Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1351 және 2006 жылғы 10 мамырдаы
№ 377 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 қарашадағы № 1124 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 30 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының транзит-көлік әлеуетін дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1351 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 49, 564-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының транзит-көлік әлеуетін дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасында:
«Қазақстан Республикасының транзит-көлік әлеуетін дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде:
«Көлік дәліздерді және транзиттік бағыттарды институционалды күшейту мен дамыту» деген 1-кіші бөлімде:
«Халықаралық деңгейде (БҰҰ құрылымдары, халықаралық өңірлік және көлік ұйымдары арқылы):» деген 1.1-тарауда:
реттік нөмірі 1.1.2.6-жол алынып тасталсын;
2) «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 мамырдағы № 377 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
«Автомобиль көлігінде» деген 3-бөлімде:
реттік нөмірі 3.1-жолдың а) тармақшасының 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«2008-2010 жыл сайын».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |