1) осы әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурсқа қатысуға өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған;
2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылғанда қайтарады. Аталған жағдай конкурстың қатысушылары деп танылған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;
3) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылғанда қайтарады. Аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген және конкурс жеңімпазы конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген;
5) әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі өткенде қайтарады.
24-бап. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді конкурстық құжаттамада көрсетілген мерзімде, уақытта және орында ашады.
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінім салынған әрбір конвертті ашқан кезде конкурсқа қатысуға өтінімде қамтылған құжаттар мен материалдар тізбесі туралы ақпаратты жариялайды.
Конкурсқа қатысуға өтінімді табыс еткен әлеуетті өнім беруші және (немесе) оның уәкілетті өкілі аудиожазба немесе бейнетүсірілім жүргізу құқығымен конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан кезде қатысуға құқылы.
Конкурстық комиссияның отырысына қатысушы адамның конкурстық комиссияның қызметіне араласуға құқығы жоқ.
2. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті хаттама жасайды.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасына конкурстық комиссияның төрағасы және конверттерді ашу рәсіміне қатысқан конкурстық комиссияның барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінім салынған конверттерді ашқан күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей:
1) конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасының көшірмесін ашу рәсіміне қатысқан әлеуетті өнім берушілерге не олардың уәкілетті өкілдеріне жіберуге не табыс етуге;
2) конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасының қол қойылған мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялауға міндетті. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасында қамтылған және тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастырылған мәліметтер барлық мүдделі тұлғаларға танысу үшін төлем алынбастан қолжетімді болуға тиіс.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімі кезінде болмаған әлеуетті өнім берушілерге конверттерді ашу хаттамасының көшірмесі олардың жазбаша сауалы бойынша не олардың уәкілетті өкілдерінің жазбаша сауалы бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының осындай сауалды алған күнінен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде табыс етіледі.
4. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу күнін, уақытын және орнын өзгертуге осы өзгерістерді конкурстық құжаттамаға енгізбей тұрып жол берілмейді.
25-бап. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурсқа қатысуға рұқсат беру
1. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында жүзеге асырады.
2. Қажет болған жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық өзіндік ерекшелікке сәйкес келуіне қатысты сараптамалық қорытынды әзірлеуі үшін сараптама комиссиясын құруға не сарапшыны айқындауға құқылы.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыда тиісті бейіндегі мамандар болмаған жағдайда, ол мемлекеттік қызметшілерді не сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге мамандығы сәйкес келетін өзге мамандарды сарапшылар ретінде жұмысқа тартады. Мемлекеттік қызметшілер сарапшылар ретінде өтемсіз негізде тартылады, ал өзге де мамандар тараптардың уағдаласуы бойынша ақылы да, өтемсіз де негізде тартылады.
Сарапшылардың конкурстық комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы жоқ.
Ақылы негізде сарапшылар ретінде тартылатын тұлғаларды таңдау осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Конкурсқа қатысуға өтінімді қарау кезінде конкурстық комиссия:
1) конкурсқа қатысуға өтінімді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін әлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне байланысты материалдарды және түсіндірмелерді жазбаша нысанда сұратуға;
2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратуға құқылы.
Конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтырудан, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстырудан, тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруден көрінетін конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіруге байланысты конкурстық комиссияның сауал жіберуіне және өзге де іс-әрекеттеріне жол берілмейді.
Конкурстық комиссия, егер конкурсқа қатысуға өтінімде оның мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер бар болса, конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келетін өтінім ретінде қарайды.
4. Әлеуетті өнім беруші, егер:
1) оның және (немесе) оның қосалқы мердігерінің не бірлескен орындаушысының біліктілік талаптарына сәйкес келмейтіндігі айқындалса;
2) осы Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;
3) оның конкурсқа қатысуға өтінімінің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтіндігі айқындалса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы деп танылмайды).
5. Егер әлеуетті өнім беруші осы баптың 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмесе:
1) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада осындай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін қайтарудың негіздемелері көрсетіледі.
2) осы Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілуге тиіс.
6. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша:
1) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың өзге де талаптарына сай келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды конкурсқа қатысушылар деп таниды;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) оларға осы Заңның 17-бабының 4-тармағында көзделген критерийлердің салыстырмалы мәнін қолданады;
3) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді.
Егер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу лоттардан тұрса, онда конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада әрбір лот бойынша конкурсқа қатысушылар көрсетіледі. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы жалпы хаттаманы онда әрбір лот бойынша конкурсқа қатысушыларды көрсету шартымен ресімдеуге жол беріледі.
7. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға әлеуетті өнім берушілерге рұқсат беру (конкурсқа қатысушылар деп тану) туралы шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қол қояды.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей:
1) конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген әлеуетті өнім берушілердің мекенжайына конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманың көшірмесін табыс ету не жіберу;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) қол қойылған хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы конкурстық комиссияның қабылдаған шешімі туралы мүдделі тұлғаларды хабарландыруға міндетті.
8. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешіміне осы Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
26-бап. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау
мен салыстыру (конкурс)
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада уақыты мен орны белгіленген күні, бірақ осы Заңның 25-бабы 7-тармағының 1), 2) тармақшаларында көзделген тәсілдермен мүдделі тұлғалар хабарландырылған күннен бастап үш жұмыс күнінен ерте өткізілмейді.
Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері аудиожазба және бейнетүсірілімдерді жүргізу құқығымен қатысуға құқылы.
2. Конкурсқа қатысушылар немесе олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияға конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген мерзімнен кешіктірмей конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді табыс етеді.
Конкурсқа қатысушының бір конкурстық баға ұсынысынан артық баға ұсынысын табыс етуіне, сол сияқты конкурстық баға ұсынысын кері қайтарып алуына не ұсынылған конкурстық баға ұсынысына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.
Конкурстық комиссия хронологиялық тәртіппен конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттер ұсынған конкурсқа қатысушылар туралы мәліметтерді конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген мерзім өткенге дейін енгізеді.
3. Конкурстық комиссия конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді конкурсқа қатысушылардың және (немесе) олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен ашады және оларға әрбір конкурстық баға ұсынысын жариялайды.
Конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттердің мазмұнымен танысуға құқылы.
4. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын мынадай жағдайларда, егер:
1) конкурстық баға ұсынысының бағасы демпингтік болып табылған жағдайда қабылдамай тастайды. Демпингтік бағаны есептеу тәртібі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде айқындалады;
2) конкурстық баға ұсынысы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан артық болған жағдайда қабылдамай тастайды.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Конкурстық комиссия қабылдаудан бас тартылмаған конкурстық баға ұсыныстарына конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген тиісті салыстырмалы өлшемдер мәнін қолдану арқылы оларды бағалайды және конкурсқа әрбір қатысушының шартты бағасын есептейді.
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын салыстырады және ең төменгі шартты баға негізінде конкурс жеңімпазын айқындайды.
Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде отандық тауар өндіруші, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық беруші жеңімпаз деп танылады. Отандық тауар өндірушілердің, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде конкурстық нысанасы болып табылатын сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында мол жұмыс тәжірибесі бар отандық тауар өндіруші жеңімпаз деп танылады.
Конкурстық комиссия конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жүргізілген күні қатысушыларға конкурс жеңімпазын жариялайды және оған конкурстық комиссияның төрағасы не оның міндетін атқарушы адам қол қойған жазбаша хабарламаны береді.
27-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып
алудың қорытындылары туралы хаттама
1. Конкурстық комиссия конкурс жеңімпазы айқындалған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ресімдейді, оған конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.
Егер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу лоттардан тұратын жағдайда, конкурстық комиссия конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы жалпы хаттаманы ресімдейді және оған қол қояды, онда әрбір лот бойынша конкурс жеңімпаздары көрсетіледі.
2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей:
1) хаттама мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастыруға;
2) 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен алып тасталады (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3) конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы ақпаратты мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастыруға міндетті.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына өзі туралы мәліметтер енгізілген әлеуетті өнім берушінің жазбаша сауалын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей оған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесін өтемсіз негізде табыс етуге міндетті.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамада қамтылған және тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастырылған мәліметтер барлық мүдделі тұлғаларға танысу үшін төлем алынбастан қолжетімді болуға тиіс.
28-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып
алуды өтпеді деп танудың салдары
1. Егер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылса, тапсырыс беруші:
1) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы;
2) конкурстық құжаттаманы өзгерту және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы;
3) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімдердің бірін қабылдауға құқылы.
2. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу конкурсқа қатысуға тек қана бір әлеуетті өнім берушінің жіберілуіне байланысты өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші онымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу жөнінде шешім қабылдауға құқылы. Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттың бағасы конкурсқа қатысуға бір әлеуетті өнім берушінің жіберілуіне байланысты өтпеді деп танылған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу үшін бөлінген сомадан аспауға тиіс.
3. Осы Заңның 26-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысы қабылданбағаннан кейін қабылданбаудан тысқары бір ғана конкурстық баға ұсынысының қалуына байланысты конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші мұндай конкурсқа қатысушымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу жөнінде шешім қабылдауға құқылы. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт мұндай конкурсқа қатысушының өтінімінде көзделген талаптарға сүйеніп жасалады және онымен жасалған шарттың бағасы оның конкурстық баға ұсынысынан аспауға тиіс.
29-бап. Екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып,
конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды
өткізудің ерекшеліктері
1. Екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу:
1) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің егжей-тегжейлі өзіндік ерекшелігін толық тұжырымдау әрі олардың техникалық және өзге де сипаттамаларын айқындау қиын және (немесе) әлеуетті өнім берушілердің ұсыныстарын сұрату не туындаған мәселелер бойынша олармен келіссөз жүргізу қажет болған;
2) ғылыми зерттеулер, эксперименттер, іздестірулер жүргізу немесе әзірлемелер жасау қажет болған жағдайларда өткізілуі мүмкін.
2. Екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай дәйекті кезеңдердің жиынтығын білдіреді:
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) бірінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны айқындауы;
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының сараптама комиссиясын құруы не сарапшыны айқындауы;
сараптама комиссиясының не сарапшының тапсырыс берушінің қажеттілігі негізінде сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге техникалық тапсырманы қалыптастыруы;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңын қара (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
тапсырыс берушінің интернет-ресурсын айқындау;
екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды мемлекеттік сатып алу веб-порталында және тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялау;
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың бірінші кезеңіне қатысуға мүдделі тұлғаларға техникалық тапсырма табыс етуі;
әлеуетті өнім берушілердің техникалық тапсырмаға сәйкес әзірленген техникалық ұсыныстарды табыс етуі;
сараптама комиссиясының не сарапшының әлеуетті өнім берушілердің техникалық ұсыныстарын қарауы және олармен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және (немесе) өзге де сипаттамаларына, оларды жеткізудің (орындаудың, көрсетудің) шарттық талаптарына қатысты мәселелерді талқылауы;
сараптама комиссиясының не сарапшының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық өзіндік ерекшеліктерін әзірлеуі;
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуі және оны тапсырыс берушінің бірінші басшысының не жауапты хатшының немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлғаның не оның міндетін атқаратын тұлғаның бекітуі;
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бірінші кезеңде техникалық ұсыныстарды табыс еткен әлеуетті өнім берушілерге екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың екінші кезеңіне қатысуға шақыру жіберуі;
2) екінші кезеңде конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу үшін көзделген іс-шаралар жүзеге асырылады.
4-тарау. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 30-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
30-бап. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың негіздері
1. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу тапсырыс беруші үшін айрықшалығының елеулі маңызы жоқ тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге жүргізіледі, бұл ретте баға шешуші шарт болып табылады.
2. Біртекті болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді лоттарға бөлуге міндетті.
Біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірнеше түрлерін баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.
Біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардың біртекті түрлері бойынша және (немесе) оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.
Осы тармақта көзделген жағдайларда баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындау әрбір лот бойынша жүзеге асырылады.
31-бап. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мем-
лекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу
1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын табыс ету мерзімі аяқталған күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушінің интернет-ресурсында не ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, мемлекеттік сатып алудың осы тәсілін қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ететін кез келген басқа да интернет-ресурста мынадай ақпаратты:
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) мемлекеттік сатып алу үшін бөлінген соманы көрсете отырып, жүргізілетін мемлекеттік сатып алу нысаны болып табылатын тауарлардың саны туралы, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің (техникалық шарттары көрсетіле отырып) қысқаша сипаттамасы;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды
1-2) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 1-3) тармақшамен толықтырылды
1-3) тауарды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімдері;
2) әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын табыс етуінің басталу және аяқталу мерзімі туралы ақпаратты;
3) елеулі талаптарын көрсете отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасын орналастыруға міндетті. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы аталған ақпаратты орналастырған күні осы тармақта көзделген ақпарат орналастырылған интернет-ресурс туралы уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
Интернет-ресурста орналастырылған баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен алда болатын мемлекеттік сатып алу туралы ақпарат барлық мүдделі тұлғаларға танысу үшін төлем алынбастан қолжетімді болуға тиіс.
2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен алда болатын мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты интернет-ресурста орналастырумен бір мезгілде кемінде екі әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алуға қатысуға жазбаша шақырту жіберуге құқылы, онда осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген ақпарат қамтылуға тиіс. Шақыруға елеулі талаптары көрсетіле отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы қоса берілуге тиіс.
3. Әлеуетті өнім беруші бір ғана баға ұсынысын табыс етуге құқылы, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын табыс етуі оның мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасында көзделген елеулі талаптарды сақтай отырып, тауарды жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға келісім білдіру нысаны болып табылады.
Баға ұсынысы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға мөр басылған конвертпен табыс етіледі.
Белгіленген мерзім өткенге дейін баға ұсыныстары салынған конвертті берген әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының тиісті журналына енгізілуге тиіс. Аталған мәліметтер журналға әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беруіне қарай хронологиялық тәртіппен енгізіледі.
4. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын табыс ету аяқталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей баға ұсыныстары салынған конверттерді ашады, баға ұсыныстарын салыстырады және ең төменгі баға ұсынысын табыс еткен әлеуетті өнім берушіні айқындайды.
Егер ең төменгі баға ұсынысын бірнеше әлеуетті өнім беруші табыс еткен болса, онда баға ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарынан ертерек түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
5. Осы Заңның 39-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мен әлеуетті өнім берушінің арасында оның баға ұсынысына қатысты келіссөздер жүргізілуіне жол берілмейді.
6. Егер баға ұсыныстарын табыс ету мерзімі ішінде екіден кем әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстары салынған конверт ұсынылса, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын табыс ету мерзімін бес жұмыс күніне ұзартады. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын табыс ету мерзімі аяқталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген іс-шараларды орындайды.
7. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы, егер: