501-бап. Кеден органдары лауазымды адамдарының, оның ішінде зейнеткерлікке шыққан адамдардың тұрғын үй құқықтары
1. Кеден органдарының лауазымды адамдары мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.
2. Қызметте жүрген кеден органдарының лауазымды адамдары қызметтік тұрғын үйге теңестірілген өзі тұратын тұрғын үйді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жекелешелендіре алады.
3. Кеден органдарының лауазымды адамдары және зейнеткерлікке шыққан адамдар, сондай-ақ кеден органдарының қайтыс болған лауазымды адамының отбасы басқа тұрғын үй берілмей, қызметтік немесе қызметтік тұрғын үйге теңестірілген тұрғын үйден шығарып жіберуге жатпайды.
502-бап. Кеден органдарының лауазымды адамдарына, оның ішінде зейнеткерлікке шыққан адамдарға медициналық қызмет көрсету
Кеден органының лауазымды адамдары және олармен бірге тұратын отбасы мүшелері, сондай-ақ зейнеткерлікке шыққан адамдар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінде медициналық қызмет көрсетуді пайдаланады.
61-тарау. Кеден органдарының және олардың лауазымды адамдарының жауаптылығы
503-бап. Кеден органдарының жауаптылығы
1. Кеден органдары Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
2. Кеден органдарының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін актілерді шығаруы салдарынан келтірілген зиян кеден органдарының Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеуіне жатады.
504-бап. Кеден органдары лауазымды адамдарының жауаптылығы
Кеден органдарының лауазымды адамдары заңсыз шешімдері, іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық және өзге де жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2010 жылғы маусымның 30-ы.
№ 296-IV