(қолы) (қолды таратып жазу)
М.О.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 83-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету
ережесіне 83-қосымша
Кассалық қызмет көрсетуге арналған шарт
_______________ 20__ж. «__»__________
қала/ауыл
Бұдан әрі «Меммекеме» деп аталатын,___________________________
(мемлекеттік мекеменің атауы)
20__ж.»__»__________ бекітілген Ереже негізінде әрекет ететін
________________________________________ қатысуы бар __________ Басшы
(аумақтық қазынашылық бөлімшесінің атауы)
___________ бір тараптан, бұдан әрі «КАБ» деп аталатын,______________
атынан, 20__ж.»__»__________ N____ бекітілген Ереже негізінде әрекет
ететін ____________________ екінші тараптан, және бұдан әрі «Банк»
деп аталатын, _______________________________________________________
(Банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы)
_________________ атынан, Жарғының және 20__ж.»__»__________ N____
негізінде әрекет ететін Басшы_____________ екінші тараптан және бұдан
әрі «Тараптар» деп аталатындар кассалық қызмет көрсетуге төмендегілер
туралы осы үш жақты шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты:
1. Шарттың мәні
1.1. Шарт негізінде КАБ тапсырады, ал Банк Шартта көзделген жағдайларда шоттарға есептеу үшін меммекемелердің өкілдерінен чектерді төлеу бойынша және қолма-қол ақша қабылдау жөніндегі
_____________________________________________________________________
(республикалық немесе жергілікті бюджет)
қаражат есебінен қаржыландыратын меммекемемен операцияны жүзеге асырады.
1.2. Меммекеме қолма-қол ақша алу, меммекеме өкілінің атына ресімделген чектерді төлеу, шоттарға есептеу үшін меммекеме өкілінің қолма-қол ақшасын беру, Банктің банктік қызметтеріне ақы төлеу мерзімінің тәртібі осы Шартпен, сондай-ақ бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен және банктік заңнамамен реттеледі.
2. Тараптардың міндеттемелері
2.1. Мем.мекеме:
2.1.1. Қолма-қол ақшаны алған күнге дейін алдын ала ҚАБ банктің кассасынан қолма-қол ақша алуға күтілетін сомаға чекті белгіленген тәртіппен ресімделген және алынған соманың _____ %-ы есебімен Банктің банктік қызметтерін төлеуге арналған төлем шотын қоса бере отырып, жекелей әрбір шығыстар ерекшелігі бойынша төлем шотын ұсынуға;
2.1.2. Шотқа есептеу үшін қолма-қол ақшаны тапсырған күні тапсырылатын соманың _______%-ы есебімен Банктің банктік қызметін төлеуді жүргізуге міндеттенеді.
2.2. Банк:
2.1.1. Чек бойынша операцияларды есепке алу үшін N_____ ішкі банктік шот ашуға;
2.2.2. Мемлекеттік мекемеге бір данасы үшін ________ теңгеден бойынша (ҚҚС-ты қоса алғанда) ақша чек кітапшасын сатуға;
2.2.3. Мемлекеттік мекемелердің қолма-қол ақша алуына арналған чектер және белгіленген тәртіппен ресімделген чек тізілімдерінің атқарылуын қабылдауға;
Мемлекеттік мекемелердің төлемге ұсынатын қолма-қол ақша алуға арналған чектер тізілімдері екі данада жасалады және оларға АҚБ уәкілетті өкілдері қол кояды;
2.2.4. Ұсынылған чектердің төлемін жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қамтамасыз етуге;
2.2.5. АҚБ төленген чектердің тізілімдерін жергілікті уақыт бойынша сағат 14.30-ға дейін қамтамасыз етуге;
2.2.6. Меммекеменің өкілінен қолма-қол ақшаны жергілікті уақыт бойынша 9.00-ден 13.00-ге дейін шотқа есептеу үшін қабылдауға және қолма-қол ақшаның қабылданған барлық сомасын сол күні тиісті шоттарға есептеу үшін Бірыңғай қазынашылық шотына аударуға міндеттенеді.
