Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың кейбір мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 маусымдағы № 563 Қаулысы
(2005.05.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 21 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Кейбiр республикалық мемлекеттік кәсiпорындар қызметiнiң салаларында бәсекелес ортаны дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң «Сақшы-На страже» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң «Сақшы-На страже» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi болып қайта құрылу жолымен;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң «Материалдық мәдениет ескерткiштерiнiң ғылыми-зерттеу және жобалау институты» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Көшпелiлердiң мәдени мұрасы проблемалары жөніндегі қазақ ғылыми-зерттеу институты» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi болып қайта құрылу жолымен;
3) ҚР Үкіметінің 2005.05.12. № 1194 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4) ҚР Үкіметінің 2005.17.11. № 1132 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық компаниясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы болып қайта құрылу жолымен;
6) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң «Көркемсурет көрмелері дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Көркемсурет көрмелерi және аукциондар дирекциясы» жауапкершілiгi шектеулі серiктестігi болып қайта құрылу жолымен;
7) ҚР Үкіметінің 2005.17.11. № 1132 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
8) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң «Қазақ мәдениет және өнертану ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Мәдени саясат және өнертану институты» жауапкершілiгi шектеулi серiктестігі болып қайта құрылу жолымен;
9) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт iстерi комитетiнiң «SPORT&ks» газетiнiң редакциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «SPORT&ks» газетiнің редакциясы» жауапкершiлігі шектеулі серіктестігі болып қайта құрылу жолымен;
10) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің «Алматы протездік-ортопедиялық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Алматы протездік-ортопедиялық орталығы» акционерлік қоғамы болып қайта құрылу жолымен;
11) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінiң «Семей протездік-ортопедиялық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Семей протездік-ортопедиялық орталығы» акционерлік қоғамы болып қайта құрылу жолымен;
12) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің «Петропавл протездiк-ортопедиялық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Петропавл протездiк-ортопедиялық орталығы» акционерлік қоғамы болып қайта құрылу жолымен;
13) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының «Оқжетпес» клиникалық шипажайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Оқжетпес» шипажайы» акционерлік қоғамы болып қайта құрылу жолымен;
14) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң «Қаржы жүйесiн ақпараттандыру орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қаржы жүйелерiн ақпараттандыру орталығы» акционерлік қоғамы болып қайта құрылу жолымен;
15) «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Шаруашылық басқармасы» акционерлік қоғамы болып қайта құрылу жолымен;
16) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетiнiң «Өрт сөндiрушi» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Өрт сөндiрушi» акционерлік қоғамы болып қайта құрылу жолымен;
17) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң «Қазақстанэнергия» ұлттық энергетикалық жүйесi» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны оған Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң «Алматыэнергия» және «Қарағандыэнергия» ҚЭЖ» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорындарын қосу жолымен;
18) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң «Өрт қауiпсiздiгi мен азаматтық қорғаныстың арнайы ғылыми-зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң «Өрт қауiпсiздiгi мен азаматтық қорғаныстың арнайы ғылыми-зерттеу орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны болып қайта құрылу жолымен;
19) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң «Өндiрiстiк-пайдалану кәсiпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Өндiрiстiк-пайдалану кәсiпорны» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң «ҚазАлкоОрталық» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң «Республикалық оқу-әдiстемелiк орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны;
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң «С.Х. Сұбханбердин атындағы Қазақстан медицинасы мен денсаулық сақтау тарихы мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны;
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң «Республикалық жiтi бақыланатын мамандандырылған үлгiдегi психиатриялық аурухана жанындағы емдеу-еңбек шеберханасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны;
5) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң «Ғылым» ғылыми баспа орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны таратылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң «Республикалық мемлекеттік жөндеу-құрылыс және қайта жаңарту басқармасы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң «Қазқайтажаңарту» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны болып қайта аталсын.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi кәсiпорындардың мемлекеттік басқару органдарымен бiрлесiп, жоғарыда аталған мемлекеттік кәсiпорындарды қайта ұйымдастыруға, таратуға және қайта атауға байланысты осы қаулыны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
1) «Мемлекеттік кәсiпорындар қызметiнiң кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 30 наурыздағы № 70-ө өкімімен құрылған жұмыс топтарының ұсынымдарын ескере отырып, коммуналдық меншiктiң жекелеген мемлекеттік мекемелерiн бәсекелес ортаға берудi;
2) түгендеу жүргiзу сәтiнде жұмыс iстемей тұрған коммуналдық меншiктiң мемлекеттік кәсiпорындарын таратуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
6. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар:
1) мемлекеттік кәсiпорындардың қызмет мәнiн «Мемлекеттік кәсiпорын туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңына сәйкес келтiру жөнiнде шаралар қабылдасын;
2) тиiстi жыл қорытындылары бойынша тұрақты негiзде мемлекеттік кәсiпорындардың қызмет түрлерiне талдау жүргiзсiн және бiр ай мерзiмде мемлекеттік кәсiпорындарды бәсекелес ортаға беру жөніндегі бар ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне енгiзсiн.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жүктелсiн.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |