2) тараптардың жауапкершілігі міндетті түрде енгізілуге тиіс.
11-бап. Қатысу шартын тоқтату
Қатысу шарты:
1) Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген жалпы негіздерде;
2) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заң актісіне сәйкес сақтандыру ұйымына Қорға қатысу және міндетті сақтандырудың осы түрлері бойынша жасалған міндетті сақтандыру шарттарының қолданылуын тоқтату міндеті жүктелген міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметін Қордың қатысушы-сақтандыру ұйымы тоқтатқан жағдайда тоқтатылады.
12-бап. Міндетті және төтенше жарналар, оларды төлеу тәртібі.
Қордың қарыз алуы
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қатысушы-сақтандыру ұйымы қатысу шартына сәйкес міндетті және төтенше жарналарды төлеуге міндетті.
Мiндеттi жарналардың ставкасын Қор жыл сайын айқындайды.
Міндетті жарналар ставкасын есептеу әдістемесі, оларды төлеу тәртібі мен мерзімі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
2. Міндетті жарналардың мөлшері сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру ұйымы есептеген сақтандыру сыйлықақыларының көлемі және міндетті жарналардың ставкасы негізге алына отырып есептеледі.
2007.07.05. № 244-III Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Кепілдік және өтемақы төлемдерін жүзеге асыру үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беретін резерв жетіспеген жағдайда Қор өзінің меншікті капиталын пайдаланады. Бұл ретте Қордың сақтандыру төлемдеріне кепілдік беретін резервтен асатын кепілдік және өтемақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі шығыстары қатысушы-сақтандыру ұйымдарының төтенше жарналарының есебінен олардың шартты міндеттемелері шегінде өтелуге тиіс.
«Осы Заңда көзделген жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін зиянды өтеу резерві жеткіліксіз болған жағдайда Қор ағымдағы тоқсанның аяғына дейін Қордың директорлар кеңесі белгілеген мөлшерде сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын пайдалануға құқылы. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервін қалпына келтіру үшін Қор сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің пайдаланылған сомасы мөлшерінде төтенше жарналарды тартады.
4. Қатысушы-сақтандыру ұйымының төтенше жарналарының мөлшері ағымдағы есепті кезеңде сақтандырудың міндетті түрлері бойынша Қорға барлық қатысушы-сақтандыру ұйымдарының сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлеміндегі ол жасаған міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының үлесіне бара-бар айқындалады.
Төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
5. Кепілдік және өтемақы төлемдерін жүзеге асыру үшін Қор Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, Қазақстан Республикасының Үкіметінен, өзге де ұйымдардан заемдар тартуға не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ресми ставкасынан аспайтын ставка бойынша олардың кепілдік беруімен қарыз алуға құқылы. Қарыздар қатысушы-сақтандыру ұйымдарының төтенше жарналары есебінен өтелуге тиіс.
6. Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру қатысушы-сақтандыру ұйымын міндетті және төтенше жарналар төлеуден босатпайды.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Қатысушы-сақтандыру ұйымы сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиядан айырылған күннен бастап қатысушы - сақтандыру ұйымының мiндеттi және төтенше жарналарын төлеу мiндеттемесi қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмi заңды күшiне енгенге дейiн тоқтатыла тұрады.
Қатысушы-сақтандыру ұйымының мiндеттi және төтенше жарналарын төлеу мiндеттемесi оны мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап тоқтатылады.
Осы Заңға сәйкес қатысушы-сақтандыру ұйымдары төлеген мiндеттi және төтенше жарналар қайтарылуға жатпайды.
13-бап. Шартты міндеттемелерді қалыптастыру
1. Қатысушы-сақтандыру ұйымы шартты міндеттемелерді қалыптастыруға және олардың есебін жүргізуге міндетті.
Шартты міндеттемелердің мөлшерін Қорға қатысушы сақтандыру ұйымы сақтандырудың міндетті түрлері бойынша оның сақтандыру сыйлықақысының көлемін және шартты міндеттемелер ставкасын негізге ала отырып есептейді.
2. Шартты міндеттемелердің ставкасын Қорға барлық қатысушы-сақтандыру ұйымдары бойынша өткен қаржы жылындағы сақтандырудың міндетті түрлері бойынша айлық сақтандыру сыйлықақыларының ең жоғары мөлшері негізінде Қор жыл сайын айқындайды.
Шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, оларды қалыптастыру және есепке алу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
14-бап. Міндетті және төтенше жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді тиісінше орындамау
1. Міндетті немесе төтенше жарналарды төлемеген, уақтылы төлемеген не толық көлемінде төлемеген жағдайда, Қор қатысушы-сақтандыру ұйымының осы Заң бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны туралы жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
2. Уәкілетті орган Қордан қатысушы-сақтандыру ұйымының міндетті және төтенше жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелерін тиісінше орындамағаны туралы хабарлама алған жағдайда мұндай сақтандыру ұйымына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды және өзге де ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.
5-тарау. Кепілдік төлемдері және өзге де
қорғау шаралары
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда ( бұр. ред . қара)
15-бап. Кепілдік беру төлемін жүзеге асыру негіздері және
тәртібі
1. Қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап кредитордың Қордан кепілдік төлемін жүзеге асыру жөнінде талап ету құқығы туындайды.
Кепілдік төлемін алуға кредиторлар:
1) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемінен заңсыз бас тартқан (толық немесе ішінара) не оны толық көлемде жүзеге асырмағанда, міндетті сақтандыру шарттары бойынша оны мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейінгі кезеңде барлық басталған сақтандыру жағдайлары бойынша;
2) сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап, сақтанушының басқа қатысушы-сақтандыру ұйымымен міндетті сақтандырудың жаңа шартын жасасқан күнге дейінгі, бірақ мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап екі айдан аспайтын кезеңде басталған сақтандыру жағдайлары бойынша құқылы.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Кредитордың осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіздерде Қордан талап ету құқығы туындаған жағдайда, растайтын құжаттар болғанда, кредитор қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап алты ай ішінде Қорға кепілдік төлемін жүзеге асыру жөнінде жазбаша өтініш беруге құқылы.
Растайтын құжаттар болмаған жағдайда, оларды алу үшін кредитор мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының тарату комиссиясына сақтандыру төлемін жүзеге асыру жөнінде өтініш (шағым) беруге құқылы.
3. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде кредитор сақтандыру (кепілдік) төлемін жүзеге асыру жөніндегі талаппен тікелей Қорға не Қордың қатысушысы-сақтандыру ұйымына жүгінуге құқылы.
Кредитордың талабын алғаннан кейін қатысушы - сақтандыру ұйымы не Қор міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілерде көзделген тәртіппен сақтандыру жағдайын және келтірілген зиянның мөлшерін анықтау жөніндегі жұмысты жүргізеді.
4. Кредитор не қатысушы-сақтандыру ұйымы кепілдік төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың толық топтамасын табыс еткеннен кейін Қор кепілдік төлемін жүзеге асыру туралы не кепілдік төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Қор қатысушы-сақтандыру ұйымдарының осы баптың 3-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асыруға байланысты шығыстарын нақты шығыстар мөлшерінде, бірақ жетi айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде өтейді.
6. Кепілдік төлемінің мөлшері міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру үшін сақтандырудың міндетті түрі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес айқындалады. Кепілдік төлемін жүзеге асырудың тәртібі осы Заңға және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес айқындалады.
7. Кепілдік төлемі кредитордың моральдық залалын, алынбаған пайдасын, сондай-ақ міндетті сақтандыру шарты бойынша тұрақсыздық айыбын жаппайды.
8. Кредиторларға кепілдік төлем тараптардың келісімі бойынша тікелей Қордан немесе агент банк арқылы кредитордың банктік шотына қолма-қол емес нысанда не қолма-қол ақшамен жүзеге асырылады.
9. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторына кепілдік төлемін жүзеге асырылған күннен бастап кредитордың міндетті сақтандыру шарты бойынша талап ету құқығы жүзеге асырылған кепілдік төлемі көлемінде Қорға ауысады.
Қор кредитордың өзіне ауысқан талап ету құқығын, сондай-ақ кепілдік төлемін жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеу жөніндегі талабын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының тарату комиссиясына (бұдан әрі - тарату комиссиясы) ұсынады.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда ( бұр. ред . қара)
16-бап. Сақтанушылардың құқықтарын қорғаудың қосымша
тәсілдері
1. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының қолданылу мерзімі аяқталмаған міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтанушы сот шешімі күшіне енген күннен бастап екі ай мерзімде Қордың қатысушы-сақтандыру ұйымымен мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымымен бұрын жасалған міндетті сақтандыру шарты қолданыста болуға тиіс қалған уақыт кезеңіне міндетті сақтандыру шартын жасасуға құқылы.
2. Қатысушы-сақтандыру ұйымымен осы баптың 1-тармағында көзделген міндетті сақтандыру шартын жасасқан жағдайда Қор қатысушы-сақтандыру ұйымына өтемақы төлеуді жүзеге асырады.
3. Өтемақы төлемінің мөлшері міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актіге сәйкес жаңадан жасалған міндетті сақтандыру шартының қолданылу кезеңінің негізінде айқындалады. Өтемақы төлемін жүзеге асыру тәртібі осы Заңға және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес айқындалады.
Жаңадан жасалған шарттың қолданылу мерзімі жаңа шартты жасасқан күннен бастап, сақтанушы мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымымен бұрын жасасқан міндетті сақтандыру шарты қолданыста болуға тиіс мерзім аяқталған кезге дейінгі кезеңді құрайды.
