Отандық өндiрушiлердi мемлекеттік қолдауды күшейту жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 қарашадағы № 1204 қаулысы
(2007.28.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 31 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мұнай туралы» және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» заң күшi бар Жарлықтарына сәйкес Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды және Мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде мемлекет мүдделерінің тиiмдi қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгі Жер қойнауын пайдалану жөнiндегі операцияларды және Мұнай операцияларын жүргiзуге жасасылған келісім-шарттардың, өнiмдi бөлу туралы келісімдердің орындалуына Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген операцияларды жүргiзу кезінде отандық өндiрушiлердің тауарларын, жұмыстары мен көрсететiн қызметтерiн міндеттi түрде сатып алу туралы заңнама талаптарының сақталуы мәнiнде мониторинг жүргiзсiн және Қазақстан Республикасының Үкіметіне тоқсан сайын ақпарат ұсынсын.
2. ҚР Үкіметінің 2007.28.11 № 1139 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 15.11.04 ж. № 1201 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Қызметiнің негiзгi мәнi Қазақстан Республикасының аумағында Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды және Мұнай операцияларын жүргiзу кезінде отандық өндiрушiлердi тарту және заңнамада белгiленген тәртіппен тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетін қызметтерді сатып алуға арналған конкурстарда олардың мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету, озық технологияларды тарта отырып жаңа өндіpiстep құруда қазақстандық кәсiпорындар мен ұйымдарға жәрдемдесу, сондай-ақ тиiстi мониторингтi жүзеге асыру әрi орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік орындарға консультациялық қызмет көрсету деп белгіленіп, оның жарғылық капиталына даму институттары жүйесiнiң қалыптасуына негiзделген мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен «Қазақстандық келісім-шарт агенттiгi» жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастырсын;
2) Қоғамның мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiне иелiк ету және пайдалану құқықтарын берсiн;
4) Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігімен бiрлесiп, осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) «Акциялардың мемлекет пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестepi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтілген акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тiзбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлімі мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-41-жолмен толықтырылсын:
«21-41. «Қазақстандық келісім-шарт агенттiгi» ЖАҚ»;
2) «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекетi үлестеріне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне» деген бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 237-1a-жолмен толықтырылсын:
«237-1a. «Қазақстандық келісім-шарт агенттiгі» ЖАҚ»;
3). ҚР Үкіметінің 2007.28.11 № 1139 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |