6. Тектiк инженерия (тектiк түрлендiру) негiзiнде алынған сорттардың тұқым топтарын Қазақстан Республикасына әкелуге тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның келісімiмен жол берiледi.
7. Қазақстан Республикасына әкелiнетiн тұқым топтарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өсiмдiктер карантинi жөніндегі бақылау, фитосанитариялық және тұқымдық сараптама жасалуға тиiс.
20-бап. Тұқым сапасына кепiлдiктер
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Тұқым өткізушілер тұқымдардың сорттық және егу сапасы олардың сапасын растайтын iлеспе құжаттарда көрсетiлген мәлiметтерге сәйкестiгiне кепiлдiк бередi.
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Тұқымдардың сорттық және егу сапасы iлеспе құжаттарда көрсетiлген мәлiметтерге сәйкес келмеген жағдайда тұқым өткізушілер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауапты болады.
3. Сатып алынған тұқымдарға кепiлдiктер тұқым шаруашылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде, мемлекеттік стандарттарда және басқа да нормативтiк құжаттарда белгiленген мерзiм iшiнде қолданылады.
5-тарау. Тұқымның сорттық және егу сапаларын анықтау тәртібі
21-бап. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерi тұқымдарының сорттық сапасын анықтау
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 21-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерi тұқымдарының сорттық сапасын анықтау нормативтік құқықтық актілерде, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкес егiстердi байқаудан өткізу, жерге егiп бағалау және зертханалық сорттық сынақтар арқылы жүргiзiледi және аттестатталған тұқым өндiрушiлер үшiн мiндеттi болып табылады.
2. Тұқымдары тұқым шаруашылығы субъектiлерiнiң сатуына немесе өздерiнiң тұқымдық егiстерiне пайдалануына арналған ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң сорттық егiстерiне мiндеттi түрде байқау өткiзiлуге тиiс.
3. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттік тiзiлiмiне енгiзiлген сорттарының бiрегей және элиталық тұқымдары жерге егiп бағалануға тиiс.
4. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттік тiзiлiмiне енгiзiлген сорттарының кейiннен сатылуға арналған элиталық тұқымдары мен бiрiншi көбейтiлген тұқымдары зертханалық сорттық сынақтан өткiзiлуге тиiс.
22-бап. Тұқымдардың егу сапасын анықтау
1. Сатуға және егу үшiн пайдалануға тиісті тұқымдардың егу сапасын анықтау осы Заңда белгiленген тәртiппен аттестатталған тұқым сапасының сараптамасы жөніндегі зертханаларда тұқымдардың сынамаларын iрiктеп алу және оларға кейiннен талдау жасау арқылы жүргiзiледi.
2. Сатылуға тиісті тұқым топтарының сынымаларын іріктеп алуды тұқым өндiрушi өкiлiнiң қатысуымен тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүргiзедi.
3. Тек қана егуге арналған тұқымдар тобынан сынамаларды iрiктеп және (немесе) тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі аттестатталған зертханаларда тиiстi дайындықтан өткен тұқымды өндiрушiлер (олардың өкiлдерi) жүргiзедi.
23-бап. Тұқымдарға құжаттама жасау
1. Тұқымдардың сорттық және егу сапасын куәландыратын тиiстi құжаттарсыз оларды iшкi рынокта, экспорт және импорт кезiнде сатуға, сондай-ақ тұқымдарды егу үшiн пайдалануға жол берiлмейдi.
2. Сату және тасымалдау кезiнде бiрегей, суперэлиталық және элиталық тұқымдарға - тұқым аттестаты, бiрiншi және одан кейiнгi көбейтiлген тұқымдарға тұқым куәлiгi қоса берiледi.
3. Тұқым шаруашылығы субъектiлерi егу үшiн өзi өсiрген тұқымды пайдаланған жағдайда байқаудан өткізу актiсi мен тұқымдардың кондициялылығы туралы куәлiк не байқаудан өткізу aктici мен тұқымдарға талдау жасау нәтижесi олардың сорттық және егу сапасын растайтын құжаттар болып табылады.
4. Тұқым өндiрушiлер тұқымға аттестатты немесе тұқымға куәлiктi, аттестатталған байқаудан өткізушiлер және тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханалар берген, олардың сорттық және егу сапасын растайтын құжаттар (сорттық егiстердi байқаудан өткізу актiсi, тұқымның кондициялылығы туралы куәлiк, тұқымға талдау жасау нәтижелерi) негiзiнде бередi.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 23-1-баппен толықтырылды
23-1-бап. Тұқымдарды кәдеге жарату және жою кезіндегi қауіпсіздіктің жалпы талаптары
1. Тұқымдық сараптау нәтижелері бойынша мақсатына қарай пайдалану үшін жарамсыз деп танылған тұқымдар техникалық регламенттерде белгіленген тәртіппен қосымша өңделуге, кәдеге жаратылуға және (немесе) жойылуға тиіс.
Сараптама жүргізуге және оларды одан әрі пайдалану мүмкіндігі немесе жою қажеттігі туралы шешім қабылдауға қажетті кезеңде тұқымдар қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жағдайлар сақтала отырып, жеке үй-жайларда сақталуға тиіс.
2. Мақсатына қарай пайдалануға жарамсыз тұқымдарды тасымалдауға, сақтауға, сараптауға, пайдалануға немесе жоюға байланысты шығындарды олардың иесі төлейді.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 23-2-баппен толықтырылды
23-2-бап. Тұқымдардың қауіпсіздігі мен сапасы туралы ақпаратқа қойылатын талаптар
Тұқымдардың қауіпсіздігіне және оның өмірлік циклі процестеріне қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын әрекеттердің алдын алу мақсатында тұқым өндірушілер сатып алушыларға және (немесе) тұтынушыларға тұқымдардың қауіпсіздігі мен сапасының көрсеткіштері туралы толық және дәйекті ақпарат беруге міндетті.
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен мазмұн 5-1-тараумен толықтырылды
5-1-тарау. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорт сынағы
23-3-бап. Сорттардың патент қабілеттілігін және
шаруашылыққа пайдалылығын сараптау және сынау
Ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының патент қабілеттілігі және шаруашылыққа пайдалылығы тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган бекітетін өсімдіктер тегі мен түрлерінің тізбесіне сәйкес мемлекеттік сынақ және (немесе) өтініш берушінің деректері бойынша бағаланады.
23-4-бап. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорт сынағын қаржыландыру көздері
Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорт сынағы бойынша шығыстарды қаржыландыру:
1) бюджет қаражаты;
2) мемлекеттік сорт сынағы саласындағы қызмет көрсетулерге ақы төлеу тәртібімен түсетін қаражат;
3) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорт сынағы нәтижесінде алынған өнімдерді өткізуден түсетін қаражат;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүргізіледі.
6-тарау. Тұқым шаруашылығы саласындағы дауларды шешу және жауапкершілік
24-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезіндегі дауларды шешу
Тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезiнде туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 25-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
25-бап. Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының