Қазақстан Республикасында республикалық және жергілікті деңгейлерде ішкі мемлекеттік
қаржылық бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 наурыздағы № 235 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 3 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 136-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында республикалық және жергілікті деңгейлерде ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 2 наурыздағы
№ 235 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында республикалық және жергілікті деңгейлерде ішкі мемлекеттік
қаржылық бақылауды жүзеге асыру
ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасында республикалық және жергілікті деңгейлерде ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 136-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында республикалық және жергілікті деңгейлерде ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды (бұдан әрі - ішкі бақылау) жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
2. Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аралық акт - бақылау жүргізу барысында жасалатын және дереу (жекелеген) құжаттамалық ресімдеуді талап ететін бақылау актісі;
2) бақылау материалдары - бақылау іс-шараларын жүргізу үшін қажетті құжаттар, сондай-ақ бақылау нәтижесі бойынша жасалған құжаттар және анықталған бұзушылықтардың қоса берілетін дәлелдемелері;
3) бақылау объектісінің лауазымды тұлғалары - бақылау объектісінің басшысы, сондай-ақ бақылау объектісінің басшысы анықтайтын, бақылау объектісінің бухгалтерлік және өзге де құжаттарына қол қою құқығы бар тұлғалар;
4) бақылау іс-шарасы (бақылау) - ішкі бақылау органдарының бұзушылықтарды анықтау, жою және болғызбау мақсатында бақылау объектілерінің Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын сақтауын тексеруді және талдауды жүзеге асыруы;
5) бақылау ауқымы - мәселелер тізбесі, тексерілетін кезең және бақылау жүргізу мерзімі;
6) маман - мемлекеттік органдардың мамандары және уәкілетті орган бақылау іс-шараларын жүргізуге тартқан сарапшылар;
7) ревизор - бақылау іс-шарасын жүзеге асыратын ішкі бақылау органының қызметкері;
8) тексеруші топ - екі және одан көп ревизор, сондай-ақ қажеттілігіне карай тартылған мамандар;
9) ішкі бақылау органдары - Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган (бұдан әрі - уәкілетті орган), орталық мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметтері және облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтері (бұдан әрі - ішкі бақылау қызметтері).
3. Осы Ережеде пайдаланылатын басқа да ұғымдар Кодексте айқындалатын мәндерде қолданылады.
2-тарау. Ішкі бақылауды жүзеге асыру тәртібі
§ 1. Бақылау іс-шараларын жоспарлау
4. Ішкі бақылау органдары объектінің атауын, бақылаудың ауқымын және түрін қамтитын тиісті қаржы жылына бекітілген бақылау іс-шараларының жоспары бойынша бақылау жүргізеді.
5. Бақылау іс-шараларын жоспарлау процесі мынадай сатылардан тұрады:
1) бақылау объектілерінің қызметін, оның ішінде бақылау объектісінің өткен қаржы жылы үшін республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттерді атқаруын алдын ала зерделеу;
2) бақылау мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті бақылау ауқымы мен еңбек ресурстарының көлемін міндетті түрде көрсете отырып, бақылау іс-шаралары жоспарын әзірлеу.
6. Бақылау іс-шараларын жоспарлау бақылау объектісін таңдау кезінде Кодексте көзделген тәуелсіздік және объективтілік принциптері бойынша жүзеге асырылады.
7. Кешенді бақылауды жоспарлау Кодексте анықталған кезеңділік негізінде жүзеге асырылады.
Тақырыптық бақылауды жоспарлау тиісті өкілді және атқарушы органдардың бастамашылық мәселелері, тапсырмалары мен сұратулары негізінде және басқа негіздемелер бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жоспарлау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында анықталған кезеңділік негізінде жүзеге асырылады.
8. Ішкі бақылау қызметтерінің бақылау іс-шаралары жоспары жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанына дейін бекітіледі.
Уәкілетті органның бақылау іс-шаралары жоспары жоспараланатын жылдың алдындағы жылдың 15 желтоқсанына дейін бекітіледі.
Бақылау іс-шараларының жоспарын, сондай-ақ оның өзгерістері мен (немесе) толықтыруларын уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің басшысы, ішкі бақылау қызметі құрылған мемлекеттік органның басшысы бекітеді.
9. Бақылауды жүргізу мақсатында ішкі бақылау органдары ақпарат алмасу мерзімдері көзделуі тиіс жазбаша сұрау салудың негізінде жоспарлары және жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы ақпарат алмасуды жүзеге асырады.
10. Уәкілетті орган жоспардан тыс бақылауды Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, осыған уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың тапсырмалары бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, депутаттық сауалдар бойынша жүргізеді.
§ 2. Ішкі бақылауды жүргізуді ұйымдастыру
11. Ережеге 1-қосымшаға сәйкес бақылауды тағайындау туралы үлгі бұйрықтың негізінде уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің басшысы, ішкі бақылау қызметі құрылған мемлекеттік органның басшысы шығарған бақылауды тағайындау туралы бұйрық ішкі бақылау жүргізу үшін негіздеме қызметін атқаратын құжат болып табылады.
12. Бақылауды жүргізу мерзімі алдағы жұмыстардың көлемі, қойылған міндеттері, тексеру тобы мүшелерінің саны, сондай-ақ бақылау актісіне қол қоюға қажетті уақыт ескеріле отырып белгіленеді және отыз күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
Объективті себептер болған кезде бақылау жүргізу мерзімі бақылау іс-шарасына басшылық ететін ревизордың дәлелденген ұсынысы бойынша уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесі басшысының, ішкі бақылау қызметі құрылған мемлекеттік орган басшысының бұйрығы негізінде отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Бақылауды тағайындау туралы бұйрық Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда міндетті түрде тіркеледі.
13. Ішкі бақылау органы бақылауды тағайындау туралы бұйрықтар бойынша бұйрықты тіркеу нөмірі және күні, бақылау объектісінің атауы, бақылау түрі, бақылауды жүргізуге тағайындалған лауазымды тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты, бақылау ауқымы көрсетілетін жеке журнал жүргізеді.
14. Бақылауды жүргізу мерзімі басталғанға дейін уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің басшысы, ішкі бақылау қызметі құрылған мемлекеттік органның басшысы, оның ішінде бақылау тақырыбын, міндеттері мен мақсатын, әрбір ревизорға бөлінген белгіленген мерзімдерде бақылауға жататын мәселелер тізбесін қамтитын бақылау бағдарламасын бекітеді.
15. Бақылау бағдарламасы бақылау объектісіндегі бұзушылықтар туралы қосымша алынған ақпараттың негізінде олар орын алған нақты кезеңді және бұзушылықтардың жалпы сомасын анықтау үшін бақылауды жүргізу процесінде өзгертілуі және (немесе) толықтырылуы мүмкін.
16. Бақылау іс-шарасына басшылық ететін ревизор бақылау жүргізуді бастар алдында:
1) бақылау объектісінің басшысына бақылауды тағайындау туралы бұйрықты ұсынады, оны бақылау бағдарламасымен таныстырады;
2) бақылау объектісінің басшысын тексеруші топтың мүшелерімен таныстырады.
17. Рсвизорлар бақылау жүргізу кезінде:
1) бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді бақылау объектілерінен өздері белгілеген мерзімде сұратады және алады;
2) мемлекеттік құпиялар туралы заңнама талаптарының және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, бақылау объектісінің бақылау іс-шарасы мәселелеріне қатысты құжаттамасымен кедергісіз танысады;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес ішкі бақылау органының құзыретіне кіретін өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асырады.
18. Бақылау іс-шарасын мамандарды немесе аудиторлық ұйымды тарта отырып жүргізу қажет болған кезде ішкі бақылау қызметі құрылған мемлекеттік органның басшысы уәкілетті органға бақылау объектісін уәкілетті органның ағымдағы немесе келесі қаржы жылының бақылау іс-шаралары жоспарына енгізу туралы өтініш жібереді.
Ішкі бақылау қызметтері бақылау іс-шараларын жүргізуге қатысуға ішкі бақылау қызметі құрылған мемлекеттік органның ведомстволық бағынысты ұйымдарының, құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің басқа да қызметкерлерін тарта алады.
19. Тексеруші топтың мүшелері бақылауды тағайындау туралы бұйрыққа және бақылау бағдарламасына енгізілген барлық мәселелер бойынша бақылау жүргізеді.
20. Бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша ревизор Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада бақылау актісін жасайды. Бақылау актісіне ревизор (тексеруші топтың мүшелері) қол қояды және әр парағына алдын ала қол қояды.
Бірлескен бақылау жүргізілген жағдайда, бақылау актісінің даналар сайын ревизор айқындайды.
Бақылау іс-шарасы аяқталғанға дейін үш күн бұрын бақылау актісінің бір данасы бақылау объектісінің басшысына танысу үшін беріледі, бұл ретте ревизордың қатысуымен бақылау объектісінің басшысы бақылау актісінің екі данасына оны алған күнді тіркей отырып белгі қояды.
Бақылау актісін жүргізілген бақылау нәтижесімен таныстыруға берілген күннен бастап үш күн ішінде бақылау объектісінің басшысы бақылау актісінің екі данасына қол қояды және әр парағына алдын ала қол қояды.
Бақылау объектісі басшысының бақылау актісіне қол қоймауы бақылау материалдарын одан әрі іске асыруға кедергі болып табылмайды.
Бақылау объектісінің басшысы бақылау нәтижелерімен келіспеген жағдайда бақылау актісіне қол қойылғаннан кейін он күн ішінде ішкі бақылау органына бақылау актісіне қарсылық жібереді.
Ішкі бақылау органы алған бақылау қарсылығы тіркелгеннен кейін комиссия он жұмыс күні ішінде бақылау актісіне қарсылықты қарайды, бақылау актісіне жіберілген қарсылық бойынша шешім қабылдайды. Комиссияның шешімі хаттама түрінде ресімделеді.
Комиссияның құрамы мен қызмет регламентін уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің басшысы, ішкі бақылау қызметі құрылған мемлекеттік органның басшысы айқындайды.
21. Анықталған бұзушылықтарды жою немесе көрсетілген бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша жедел шаралар қабылдау қажет болған кезде дереу бұзушылықтар дәлелдері қоса берілген аралық акт жасалады.
Бақылау іс-шарасына басшылық ететін уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің ревизоры аралық актіні (бақылау материалдарын) осы Ереженің 29-тармағына сәйкес шаралар қабылдау туралы шешім шығару үшін дереу уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің басшысына жібереді.
Бақылау іс-шарасына басшылық ететін ішкі бақылау қызметінің ревизоры аралық актіні (бақылау материалдарын) осы Ереженің 29-тармағына сәйкес шаралар қабылдау туралы мәселені шешу үшін ішкі бақылау қызметі құрылған мемлекеттік органның басшысына жіберуін қамтамасыз ететін ішкі бақылау қызметі басшысына дереу жібереді.
Аралық актілер мамандар, сондай-ақ ішкі бақылау қызметі құрылған мемлекеттік органның ведомстволық бағынысты ұйымдарынан, құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінен тартылған қызметкерлер жүзеге асыратын тексерістер бойынша да жасалады.
Аралық актілер бақылау актісіне қоса беріледі.
22. Уәкілетті орган бірлескен бақылауды жүзеге асырған кезде бірлескен бақылауға қатысушы барлық мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары бақылау актісіне қол қояды.
Бақылау нәтижелері бақылау іс-шараларын жүргізген мемлекеттік органдар арасында анықталған бұзушылықтарды алдын ала бөле отырып бақылау материалдарына енгізіледі.
23. Бақылау бағдарламасында анықталған мәселелер бойынша бұзушылықтар болмаған кезде бақылау актісіне бақылау бағдарламасында белгіленген қатаң сәйкестікте және көлемде бақылау жүргізілді, бұл ретте бұзушылықтар анықталған жоқ деген сілтеме жасалады.
24. Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарының сақталуын Бақылауды жүзеге асыру мақсатында уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері ішкі бақылау қызметтерінің бақылау материалдарының сапасын бақылауды жүргізеді.
Ішкі бақылау қызметтерінің бақылау актілері мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес келмеген жағдайда бақылау объектісі уәкілетті органның ағымдағы немесе келесі қаржы жылының бақылау іс-шаралары жоспарына енгізіледі.
§ 3. Бақылау материалдарын іске асыру
25. Бюджеттік және өзге де заңнаманы бұзушылықтар және бақылау объектісінің немесе оның құрылымдық бөлімшесінің жұмысында кемшіліктер анықталған жағдайда ішкі бақылау органы бақылау объектісінің немесе оның құрылымдық бөлімшесінің басшысына бақылау актісін таныстыруға берген күнінен кейін отыз жұмыс күн ішінде Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыныс жібереді.
26. Бақылау объектісі немесе оның құрылымдық бөлімшесі ұсыныста белгіленген мерзім ішінде бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдамаған немесе толық көлемде қабылдамаған кезде:
1) уәкілетті орган Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес шаралар қабылдайды;
2) ішкі бақылау қызметтері кінәлі тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін тиісті ақпаратты осы ішкі бақылау қызметі құрылған мемлекеттік органның басшысына жібереді.
27. Уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері тиісінше жұмыста басшылыққа алу үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орташа бюджетті жоспарлау бөлігінде бюджет заңнамасы бұзушылықтарының анықталған фактілері туралы ақпаратты жібереді.
28. Бақылау объектілеріне олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарын қамти отырып жүргізілген кешенді бақылаудың нәтижелерін шығару кезінде қорытылған ақпарат жасалады. Оның негізіне бақылаумен қамтылған бақылау объектілерінің толық тізбесі келтіріле отырып бақылау материалдары кіреді.
Ақпарат бұзушылықтарды жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кінәлі тұлғаларға шаралар қолдану үшін бақылау объектісінің басшысына жіберіледі.
29. Бақылау іс-шарасының нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес жауапкершілікті көздейтін бұзушылықтардың белгілері анықталған жағдайда уәкілетті орган өкілеттіктері шегінде тиісті шаралар қабылдайды.
Бақылау объектісінің лауазымды адамдарының іс-әрекеттерінде қылмыстар немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда, ішкі бақылау органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға береді.
Берілетін материалдар мыналарды:
1) уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің басшысы, ішкі бақылау қызметі құрылған мемлекеттік органның басшысы қол қойған бұзушылықтар фактілері туралы ілеспе хатты;
2) бақылау объектісінің басшысы қол қойған актілердің, оның ішінде аралық актілердің көшірмелерін;
3) бақылау материалдарына қоса берілген анықталған фактілерге қатысты құжаттардың расталған көшірмелерін, бақылау объектісі қызметкерлерінің жазбаша түсініктемелері мен келіспеушіліктерін қамтуы тиіс.
Уәкілетті орган және құқық қорғау органдары тиісті құқық қорғау органына берілген бақылау материалдарының қозғалысы туралы тоқсан сайынғы салыстыруларды жүргізеді.
30. Ішкі бақылау органының бақылау материалдарын іске асыруды аяқтауы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің басшысы, ішкі бақылау қызметі құрылған мемлекеттік органның басшысы бекітетін анықтамамен ресімделеді.
31. Ішкі бақылау органдары лауазымды адамдарының, бақылау объектілерінің іс-әрекеттеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
32. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы есеп береді.
33. Уәкілетті органның бақылау материалдары актіге қол қойған немесе актіге келіспеушіліктерді қараған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде «Қаржылық бақылау» ақпараттық жүйесінде қорытылады.
34. Әрбір бақылау объектісі бойынша «Қаржылық бақылау» ақпараттық жүйесін мынадай құжаттар қалыптастырады:
1) өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркелуі туралы белгісімен бақылауды тағайындау туралы бұйрық;
2) бақылау бағдарламасы;
3) бақылау актісі, сондай-ақ бақылау материалдарын іске асыру жөнінде мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен хат алмасу болған кезде, сот арыздары, сот шешімдері, сот алқаларының қаулылары, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар мен қаулылар, бақылау материалдарын іске асыру бойынша жұмыстарды аяқтауға анықтама.
35. Мемлекеттік құпия болып табылатын мәселелерді және бюджеттік бағдарламаларды бақылау кезінде бақылау актісі «Қаржылық бақылау» ақпараттық жүйесіне жіберілмейді.
Мұндай жағдайда бақылау актісіне бақылау объектісінің, бюджеттік бағдарламалардың атауы, бақылаумен қамтылған мәселелер, анықталған бұзушылықтардың анық жазылуы көрсетілген ақпарат қоса беріледі.
36. Уәкілетті орган бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде уәкілетті органның сайтында мемлекеттік құпиялар туралы заңнама талаптарының және заңмен қорғалатын өзге де құпияның қамтамасыз етілуін ескере отырып, бақылау нәтижелерін ақпарат түрінде жариялауды қамтамасыз етеді.
37. Ішкі бақылау қызметі мемлекеттік органның басшысына мемлекеттік орган жұмысының тиімділігін арттыру, оның қызметінің тікелей және түпкі нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында ондағы бақылау нәтижелері туралы есептерді және ішкі рәсімдерді, ережелерді, процестерді жақсарту жөнінде ұсынымдар береді.
38. Ішкі бақылау қызметтері құрамына өздері кіретін мемлекеттік органның сайтында мемлекеттік құпиялар туралы заңнама талаптарының және заңнамалармен қорғалады өзге де құпияның қамтамасыз етілуін ескере отырып, бақылау нәтижелерін ақпарат түрінде жариялауды қамтамасыз етеді.
3-тарау. Қорытынды ережелер
39. Уәкілеті органға қатысты нормалар 2009 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасында
республикалық және жергілікті
деңгейлерде ішкі мемлекеттік
қаржылық бақылауды жүзеге асыру
ережесіне 1-қосымша
Бақылауды тағайындау туралы бұйрықтың үлгі нысаны
200 __ жылғы ____________ № _____________
Бақылауды тағайындау туралы
____________________________________________________________________________ сәйкес
(құқықтық негіздері - ішкі бақылау органының құзыреті)
БҰЙЫРАМЫН:
1. _______________________________________ бақылау жүргізу үшін (объектінің ұйымдық-құқықтық нысаны, толық атауы, оның орналасқан жері және салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН), бар болса жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), бақылау объектісі басшысының аты-жөні (орталық мемлекеттік органдар «СТН», «ЖСН», «БСН» деректемелерін толтырмайды)
_________________________________________________________ жіберілсін.
(тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың аты-жөні)
2. 200 __ жылғы «__» _____ бастап 200 __ жылғы «__» ________
дейінгі кезең үшін ________________________________________________ .
(қарсы немесе тақырыптық бақылауды жүргізу кезіндегі мәселелер)
_________________ бақылау жүргізілсін.
(бақылау түрі)
3. Бақылау жүргізуге 200 __ жылғы «__» _______ бастап кіріссін 200 __ жылғы «__» _____ дейін аяқтасын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді*.
5.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау: ___________________________
(аты-жөні, лауазымы)
жүктелсін.
Негіздеме: __________________________________________________________
(жоғары тұрған органдардың тапсырмалары, тиісті жылға арналған
бақылау іс-шараларының жоспары, құқық қорғау органдарының
қаулылары және басқалар)
Ішкі бақылау органының басшысы ______________ _______________
(қолы) (аты-жөні)
М.О.
*Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркелуі қажет бақылауды тағайындау туралы бұйрықтар, оларды тіркеген күнінен бастап күшіне енеді.
_____________________________________________________________________
Бақылау іс-шарасын тағайындау туралы бұйрықтың үлгі
нысанының сырт жағы
Мен (Біз) тексерілетін бақылау объектісінде мүдделер қақтығысы мен бақылау бағдарламасын жоспарланған көлемде және белгіленген мерзімде орындауда кедергілердің болмағанын растаймын (мыз).
____________________________________ _________
(Ревизордың(лардың)аты-жөні) (қолы)
Қазақстан Республикасында
республикалық және жергілікті
деңгейлерде ішкі мемлекеттік
қаржылық бақылауды жүзеге асыру
ережесіне 2-қосымша
Бақылау актісі
__________________________ ________________
бақылау объектісінің орналасқан жері күні, айы, жылы
1. Бақылау жүргізу үшін негіздеме ___________________________________
(тиісті жылға арналған бақылау іс-шараларының жоспары, бақылауды тағайындау туралы бұйрық, жоғары тұрған органдардың тапсырмасы, құқық қорғау органдарының қаулылары, басқалар)
2. Бақылау объектісі ________________________________________________
(бақылау объектісі туралы қысқаша ақпарат, оның ішінде мемлекеттік
_____________________________________________________________________
тіркеу туралы деректер, банк деректемелері, құрылтайшылық құжаттар және басқалар.)
3. Бақылау түрі _____________________________________________________
4. Бақылау ауқымы ___________________________________________________
5. Бақылау __________________________________________________________