Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешімдерiне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 28 наурыздағы № 362 қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 19 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) «Мемлекеттік білім мекемелерiнiң қаржылық, материалдық және валюталық түсiмдердi пайдалануының тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 22 қыркүйектегі № 1441 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 48, 443-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік білім мекемелерiнiң қаржылық, материалдық және валюталық түсiмдердi пайдалануының тәртібінде: 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Кiрiстер мен шығыстар сметаларын бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi бекiтедi.»;
8-тармақ алынып тасталсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Мемлекеттік білім мекемелерiнiң «Ақылы қызметтер көрсетуден алынған қаражат» деген ағымдағы шотын ашу, жүргiзу және жабу Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi.»;
2) «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Сот сараптамасы орталығы ұсынатын ақылы қызмет көрсетулердi iске асырудан түскен қаражатты пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 31 наурыздағы № 486 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Сот сараптамасы орталығы ұсынатын ақылы қызмет көрсетулердi iске асырудан түсетiн қаражатты пайдалану жөніндегі нұсқаулықта:
2-тармақтың екінші және үшінші абзацтарындағы «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекіткен» деген сөздер «бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бекіткен» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |