Міндеттеме негізінде тауарларды еркiн айналыс үшiн шығару белгіленген тәртіппен кеден төлемдерін және акцизделетін тауарлар бойынша акциздерді де төлеген жағдайда, қосылған құн салығы іс жүзінде төленбей жүргізіледі.
4. Міндеттемеде көрсетілген қосылған құн салығының сомасы сонымен бір мезгілде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен есептелген және есептемеге жатқызылған қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетіледі.
5. Осы баптың 5-1 және 6-тармақтарында көрсетілгендерді өткізуден басқа, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды кейіннен өткізуге қосылған құн салығы салынуға тиіс.
Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды еркiн айналыс үшiн шығарған күннен бастап бес жыл ішінде осы бапта белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде өсімпұлдарды есепке жаза отырып, тауарлар әкелу кезінде қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап төленуге тиіс.
5-1. ұкелiнетiн тауарларға қосылған құн салығы есепке жатқызу әдiсiмен төленген тауарларды өткізуге олар Қазақстан Республикасының аумағына еркiн айналыс үшiн шығарылған күннен бастап бес жыл өткен соң әкелiнетiн тауарларға қосылған құн салығы салынбайды.
Осы тармақтың ережесi өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждары үшiн 2008 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзiмде әкелiнген, импорттау кезiнде қосылған құн салығы есепке жатқызу әдiсiмен төленген тауарларды 2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейiн өткiзген кезде де қолданылады.
6. Тауарлардың импорты кезінде қосымша құн салығы есепке жатқызу жолымен төленген, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды өткізу бойынша айналымдар қаржы лизингіне берілген кезде қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақтың ережесi өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждары үшiн 2008 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзiмде әкелiнген, импорттау кезiнде қосылған құн салығы есепке жатқызу әдiсiмен төленген тауарларды қаржы лизингiне 2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейiн берген кезде де қолданылады.
2011 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жоятын 533-баптың 5-тармағының 3) тармақшасын;
2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 169-құжат; № 15-16, 224-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 73-құжат; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 21-22, 160-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 16, 98-құжат), 5-3-бабын қоспағанда;
3) «Теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезінде өнімді бөлу жөніндегі келісімдер (келісім-шарттар) туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 54-құжат) күші жойылды деп танылсын.
2009.16.11. № 200-IV ҚР Заңымен 50-баппен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)
50-бап. Егер лизинг берушi 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн мүлiктi қаржы лизингiне беру кезiнде шот-фактура жазбаған жағдайда, лизинг берушi қаржы лизингi шартына сәйкес алу мерзiмi 2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейiн басталатын лизингтiк төлемдер сомасын негiзге алып, оған сыйақы мен қосылған құн салығының сомасын қоспай айналым мөлшерiн көрсете отырып, 2009 жылғы 31 желтоқсаннан кешiктiрмей шот-фактура жазуға мiндеттi болады деп белгiленсiн.
2009.16.11. № 200-IV ҚР Заңымен 51-баппен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)
51-бап.
1. 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн қаржы лизингiне берiлген мүлiк бойынша «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексiнiң) 78-бабында белгiленген талаптар сақталмаған жағдайда, босатылған айналым мөлшерiне «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексiнiң) 237-бабының 6-тармағында көрсетiлген күннен бастап салық салынады деп танылады.
2. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жағдай 2009 жылы басталса, лизинг берушi осы баптың 4-тармағында белгiленген тәртiппен 2009 жылғы 31 желтоқсаннан кешiктiрмей қосымша шот-фактура жазуға мiндеттi.
3. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жағдай 2009 жылғы 31 желтоқсаннан кейiн басталса, лизинг берушi осы баптың 4-тармағында белгiленген тәртiппен, аталған бұзушылық болған күннен бастап бес күннен кешiктiрмей қосымша шот-фактура жазуға мiндеттi.
4. Осы бапта көрсетiлген жағдайларда, лизинг берушi:
сыйақы сомасын қоспағанда, қосылған құн салығының сомасын көрсете отырып, босатылған айналымның терiс мәнi мен салық салынатын айналымның оң мәнi қамтылуға тиiс қосымша шот-фактура;
қосылған құн салығының сомасын көрсете отырып, босатылған айналымның терiс мәнi мен салық салынатын айналымның оң мәнi қамтылуға тиiс сыйақының есептелген сомасы бөлiгiнде қосымша шот-фактуралар жазып бередi.
5. Егер мүлiктi қаржы лизингiне 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн беру кезiнде шот-фактура жазылмаса, осы баптың 2-тармағында көрсетiлген жағдай басталған кезде лизинг берушi 2009 жылғы 31 желтоқсаннан кешiктiрмей:
сыйақы сомасын қоспағанда, қосылған құн салығының сомасын көрсете отырып, салық салынатын айналымның мөлшерi барлық лизинг төлемдерiнiң жалпы сомасына негiзделiп көрсетiлетiн шот-фактура;
сыйақы мен қосылған құн салығының сомасы көрсетiлетiн, сыйақысының есептелген сомасы бөлiгiнде шот-фактуралар жазып беруге мiндеттi.
6. Қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын лизинг алушы осы бапта көрсетiлген жағдайларда, қосылған құн салығын «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексiнiң) 237-бабының 6-тармағында көрсетiлген, лизинг берушiнiң өткізу бойынша айналым жасау күнiне дәл келетiн нақ сол салық кезеңiнде есепке жатқызады.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 52-баппен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiледi)
52-бап. 2009 жылғы 31 желтоқсанға дейiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 249-бабының 1-тармағына сәйкес өткізу айналымдары салықтан босатылатын объектiлердiң құрылысын жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушiлерге 2009 жылғы 1 қаңтар - 30 маусым аралығындағы кезең үшiн қосылған құн салығы бойынша салықтық мiндеттемелердi орындау бөлiгiнде салықтық тексеру (қарсы тексерудi қоспағанда) жүргiзiлмейдi.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 53-баппен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiледi)
53-бап. Осы Заңның 48-бабының 1) тармақшасы үшiншi абзацының және 52-бабының ережелерi «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 260-бабының 2-1-тармағы күшiне енгенге дейiн өткізу айналымдары «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 249-бабының 1-тармағына сәйкес салықтан босатылатын объектiлердiң құрылысы бойынша қосылған құн салығын есепке жатқызудың барабар әдiсiн қолданған қосылған құн салығын төлеушiлерге қолданылады.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2008 жылғы желтоқсанның 10-ы.
№ 100-ІV ҚРЗ