«2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 Қаулысы
(2010.29.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 10 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2010.01.03. № 150 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.31.03. № 250 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.12.10. № 1053 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. 2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет мынадай көлемде атқарылуға қабылдансын, оның ішінде 2010 жылға:
1) кірістер - 3 413 771 966 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 1 886 864 566 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 59 711 418 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 26 378 092 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 1 440 817 890 мың теңге;
2) шығындар - 3 897 666 677 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 35 467 864 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 138 985 636 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 103 517 772 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 284 278 703 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 284 778 703 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 500 000 мың теңге;
5) тапшылық - 752 909 394мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өніміне 4,2 пайыз;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 803 641 278 мың теңге.
2. Қоса беріліп отырған:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес (қызмет бабында пайдалану үшін) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бюджеттік инвестициялық жобаларының тізбесі бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 250 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.12.05. № 406 Қаулысымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.12.10. № 1053 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.29.11. № 1274 Қаулысымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Мыналар:
1) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін күтіп-ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
2) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын білім беру объектілерін күтіп-ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
3) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу үшін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу:
«Өзін-өзі тану» кабинеттері үшін жабдықтар сатып алуға;
мектепке дейінгі ұйымдарды, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын, біліктілік арттыру институттарын «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу материалдарымен қамтамасыз етуге;
4) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін күтіп-ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
5) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
6) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне арнаулы әлеуметтік қызметтер стандарттарын енгізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
7) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне медициналық-әлеуметтік мекемелерде күндіз емделу бөлімшелері желісін дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
8) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
9) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне медициналық-әлеуметтік мекемелерде тамақтану нормаларын ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
10) осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
11) осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдарға; 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 3 қыркүйек аралығындағы кезеңде майдандағы армия құрамына кірмеген әскери бөлімдерде, мекемелерде, әскери-оқу орындарында әскери қызмет өткерген, «1941 - 1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен немесе «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған әскери қызметшілерге, оның ішінде запасқа (отставкаға) шыққандарға, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) адамдарға біржолғы материалдық көмек төлеуге, сонымен қатар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдері, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жол жүруін, сондай-ақ оларға және олармен бірге жүретін адамдарға Мәскеу, Астана қалаларында мерекелік іс-шараларға қатысуы үшін тамақтануына, тұруына, жол жүруіне арналған шығыстарын төлеуді қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу
11-1) осы қаулыға 13-1-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне «Мак» операциясын жүргізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
12) осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ветеринария саласындағы жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелерін ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер сомасын бөлу;
13) осы қаулыға 15-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер сомасын бөлу;
14) осы қаулыға 16-қосымшаға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне «жалғыз терезе» қағидаты бойынша халыққа қызмет көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер сомасын бөлу;
15) осы қаулыға 17-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
15-1) осы қаулыға 17-1-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
16) осы қаулыға 18-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және Астана және Алматы қалаларының көшелерін күрделі және орташа жөндеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
17) осы қаулыға 19-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұқым шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
18) осы қаулыға 20-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
19) осы қаулыға 21-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдарын және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
20) осы қаулыға 22-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
21) осы қаулыға 23-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
22) осы қаулыға 24-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызу мен өсіруді қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
23) осы қаулыға 25-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығы өнімділігін және өнімінің сапасын арттыруды субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
24) осы қаулыға 26-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
25) осы қаулыға 27-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
26) осы қаулыға 28-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін берілетін бюджеттік кредиттердің сомасын бөлу;
27) осы қаулыға 29-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға:
негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыруға;
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедиалық кабинеттер құруға берілетін ағымдағы трансферттердің сомасын бөлу;
28) осы қаулыға 30-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасында кәсіптік және техникалық білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде кәсіптік лицейлер үшін шетелдік ағылшын тілі оқытушыларын тартуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
29) осы қаулыға 31-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға:
жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға;
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
30) осы қаулыға 32-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға стипендиялардың мөлшерін ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
31) осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттердің аражігін ажырату шеңберінде қоршаған ортаны қорғау саласында берілетін функцияларды іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
32) осы қаулыға 34-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын іске асыру шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға берілетін нысаналы даму трансферттерінің сомасын бөлу;
33) осы қаулыға 35-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын іске асыру шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға берілетін бюджеттік кредиттердің сомасын бөлу;
34) осы қаулыға 36-қосымшаға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға берілетін нысаналы даму трансферттерінің сомасын бөлу;
35) осы қаулыға 37-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға және (немесе) сатып алуға берілетін нысаналы даму трансферттерінің сомасын бөлу;
36) осы қаулыға 38-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға сыйақының нөлдік ставкасы бойынша берілетін бюджеттік кредиттердің сомасын бөлу;
36-1) осы қаулыға 38-1-қосымшаға сәйкес Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне коммуналдық техниканы сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
37) осы қаулыға 39-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктерін беруге байланысты облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен түсетін трансферттер түсімдерінің сомасын бөлу;
38) осы қаулыға 40-қосымшаға сәйкес жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде көзделген әлеуметтік салық пен жеке табыс салығының салық салынатын базасының өзгеруін ескере отырып бюджет саласындағы еңбекақы төлеу қорының өзгеруіне байланысты облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен түсетін трансферттер түсімдерінің сомасын бөлу;
38-1) осы қаулыға 40-1-қосымшаға сәйкес көлік құралдарына мемлекеттік техникалық байқау жүргізу жөніндегі функцияларды беруге байланысты облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен түсетін трансферттер түсімдерінің сомасын бөлу;
39) осы қаулыға 41-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің сомасын бөлу;
40) осы қаулыға 41-1-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне халықаралық маңызы бар іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
41) осы қаулыға 41-2-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде жеке меншік кәсіпкерлікті қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
42) осы қаулыға 41-3-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттерінің сомасын бөлу;
43) осы қаулыға 41-4-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне көші-қон полициясының қосымша штат санын ұстауға, материалдық-техникалық жарақтандыруға, оралмандарға құжат беруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
44) осы қаулыға 41-5-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Оралмандарды уақытша орналастыру орталығын және Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығын ұстауға және материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
ҚР Үкіметінің 2010.25.03. № 233 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.12.05. № 406 Қаулысымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.23.08. № 827 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.27.09. № 980 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.12.10. № 1053 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.29.11. № 1274 Қаулысымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттан өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде жұмыспен қамтамасыз етуге облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мынадай іс-шараларды қаржыландыруға ағымдағы нысаналы трансферттерді және нысаналы даму трансферттерін аудару үшін 101 634 921 мың теңге мөлшерінде сома бөлінсін:
мектептерді, ауруханаларды және басқа да әлеуметтік объектілерді күрделі және ағымдағы жөндеуге, сондай-ақ білім беру объектілерінің сейсмотұрақтылығын күшейтуге 32 897 630 мың теңге, оның ішінде мынадай республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша:
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне 2 217 076 мың теңге;
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігіне 2 688 724 мың теңге;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне 17 695 641 мың теңге;
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 1 455 991 мың теңге;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне 8 761 648 мың теңге;
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігіне 78 550 мың теңге.