2.3. АҚБ:
2.3.1. Банкке банктің кассасынан қолма-қол ақша алуға екі данада АҚБ-ның қол кою үлгілері және мөртаңбасы бар құжаттарын ұсынуға;
2.3.2. Банкке мөр жоғалған және қол қою үлгілері бар құжаттары өзгерген жағдайда тез арада хабарлауға;
2.3.3. ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2.3.4. Банкке тізілімдер мен чектерді жергілікті уақыт бойынша сағат 16.00-ге дейін ұсынуға;
2.3.5. Банк жергілікті уақыт бойынша сағат 14.30-ға дейін ұсынған төленген чектер тізімдерінің негізінде операция күні ішінде берілген соманы қалпына келтіруді және Банктің банктік қызметтерін төлеуге ақша аударуды жүргізуді қамтамасыз етуге міндеттенеді.
2.4. Мемлекеттік мекеме:
2.4.1 Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес банкпен чектерді пайдалану туралы шарт жасасуға;
2.4.2. Шарттың 2.2.2-тармағына сәйкес бір данасына____ теңгеден (ҚҚС қосқанда) өзінің ақшасы есебінен ақшалай чек кітапшасының құнын төлеуге;
2.4.3. Сатып алынған ақшалай чек кітапшасын тіркеу үшін оны АҚБ-ға уақтылы беруге;
2.4.4. Чек кітапшасын жоғалтқан жағдайда ол туралы чектің пайдаланылмаған бланктерінің нөмірлерін көрсете отырып, Банкі дереу хабардар етуге міндеттенеді.
3. Тараптар құқықтары
3.1. Банктің:
3.1.1. АҚБ Шарттың 2.3.4-тармақтарының талаптарын бұзғаны туралы куәландыратын фактілер болған кезде кассалық операциялар жасаудан бас тартуға, сондай-ақ дұрыс ресімделмеген чектерді төлеуден бас тартуға құқығы бар.
3.2. АҚБ:
3.2.1. Атауы өзгерген (қосылуы немесе қайта ұйымдастырылуы), тозған немесе мөрі жоғалған жағдайда, ол ұсынған өтініш негізінде мөрді әзірлегенге дейін қол қою үлгісі бар көрсетілген құжатта мөрінің жоқтығы және қолының қойылғаны туралы белгісі бар төлем шоты бойынша қызмет көрсетуге;
3.2.2. Төленбеген чектер бойынша және Бірыңғай қазынашылық шотына есептеу үшін уақтылы аударылмаған ақша бойынша кідірістің әрбір күні үшін айыппұл санкцияларын ұсынуға құқылы.
3.3. Мемлекеттік мекеме:
3.3.1. Банкпен жасалған Чекті пайдалану туралы шарттың талаптарына сәйкес чектің пайдаланылмаған бланкілерін банкке қайтаруға құқылы.
4. Тараптардың жауапкершілігі
4.1. АҚБ Шарттың 2.3.5-тармағына сәйкес төлем шоттарындағы деректемелердің дұрыстығы және төлем шотының уақтылы жіберілуі үшін жауапты болады. АҚБ-ның кінәсінен Банктің корреспонденттік шотына ақша түспеген жағдайда жұмыс күнінің аяғында соңғысы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасы бойынша мөлшерде кідіртілген әрбір күн үшін айыппұл есептей отырып, Банктің жеке шотына N____банкішілік шоты бойынша қалпына келтірілмеген сома қалдығын апарады.
4.2. АҚБ чектер бойынша қолма-қол ақшаны беру және меммекеме өкілінен қолма-қол ақшаны қабылдау бойынша төлем жүйесіндегі (әртүрлі төлемдер жүйесі - ӘТЖ немесе Ірі төлемдер жүйесі - ІТЖ) төлемдердің кідіріс жағдайын қоспағанда, Банкке банктік қызметтерді уақтылы төлемегені үшін Шарттың 2.3.5-тармағына сай мерзімге сәйкес мерзімі өткен әрбір күн үшін төленбеген соманың__%-ы есебімен айырысуынан өсімақы төлейді.
4.3. Шарттың 2.2.4-тармағына сәйкес чектер төлемінің талаптарын орындамаған және Бірыңғай қазынашылық шотқа уақтылы ақша аударылмаған жағдайда Шарттың 2.2.6-тармағына сәйкес Банк тиісті бюджет кірісіне төленбеген чектер және Бірыңғай қазынашылық шотына тиісті шоттарға есептеу үшін уақтылы аударылмаған ақша сомасынан мерзімі өткен әрбір күн үшін __%-ы есебімен айыппұл төлейді. Төленбеген чектер және Бірыңғай қазынашылық шотқа тиісті шоттарды есептеу үшін уақытылы ақша аудармау жөніндегі әрбір факт өндіріс нысанында (екі данада) актімен ресімделеді және оған Банк пен АҚБ қол қояды. Актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда Банк АҚБ жазбаша бас тарту себебінің түсіндірмесін ұсынады. Айыппұл төлемі ай сайын 30 күннен кешіктірмей акт негізінде жүргізіледі.
5. Шарттың әрекет ету мерзімі және оны өзгерту және бұзу тәртібі
5.1. Шарт қазақ және орыс тілдерінде заң күші бірдей үш данада, әрбір тарап үшін бір дана бойынша жасалды. Шарт оны АҚК_____________ тіркеген күннен бастап күшіне енеді және 20__жылғы 31 желтоқсанға дейін әрекет етеді. Бюджеттік шығыстар сыныптамасының ___________коды бойынша міндеттеме сомасы _____________теңгені құрайды.
5.2. Шартқа енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар оны жазбаша ресімдеген және әрбір тараптардың уәкілетті тұлғалары қол қойған кезде жарамды, одан әрі Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
Шарт бойынша жұмыстардың (қызметтердің) құнына байланысты өзгерістер оны________________________________________
Аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркелген кезде жарамды.
5.3. Тараптардың әрқайсысы екінші Тарапты бұл туралы жазбаша нысанда оның мәлімдеген бұзылатын күнге дейін кемінде он күн ішінде хабарлап, Шартты бұзуға құқылы.
6. Дауларды шешу
6.1. Шарт бойынша Тараптар арасында туындайтын барлық даулар келіссөздер арқылы шешіледі. Тараптар уағдаластыққа келмеген келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
6.2. Тараптар Шарт бойынша барлық ықтимал наразылықтарды Тараптар оларды алған сәттен бастап он күн ішінде қарауы тиіс деп белгілейді.
7. Форс-мажор
7.1. Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамағаны үшін, егер бұл орындамаушылық болжанбаған мынадай жағдайлардың, атап айтқанда: Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға тікелей ықпал еткен қауіпті табиғи жағдайлар, өрт, су тасқыны, жер сілкінісі, эпидемия, әскери әрекет, уақытша электр энергияның және телекоммуникациялық байланыстың болмауы және т.с.с. себебі болып табылса, жауапкершіліктен босатылады.
7.2. Тараптар деректемелері (заңды мекен-жайы, шот нөмірі және т.б.) өзгерген жағдайда бір-бірін тез арада хабардар етеді.
8. Қатысушылардың заңды мекен-жайлары мен деректемелері
Тараптардың қолы:
Мемлекеттік мекеме Аумақтық қазынашылық Банк:
__________________ бөлімше:______________ ________________
__________________ ______________________ ________________
М.О. М.О. М.О.
Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету
ережесіне 84-қосымша
____________________________________________________________________________________________________________
(аумақтық қазынашылық бөлімшесінің атауы)
_____________________________________________________________________________________________________________
(мемлекеттік мекеменің атауы және коды)
Қолма-қол ақша алуға арналған өтінімнің №__
20__ж. «___»__________________
(жазып алынған күні)
чекке №____
20__ж. «___»__________________
Р/с № | Қаржыландыру көзі | Бюджеттік шығыстар сыныптамасының коды | Сомасы | Қолма-қол ақша алуды тағайындау |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
Жиыны: | | | | |
Жиын сомасын таратып жазу ________________________________________________________________________
Мемлекеттік мекеменің басшысы ______________ _____________
(аты-жөні) (қолы)
Мемлекеттік мекеменің бас бухгалтері ______________ _____________
(аты-жөні) (қолы)
Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет көрсету
ережесіне 85-қосымша
5-55-нысан
Есеп жүргізілді:
Күні - Уақыт
№ 1-бет
Мемлекеттік мекемелердің қолма-қол ақша алуға арналған
чектері тізілімінің №
Күні: 20__ж. «___»_________________
Өңір:
Банк:
Бюджеттің түрі:
Аумақтық қазынашылық бөлімшесі:
Р/с № | Мемлекеттік мекеменің атауы | Мемлекеттік мекеменің коды | Чек нөмірі | Төлеуге берілетін шоттың нөмірі | Сомасы (теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| | | | | |
Жиыны: |
____________________теңге сомасында қолма-қол ақша төлеміне тізілім бойынша_____ құжат ұсынылды (санмен және жазумен)
Аумақтық қазынашылық органының басшысы _______________________
Аумақтық қазынашылық органының жауапты
орындаушысы _______________________
М.О.
Төлемге арналған чектер тізілімі қабылданды __________________________________________
(банктің жауапты орындаушысы (қолы, аты-жөні)
Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету
ережесіне 86-қосымша
_____________________________________________________________
(банк атауы)
______________________________________________________________
(аумақтық қазынашылық бөлімшесінің атауы)
Бюджет түрі ___________________________________________________
((республикалық, жергілікті (керегінің асты сызылсын)
Төленген чектердің тізілімі
Күні 20__ж. «_____»_______________
Р/с № | Мемлекеттік мекеменің атауы | Мемлекеттік мекеменің коды | Чек нөмірі | Сомасы (теңге) | Күні, аумақтық қазынашылық бөлімшесі тізілімінің № |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| | | | | |
Жиыны: |
Осы тізілім бойынша _______________________ чектер төленді
сомасына ______________________________________________
(санмен және жазумен)
Банк басшысы _________________________
М.О
Банктің жауапты орындаушысы _______________________
Төленген чектер тізілімі қабылданды (аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы) Күні 20__ж.»_____»_____________ | № төлеуге берілетін шотпен аударылды Күні 20__ж.»_____»_____________ |
87 ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 87-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету
ережесіне 87-қосымша
Карт-шот ашуға арналған рұқсат
_____жылғы «___»_________________
_______________________________________________________________________________бюджет есебінен қаржыландырылатын
(бюджет түрі)
__________________________________________________________________________________________________________________,
(мемлекеттік мекеменің атауы және коды)
________________________________________________________________________________________қолдаухаты негізінде мынадай:
(бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы)
___________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________
шығыстардың түрі бойынша корпоративтік төлем карточкасын қолдана отырып, есеп айырысу жүргізу үшін ұлттық валютада карт-шот ашуға рұқсат етіледі 200__ж. «_____»______________
Рұқсат Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қайтарып алуға дейін қолданыста болады.
Бюджетті атқару жөніндегі
уәкілетті органның басшысы ______________ _____________
(аты-жөні) (қолы)
М.О
Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету
ережесіне 88-қосымша
КАРТ-ШОТ АШУҒА, КОРПОРАТИВТІК ТӨЛЕМ
КАРТОЧКАСЫН БЕРУ және ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ
ШАРТ
Бұдан әрі «Банк» деп аталатын,_________________________________
акционерлік қоғамының атынан, 200_ж.»__»______ _____________негізінде әрекет ететін,________________________________бір тараптан
және бұдан {Басшысының аты-жөні, лауазымы)
әрі «Мемлекеттік мекеме» деп аталатын,__________________________________________________________________________атынан,
(Мемлекеттік мекеменің атауы толығымен)
200_ж.»__»__________бекітілген _______________негізінде әрекет ететін______________________________________ екінші тараптан, бұдан әрі
(Басшысының аты-жөні, лауазымы)
бірлесіп «Тараптар» деп аталушылар карт-шоттың ашылуы, берілуі және қызмет көрсетуі туралы мыналар туралы осы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты.
1. Терминдер сөздігі
1.1. Осы Шартта пайдаланылған терминдер Қазақстан Республикасында Төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесінде (бұдан әрі - Ереже) пайдаланылған терминдерге сәйкес келеді.
2. Шарттың мәні
2.1. Осы Шарттың тәртібінде және Шарттарында Банк Меммекемеге карт-шот ашуға, Меммекеменің уәкілетті өкіл(дер)іне корпоративтік төлем карточка(лар)сын шығаруға және Қазақстан Республикасы заңнамасына және де Банктің ішкі ережелеріне сәйкес қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге міндетті.
2.2. Меммекеме Карточканы осы Ережеге сәйкес қабылдауға және қолдануға міндеттенеді.
2.3. Карточканы Ұстаушы Меммекеменің уәкілетті өкілі болып табылады. Шарттың және Ереженің талаптары карточка ұстаушыға да көрсетіледі.
2.4. Карт-шот теңгеде жүргізіледі.
2.5. Карт-шотқа ақшаны аудару тәртібі, Мем.мекеме мен Банктің өзара қатынасы, қаржылық қызметтерді төлеудің мөлшері мен мерзімі, олардың реті Шартпен және Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
3. Карт-шот ашу, корпоративтік төлем карточкасын беру және оған қызмет көрсету талаптары
3.1. Банк:
3.1.1. Мекеменің атына карточка-шот ашуға.
3.1.2. Өтінішті алған күннен бастап______банктік күн ішінде Карточканы шығаруға, Мемлекеттік мекеменің уәкілетті өкіл(дер)іне, Карточка мен ПИН-конвертті беруге. Карточка ұстаушыға не Банкте Карточканы алуға уәкілетті жауапты қызметкерге, сондай-ақ Карточкаға Банк заңнамасының және осы Шарттың талаптарына сәйкес қызмет көрсетуге.
3.1.3. Хат-хабар шотына ақша түскен күні оларды Меммекеменің карт-шотына аударуға.
3.1.4. Карточка ұстаушыға не Банкте, Банктің қызмет көрсететін филиалында үзінді алуға уәкілетті жауапты қызметкерге ай сайын оны беріп отыру не почта арқылы жіберуге.
3.1.5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шарттың мерзіміне қарамастан карт-шот және олар бойынша жасалатын операциялар бойынша банктік құпияның сақталуына кепілдік беруге.
3.1.6. Ережедегі барлық өзгерістер туралы Мемлекеттік мекемені Банк филиалдарына хабарландыру орналастыру жолымен хабардар етіп отыруға.
3.1.7. Банктің бастамасымен Карточканы жабу жағдайында Мемлекеттік мекемелерді жабылған күннен бастап____банктік күн ішінде жазбаша хабардар етуге міндетті.
3.2. Мемлекеттік мекеме:
3.2.1. Карт-шот ашу және карточка(лар) шығару үшін Банкке бір мезгілде Карточканы оның атына шығару қажет уәкілетті өкіл(дер)дің Т.А.Ә. көрсете отырып, міндетті түрде жеке куәлігінің(тер) және СТН-нің көшірмелерін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің, қазақстан Республикасының Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерінде және Банктің ішкі Ережесінде белгіленген құжаттарды беруге.
3.2.2. Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын, осы Шарттың және Ереженің талаптарын сақтауға, оларды Карточка(лар) ұстаушының(лар) да сақтауын қамтамасыз етуге.
3.2.3. Карточканың(лар) сақталуын қамтамасыз ету.
