Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 32-құжат; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; 2010 жылғы 12 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінде және 2010 жылғы 13 қазанда «Казахстанская правда» газетінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мұнай және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің айналымы саласында жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 15-баптың екінші бөлігінде:
«175-бап» деген сөздерден кейін «, екінші, үшінші бөліктері» деген сөздермен толықтырылсын;
«178-бап» деген сөздерден кейін «, екінші, үшінші бөліктері» деген сөздермен толықтырылсын;
«181-бап» деген сөздерден кейін «, екінші, үшінші бөліктері» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 41-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
2. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазаның негізгі түрі ретінде бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге және жазаның қосымша түрі ретінде алты айдан үш жылға дейінгі мерзімге белгіленеді.
Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы педагогтің не оларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген өзге де адамның осы Кодекстің 120-бабының үшінші бөлігінің д) тармағында және төртінші бөлігінде, 121-бабының үшінші бөлігінің г) тармағында және төртінші бөлігінде, 122-бабының екінші және үшінші бөліктерінде, 124-бабының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін жазаның қосымша түрі ретінде белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге белгіленеді.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазаның негізгі түрі ретінде үш жылдан он жылға дейінгі мерзімге және жазаның қосымша түрі ретінде бір жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге белгіленеді.»;
3) 63-бап мынадай мазмұндағы 4-1-бөлікпен толықтырылсын:
«4-1. Шартты түрде соттау кезінде кәмелетке толмаған балаға осы Кодекстің 82-бабында көзделген тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары тағайындалуы мүмкін.»;
4) 67-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Адамның қайтыс болуымен немесе денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмысты бірінші рет жасаған кәмелетке толмаған баланы, егер ол жәбірленушімен татуласса және келтірілген зиянның есесін толтырса, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін. Бұл ретте оған осы Кодекстің 82-бабында көзделген тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары қолданылады.»;
5) 70-баптың үшінші бөлігінің в) тармағындағы «өтегеннен кейін қолданылуы мүмкін.» деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы г) тармағымен толықтырылсын:
«г) осы Кодекстің 120-бабы үшінші бөлігінің в), д) тармақтарында, төртінші бөлігінде, 121-бабы үшінші бөлігінің в), г) тармақтарында, төртінші бөлігінде көзделген қылмысы үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде төрттен үшін іс жүзінде өтегеннен кейін ғана қолданылуы мүмкін.»;
6) 71-баптың бірінші бөлігінің екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте, осы Кодекстің 122-бабының екінші, үшінші бөліктерінде, 124-бабының екінші, үшінші бөліктерінде көзделген қылмыстарды қоспағанда, адам жазаның қосымша түрін өтеуден толық немесе ішінара босатылуы мүмкін.»;
7) 81-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Адамның қайтыс болуымен немесе денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмысты бірінші рет жасаған кәмелетке толмаған баланы сот осы Кодекстің 67-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.»;
8) 82-баптың бірінші бөлігінде:
д) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«д) ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру;»:
мынадай мазмұндағы е) тармағымен толықтырылсын:
«е) жәбірленушіден кешірім сұрау міндеттемесін жүктеу.»;
9) 83-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«83-бап. Тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларының мазмұны және оларды қолдану мерзімдері»;
бесінші бөлікте:
бірінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Алты айдан екі жылға дейінгі мерзімге ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыруды сот орташа ауырлықтағы немесе ауыр қылмысты қасақана жасаған кәмелетке толмаған адамға тағайындауы мүмкін.»;
екінші сөйлемдегі «мекемелерде» деген сөз «ұйымдарда» деген сөзбен ауыстырылсын;
алтыншы бөліктегі «Кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесінде» деген сөздер «Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Кәмелетке толмағандардың ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуының тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктермен толықтырылсын:
«8. Кәмелетке толмаған бала келтірген зияны үшін жәбірленушіден өзі кешірім сұрайды;
9. Осы Кодекстің 82-бабы бірінші бөлігінің б) және г) тармақтарында көзделген тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шараларын қолдану мерзімі кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасаған кезде ұзақтығы - алты айдан бір жылға дейін, орташа ауыр қылмыс жасаған кезде - бір жылдан екі жылға дейін және ауыр қылмыс жасаған кезде екі жылдан үш жылға дейін белгіленеді.