Осы қаулыға 42-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мектептерді, ауруханаларды және басқа да әлеуметтік объектілерді күрделі және ағымдағы жөндеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын, сондай-ақ Алматы қаласының және Алматы облысының бюджетіне білім беру объектілерінің сейсмотұрақтылығын күшейтуге берілетін нысаналы даму трансферттерінің сомасын бөлу бекітілсін;
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне - облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, қалалардың және елді мекендердің көшелерін жөндеуге және ұстауға, сондай-ақ салуға және реконструкциялауға 19 490 848 мың теңге.
Осы қаулыға 43-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, қалалардың және елді мекендердің көшелерін жөндеуге және күтіп-ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын, сондай-ақ облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, қалалардың және елді мекендердің көшелерін салуға және қайта жаңартуға берілетін ағымдағы даму трансферттерінің сомасын бөлу бекітілсін;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне - кенттердегі, ауылдардағы (селолардағы), ауылдық (селолық) округтердегі әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға 3 607 890 мың теңге.
Осы қаулыға 44-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне кенттердегі, ауылдардағы (селолардағы), ауылдық (селолық) округтердегі әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу бекітілсін;
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі - инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жөндеуге және дамытуға және қалалар мен елді мекендерді жайластыруға 32 962 031 мың теңге.
Осы қаулыға 45, 46-қосымшаларға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне қалалар мен елді мекендердің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жөндеуге және жайластыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын, сондай-ақ облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне қалалар мен елді мекендердің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға және жайластыруға берілетін нысаналы даму трансферттерінің сомасын бөлу бекітілсін;
Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігіне кадрларды даярлауға және қайта даярлауға 4 553 265 мың теңге.
Осы қаулыға 47-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне кадрларды даярлауға және қайта даярлауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу бекітілсін;
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне әлеуметтік жұмыс орындары және жастар практикасы бағдарламасын кеңейтуге 6 284 965 мың теңге.
Осы қаулыға 48-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасы бағдарламасын кеңейтуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу бекітілсін;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің денсаулық сақтау объектілерін күрделі және ағымды жөндеуге 1 000 000 мың теңге.
Осы қаулыға 49-қосымшаға сәйкес мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің денсаулық сақтау объектілерін күрделі және ағымды жөндеуге берілетін соманы бөлу бекітілсін;
Қазақстан Республикасы Мәдениет министірлігіне мәдениет және ақпарат объектілерін күрделі және ағымды жөндеуге 838 292 мың теңге.
Осы қаулыға 50-қосымшаға сәйкес мәдениет объектілерін күрделі және ағымды жөндеуге берілетін соманы бөлу бекітілсін.
5. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі уәкілетті орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп, облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру үшін бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді және нысаналы даму трансферттерін аударуды қамтамасыз етсін.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен және уәкілетті орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп, өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыруға бөлінген қаражаттың мақсатты әрі тиімді пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
7. Осы қаулыға 51-қосымшаға сәйкес мемлекеттік тапсырмалардың тізбесі бекітілсін.
8. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен келісім бойынша 2010 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес инвестициялық жобалар мен 42 - 48-қосымшаларға сәйкес өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде қаржыландырылатын инвестициялық жобалар бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы бекітіп беру туралы шешімді бекітсін.
9. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 2010 жылғы 15 қаңтарға дейінгі мерзімде:
1) ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың негізгі және айналым қаражатын толықтыруға қаржы институттары беретін кредиттер бойынша, жабдықтар лизингі бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау;
2) облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің осы қаулының 3-тармағының 13), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24) тармақшаларында көрсетілген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі туралы ережелердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
10. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 2010 жылғы 15 қаңтарға дейінгі мерзімде «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит беру шарттарын айқындау туралы шешімнің жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
11. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, 2010 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратылған қарыз алушыларға Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жекелеген актілерінің негізінде бұрын «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» акционерлік қоғамының теңгеріміне берілген кредиттер бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің талаптарын тоқтату туралы шешімнің жобасын заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.