3.2.4. Карточка(лар) жоғалған немесе ұрланған жағдайда шұғыл түрде Банкке Ережеде көзделген тәртіппен Карточканы жабу туралы ауызша немесе жазбаша өтінішпен жүгінуге.
3.2.5. Банкті деректемелерінің өзгергені туралы банктік күн ішінде жазбаша хабардар етуге.
3.2.6. Банктен тиісті жазбаша хабарлама алған кезде Карточканы(лар) пайдалануды тоқтатуға және хабарламаны алған күннен бастап_____ банктік күн ішінде осы Шарт шеңберінде шығарылған барлық Карточкаларды Банкке қайтарып беруге.
3.2.7. Қалаған кезде Банк филиалында Карточка бойынша___________ теңге сомасынан асатын қолма-қол ақша алуға бір банктік күн бұрын осы Банк филиалының басшысына жазбаша өтініш ұсынып, осы сомадағы ақшаны ала алады.
3.2.8. Карточка ұстаушының жұмыстан босау туралы өтініш берген күнінен бастап немесе Карточка ұстаушының қайтыс болған күнінен бастап бұл туралы______банктік күн ішінде Банкті жазбаша түрде хабардар етуге, Карточканы Банкке қайтаруға.
3.2.9. Карт-шотқа қате есептелген ақшаны Банкке шұғыл түрде және толық көлемде қайтаруға.
3.2.10. Карточканы жоғалтқан жағдайда/___________ түрдегі әрбір карточка үшін ___________ теңге есебінен ақшаны Банктің______________ шотына аудару жолымен шығаруға/ауыстыруға қызмет ақысын төлеуге.
3.2.11. Ақша Карт-шотқа аударылған күні Банкке карт-шотқа қызмет көрсеткені үшін карт-шотқа есептелген соманың ____%-ы мөлшерінде бірыңғай комиссияны төлеуге.
3.2.12. Меммекеме бірыңғай комиссиямен Банктің мынадай қызметтерінің ақысын төлейді:
___________________________________________________________________________________________________________________,
___________________________________________________________________________________________________________________,
___________________________________________________________________________________________________________________,
___________________________________________________________________________________________________________________,
___________________________________________________________________________________________________________________,
3.2.13. Комиссияның 3.2.11. бөлімде көрсетілген мөлшері Банкке жеке төлеуге берілетін шотпен, Мемлекеттік мекеменің ақшасын Карт-шотқа есептеуден бөлек төленеді және кейіннен Меммекеме Карт-шотындағы ақшаны пайдаланбаған жағдайда Меммекемеге қайтаруға жатпайды.
3.2.14. Мөрді жоғалтқан және қойылған қолдардың үлгілері бар құжатта өзгеріс болған жағдайда Банкке келесі күннен кешіктірмей хабарлауға міндетті.
4. Төлем карточкасы жүйесі арқылы есеп айырысуларды жүргізу талаптары
4.1. Банк Карточкалары үшін төлем карточкасы жүйесімен есеп айырысу валютасы АҚШ доллары немесе еуро болып табылады. Жүйесінің есеп айырысу валютасы доллар АҚШ немесе еуро төлем карточкасы жүйесімен жасалған сомасы төлем карточкалары жүйесінің осы Карточкалық операция бойынша Банкпен есеп айырысу күніне белгілегені бойынша АҚШ долларына немесе еуроға айырбасталады. Егер карт-шот теңгемен жүргізілсе, онда Банк карт-шоттан соманы валютаны сатудың карт-шоттан ақша алынатын күнге белгілеген бағамы бойынша Карточкалық операцияның АҚШ долларындағы не еуродағы сомасына балама теңгемен алады.
5. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
5.1. Банк:
5.1.1. Бір жақты тәртіпте Ережені (Осы Шартта көзделген тәртіппен кейіннен Меммекемені хабардар ете отырып) өзгертуге.
5.1.2. Меммекеменің қосымша акцептінсіз карт-шоттан оларды тікелей дебеттеу жолымен:
- карточкалық операция сомасын;
- тарифтерге сәйкес Банкке тиесілі сыйақыларды;