Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 21 қазандағы № 1577 және
2001 жылғы 1 наурыздағы № 311 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қыркүйектегі № 863 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 30 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломы туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 21 қазандағы № 1577 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 43, 510-құжат):
көрсетілген қаулыға қосымшада:
Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломын беру жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Самақова Айткүл Байғазықызы | - Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істерi және гендерлік саясат жөніндегi ұлттық комиссияның төрайымы |
Қарақұсова Гүлжан Жанпейісқызы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрi |
Асқаров Әлібек | - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы |
Божко Владимир Карпович | - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары |
Әлпиев Төлеубек Нығметұлы | - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «К.Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры; |
көрсетілген құрамнан Әбдіков Төлен, Оразғалиев Қуаныш Ғабидоллаұлы шығарылсын;
2) «Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 1 наурыздағы № 311 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 9, 97-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамынан Асқаров Әлібек, Самақова Айткүл Байғазықызы, Божко Владимир Карпович, Қарақұсова Гүлжан Жанпейісқызы, Әлпиев Төлеубек Нығметұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |