13. «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 15-құжат; 2009 ж., № 9-10, 48-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
1) 8-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) лицензиардың электрондық тізілімін жүргізеді;»;
2) 9-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Лицензиялар туралы деректер лицензиардың электрондық тізіліміне енгізіледі.».
2-бап. Осы Заң, 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 11-тармағы 5) тармақшасының тоғызыншы - он екінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2010 жылғы шілденің 15-і.
№ 337-ІV ҚРЗ