Егер сақтанушы мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымымен бұрын жасасқан міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын толық төлемесе, Қор сақтанушы төлемеген сақтандыру сыйлықақысының сомасын шегере отырып, өтемақы төлемін жүзеге асыруға құқылы. Бұл жағдайда, міндетті сақтандыру шартын жасасқан қатысушы-сақтандыру ұйымы сақтанушыдан сақтандыру сыйлықақысының төленбеген сомасын талап етуге құқылы.
4. Қатысушы-сақтандыру ұйымы мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтанушысымен міндетті сақтандыру шартын жасасқан кезде қатысушы-сақтандыру ұйымы міндетті сақтандырудың осы түрі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде көзделген көлемдегі осындай шарт бойынша жауапты болады.
5. Қатысушы-сақтандыру ұйымы мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтанушыларына міндетті сақтандыру шарты қолданыста болатын аяқталмаған кезеңге міндетті сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқылы емес.
Қордың қатысушысы - мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымымен бұрын жасасқан шарт қолданыста болатын аяқталмаған кезеңге жасасқан шарт бойынша қатысушы-сақтандыру ұйымы Қорға міндетті жарналар төлемейді, тек шартты міндеттемелерді қалыптастырады.
6. Өтемақы төлемдерін жүзеге асырған күннен бастап жүзеге асырылған өтемақы төлемі көлемінде сақтанушының міндетті сақтандыру шарты бойынша талап ету құқығы Қорға ауысады.
Қор өзіне ауысқан талап ету құқығын, сондай-ақ өтемақы төлемдерін жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеу жөніндегі талабын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен тарату комиссиясына ұсынады.
7. Уәкілетті орган дереу, бірақ қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, Қордың қатысушысы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің көшірмесін Қорға жібереді.
8. Қор қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторларына басталған сақтандыру жағдайлары бойынша кепілдік төлемдерді жүзеге асыру туралы хабарламаны, сондай-ақ мекен-жайларын көрсете отырып, сақтанушылар мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндетті сақтандыру шарттары бойынша басталған сақтандыру жағдайларында, сондай-ақ мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының бұрын жасасқан шарттың аяқталмаған қолданылу кезеңіне жаңа міндетті сақтандыру шартын жасасу үшін өтініш жасауға құқылы қатысушы-сақтандыру ұйымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды.
17-бап. Қордың кепілдік беруін тоқтату
Қордың кепілдік беруі:
1) осы Заңға сәйкес кепілдік төлемін жүзеге асырған;
2) міндетті сақтандыру шартының қолданылу мерзімі аяқталған;
3) сақтанушы мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымымен бұрын жасасқан шартының аяқталмаған қолданылу кезеңіне басқа қатысушы-сақтандыру ұйымымен жаңа міндетті сақтандыру шартын жасасқан;
4) мемлекеттік тізілімге мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымын тарату туралы жазба енгізілген жағдайларда тоқтатылады.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 5-1-тараумен толықтырылды (2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1-тарау. Қордың жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге
жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдері
17-1-бап. Жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді алу құқығы
1. Қор көлік оқиғасы орнынан жасырынған және жәбірленушіге зиян келтіруге жауапты адам анықталмаған жағдайда жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді (бұдан әрі - зиянды
өтеу бойынша төлем) төлейді.
Қор жәбірленушінің денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша төлемдерді денсаулыққа ауыр зиян келтірілгенде ғана жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың зиянды өтеу бойынша төлемдерді алуға құқығы бар.
Осы құқық қолдарында жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарты жоқ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.
3. Жәбірленушінің не осы баптың 4-тармағында көрсетілген адамдардың зиянды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі талабы, сондай-ақ осы баптың 5-тармағында көрсетілген адамдардың жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу жөніндегі талабы Қорға осы
баптың 1-тармағында көзделген жағдай басталған кезден бастап бір жыл ішінде қойылады.
4. Жәбірленуші қайтыс болған жағдайда зиянды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі талап ету құқығы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адамға (адамдарға)
көшеді.
5. Қор жәбірленушіні жерлеген адамға осы Заңның 17-2-бабы 2-тармағының 1), 4), 6), 7) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса берілген жазбаша өтініштің негізінде Қордың директорлар кеңесі белгілеген мөлшерден аспайтын жерлеуге жұмсалған нақты шығыстарды өтейді.
17-2-бап. Қордың зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыруы
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жәбірленуші не осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген адамдар зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, тікелей Қорға өтініш бередi.
2. Зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдер туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) осы Заңның 17-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайдың басталу фактісін растайтын құжат;
2) жәбірленуші алған жарақат пен мертігулердің сипаты, диагнозы, уақытша еңбекке қабілетсіздік кезеңі көрсетіле отырып, жәбірленушіге көлік оқиғасы нәтижесінде денсаулығына келтірілген зиянға байланысты медициналық көмек көрсетілген денсаулық сақтау ұйымы қорытындысының көшірмесі;
3) медициналық-әлеуметтік немесе сот-медициналық сараптама мекемелері қорытындысының көшірмесі;
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) жәбiрленушiнiң қайтыс болуы туралы куәлiктiң нотариаттық куәландырылған көшiрмесi;
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес зиянды өтету (жәбірленуші қайтыс болған жағдайда) құқығына ие адамның құқығын растайтын құжат;
6) жерлеуге нақты жұмсалған шығындарды растайтын құжаттар не олардың көшірмелері;
7) жеке куәліктің көшірмесі.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Жәбірленуші не осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген адамдар зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың толық топтамасын табыс еткеннен кейін Қор зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру туралы не оларды жүзеге асырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
4. Қор зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлем жасау туралы шешімді осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттарды алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қабылдайды. Қор зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған
шығыстарды өтеу бойынша төлемді зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлем жасау туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
5. 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына келтiрiлген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдер мынадай мөлшерде (айлық есептiк көрсеткiшпен) жүзеге асырылады:
1) өмiрiне зиян келтiрiлген жағдайда - 250;
2) денсаулығына ауыр зиян келтiрiлген жағдайда - 150;
3) жерлеуге жұмсалатын шығыстарға - 15.
7. Зиянды өтеу бойынша төлем моральдық зиянның, сондай-ақ мүлікке келтірілген зиянның, жәбірленушінің не осы Заңның 17-1-бабының 4-тармағында көзделген адамдардың жіберіп алған пайдасының, қоршаған ортаға келтірілген залалдың орнын толтырмайды.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалатын шығыстарды өтеу бойынша төлемдер тiкелей Қор немесе агент-банк арқылы жәбiрленушiнiң не осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген адамдардың банк шоттарына қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Қор зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерден мынадай жағдайларда:
1) жәбірленушінің іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен қасақана жасалған қылмыс немесе көлік оқиғасымен себепті байланыста болған әкімшілік құқық бұзушылық деп танылса;
2) Қорға немесе қатысушы-сақтандыру ұйымына осы Заңның 17-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдай басталған кезден бастап бір жыл өткеннен кейін жүгінгенде;
3) көлік оқиғасы еңсерілмейтін күштің салдарынан, яғни ядролық жарылыс, радиация немесе радиоактивті улану, әскери іс-қимылдар, азаматтық соғыс, жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, жаппай тәртіпсіздік немесе ереуілдер сияқты төтенше және осындай алдын алуға болмайтын жағдайлар кезінде басталған болса;
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттардың толық пакетiн табыс етпеген не дұрыс емес құжаттарды берген болса, бас тартуға құқылы.
Зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асырудан бас тарту үшін негіздер болған кезде, Қор құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесі бар жазбаша нысандағы хабарлама жіберуге міндетті.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10. Осы Заңның 8-бабы 2-тармағы 4) тармақшасында көзделген функцияны жүзеге асыру үшiн Қор Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінен және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасынан ақпарат сұратады.
Ақпаратты берудiң тәртібі, көлемi және мерзiмдерi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң актiсiмен және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығымен белгiленедi.
Қор алған мәлiметтер жария етуге жатпайды.
17-3-бап. Зиян келтірген адамға кері талап қою құқығы
Қордың жәбірленушінің не осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген адамдардың зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі талабын қарауға байланысты Қордың шеккен шығыстарын ескере отырып, зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдер шегінде жәбірленушіге зиян келтірген адамға кері талап қою құқығы бар.
17-4-бап. Зиянды өтеу резервін құру
1. Қор зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін зиянды өтеу резервінің қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда Қор сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервін осы Заңда көзделген тәртіппен пайдаланады.
2. Уәкілетті орган белгілеген мөлшердегі бастапқы біржолғы жарналар және Қормен жасалатын қатысу шартына сәйкес сақтандырушылар төлейтін қосымша жарналар зиянды өтеу резервін қалыптастыру көздері болып табылады.
Қосымша жарналар ставкасын есептеу әдістемесі, оларды төлеу тәртібі мен мерзімдері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
3. Қосымша жарналардың мөлшері қатысушы-сақтандыру ұйымы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша есептеген сақтандыру сыйлықақылары мен қосымша жарналар ставкаларының көлемін негізге ала отырып
есептеледі.
4. Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру қатысушы-сақтандыру ұйымын қосымша жарналарды төлеуден босатпайды.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Қатысушы-сақтандыру ұйымы көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыруға берiлген лицензиядан айырылған күннен бастап қатысушы-сақтандыру ұйымының қосымша жарналарды төлеу мiндеттемелерi қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмi заңды күшiне енгенге дейiн тоқтатыла тұрады.