3. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
4. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қаржыландыру заңдарда белгiленген тәртiппен бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 16-бап өзгертілді
16-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
ғылыми зерттеулер
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулердi Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық бейiміндегі ғылыми-зерттеу ұйымдары жүзеге асырады.
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органмен бiрлесе отырып, осы аталған ұйымдар:
асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттік ғылыми-техникалық бағдарламалар;
асыл тұқымдық малды өз төлiнен өсiру процесiн жетiлдiру әдiстерi мен тәсiлдерiн;
асыл тұқымды өнiмдi (материалды) бағалау мен тектiк бақылауды әдiстемелерi мен техникалық құралдарын;
асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерiн жасауды жүзеге асырады.
4-тарау. Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) тану және оны бағалау
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 17-бап жаңа редакцияда; 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
17-бап. Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) тану және асыл тұқымдық куәлік беру
2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Өнiм (материал) мынадай жағдайларда, егер:
асыл тұқымдық куәлігі болса;
ұрық аттестатталған малды асылдандырушы орталықтарда асыл тұқымды малдан алынып, сұрыпталса және асыл тұқымдық куәлігі болса;
эмбрионды малды өз төлiнен өсiру жөнiнде қызмет көрсететiн аттестатталған жеке және (немесе) заңды тұлғалар аттестатталған асыл тұқымды мал зауытынан, малды асылдандырушы шаруашылықтан алып, сұрыптаса және асыл тұқымдық куәлігі болса;
аурудан және бактериялармен ұрықтанудан амандығы туралы ветеринариялық куәлiгi болса, ол асыл тұқымды деп танылады.
2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Егер экспорттаушы елдiң ресми органдары импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) берген немесе оған балама құжатты асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган таныса және аталған куәлiк халықаралық нормаларға сәйкес келсе, ол асыл тұқымды деп танылады.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 18-бап өзгертілді; 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-бап. Асыл тұқымды малдың ұрықтары мен эмбриондарын оларды өсiру мақсатында пайдалану шарттары
Асыл тұқымды малдың ұрықтары мен эмбриондары, егер:
олар тиiсiнше асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы аттестатталған субъектiлерде алынған;
олардың асыл тұқымдық куәліктері болған жағдайларда пайдаланылады.
олар сәйкестендiру мақсатында анық белгiленген (малда эмбрион табылған жағдайда, ол таңбалануға тиiс);
олардың сәйкестiк сертификаттары (асыл тұқымдық куәлiктерi) болған жағдайларда пайдаланылады.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 19-бап жаңа редакцияд; 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
19-бап. Асыл тұқымды өнімдi (материалды) бағалау
Асыл тұқымды өнiм (материал) мiндеттi түрде бағалануға тиiс.
Бағалауды асыл тұқымдық құндылықты анықтау жөнiнде қызмет көрсететiн аттестатталған жеке және (немесе) заңды тұлғалар асыл тұқымды малдың шығу тегiн, өнiмдiлiгiн, олардың тектiк ақаулығы жоқтығын, сондай-ақ ұрықтың немесе эмбриондардың шығу тегi мен сапасын анықтау және құжатпен растау мақсатында жүргiзедi.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 20-бап өзгерді; 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
20-бап. Асыл тұқымды тұқымдық малды бағалау
Тұқымды өз төлiнен өсiру үшiн iрiктеп алынған асыл тұқымды тұқымдық мал төлiнiң сапасы және (немесе) өзiнiң өнiмдiлiгi жөнiнен тексеруге және бағалауға жатады.
Асыл тұқымды тұқымдық малды тексерудi малдың асыл тұқымдық құндылығын анықтау жөнiнде қызмет көрсететiн аттестатталған жеке және (немесе) заңды тұлғалар жүргiзедi.
Асыл тұқымды тұқымдық малды тексеру мен бағалау асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейтiн тәртiппен жүргiзiледi.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 21-бап өзгертілді
21-бап. 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
субъектiлердiң қызметiн ұйымдастыру
14.12.01 ж. № 269-II; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 22-бап өзгертілді
22-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi заңды тұлғаларды құрмай жүзеге асыратын жеке тұлғаларға тиiсiнше, егер Қазақстан Республикасы заңдарынан немесе құқықтық қатынастың мәнiнен өзгеше туындамаса, осы Заңның асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiн реттейтiн ережелерi қолданылады.
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiткен нысандар бойынша деректердi есепке алуды жүргiзедi және есептiлiктi облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), жергілікті атқарушы органдарына табыс етедi.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 23-бап жаңа редакцияда
23-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң түрлерi
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлерге:
асыл тұқымды мал зауыттары;
малды асылдандырушы шаруашылықтар;
малды асылдандырушы орталықтар;
дистрибьютерлiк орталықтар;
малды өз төлiнен өсiру жөнiнде қызмет көрсететiн жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
малдың асыл тұқымдық құндылығын анықтау жөнiнде қызмет көрсететiн жеке және (немесе) заңды тұлғалар жатады.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 24-бап жаңа редакцияда; 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
24-бап. Асыл тұқымды мал зауыттары қызметiнiң негiзгi бағыттары
Асыл тұқымды мал зауыттары қызметiнiң негiзгi бағыттары:
белгiлi бiр тұқымдарға жататын сапасы анықталған зауыттық типтегi малды өсiру, жетiлдiру және сату;
асыл тұқымды малдың, соның iшiнде шектеулi тектiк қоры бар тұқымдардың тектiк әлеуетiн асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудың бекітілген бағдарламалары шеңберiнде және ғылым жетiстiктерiне сәйкес жетiлдiру;
ауыл шаруашылық малының жаңа тұқымдарын, зауыттық типтерiн, тұқымдық желiлерiн, кросстарын және тұқым топтарын өсiрiп шығару;
асыл тұқымдық куәліктер беру болып табылады.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңына сәйкес 25-бап жаңа редакцияда; 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 25-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
25-бап. Малды асылдандырушы шаруашылықтар қызметiнiң негiзгi бағыттары
Малды асылдандырушы шаруашылықтар қызметiнiң негiзгi бағыттары:
асыл тұқымды малдың белгiлi бiр тұқымдарын, тұқымдық желiлерiн, типтерiн және кросстарын, соның iшiнде шектеулi тектiк қоры бар тұқымдарды ұстау, оларды өз төлiнен өсiру, өсiру, сондай-ақ шығарылған асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сату;
асыл тұқымды малдың тектiк әлеуетiн асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудың бекітілген бағдарламалары шеңберiнде және ғылым жетiстiктерiне сәйкес жетілдіру;
асыл тұқымдық куәліктер беру болып табылады.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 26-бап жаңа редакцияда
26-бап. Малды асылдандырушы орталықтар қызметiнің негiзгi бағыттары
1. Малды асылдандырушы орталықтар қызметiнiң негiзгi бағыттары:
1) тұқымдық малдың ұрығын алу, жинақтау және сақтау;
2) тұқымдық малдың асыл тұқымдық құндылығын төлдiң сапасына қарай анықтау;
3) асылдандырушылар деп танылған тұқымдық малдың ұрығын сату;
4) эмбриондарды сатып алу, сақтау және сату;
5) ұрық пен эмбриондарды пайдалану нәтижелерiн есепке алу, олар туралы деректер банкiн жүргiзу;
2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) тектiк қормен алмасуды жүзеге асыру;
2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) асыл тұқымдық куәліктер беру болып табылады.
2. Малды асылдандырушы орталықтардағы тұқымдық малдың тұқым және сан құрамын асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган ғылыми ұйымдармен бiрлесе отырып, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламасының шеңберiнде аймақтық мамандануға, тұқым жерсiндiрiлуiне қарай және Қазақстан Республикасының аналық малды қолдан ұрықтандыруды өткiзуге арналған ұрыққа деген қажеттiлiктерiн ескере отырып, белгiлейдi.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 27-бап жаңа редакцияда; 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 27-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
27-бап. Асыл тұқымды өнiм (материал) сату жөніндегі
дистрибьютерлiк орталықтар қызметiнің негiзгi бағыттары
Асыл тұқымды өнiм (материал) сату жөніндегі дистрибьютерлiк орталықтар қызметiнiң негiзгi бағыттары асылдандырушылар деп танылған тұқымдық малдың ұрығын және эмбриондарды сатып алу, сақтау және сату, сондай-ақ асыл тұқымдық куәліктерді беру болып табылады.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 28-бап жаңа редакцияда
28-бап. Малды өз төлiнен өсiру жөнiнде қызмет көрсететiн жеке және (немесе) заңды тұлғалар қызметiнiң негiзгi бағыттары
Малды өз төлiнен өсiру жөнiнде қызмет көрсететiн жеке және (немесе) заңды тұлғалар қызметiнiң негiзгi бағыттары:
қолдан шағылыстыру;
қолдан ұрықтандыру;
эмбриондарды телу (алмастырып салу) болып табылады.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 28-1-баппен толықтырылды
28-1-бап. Малдың асыл тұқымдық құндылығын анықтау жөнiнде қызмет көрсететiн жеке және (немесе) заңды тұлғалар қызметiнiң негiзгi бағыттары
Малдың асыл тұқымдық құндылығын анықтау жөнiнде қызмет көрсететiн жеке және (немесе) заңды тұлғалар қызметiнiң негiзгi бағыттары асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiткен әдiстемелерге сәйкес асыл тұқымды малдың асыл тұқымдық құндылығын және асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) сапасын анықтау оларды сәйкестендiру болып табылады.
6-тарау. ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен алып тасталды
7-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
дауларды шешу және оның қызметiн жүзеге асыру кезіндегі жауаптылық
30-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезіндегі дауларды шешу
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезiнде туындаған даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.
31-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы заңдарын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
8-тарау. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды
мал шаруашылығы саласындағы халықаралық ынтымақтастығы
32-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы халықаралық ынтымақтастығы
Қазақстан Республикасы мал шаруашылығы саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың дамуына жәрдемдеседi.
33-бап. Шетелдiң қатысуымен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық жасау құқығы
Шетелдiң қатысуымен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында жобаларды жүзеге асыруға қатысатын Қазақстан Республикасының заңды және (немесе) жеке тұлғалары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шетел азаматтарымен және (немесе) шетелдiк заңды тұлғалармен шарттар жасасады.
Қазақстан Республикасының
Президентi