3) ішкі еңбек рыногында ұсыныстар болған жағдайда, жұмыс берушінің қазақстандық азаматтарды бос орынға алудан бас тарту негіздемесі;
4) осы Ереженің 34-тармағында көзделген жағдайда шетелдік қызметкерді тарту кезінде рұқсаттың түпнұсқасы;
5) тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жылы, азаматтығы, төлқұжатының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, орталық атқарушы орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (кәсібінің) атаулары көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер;
6) тартылатын шетелдік қызметкерлердің біліктілігін растайтын құжаттар:
білімі туралы құжаттардың нотариалды расталған аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылса, көшірмелері);
қызметкер бұрын жұмыс істеген жұмыс берушінің ресми бланкісінде жазылған қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растамамен коса, қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс стажы жөнінде біліктілік талаптары болған кезде) немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар;
7) шетелдік жұмыс беруші мен тартылатын шетелдік қызметкер арасында жасалған, шетелдік қызметкердің табыс сомасы көрсетіле отырып, еңбек шартының (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен) нотариалды куәландырылған көшірмесі (егер шетелдік қызметкер осы ереженің 20-1-тармағына сәйкес тартылса);
8) жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге арналған келісім-шарттың (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен) нотариалды куәландырылған көшірмесі (егер шетелдік қызметкер осы ереженің 20-1-тармағына сәйкес тартылса).