3) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау жөніндегі есептемелерді жүргізуді;
4) объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды дайындауды қамтиды.
Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерге тәуелсіз бағалау жүргізу нәтижелері қорытынды түрінде ресімделеді.
Сарапшы ұйым қорытынды жасалғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде қорытындының көшірмесін уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне табыс етеді.
Қорытындының қолданылу мерзімі үш жылды құрайды.
3. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау мемлекеттік меншік объектілерінде, адамдар жаппай жиналатын және тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде жүргізілмейді.
Қатерлерді тәуелсіз бағалау нәтижелері объектілерді қатер дәрежесі бойынша бөлу үшін негіз болып табылады.
25-2-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу
1. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеуді уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Өзінің штатында мынадай талаптардың біріне сай келетін:
1) өрт қауіпсіздігі саласында жоғары білімі бар;
2) өзге жоғары білімі және мемлекеттік және (немесе) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерде кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, арнайы оқыту курстарынан өткен кемінде үш маманы бар ұйымдар сарапшы ұйымдар бола алады.
Сарапшы ұйымдар үшін мамандарды арнайы оқыту курстары мамандандырылған оқыту ұйымдарында өткізіледі, оларға қойылатын талаптарды, сондай-ақ арнайы оқыту курстарынан өту шарттары мен тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
3. Аккредиттеу үшін ұйым мынадай құжаттарды:
1) өтінішті;
2) ұйым жарғысының нотариат куәландырған көшірмесін;
3) ұйымды заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін;
4) ұйым мамандарының білімі туралы, мемлекеттік және (немесе) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердегі жұмыс стажы, сондай-ақ олардың арнайы оқыту курстарынан өткені туралы құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;
5) ұйымдарға меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде тиесілі үй-жай, жабдық туралы мәліметтерді ұсынады.
4. Аккредиттеу туралы құжаттарды қарау және олар бойынша шешім қабылдау үшін тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылады, оның құрамы мен қызмет тәртібін уәкілетті органның басшысы айқындайды.
Комиссия аккредиттеу туралы құжаттарды қарауды олар уәкілетті органға түскен кезден бастап есептелетін отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Оң шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган сарапшы ұйымдардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізеді және өтініш берушіге аккредиттеу аттестатын береді.
5. Ұсынылған құжаттар осы баптың 2 және 3-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Аккредиттеуден бас тартылған жағдайда, өтініш берушіге бес жұмыс күні ішінде мұндай бас тартудың себептері көрсетіле отырып, дәлелді жазбаша жауап жіберіледі.
6. Аккредиттеу мәселелері бойынша даулар туындаған кезде өтініш берушілер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
7. Уәкілетті орган берген аккредиттеу аттестаттары Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жарамды және олардың қолданылу мерзімі бес жыл.
Аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі аккредиттеу туралы шешім қабылданған кезден бастап есептеледі.
Аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты сарапшы ұйым қайта аккредиттеу үшін осы бапта көзделген құжаттарды табыс етеді.
8. Аккредиттеу аттестатында:
1) ұйымның атауы (аты және ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету), орналасқан жері;
2) аккредиттеу аттестатының тіркеу нөмірі;
3) аккредиттеу аттестатының сарапшы ұйымдардың мемлекеттік тізілімінде тіркелген күні;
4) аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі көрсетіледі.
Аккредиттеу аттестатының бланкілері қатаң есептілік құжаттары болып табылады, олардың қорғанышы мен нөмірі болады.
Аккредиттеу аттестаты жалғыз данада беріледі, аккредиттеу аттестатын басқа заңды тұлғаларға беруге тыйым салынады.
Жоғалған, бүлінген аккредиттеу аттестаттары сарапшы ұйым уәкілетті органға жазбаша өтініш (аккредиттеу аттестатының жоғалу, бүліну фактісін растайтын құжаттарды қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп саналады.
Уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аккредиттеу аттестатының телнұсқасын беруді жүргізеді.
9. Аккредиттеу аттестатынан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
10. Аккредиттеу аттестатының қолданылуы мынадай:
1) сарапшы ұйымның аккредиттеу аттестатының қолданылуын тоқтату туралы өтініш беруі;
2) аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімінің өтуі;
3) заңды тұлғаның таратылуы;
4) аккредиттеу аттестатынан айыру негіздері бойынша тоқтатылады.
11. Аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылған жағдайда, сарапшы ұйым аккредиттеу аттестатын уәкілетті органға он күн мерзімде қайтаруға міндетті.
6-тарау. Өрт қауіпсіздігі саласындағы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік
26-бап. Өрттердi және олардың зардаптарын тексеру
Өрттердi тексеру және олардың зардаптарын анықтау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
Өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң бұзылғаны немесе лауазымды адамдар мен азаматтардың әрекетсiздiгi анықталған жағдайда тексеру материалдары кiнәлiлердi жауапқа тарту үшiн тиiстi органдарға берiлуге тиiс.
27-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы заңдарды және өзге де нормативтiк актiлердi бұзғандық үшiн жауапкершiлiк
Өрт қауiпсiздiгi туралы заңдарды және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi бұзғаны үшiн жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
28-бап. Азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге өрт келтiрген залалды өтеу
Өрттердiң салдарынан азаматтардың денсаулығына, мүлкiне қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге келтiрiлген залалды өтеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен 28-1- баппен толықтырылды
28-1-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің жауапкершілігі және олардың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану құқығы
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері өздерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.
2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен 7-тараудың тақырыбы жана редакцияда (бұр. ред. қара)
7-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
29-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы дауларды шешу тәртібі
Өрт қауiпсiздiгi саласындағы дауларды Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен соттар шешедi.
30-бап. Өртке қарсы қызметтiң жұмысында заңдылықтың сақталуын қадағалау
Өртке қарсы қызметтiң жұмысында заңдылықтың сақталуын қадағалауды мемлекет атынан Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүзеге асырады.
31-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы халықаралық шарттар
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда белгiленгеннен өзгеше ережелер көзделсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен 32-баппен толықтырылды
32-бап. Өтпелі ережелер
2009 жылғы 1 қаңтарға дейін ішкі қызметтің (өртке қарсы қызметтің) полковнигі немесе ішкі қызметтің (өртке қарсы қызметтің) генерал-майоры арнайы атақтары берілген мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері мынадай шекті жасқа:
1) ішкі қызметтің (өртке қарсы қызметтің) полковнигі - елу жасқа;
2) ішкі қызметтің (өртке қарсы қызметтің) генерал-майоры елу бес жасқа жеткенде қызметтен босатылуға құқылы.
Қазақстан Республикасының