10. Кәмелетке толмаған бала тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шараларын жүйелі түрде орындамаған жағдайда, егер осы Кодекстің 69-бабының 1-бөлігінде белгіленген ескіру мерзімі өтпесе, мамандандырылған мемлекеттік органның ұсынысы бойынша сот бұл шараның күшін жояды және материалдар кәмелетке толмаған баланы қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін жіберіледі.»;
10) 87-бапта:
тақырыбындағы және мәтініндегі «жиырма жас» деген сөздер «жиырма бір жас» деген сөздермен ауыстырылсын;
«кәмелетке толмағандарға арналған арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесіне» деген сөздер «ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 96-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы о) тармағымен толықтырылсын:
«о) көрінеу кәмелетке толмаған баланы өлтіру -»;
12) 103-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы л) тармағымен толықтырылсын:
«л) көрінеу кәмелетке толмаған балаға қатысты жасалса-»;
13) 104-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы з) тармағымен толықтырылсын:
«з) көрінеу кәмелетке толмаған балаға қатысты жасалса-»;
14) 120, 121, 122 және 124-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«120-бап. Зорлау
1. Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау -
үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Зорлауды:
а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса;
б) өлтіремін деп қорқытумен ұштасып, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасалса;
в) жәбірленушінің соз ауруын жұқтырып алуына әкеп соқтырса;
г) бірнеше рет жасалса -
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар:
а) абайсызда жәбірленушінің қайтыс болуына әкеп соқтырса;
б) абайсызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге, оның АИТВ/ЖИТС-ын жұқтырып алуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырса;
в) көрінеу кәмелетке толмаған балаға қатысты жасалса;
г) қоғамдық зілзала жағдайларын пайдалана отырып немесе жаппай тәртіпсіздік барысында жасалса;
д) кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген ата-ана, педагог не өзге де адам кәмелетке толмаған балаға қатысты жасаса,-
сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге, ал д) тармағында көзделген жағдайларда,- белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар көрінеу он төрт жасқа толмаған жәбірленушіге қатысты жасалса,-
он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге жазаланады.
121-бап. Нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттері
1. Еркек пен еркектің жыныстық қатынасы, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы немесе жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жасалған нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер, -
үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол іс-әрекеттерді:
а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса;
б) өлтіремін деп қорқытумен ұштасқан, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасаса;
в) жәбірленушінің соз ауруын жұқтырып алуына әкеп соқтырса;
г) бірнеше рет жасалса, -
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар:
а) абайсызда жәбірленушінің қайтыс болуына әкеп соқтырса;
б) абайсызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге, оның АИТВ/ЖИТС-ын жұқтырып алуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырса;
в) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса;
г) кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген ата-ана, педагог не өзге де адам кәмелетке толмаған балаға қатысты жасаса,-
сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге, ал г) тармағында көзделген жағдайларда,- белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар көрінеу он төрт жасқа толмаған адамға қатысты жасалса,-
он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
122-бап. Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болу және нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер
1. Көрінеу он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болу, еркек пен еркектің немесе әйел мен әйелдің қатынасы немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер,-
үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Он алты жасқа толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген ата-ана, педагог не өзге де адам осы адамға қатысты жасаған нақ сол әрекеттер,-
он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, бірнеше рет жасалған әрекеттер,-
он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
«124-бап. Жас балаларды азғындату
1. Көрінеу он төрт жасқа толмаған адамға қатысты күш қолданусыз азғындық іс-әрекеттерді жасау, -
төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Он төрт жасқа толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген ата-ана, педагог не өзге де адам осы адамға қатысты жасаған нақ сол әрекеттер,-
он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, бірнеше рет жасалған әрекеттер,-
он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз жеті жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
15) 132-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «жезөкшелікпен,» деген сөз алып тасталсын;
16) мынадай мазмұндағы 132-1 және 273-1-баптармен толықтырылсын:
«132-1-бап. Кәмелетке толмаған баланы жезөкшелікпен айналысуға тарту
1. Кәмелетке толмаған баланы жезөкшелікпен айналысуға тарту-
үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Күш қолдану немесе күш қолданбақшы болып қорқыту, тәуелді жағдайын пайдалану, бопсалау, мүлкін жою немесе бүлдіру не алдау жолымен кәмелетке толмаған баланы жезөкшелікпен айналысуға тарту-
бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Мыналар:
а) ұйымдасқан топ;
б) жезөкшелікпен айналысуға тартқаны не притондар ұйымдастырғаны немесе ұстағаны немесе жеңгетайлық жасағаны үшін бұрын сотталған адам;
в) оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген ата-ана, педагог не өзге де адам жасаған нақ сол әрекет,-
жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
«273-1-бап. Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды немесе заттарды жасау және айналымға шығару не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін тарту
1. Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды немесе заттарды тарату, жария көрсету немесе жарнамалау мақсатында жасау, сақтау немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу не тарату, жария көрсету немесе жарнамалау-
порнографиялық материалдарды немесе заттарды, сондай-ақ оларды жасау немесе қайта көрсету құралдарын тәркілеп, үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Жасы он сегізге толған адамның порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін орындаушылар ретінде кәмелетке толмағандарды тартуы, -
порнографиялық материалдарды және заттарды, сондай-ақ оларды жасау немесе қайта көрсету құралдарын тәркілеп, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
а) кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген ата-ана, педагог не өзге де адам жасаған;
б) көрінеу жасы он төртке толмаған адамға қатысты жасалған;
в) алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған әрекеттер, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз порнографиялық материалдарды немесе заттарды, сондай-ақ оларды жасау немесе көшірмесін шығару құралдарын тәркілеп, бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».
2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2010 жылғы 12 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінде және 2010 жылғы 13 қазанда «Казахстанская правда» газетінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мұнай және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің айналымы саласында жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 38-баптың бірінші бөлігінде:
«67-бабында» деген сөздер «67-бабының екінші бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 67-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда сот кәмелетке толмаған баланың жәбірленушімен татуласуына байланысты оны қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, қылмыстық істі тоқтатуға құқылы.»;
2) 192-баптың екінші бөлігінде:
«122» деген цифрлардан кейін «124,» деген цифрлармен толықтырылсын»;
«132-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде),» деген сөздерден кейін «132-1,» деген цифрлармен толықтырылсын»;
«271-бабында (екінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «273-1-бабында,» деген сөздермен толықтырылсын.
3) 285-баптың екінші бөлігіндегі «124,» деген цифрлар алып тасталсын;
4) 290-1-баптың 2) тармағында:
«120-бабында (екінші бөлігінің д) тармағында), 121-бабында (екінші бөлігінің д) тармағында),» деген сөздер «103 (екінші бөлігінің л) тармағында), 104 (екінші бөлігінің з) тармағында),» деген сөздермен ауыстырылсын;
«132,» деген цифрлардан кейін «132-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
5) 494-баптың екінші бөлігіндегі «кәмелетке толмағандарға арналған арнаулы тәрбие беру немесе емдеу-тәрбие беру мекемесіне» деген сөздер «ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 495-баптың бірінші сөйлеміндегі «немесе орташа ауырлықтағы қылмыс» деген сөздер «, орташа ауырлықтағы немесе ауыр қылмыс» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 664-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153- құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж. № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат):
1) 30-баптың 1-3-бөлігі «бала асырап алу туралы;» деген сөздерден кейін «кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымдарға жіберу туралы;» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 289-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымдарға жіберу туралы;»;
3) мынадай мазмұндағы 33-1-тараумен толықтырылсын:
«33-1- тарау. Кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымдарға жіберу туралы істер бойынша іс жүргізу
308-1-бап. Кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымына және ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру
1. Кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру туралы өтінішті баланың тұрғылықты (болатын) жері бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа қорғаншылық және қамқоршылық органы не ішкі істер органы береді.
2. Кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру туралы өтініште мән-жайлар баяндалуға және арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жіберу үшін заңмен көзделген негіздердің бар екендігі туралы және кәмелетке толмаған баланың оны көрсетілген білім беру ұйымдарында ұстауға және оқытуға кедергі келтіретін ауруының жоқ екендігі туралы куәландыратын құжаттар ұсынылуға тиіс.
308-2-бап. Кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру туралы өтінішті қарау
1. Сотқа кәмелетке толмаған бала, оның заңды өкілдері, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілдері, сондай-ақ соттың қалауы бойынша өзге де адамдар шақырылады.
2. Кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру туралы өтінішті қарауға прокурордың қатысуы міндетті болып табылады.
3. Өтініш беруші кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға жіберу туралы істі қарауға байланысты сот шығындарын төлеуден босатылады.
308-3-бап. Кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру туралы өтініш бойынша сот шешімі
1. Судья кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру туралы өтінішті мәні бойынша қарап, шешім шығарады, ол бойынша өтініш қабылданбайды не қанағаттандырылады.
2. Өтінішті қанағаттандыру туралы шешім кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымына не ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру үшін негіз болып табылады.
3. Кәмелетке толмаған баланың арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына келу мерзімі шешім заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі.».
4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; 2010 жылғы 12 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінде және 2010 жылғы 13 қазанда «Казахстанская правда» газетінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мұнай және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің айналымы саласында жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):