Тұрғын үй құрылысы объектілерін салуды аяқтаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1163 Қаулысы
(2010.28.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 13 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулысында:
көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарында:
«Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу» деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу үшін «Самұрық-Қазына» қорының оның жарғылық капиталына жүз пайыз қатысатын «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Жылжымайтын мүлік қоры) құрылатын болады. Жылжымайтын мүлік қоры құрылысы аяқталған немесе салынып жатқан тұрғын үй құрылысы объектілерінде тұрғын мен тұрғын емес үй-жайларды сатып алады. Бұл ретте Жылжымайтын мүлік қоры сатып алатын тұрғын мен тұрғын емес үй-жайлардың құнын анықтау бойынша негізгі тәсілдерді «Самұрық-Қазына» қоры әзірлейтін және Үкімет мақұлдайтын болады.
«Самұрық-Қазына» қорының Басқармасы Жылжымайтын мүлік қорының жылжымайтын мүлікті сатып алу ережесін бекітеді. Бұл ретте Жылжымайтын мүлік қоры көрсетілген Ереженің талаптарына сәйкес қатаң түрде тұрғын үй құрылысы объектілерін іріктейді, құрылыс салушыларды, қаржыландырудың жалпы сомасын, бір шаршы метр үшін бағасын анықтайды және Жылжымайтын мүлік қорының Директорлар кеңесі, «Самұрық-Қазына» қорының Басқармасы бекітетін және Үкімет мақұлдайтын көрсетілген объектілер тізбесін қалыптастырады.»;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 6 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
«III. Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу» деген бөлімде:
«Қосымша шаралар» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 13-2-жолмен толықтырылсын:
«
13-2. | «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамы сатып алатын тұрғын үй құрылысы объектілерінің тізбесін Үкіметтің мақұлдауына енгізу | ҚІжТКША, Әділетмині, Қаржымині, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ | Үкімет қаулылары | 2009 жылғы шілде-желтоқсан |
»;
3) «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және жылжымайтын мүлік нарығындағы ахуалды тұрақтандыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 ақпандағы № 148 қаулысында:
көрсетілген қаулымен мақұлданған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен екінші деңгейдегі банктер арасындағы Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу бойынша өзара іс-қимыл туралы келісімде (бұдан әрі - Келісім):
8-бөлім мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қордың ұсыныстары негізінде Үкіметтің шешімі бойынша осы Келісімде көзделгеннен өзгеше банктік салымды орналастырудың өзге де талаптары айқындалуы мүмкін.».
ҚР Үкіметінің 2010.28.06. № 653 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.28.06. № 659 қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы ұсынған «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Жылжымайтын мүлік қоры) қаржыландыратын және/немесе сатып алатын тұрғын үй құрылысы объектілерінің тізбесі мақұлдансын:
1) «Қоса салынған қоғамдық үй-жайларымен және автотұрағымен Астана қаласында Есіл өзенінің сол жақ жағалауында (№ 19 көшенің оңтүстігіне қарай) орналасқан тұрғын үй кешені» объектісі, құрылыс салушы - «Саsріаn Sеrvісе Kazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, қаржыландыру сомасы бір шаршы метрі үшін 105600 (бір жүз бес мың алты жүз) теңге есебінен 1967011200 (бір миллиард тоғыз жүз алпыс жеті миллион он бір мың екі жүз) теңге;
2) «Астана қаласындағы Кенесары көшесі мен Сембинов көшесінің бұрышындағы «Хан тәңірі» көп пәтерлі тұрғын үй кешені» объектісі (А5, Б1, Б2, Б3, В, Д блоктары)» құрылыс салушы - «АRUАNА - Хан тәңірі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, қаржыландыру сомасы бір шаршы метрі үшін 96000 (тоқсан алты мың) теңге есебінен 934416000 (тоғыз жүз отыз төрт миллион төрт жүз он алты мың) теңге;
3) «Инфинити 1, 2» тұрғын үй кешені», «Грация 2, 4» тұрғын үй кешені», «АСИ 33/23» тұрғын үй кешені» объектілері, құрылыс салушы - «Альянсқұрылысинвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, қаржыландыру сомасы бір шаршы метрі үшін 105600 (бір жүз бес мың алты жүз) теңге есебінен 6610394000 (алты миллиард алты жүз он миллион үш жүз тоқсан төрт мың) теңге;
4) «Қоса салынған қоғамдық үй-жайларымен және автотұрағымен Астана қаласында Есіл өзенінің сол жақ жағалауында (№ 19 көшенің оңтүстігіне қарай) орналасқан жер учаскесіндегі көп пәтерлі тұрғын үй кешені» объектісі, құрылыс салушы — «Astana Саріtаl buіldіng project» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, қаржыландыру сомасы бір шаршы метрі үшін 105600 (бір жүз бес мың алты жүз) теңге есебінен 791736000 (жеті жүз тоқсан бір миллион жеті жүз отыз алты мың) теңге;
5) «Қоса салынған үй-жайларымен және тұрағымен Астана қаласында Момышұлы - Мирзоян көшелерінің қиылысында орналасқан жер учаскесіндегі көп пәтерлі тұрғын үй» объектісі, құрылыс салушы - «Құрылысмонолит - Астана Концерні» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, қаржыландыру сомасы бір шаршы метрі үшін 96000 (тоқсан алты мың) теңге есебінен 600672000 (алты жүз миллион алты жүз жетпіс екі мың) теңге;
6) «Қала романсы» («Француз романсы») тұрғын үй кешені» объектісі (1В және 1Г кіреберістері), құрылыс салушы - «Базисинвестқұрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, қаржыландыру сомасы бір шаршы метрі үшін 120000 (бір жүз жиырма мың) теңге есебінен 2452368000 (екі миллиард төрт жүз елу екі миллион үш жүз алпыс сегіз мың) теңге;
7) «Солтүстік шұғыласы» тұрғын үй кешені» объектісі (1-кіреберіс), құрылыс салушы - «Еurаsіа Соnstruсtіоn» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, қаржыландыру сомасы бір шаршы метрі үшін 120000 (бір жүз жиырма мың) теңге және бір машина орны үшін 2000000 (екі миллион) теңге есебінен 2084484000 (екі миллиард сексен төрт миллион төрт жүз сексен төрт мың) теңге;
8) «Сулы-нулы жасыл желек» әкімшілік тұрғын үй кешені» объектісі (2, 3-кіреберістер), құрылыс салушы - «ИНВЕСТҚҰРЫЛЫС-МА» акционерлік қоғамы, қаржыландыру сомасы бір шаршы метрі үшін 120000 (бір жүз жиырма мың) теңге және бір машина орны үшін 2000000 (екі миллион) теңге есебінен 4134408000 (төрт миллиард бір жүз отыз төрт миллион төрт жүз сегіз мың) теңге;
9) «Қоса салынған үй-жайларымен және гараждармен Есіл өзенінің сол жақ жағалауындағы әкімшілік тұрғын үй кешені» объектісі («Зүмаржат орамы»), құрылыс салушы - «НОМАРХ ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, қаржыландыру сомасы бір шаршы метрі үшін 224000 (екі жүз жиырма төрт мың) теңге және жер учаскесі үшін 215000000 (екі жүз он бес миллион) теңге есебінен 25161920000 (жиырма бес миллиард бір жүз алпыс бір миллион тоғыз жүз жиырма мың) теңге;
10) «Есіл» тұрғын үй кешені» объектісі, құрылыс салушы - «ЛАД-Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, қаржыландыру сомасы бір шаршы метрі үшін 100800 (бір жүз мың сегіз жүз) теңге есебінен 1953030240 (бір миллиард тоғыз жүз елу үш миллион отыз мың екі жүз қырық) теңге;
11) «Сана» тұрғын үй кешені» объектісі, құрылыс салушы - «ГражданПромСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, өзіндік құнымен сатып алуға арналған қаржыландыру сомасы бір шаршы метрі үшін 73754 (жетпіс үш мың жеті жүз елу төрт) теңге есебінен 863006000 (сегіз жүз алпыс үш миллион алты мың) теңгеден аспайды;
