31-бап. Арнаулы құралдар мен күш қолдану
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметкерлерi күш және арнаулы құралдарды, оның iшiнде күрестің жауынгерлік тәсілдерiн, қолкісендерді, резина таяқтарды, көзден жас ағызатын заттарды, алдандырғыш әсерi бар жарық-дыбыстық құрылғыларды, үй-жайларды ашуға, көлiктi ерiксiз тоқтатуға арналған құрылғыларды, су атқылағыштарды, қызметтiк жануарларды, брондалған машиналар мен тiзбесiн Үкiмет анықтайтын басқа да арнаулы және көлiк құралдарын:
1) қылмыстық-атқару жүйесi түзеу мекемелерiнiң, ұйымдарының және органдарының аумағындағы азаматтарға, қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметкерлерi мен қылмыстық-атқару жүйесiнде жұмыс iстейтiн өзге де адамдарға жасалған шабуылдарды тойтару;
2) кепiлге алынған адамдарды босату, жаппай тәртiпсiздiктiң, түзеу мекемелерiнде жаза өтеудiң белгiленген тәртібін топтасып бұзушылықтың жолын кесу;
3) қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiне, ұйымдары мен органдарына тиесiлi үйлерге, үй-жайларға, ғимараттарға, көлiк құралдарына, жер учаскелерiне жасалған шабуылды тойтару, сондай-ақ оларды басып алудан босату үшiн;
4) егер сотталғандар қашып кетуi мүмкiн деп санауға жеткiлiктi негiздер болса, оларды айдап апару және күзету;
5) егер сотталғандар қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiнiң қызметкерлерiне бағынбаса немесе қарсылық көрсетсе, олардың заңды талаптарына қасақана бағынбаса, елiре қарсылық көрсетсе, жаппай тәртiпсiздiкке, кепiлге адам алуға қатысса, азаматтарға шабуыл жасаса немесе өзге де осы секiлдi iс әрекеттер жасаса, оларды ұстау;
6) түзеу мекемелерiнен сотталғандардың қашуы немесе қашқындарын ұстау кезiнде құқыққа қарсы iс-әрекеттердiң жолын кесу;
7) ұсталған және сотталған адамдардың айналасындағыларға немесе өзiне-өзi залал келтiруiн болдырмау;
8) қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметкерлерiнiң заңмен жүктелген мiндеттерiн жүзеге асыруына қасақана кедергі келтiретiн адамдардың құқыққа қарсы іс-әрекеттерiнің жолын кесу үшiн қолдануға құқығы бар.
2. Айналадағылардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiндей шабуыл жасаған, топтасып шабуыл жасаған не қарулы қарсылық көрсеткен жағдайларды қоспағанда, арнаулы құралдар мен тәсiлдердi әйелдерге, мүгедектiктiң белгiсi анық көрiнiп тұрған адамдарға және жас балаларға қолдануға тыйым салынады.
32-бап. Атыс қаруын қолдану
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерi атыс қаруын:
1) азаматтарды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, нақ сондай кепiлге алынған адамдарды босату;
2) қылмыстық-атқару жүйесi органдарының, ұйымдары мен мекемелерiнiң қызметкерлерiне және олардың отбасы мүшелерiне, қылмыстық-атқару жүйесiнде жұмыс iстейтiн адамдарға жасалған шабуылды тойтару;
3) қызметтiк жасаққа, қылмыстық-атқару жүйесi органдарының, ұйымдары мен мекемелерiнiң үй-жайларына, қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметкерлерi күзететiн объектiлерге шабуылды тойтару;
4) қарсылық көрсеткен не қылмыс жасау кезiнде қолға түсiп қалған, түзеу мекемелерiнен қашқан адамдарды, сотталғандарды ұстау;
5) егер жүргiзушi қылмыстық-атқару жүйесiнiң жедел-iздестiру шараларын жүзеге асырушы қызметкерлерiнiң заңды талаптарына бағынбаса, көлiк құралдарын оларға зиян келтiре отырып тоқтату;
6) жануарлардың шабуылынан қорғану;
7) аттандап немесе көмекке шақырып дабыл қағу;
8) сондай-ақ барлық өзге де қажеттi қорғаныс пен аса қажеттiлiк жағдайларында қолдануға құқығы бар.
2. Қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, кепiлге адамдар алған, көлiк құралдарын, оның iшiнде әуе кемесiн басып алған, не топтасып шабуыл жасаған жағдайларды қоспағанда, әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты қару қолдануға тыйым салынады.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкері қару мен арнаулы құралдар қолданған жағдайларда, айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету және жоғары тұрған әділет органдары мен прокурорға хабарлау үшін қажетті шараларды қолдануға міндетті.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді); 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 4 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерi арнаулы құралдар мен тәсiлдер, қару қолдану арқылы зақым келтiргенi үшiн, егер олардың әрекеттерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылса, жауапты болмайды.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді); 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 5 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерi қарумен, оқ-дәрiлермен, әскери техникамен және арнаулы құралдармен қамтамасыз етiледi, олардың тiзбесi мен нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
5-тарау. Әділет органдарының ұйымдастырылуы мен қызметінің өзге де мәселелері
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 33-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 33-бап өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
33-бап. Әдiлет органдарын қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Әдiлет органдарын қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерiн материалдық-техникалық қамтамасыз етудiң тәртібі мен нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 34-баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді)
34-бап. Қорытынды және өтпелi ережелер
1. 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.24.06 № 46-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Осы Заңның оңалту орталықтарының қызметiн ұйымдастыру жөніндегі мiндеттердi орындау бөлiгiне қатысты ережелерi қажетті жағдайлар жасалуына қарай, бiрақ 2009 жылғы 1 қаңтардан кешiктiрiлмей қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Астана, Ақорда, 2002 жылғы наурыздың 18-і.
№ 304- ІІ