айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзден бес жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.»;
«275-1-бап. Табиғат пайдалану жөніндегі заңсыз мәмiлелердi тiркеу
Табиғат пайдалану жөніндегі көрiнеу заңсыз мәмiлелердi тiркеу, табиғи ресурстарды мемлекеттік есепке алу мен мемлекеттік жер кадастрларының деректерiн бұрмалау, сол сияқты табиғи ресурстарды пайдаланғаны, қоршаған ортаны ластағаны, табиғи ресурстарды қорғағаны және молықтырғаны үшiн төлемдi қасақана төмендету, егер бұл әрекеттердi лауазымды адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып, пайдакүнемдік немесе өзге де жеке мүддесi үшiн жасаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзден бес жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.»;
8) 298-бап:
мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
«2-1. Заңсыз аңшылық, егер бұл әрекет елеулі залал келтiрiп жасалса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзден бес жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.»;
мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
«Ескерту. Осы бапта айлық есептік көрсеткіштен бір жүз және одан да көп есе асатын залал мөлшері елеулі залал деп танылады.»;
9) 320-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Есiрткi құралдарын немесе психотроптық заттарды сату мақсатынсыз көп мөлшерде заңсыз иемденіп алу, тасымалдау немесе сақтау -
жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.»;
10) мынадай мазмұндағы 324-1-баппен толықтырылсын:
«324-1-бап. Заңсыз медициналық қызмет және есiрткi құралдарын немесе психотроптық заттарды алуға құқық беретiн рецептердi немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау
Медициналық немесе фармацевтикалық қызметке сертификаты және (немесе) лицензиясы жоқ тұлғаның қызметтiң осы түрiмен айналысуы, егер бұл абайсызда адамның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бір жүзден бес жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.»;
11) 375-бап мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
«2-1. Діни ұйымдардың заңды қызметіне кедергі келтіру -жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзден бес жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.»;
12) мынадай мазмұндағы 394-1, 468-1, 468-2, 474-1-баптармен толықтырылсын:
«394-1-бап. Шығарып жiберу туралы шешiмдi орындамау
Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың өздерiне қатысты қабылданған Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жiберу туралы шешiмдердi орындамауы -
айлық есептiк көрсеткiштiң бір жүзден бес жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.»;
«468-1-бап. Көлiк құралдарын жүргiзушi адамдардың жол жүрісі және көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы
Автомобильдi, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлiк құралын жүргiзушi адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адамның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтiрсе, -
айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзден бес жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.»;
«468-2-бап. Көлiкте қолданылатын қағидаларды бұзу
Жол, құрылыс және басқа ұйымдарда басқару мiндеттерiн атқаратын және жолдар мен жол құрылыстарын, олардың жабдықтарын пайдалану, сондай-ақ жол жүрісін ұйымдастыру үшiн жауапты адамдардың көлiкте қолданылатын тәртiп қорғау және қозғалыс қауiпсiздiгi қағидаларын бұзуы, егер ол:
а) iрi залал келтiруге;
б) денеге орташа ауырлықтағы зақым келтiруге әкеп соқса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзден бес жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
Ескерту. Осы бапта ірі залал деп айлық есептік көрсеткіштен бір жүз есе асатын мөлшерде жеке тұлғаға келтірілген залал не айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын мөлшерде ұйымға немесе мемлекетке келтірілген залал танылады.»;
«474-1-бап. Көлiк құралдарын сапасыз жөндеу және оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару
Көлiк құралдарын, қатынас жолдарын, белгi беру немесе байланыс құралдарын не өзге көлiк жабдықтарын сапасыз жөндеу, сол сияқты көлiк құралдарының техникалық жағдайына жауапты адамның техникалық ақауы бар екенi белгiлi көлiк құралдарын пайдалануға шығаруы, егер бұл әрекеттер абайсызда денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтiрсе, -
жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.»;
13) 475-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Көлік құралы иесінің немесе иеленушісінің алкогольдік, есірткілік немесе өзге де масаю күйіндегі адамды көлік құралын жүргізуге жіберуі, егер бұл абайсызда денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соқса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзден бес жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.»;
14) мынадай мазмұндағы 512-5-баппен толықтырылсын:
«512-5-бап. Машиналарды жүргізу немесе пайдалану қағидаларын бұзу
Әскери, арнайы машинаны немесе көлік машинасын жүргізу немесе пайдалану қағидаларын бұзу адамның денсаулығына абайсызда орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соқса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзден бес жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.»;
15) 541-баптың бірінші бөлігінде:
«79-5,» деген цифрлардан кейін «79-6,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«85-2 (екінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «85-3,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«87-2,» деген цифрлардан кейін «87-3, 87-4,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«136» деген цифрлар «136 - 136-2» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«145» деген цифрлар «144-1, 145, 146-1» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«151,» деген цифрлардан кейін «151-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«155-1 (төртінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «155-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«233,» деген цифрлардан кейін «234-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«246 (екiншi бөлiгiнде),» деген сөздерден кейін «275-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«320 (бірінші бөлігінде)» деген сөздер «320 (бірінші және 1-1-бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«326» деген цифрлар «324-1, 326» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«394 (екiншi бөлiгiнде),» деген сөздерден кейін «394-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«468 (бірінші және екінші бөліктерінде),» деген сөздерден кейін «468-1, 468-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«473 (үшінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «474-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«512-1 - 512-4» деген цифрлар «512-1 - 512-5» деген цифрлармен ауыстырылсын;
16) 619-баптың бірінші бөлігінің 1-1) тармақшасы «79-5» деген цифрлардан кейін «, 79-6» деген цифрлармен толықтырылсын;
17) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
екінші абзацта:
«79-5,» деген цифрлардан кейін «79-6, 83-1, 85-3,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«86-1,» деген цифрлардан кейін «87-3, 87-4,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«136,» деген цифрлардан кейін «136-1, 136-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«203,» деген цифрлардан кейін «234-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«298 (екiншi бөлiгi)» деген сөздер «298 (екiншi және 2-1-бөлiктерi)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«318 - 321,» деген цифрлардан кейін «324-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«394 (екiншi бөлiгi),» деген сөздерден кейін «394-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«468 (бірінші және екінші бөліктері),» деген сөздерден кейін «468-1, 468-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«474,» деген цифрлардан кейін «474-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
алтыншы абзацтағы «512-4» деген цифрлар «512-5» деген цифрлармен ауыстырылсын;
тоғызыншы абзацтағы «298 (екiншi және үшiншi бөлiктерi)» деген сөздер «298 (екiншi, 2-1 және үшiншi бөлiктерi)» деген сөздермен ауыстырылсын;
отыз үшінші абзацта:
«145» деген цифрлар «144-1, 145, 146-1» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«151,» деген цифрлардан кейін «151-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«155,» деген цифрлардан кейін «155-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«157,» деген цифрлардан кейін «159 (үшінші және төртінші бөліктері),» деген сөздермен толықтырылсын;
«218-1 (жетінші бөлігі),» деген сөздерден кейін «275-1,» деген цифрлармен толықтырылсын.
2-бап. Осы Заң, 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 10), 22) тармақшаларын және 23) тармақшасының төртінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2011 жылғы қаңтардың 18-і.
№ 393-IV ҚРЗ