12) «Әл Арқа» тұрғын үй кешені» объектісі, құрылыс салушы - «Айкен ҚК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, қаржыландыру сомасы бір шаршы метрі үшін 91200 (тоқсан бір мың екі жүз) теңге есебінен 702604800 (жеті жүз екі миллион алты жүз төрт мың сегіз жүз) теңге;
13) «Хан Тәңірі» тұрғын үй кешені» объектісі, құрылыс салушы - «Элитстрой Девелопмент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, қаржыландыру сомасы бір шаршы метрі үшін 132000 (бір жүз отыз екі мың) теңге есебінен 16051728000 (он алты миллиард елу бір миллион жеті жүз жиырма сегіз мың) теңге;
14) «Өмірұзақ» тұрғын үй кешені» объектісі, құрылыс салушы - «Өмірұзақ және Ко» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, банктік салым сомасы 2800000000 (екі миллиард сегіз жүз миллион) теңгеден аспайды;
15) «Премьера» тұрғын үй кешені» объектісі, құрылыс салушы - «Премьера» ТК сауықтыру компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, қаржыландыру сомасы бір шаршы метрі үшін 114000 (бір жүз он төрт мың) теңге есебінен 14342454000 (он төрт миллиард үш жүз қырық екі миллион төрт жүз елу төрт мың) теңге;
16) «Ертегі әлемі» тұрғын үй кешені» объектісі, құрылыс салушы - «Эксклюзив» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, банктік салым сомасы бір шаршы метрі үшін 91200 (тоқсан бір мың екі жүз) теңге есебінен 748440096 (жеті жүз қырық сегіз миллион төрт жүз қырық мың тоқсан алты) теңгеден аспайды;
17) «Тамаша» тұрғын үй кешені» объектісі, құрылыс салушы - «Rоmul» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, банктік салым сомасы бір шаршы метрі үшін 96000 (тоқсан алты мың) теңге есебінен 2114714880 (екі миллиард бір жүз он төрт миллион жеті жүз он төрт мың сегіз жүз сексен) теңгеден аспайды;
18) «Тілендиев» тұрғын үй кешені» объектісі, құрылыс салушы - «Rоmul» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, банктік салым сомасы 7479840000 (жеті миллиард терт жүз жетпіс тоғыз миллион сегіз жүз қырық мың) теңгеден аспайды;
19) ҚР Үкіметінің 2010.28.06. № 653 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
20) ҚР Үкіметінің 2010.28.06. № 653 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
21) ҚР Үкіметінің 2010.28.06. № 653 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2009.09.12. № 2058 қаулысымен 22) тармақшамен толықтырылды
22) «Ақжайық» тұрғын үй кешені, құрылыс салушы - «Дүние Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, қаржыландыру сомасы құны бір шаршы метрі үшін 120000 (бір жүз жиырма мың) теңге және бір машина орны үшін 2000000 (екі миллион) теңге есебінен 4762056000 (төрт миллиард жеті жүз алпыс екі миллион елу алты мың) теңгеден аспайды.
ҚР Үкіметінің 2009.31.12. № 2329 қаулысымен 2-тармақ 23)-25) тармақшалармен толықтырылды
23) «Ертегі әлемі» тұрғын үй кешені» объектісі (1, 2-кіреберіс), құрылыс салушы - «Шар-Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, бір шаршы метр үшін 93820 (тоқсан үш мың сегіз жүз жиырма) теңге есебінен өзіндік құны бойынша сатып алуға арналған қаржыландыру сомасы 2265411000 (екі миллиард екі жүз алпыс бес миллион төрт жүз он бір мың) теңгеден аспайды;
24) «Тұран» тұрғын үй кешені» объектісі, құрылыс салушы — Восток-ЛТД-Х» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, бір шаршы метр үшін 86400 (сексен алты мың төрт жүз) теңге есебінен қаржыландыру сомасы 122197248 (бір жүз жиырма екі миллион бір жүз тоқсан жеті мың екі жүз қырық сегіз) теңге;
25) «Бес Тұлға» тұрғын үй кешені» объектісі, құрылыс салушы - «А-СОКР» акционерлік қоғамы, бір шаршы метр үшін 132000 (бір жүз отыз екі мың) теңге есебінен қаржыландыру сомасы 3544575880 (үш миллиард бес жүз қырық төрт миллион бес жүз жетпіс бес мың сегіз жүз сексен) теңге.
