1) тиісті техникалық құжаттаманың;
2) меншік құқығындағы өндірістік ғимарат пен жабдықтардың (меншік құқығындағы зауыт, цех, шеберхана, станоктар, механизмдер, құрал-саймандар, бақылау-өлшеу аспаптары) (меншік немесе жалдау құқығын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері);
3) мыналарды:
жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
өнімнің сапасын өндіріс ішінде бақылауды;
еңбек қауіпсіздігін бақылауды;
метрологиялық бақылауды қамтамасыз ететін қызметтердің;
4) тиісті білім деңгейіне жауап беретін және мамандығы бойынша осы салада практикалық жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылар мен мамандардың біліктілік құрамының (тегін, атын, әкесінің атын, мамандығы бойынша білімін, лауазымын, осы саладағы жұмыс өтілін қамтитын жиынтық кесте);
5) өтініш берушінің лицензияланатын қызмет түрін орындауы үшін өндірістік, техникалық мүмкіндіктерінің болуы туралы Мемэнергияқадағалау (энергетикалық, жарылыстан қорғалған электр техникалық жабдықтарды жөндеу) өнеркәсіптік және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік саласындағы аумақтық органдардың тексеру актісінің болуын қамтиды.
ҚР Үкіметінің 2008.30.12. № 1296 Қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2009.03.03. № 237 Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13. Электр энергиясын электрмен жабдықтау мақсатында сатып алу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары тұтынушыларды электр энергиясымен жабдықтауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға (оның ішінде филиалдарға, өкілдіктерге) және жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлерге) қолданылады және мыналардың болуын қамтиды:
1) тиісті білім деңгейіне жауап беретін білікті басшылар мен мамандар құрамының (тегін, атын, әкесінің атын, мамандығы бойынша білімін, лауазымын, осы саладағы жұмыс өтілін қамтитын жиынтық кесте);
2) тұтынушылармен (абоненттік қызметтер, учаскелер) жұмысты, жедел диспетчерлік қызметті қамтамасыз ететін қызметтердің (персоналдың) немесе диспетчерлік қызмет көрсету жөніндегі қандай да бір заңды диспетчерлік орталықпен шарттың (ниет хаттамасының) болуы;
3) банк анықтамасымен расталған кемінде 10000 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айналым қаражатының;
4) тұтынушыларға, оның ішінде өңірден тысқары жерлерге электр энергиясын жеткізудің өтініш беруші мен энергия өндіруші және (немесе) энергия беруші ұйымдардың арасында, авария болған жағдайда резервтен орнын толтыру шартымен тұтынушыға дейін электр энергиясын жеткізуге және тасымалдауға арналған шарттардың немесе ниеттер хаттамаларының болуымен бірге техникалық мүмкіндігінің;
ҚР Үкіметінің 2008.30.12. № 1296 Қаулысымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) меншік құқығында (шаруашылық жүргізу не жедел басқару) немесе лизинг, концессия, жалдау, сенімді басқару шарттары бойынша тұтынушылармен жұмыс істеуге және абоненттік қызметтерді орналастыруға арналған (құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері) ғимараттың немесе үй-жайдың.
Біліктілік талаптарына
1-қосымша
Өтініш берушінің лицензия алуға біліктілігі туралы мәліметтер
1. Өтініш берушінің атауы және заңдық мәртебесі
____________________________________________________________
2. Тіркелген жері ____________________________________
3. Мекен-жайы мен негізгі қызмет орны, оның ішінде филиалдары және өкілдіктері ___________________________________________
____________________________________________________________
4. Лицензия __________________________________________
(қызметтің түрі, № және берілген күні, лицензияның көшірмесі қоса беріледі)
5. Өтініш берушінің соңғы жылдары көрсеткен қызметтерінің түрлері
____________________________________________________________
6. Өтініш берушінің ұсынымдарымен кейін тәжірибеге енгізілген жұмыстардың тізбесі (1-кесте).
1-кесте
Р/с № | Объектілердің атауы және тұрған жері | Тапсырыс берушілердің атауы | Жұмыстардың мақсаты, сипаты және ұсынымдардың мәні |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
7. Жетекші штат қызметкерлерінің біліктілігі мен тәжірибесі (2-кесте).
2-кесте
Р/с № | Т.А.Ә. | Лауазымы | Білімі бойынша мамандығы | Сертификаттарының, дипломдарының, біліктілікті арттыру жөніндегі куәліктерінің болуы | Осыған ұқсас объектілерде- гі жұмыс тәжірибесі |
| | | | | |
| | | | | |
8. Техникалық жарақтандырылуы туралы мәліметтер.
____________________________________________________________
9. Біліктілігі туралы мәліметтердің дұрыстығын растаймын.
Лауазымы ___________
Қолы _______________ МО (Т.А.Ә.) _________
2-қосымша. ҚР Үкіметінің 2008.09.06. № 552 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Біліктілік талаптарына
3-қосымша
Объектінің паспорты
«Бекітемін»
кәсіпорын басшысы
_________________
(ТАӘ)
_________________
(күні, қолы, мөрі)
____________________________________________________________
(кәсіпорынның атауы)
____________________________________________________________
(заңды мекен-жайы, телефондары, телефаксы )
____________________________________________________________
(объектінің тұрған жері)
_____________________________________________________ объекті
(мұнай-, газ қоймасы, мұнай-, газ-, ағызу-құю эстакадасы, мұнай базасы, автомайқұю станциясы, газтолтыру станциясы және пункті, автоцистерна, автогазқұю станциясы, автогазтолтыру станциясы, көмірсутек газы бар баллондарды жинау пункті)
Сақтаудағы өнім көлемі _____________________________________
Технологиялық жабдық (тех.паспорттардың көшірмелері)
Р/с № | Атауы | Қолданылуы | Пайдалану мерзімдері | Куәландыру мерзімдері |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1311 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Өнеркәсіп саласындағы қызметтің лицензияланатын түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 мамырдағы № 556 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 18, 189-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 және 1999 жылғы 10 мамырдағы № 556 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 1 наурыздағы № 334 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 2 наурыз № 344 қаулысының 1-тармағының 3) тармақшасы.
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 мамырдағы № 556 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1373 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 46, 468-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 және 1999 жылғы 10 мамырдағы № 556 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қазандағы № 1015 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 40, 419-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 және 1999 жылғы 10 мамырдағы № 556 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 мамырдағы № 525 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 22, 277-құжат).
7. «Өнеркәсіп саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерінің құрамына кіретін жұмыстар мен қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 тамыздағы № 820 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 32, 437-құжат).
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 тамыздағы № 820 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 1243 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 48, 616-құжат).