |
Күкіртсутек | | | | 10,0 | ІІ |
Сірке кышқылы | 0,06 | 0,2 | | 5 | ІІІ |
Күйдіргіш сілтілер (NaОН есептегендегі ерітінділер) Натрий гидроксиді | | | 0,01 | 0,5 | ІІ |
Шыны тәрізді силикаттар (натрий силикаты) | | | 0,3 | 4 | ІІІ |
Натрий триполифосфаты | | | 0,5 | 10 | ІІ |
Ванадий пентаксиді | 0,002 | | | 0,5 | ІІ |
Көміртек оксиді | 3,0 | 5,0 | | 20 | IV |
Керосин | | | 1,2 | 300 | IV |
Бензин | 1,5 | 5 | | 100 | IV |
1,3-бутадиен | | | | 1,0 | ІІІ |
Винилцикло-гексан | | | 0,03 | | ІІІ |
Ксилол | | | | 0,2 | ІІІ |
а-метилстирол | | | | 0,04 | ІІІ |
Этилбензол | | | | 0,02 | ІІІ |
Метил-метакрилат | | | | 0,01 | IV |
Акрил қышқылының нитриді | | | | 0,05 | ІІ |
Құрамында SіО2 > 70 % болатын органикалық емес шаң (кварцтық құмның шаңы) | 0,05 | 0,15 | | | ІІІ |
Кальций оксиді | - | - | 0,3 | 1 | ІІ |
Кальций гидроксиді | 0,01 | 0,03 | 0,2 | 2 | ІІІ |
Кальций карбонаты | | | 0,5 | - | ІІІ |
Техникалық регламентке
3-қосымша
Үйлестірілген стандарттар тізбесі
1. МЕМСТ 12.0.001-82 ЕҚСЖ. Негізгі ережелер.
2. МЕМСТ 12.0.002-2003 ЕҚСЖ. Терминдер мен анықтамалар.
3. МЕМСТ 12.0.003-74 ЕҚСЖ. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар.
4. МЕМСТ 12.0.004-90 ЕҚСЖ. Еңбек қауіпсіздігіне оқытуды ұйымдастыру. Жалпы ережелер.
5. МЕМСТ 12.1.002-84 ЕҚСЖ. Өнеркәсіптік жиіліктің электр өрісі. Кернеуліктің рұқсат етілетін деңгейлері мен жұмыс орындарында бақылау жүргізуге қойылатын талаптар.
6. МЕМСТ 12.01. 003-83 ЕҚСЖ. Шу. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары.
7. МЕМСТ 12.01.004-91 ЕҚСЖ. Өрт қауіпсіздігі. Жалпы талаптар.
8. МЕМСТ 12.1.005-88. ЕҚСЖ. Жұмыс аймағының ауасына қойылатын жалпы санитарлық-гигиеналық талаптар.
9. МЕМСТ 12.1.007-76 ЕҚСЖ. Зиянды заттар. Жіктеу және
қауіпсіздіктің жалпы талаптары.
10. МЕМСТ 12.1.010-76 ЕҚСЖ. Жарылыс қауіпсіздігі. Жалпы талаптар.
11. МЕМСТ 12.1.012-2004 ЕҚСЖ. Діріл қауіпсіздігі. Жалпы талаптар.
12. МЕМСТ 12.1.014-84 ЕҚСЖ. Жұмыс аймағының ауасы. Зиянды заттардың шоғырлануын индикаторлық түтіктермен өлшеу әдісі.
13. МЕМСТ 12.1.029-80 ЕҚСЖ. Шудан қорғау құралдары мен әдістері.
14. МЕМСТ 12.1.044-89 (ИСО 4589-84) ЕҚСЖ. Заттар мен материалдардың өрт-жарылыс қауіпсіздігі. Көрсеткіштер номенклатурасы және оларды анықтау әдістері.
15. МЕМСТ 12.2.033-91 ЕҚСЖ. Өндірістік жабдық. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары.
16. МЕМСТ 12.3.002-75 ЕҚСЖ. Өндірістік процестер. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары.
17. МЕМСТ 12.3.009-76 ЕҚСЖ. Тиеу-түсіру жұмыстары. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары.
18. МЕМСТ 12.4.011-89 ЕҚСЖ. Жұмыс істейтіндерді қорғау құралдары. Жалпы талаптар және жіктеу.
19. МЕМСТ 12.4.012-83 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Діріл. Жұмыс орындарында дірілді өлшеу және бақылау құралдары.
20. МЕМСТ 12.021-75 ЕҚСЖ. Желдету жүйелері. Жалпы талаптар.
21. ҚР СТ 3.1-2001 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Сәйкестік белгісі. Техникалық талаптар.
22. ҚР СТ 3.9-2004 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Импортталатын өнімді сертификаттау. Жалпы ережелер.