4-баптың 9-тармағының бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Мемлекеттік органдар, дербес білім беру ұйымдары және олардың ұйымдары, оның iшiнде аталған ұйымдарда білім беру бағдарламаларын енгiзетiн және (немесе) iске асыратын шетелдiк заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өкiлеттiктер шегiнде жүзеге асыратын қызметтi қоспағанда, лицензиялау талап етiлетiн қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға немесе белгiлi бiр iс-әрекеттер (операциялар) жасауға лицензия болған жағдайда ғана жол берiледi.».
9. «Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
1) 14-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, білім беру ұйымы лицензиясы болған жағдайда әртүрлi деңгейдегi оқыту бағдарламаларын iске асыруға құқылы.»;
2) 26-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Дербес білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеу рәсімін қолданбастан, аталған ұйымдар айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар адамдардың;»;
3) 39-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарға теңестіріледі.»;
4) 40-бапта:
2-тармақтағы «Бiлiм» деген сөз «Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, білім» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «Бiлiм» деген сөз «Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, білім» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 47-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Білім беру саласындағы уәкілетті орган «Назарбаев Зияткерлік мектептерін» бітіргеннен кейін білім туралы құжат алған адамдарға білім беру гранттарын алуға арналған конкурсқа қатысу үшін ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері туралы сертификаттар береді. Сертификаттардың балдары білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін шәкіл бойынша қорытынды бағаларды (балдарды) ауыстыру арқылы белгіленеді.».
2-бап. Осы Заң, 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2011 жылғы қаңтардың 19-ы.
№ 395-IV ҚРЗ