ҚР Үкіметінің 2010.15.05. № 419 Қаулысымен 2-тармақ 26)- 29) тармақшалармен толықтырылды
26) «Фаворит» тұрғын үй кешені» объектісі, құрылыс салушы - «Dicoldi Partners» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, қаржыландыру сомасы бір шаршы метрі үшін 96000 (тоқсан алты мың) теңге есебінен 650677440 (алты жүз елу миллион алты жүз жетпіс жеті мың төрт жүз қырық) теңгеден аспайды;
27) «Запад» тұрғын үй кешені» объектісі, құрылыс салушы - «Эра» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, қаржыландыру сомасы бір шаршы метрі үшін 96000 (тоқсан алты мың) теңге есебінен 353710080 (үш жүз елу үш миллион жеті жүз он мың сексен) теңгеден аспайды;
28) «Әйгерім» тұрғын үй кешені» объектісі, құрылыс салушы - «Астана Гюнель Арман» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, қаржыландыру сомасы бір шаршы метрі үшін 96000 (тоқсан алты мың) теңге есебінен 928065600 (тоғыз жүз жиырма сегіз миллион алпыс бес мың алты жүз) теңгеден аспайды;
29) «Ақ Шаңырақ» тұрғын үй кешені» объектісі, құрылыс салушы - «Прайс Астана Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, қаржыландыру сомасы бір шаршы метрі үшін 96000 (тоқсан алты мың) теңге есебінен 1873645440 (бір миллиард сегіз жүз жетпіс үш миллион алты жүз қырық бес мың төрт жүз қырық) теңгеден аспайды;
30) «Әлеуметтік мәдени-тұрмыстық объектілерімен көп қабатты тұрғын үй кешені» Д блогы» объектісі, құрылыс салушы - «Ніgh ViII Каzаkһstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, үй-жайларды өзіндік құнымен сатып алуға арналған қаржыландыру сомасы 10932672000 (он миллиард тоғыз жүз отыз екі миллион алты жүз жетпіс екі мың) теңгеден аспайды.
ҚР Үкіметінің 2010.28.06. № 653 қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Самұрық-Қазына» АҚ) ұсынған «Ахселькент» тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауға 16500000000 (он алты миллиард бес жүз миллион) теңге сомасында «Ауt Ноusing СоmрIех» (Айт Хаузинг Комплекс) жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен кредит шартын жасасудың мынадай негізгі шарттардағы негізгі талаптары маұлдансын:
1) кредиттің нысаналы мақсаты - қарыз алушының «Ахселькент» тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтау үшін бұрын өтеусіз уақытша пайдалануға алған «Самұрық-Қазына» АҚ-ның ақшасын қайтаруы; бұрын «Самұрық-Қазына» АҚ орналастырған нысаналы банктік салым қаражатынан «Ахселькент» тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтау үшін қарыз алушы алған «Альянс банкі» акционерлік қоғамы алдындағы несие берешегін қайта қаржыландыру; қарыз алушының «Ахселькент» тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауы;
2) кредитті игеру - транштармен;
3) кредиттің мерзімі - бірінші траншты есептеген күннен бастап 5 (бес) жыл;
4) кредит бойынша сыйақы ставкасы - жылдық 12,5 % (он екі бүтін оннан бес);
5) негізгі борышты төлеу бойынша жеңілдік кезеңі — бірінші траншты есептеген күннен бастап 18 (он сегіз) ай;
6) оператор банк - «Альянс банкі» акционерлік қоғамы.
ҚР Үкіметінің 2010.28.06. № 653 қаулысымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3.1. «Самұрық-Қазына» АҚ ұсынған «Қазкоммерцбанк» акционерлік қоғамына 23431616979 (жиырма үш миллиард төрт жүз отыз бір миллион алты жүз он алты мың тоғыз жүз жетпіс тоғыз) теңге сомасында мерзімді банктік салым орналастыру шарттары мақұлдансын:
1) нысаналы мақсаты — «Мереке Сервис-6», «Мереке Сервис НС», «Мереке Сервис - 7», «Мереке Сервис - 2», «Мереке Сервис - 3», «Мереке Сервис - 4», «Мереке Сервис - 1», «Мереке Сервис - 5» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің (бұдан әрі - құрылыс салушылар) «Сармат - 1, 2», «Көкшіл орам - 1, 2», «Күн қала - 1, 2», «Гүлдер», «Мереке-2», «Достар 3», «Байқоныс», «Зерде» тұрғын үй кешендерінің (бұдан әрі - объектілер) құрылысын аяқтауға кредит беру, сондай-ақ қарыз алушының объектілердің құрылысын аяқтау үшін бұрын өтеусіз уақытша пайдалануға алған «Самұрық- Қазына» АҚ-ның ақшасын қайтаруы;
2) орналастыру - біржолғы, бір траншпен;
3) салым мерзімі - 12 (он екі) жыл;
4) салым бойынша сыйақы ставкасы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың қолданыстағы ставкасы;
5) салымды қайтару - салым орналастырған сәттен бастап 4 (төртінші) жылдан бастап тоқсан сайын тең үлеспен.
4. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |