Субсидиялар және өтем шаралары туралы
1999 жылғы 16 шілдедегі № 441 Қазақстан Республикасының Заңы
(2006.09.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң мүдделі тұлғалар арасында шет мемлекет (шет мемлекеттер одағы) субсидиялаған тауар импорты кезінде, сондай-ақ істі қарауды жүргізу және өтем шараларын енгізу кезінде туындайтын қатынастарды реттейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылған негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) уақытша өтем шаралары - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде шет мемлекет (шет мемлекеттер одағы) субсидиялаған импорттық тауар берушіге істі қарауды жүргізу процесінде кепілдік берілген ақша депозиттері және (немесе) Қазақстан Республикасы банкінің кепілдігі түрінде қолданылатын шаралар;
2) мүдделі тұлғалар - істі қарау объектісі болып табылатын осындай тауардың отандық өндірушісі не қатысушыларының көпшілігі осындай тауар өндіретін отандық өндірушілердің бірлестігі;
тауардың шетелдік экспорттаушысы және істі қарау объектісі болып табылатын тауардың шетелдік өндірушісі;
тауардың отандық импорттаушысы немесе қатысушыларының көпшілігі осындай тауарды импорттаушылар болып табылатын отандық импорттаушылардың бірлестігі;
шет мемлекеттің үкіметі, тауар шыққан немесе осындай тауар экспорттаған елдің уәкілетті органы не осындай тауар шыққан немесе оны экспорттаған елдер енетін шет мемлекеттер одағының уәкілетті органы;
тауар тұтынушы немесе тауар тұтынушылар бірлестігі;
Қазақстан Республикасының Үкіметі және уәкілетті органы;
осы істі қарау құқықтары мен мүдделерін қозғайтын және, осы Заңның 6-бабында көрсетілген уәкілетті органның пікірінше, осы істі қарауды жүргізуге ықпал ете алатын өзге де тұлғалар;
3) өтем бажы - Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының негізінде шет мемлекет (шет мемлекеттер одағы) субсидиялаған тауар импортына өтем шараларын енгізу кезінде қолданылатын және оған кеден бажының негiзгi ставкасынан тыс белгіленетін баж;
4) өтем шаралары - отандық өндiрушiлерге келтiрiлген материалдық зиянды немесе оның келтiрiлу қаупiн жою үшін уақытша өтем шарасы, өтем бажы және баға мiндеттемелерi түрiнде шет мемлекет (шет мемлекеттер одағы) субсидиялаған тауар импортына қолданылатын әкiмшiлiк-экономикалық ықпал ету құралдарының жиынтығы;
5) құпия ақпарат-ашылған жағдайда бәсекелестерге едәуiр артықшылық беретiн немесе ақпарат берушi мүдделi адамға едәуiр қолайсыз зардаптар келтіретін ақпарат;
6) материалдық зиян - шет мемлекет (шет мемлекеттер одағы) субсидиялаған импорттық тауар беруден отандық өндiрушiлер ұшырайтын нақты зиян және (немесе) олар алмаған табыстар (алынбай қалған пайда);
7) қолайсыз аймақ - шет мемлекет (шет мемлекеттер одағы) субсидиялаған импорттық тауарды өндiрген және (немесе) экспорттаған елдiң нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленген, iстi қарау кезеңiне қарай соңғы үш жылда даму деңгейi: халықтың жан басына шаққандағы табысымен, отбасының әр мүшесiнiң табысымен немесе халықтың жан басына шаққанда 85 проценттен аспайтын жалпы iшкi өнiммен және шығарылған елдiң және (немесе) экспорттаушы елдiң тиiстi орташа көрсеткiштерiнiң 110 процентiнен аспайтын жұмыссыздық деңгейiмен сипатталған әкiмшiлiк және (немесе) экономикалық аумақ;
2006.09.01 № 114-III ҚР Заңымен 8 тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
8) отандық өндiрушiлер - ұқсас немесе тiкелей бәсекелесетiн тауардың қазақстандық өндiрушiлерi, ондай тауарды өндiрудiң жиынтық көлемi Қазақстан Республикасының аумағында осындай тауарды өндiрудiң негізгі бөлігі болуы керек;
2006.09.01 № 114-III ҚР Заңымен 9 тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
9) ұқсас тауар - сыртқы экономикалық қызметiнiң тауар номенклатурасының нақ сол кодымен топтастырылатын және басқа тауарға толық сәйкес келетiн, өзiнiң жұмыс iстеу мақсаты, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары мен басқа да негiзгi қасиеттерi жағынан онымен салыстыруға болатын тауар;
10) өнiм берушi - шет мемлекет (шет мемлекеттер одағы) субсидиялаған импорттық тауардың шетелдiк өндiрушiсi немесе экспорттаушысы;
11) iстi қарау - Қазақстан Республикасына әкелiнетiн, сатылған жағдайда ұқсас тауардың отандық өндiрушiлерiне материалдық зиян келтiретiн немесе сондай зиян келтiру қаупiн төндiретiн шет мемлекет (шет мемлекеттер одағы) субсидиялаған импорттық тауар беруге байланысты құжаттар мен басқа да айғақтарды қарау рәсiмi;
12) аймақтық өндiрушiлер - аймақтық рынокта ұқсас тауар өндiрушiлердiң жиынтығы, олар мынадай талаптарға сәйкес келедi:
өндiрушiлер өз тауарының бәрiн немесе көпшiлiк бөлiгiн осы рынок iшiнде сатады;
өндiрушiлер тауарды осы аймаққа жiберетiн бiрден-бiр өндiрушiлер болып табылады;
13) аймақтық рынок - Қазақстан Республикасының жеке әкiмшiлiк- аумақтық бөлiнiсiнiң рыногы;
14) ерекше субсидия - қол жеткiзiлуi шектеулi және нақты өнiм берушiге немесе нақты өнiм берушiлер одағына, немесе экономиканың нақты саласына берiлетiн не тауар экспортын ынталандыруға немесе тауар импортының орнын толтыруға арналған субсидия;
15) субсидиялаушы орган - үкiмет немесе өнiм берушiге субсидия беретiн өзге де мемлекеттік орган;
16) субсидия - шет мемлекет (шет мемлекеттер одағы) көрсететiн қаржылық қолдау, ол ақша қаражатын тiкелей аудару арқылы артықшылықтан немесе осындай аударым жасау мiндеттемесiнен,
салық, кеден немесе өзге де мiндеттi төлемдерден толық немесе iшiнара босатудан,
борышты жоюдан немесе осындай борышты төлеу үшiн көмек көрсету мақсатында кредит беруден,
нақты өнiм берушiмен ғана байланысты емес инфрақұрылымды қолдау мен дамытуға арналған тауарлар мен қызмет көрсетудi қоспағанда, энергияны, материалдарды, компоненттердi, жартылай фабрикаттарды, қызмет көрсетудi жеңiлдiкпен немесе тегiн беруден,
тауарларды жеңiлдiкпен сатып алудан,
үкiметтiң мемлекеттік емес ұйымдарға жоғарыда келтiрiлген қолдау шараларының бiрiн немесе бiрнешеуiн жүзеге асыру туралы тапсырмасынан, егер қосымша табыс табуға қол жеткiзетiн болса, бағаға немесе табысқа қандай да болсын қолдау көрсетуден тұрады;
17) материалдық зиян шегу қаупi - залал келтiру мүмкiндiгi туралы субъективтi ой-пiкiрлердi жою мақсатында нақты айғақтармен қуатталған материалдық зиянның айқын орын алуы;
18) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының сауда және өндiрiс практикасының мониторингiн жүзеге асыратын мемлекеттік орган, ол материалдық нұқсан келтiрiлгенiн немесе сондай қатер төнгенiн және өтем шараларын енгізу қажеттiгiн анықтау жөніндегі iстiң қаралуын жүзеге асырады.
2-бап. Осы Заңның мақсаттары
Осы Заңның мақсаттары iшкi рынокты шет мемлекет (шет мемлекеттер одағы) субсидиялаған импорттық тауар берушiлер тарапынан жасалатын терiс пиғылды бәсекеден қорғау және отандық өндiрушiлер үшiн келтiрiлетiн келеңсiз зардаптарды жою болып табылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заңда уәкiлетті орган мен мүдделi тұлғалардың арасында және мүдделi тұлғалардың өз арасында Қазақстан Республикасының аумағына шет мемлекет (шет мемлекеттер одағы) субсидиялаған импорттық тауарды жеткiзiп беруге байланысты, сондай-ақ отандық өндiрушiлердiң субсидиялаушы елдiң рыногындағы және үшiншi елдiң рыногындағы бәсекелесу мүмкiндiгiнiң нашарлауына байланысты, ұқсас тауардың отандық өндiрушiлерiне материалдық зиян келтiретiн немесе зиян келтiруге қауiп төнгiзетiн жағдайда туындайтын қатынастар реттеледi.
4-бап. Қазақстан Республикасының субсидиялар және
өтем шаралары туралы заңдары
1. Субсидиялар және өтем шаралары туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық келісімде немесе шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық келісімнiң немесе шарттың ережелерi қолданылады.
5-бап. Шет мемлекет (шет мемлекеттер одағы) субсидиялаған тауар
импортына бақылау жасауды ұйымдастыру
1. Шет мемлекет (шет мемлекеттер одағы) субсидиялаған тауар импорты жағдайында бақылау жасау мен iстi қарауды жүргiзу және өтем шараларын енгізу жөніндегі қызметтi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2. Өтем шараларын енгізудi, қайта қарауды және олардың күшiн жоюды уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады.
6-бап. Уәкiлеттi орган
1. Уәкiлеттi орган өзiне осы Заңмен, басқа да нормативтiк құқықтық актілермен берiлетiн өкiлеттiк шегiнде жұмыс iстейдi.
2. Уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде iстi қарау рәсiмдерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер шығара алады, iстiң қаралуын жүргiзедi, Қазақстан Республикасының Yкіметіне өтем шараларын қолдануды енгізу үшiн қорытынды дайындайды.
2-Тарау. Субсидияларды анықтаудың өлшемдері
мен шарттары
7-бап. Ерекше субсидияның анықтамасы
1. Егер шет мемлекеттің (шет мемлекеттер одағының) субсидиясын берудiң объективтi өлшемдерi мен талаптары нақты кәсiпорынды немесе экономика саласын көрсетпей белгiленсе, ол ерекше субсидия деп қарастырылмайды.
Егер:
1) субсидиялаушы орган немесе субсидиялаушы орган негiзге ала отырып, жұмыс iстейтiн заңдар, кәсiпорындардың шектеулi санынан басқа, өзге барлық тұлғалардың субсидия алуына шек қойса;
2) субсидиялар беру нақты аймақта орналасқан кәсiпорындардың шектеулi санымен байланысты болса;
3) субсидиялар бiрнеше шарттардың бiрден-бiрi немесе бiреуi ретiнде экспорт нәтижелерiмен немесе импорттық тауарлардың орнына жергiліктi тауарларды пайдаланумен байланысты болса, субсидия ерекше болып табылады және оны беру өтеу шараларын қолдануға әкеп соғады.
2. Егер оны беру отандық өндiрушiлерге материалдық зиян келтірсе немесе келтiретiндей қауiп төндiрсе және оны берудiң шарттары мен нысаны мынадай факторларға:
1) субсидияларды кәсiпорындардың шектеулi санының басымдықпен пайдалануына;
2) кәсiпорындардың шектеулi санына берiлген субсидиялар мөлшерiнiң орынсыз үлкен болуына;
3) субсидиялардың пайдаланылу бағыттарына;
4) субсидияландырудан бас тарту немесе оған өтiнiмдi қанағаттандыру жиiлiгi және шет мемлекеттің (шет мемлекеттер одағының) үкіметтiк органдарының тиiстi шешiмдерiнiң дәлелдерiне;
5) мемлекеттік субсидияландыру бағдарламаларын пайдаланатын кәсiпорындар санына;
6) субсидиялар беру кезiнде кәсiпорындардың экономикалық қызметi диверсификациялау дәрежесiне сәйкес келсе, ерекше емес субсидия өтеледi.
2006.09.01 № 114-III ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Уәкiлеттi орган жүргiзген iстi қарау нәтижесiнде өндiрген және (немесе) экспортқа шығарған кезде шет мемлекеттiң (шет мемлекеттер одағының) ерекше субсидиясы пайдаланылған әлдеқандай тауарды импорттау отандық өндiрушiлерге материалдық зиян келтiретiнi немесе зиян келтiру қаупiн туғызатыны анықталса, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, өтем шараларын қолдануға құқығы бар.
4. Егер ерекше субсидия тауар құнының бiр процентiнен кем болса, оның мөлшерi болмашы деп қарастырылады.
5. Егер тауарлар Қазақстан Республикасына экспорттың шыққан елiнен емес, аралық елден импортталса, осы Заңның нормалары толық қолданылады және мәмiлелер (мәмiле) оның шыққан елi мен Қазақстан Республикасының арасында жасалған мәмiлелер сияқты қарастырылады.
8-бап. 2006.09.01 № 114-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3-тарау. Материалдық зиян келтірілуін анықтау
9-бап. Материалдық зиян келтірілуін анықтау
1. Материалдық зиян келтірілуін анықтау дәлелдемелерге негізделеді және шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған импорттық тауар көлемін, оның Қазақстан Республикасының ішкі рыногындағы ұқсас тауарлар бағасына жасайтын ықпалын және осындай тауар импортының ұқсас тауарларды отандық өндірушілерге тигізетін салдарын объективті түрде зерделеуді қамтиды.
2006.09.01 № 114-III ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Егер бір елден көп елдерден шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған әлдеқандай тауар импорты бір мезгілде қаралатын мәселе болса, егер әрбір елден жасалатын импорт жөнінде белгіленген өтелуге тиiстi субсидиялардың мөлшерi анықталса және шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған тауар импортының көлемi елеулi болып, осы Заңның 7 және 10-баптарында белгiленген деңгейден асып түссе, онда ондай тауар импортының жиынтық ықпалы бағалануға тиiс.
10-бап. Болмашы материалдық зиянның мөлшерiн анықтау
Егер өтiнiш берiлген елдiң тауар беруi салыстырып алғандағы уақыт кезеңi iшiнде жалпы импорт көлемiнiң 1 процентiнен кем болса, ал жинақтап алғанда мұндай елдердiң үлесi Қазақстанға сондай тауар берудiң 3 процентiнен кем болса, материалдық зиянның мөлшерi болмашы деп қарастырылады.
11-бап. Шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған тауар
импортының отандық өндiрушiлерге ықпалын анықтау
1. Шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған тауар импортының отандық өндiрушiлерге ықпалын зерттеу уәкiлеттi органның iске қатысы бар отандық өндiрушiлердiң жай-күйiне ықпал жасайтын барлық экономикалық факторлар мен көрсеткіштердi, оның iшiнде:
өнiм шығарудың нақты және ықтимал қысқаруын, сатылуын, рыноктағы үлесiн, пайданың, өнiмдiлiктiң, инвестициялардан түсетiн кiрiстердiң, қуаттардың пайдалануын;
Қазақстан Республикасында ұқсас тауарлар бағасының қалыптасуына ықпал ететiн факторларды, ақша ағысының қозғалысына, тауар қорларына, жұмыспен қамтылуға, жалақыға, өндiрiстiң өсу қарқынына, инвестициялар тарту мүмкiндiгiне нақты немесе ықтимал терiс ықпал етудi қамтиды.
2. Егер қолда бар деректер өндiрiс процесi, өнiмдi өндiрушiлерге тиеп-жөнелту және пайда сияқты өлшемдер негiзiнде белгiлi бiр өндiрiстi бөлiп көрсетуге мүмкiндiк берсе, шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған тауар импортының ықпалы ұқсас тауардың отандық өндiрiсiне қатынасы бойынша бағаланады. Егер белгiлi бiр өндiрiстi бұлайша бөлiп көрсету мүмкiн болмаса, шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған тауар импортының ықпалы тауарлардың сол сияқты тауарды қамтитын, ол бойынша қажеттi ақпарат алуға болатын, мүмкiндiгiнше неғұрлым шағын номенклатурасын өндiрудi зерделеу негiзiнде бағаланады.
12-бап. Материалдық зиян жасалғанын анықтау
1. Уәкiлеттi орган шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған тауар импорты кезiнде отандық өндiрушiлерге материалдық зиян жасалғанын және шет мемлекет / шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған тауар импорты мен ол келтiрген материалдық зиянның немесе оның қаупi арасында себеп-салдар байланысы болуын анықтайды.
2. Уәкiлеттi орган шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған тауар импортымен қоса нақ сол кезеңде отандық өндiрушiлерге материалдық зиян келтiретiн басқа да белгiлi факторларды зерделейдi, бiрақ бұл материалдық зиян шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған тауар импортына телiнбеуге тиiс. Бұл факторлар, атап айтқанда, шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидияламаған тауар импортының көлемi мен бағасын, сұранымның азаюын немесе тұтыну құрылымындағы өзгерістердi, шетелдiк және отандық өндiрушiлер арасындағы шектейтiн сауда практикасы мен бәсекенi, технологиялық жетістiктердi, сондай-ақ экспорт нәтижелерi мен отандық өндiрушiлердiң өнiмдiлiгiн қамтиды.
13-бап. Материалдық зиян келтiру қаупін анықтау
Шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған тауар импортынан отандық өндiрушiлерге материалдық зиян келтiрiлу қаупiн уәкiлеттi орган мынадай көрсеткiштерге:
1) субсидияның сипатына және оның саудаға жасайтын ықпалына;
2) шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған тауар импортының Қазақстан Республикасының рыногындағы өсу қарқынына;
3) өнiм берушiде шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған тауар өндiрiсi мен экспортының оны Қазақстан Республикасының рыногына берудiң көбею мүмкiндiгiн көрсететiн резервтердiң болуына талдау жасауға негiздеуге тиiс. Бұл орайда кез-келген қосымша экспортты iске асыру үшін басқа экспорт рыноктарының мүмкiндiктерi ескерiледi;
4) iшкi рыноктың бағасын төмендетуге ықпал етуiне және қосымша
өнiм беруге сұранымның артуына қол жеткізуi мүмкiн бағамен шет мемлекет
/шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған тауар импортына;
5) iстi қарау жүргiзiлiп жатқан өнiм берушi еліндегі тауар қорларының көлемiне талдау жасауға негiздеуге тиiс.
14-бап. Аймақтық өндiрушiлерге материалдық зиян келтiру
Шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған импорттық тауар беру Қазақстан Республикасының жекелеген аймақтық рыногына шоғырланған жағдайда, оларды беру аймақтық өндiрушiлерге материалдық зиян келтiруге немесе оның пайда болу қаупiне әкеп соққан кезде уәкiлеттi орган осы заңның нормаларына сәйкес сол аймаққа бейiмдеп iс қарауды жүргiзуге құқылы.
4-тарау. Iсті қарау
15-бап. Субсидиялар және өтем шаралары бойынша
iстi қараудың мәнi
Уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасына шет мемлекет (шет мемлекеттер одағы) субсидиялаған тауар импорты фактiсiн және сол арқылы отандық ұқсас тауарларды өндiрушiлерге материалдық зиян келтiрiлгенiн немесе оны келтiру қаупi пайда болғанын анықтауы шет мемлекет (шет мемлекеттер одағы) субсидиялаған тауар импорты бойынша iс қараудың мәнi болып табылады.
16-бап. Субсидияның болуы және ол келтiретiн материалдық
зиян немесе оны келтіру қаупi туралы арыз
1. Субсидияның болуы және оның келтiрген материалдық зиянды немесе оны келтiру қаупi туралы арызды отандық өндiрушiлер немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы уәкiлеттi органға жазбаша түрде бередi.
2. Егер уәкiлетті орган арызда келтiрiлген мәлiметтердi жеткiлiктi деп танып, ол жөнiнде арыз берушiге жазбаша түрде хабарласа, арыз қабылданған болып есептеледi. Егер уәкiлеттi орган мәлiметтердi жеткiлiксiз деп тапса, бұл жөнiнде ол арыз берушiге арыз алынған кезден бастан он күн мерзiмде хабарлауға және оның өз арызын өзгертуiне немесе толықтыруына мүмкiндiк беруге тиiс. Арыз берушi өз арызын өзгерткен немесе толықтырған жағдайда арызды қарау мерзiмi толықтырулар немесе өзгерістер алынған күннен басталады.
3. Арызда мынадай мәлiметтер болуға тиiс:
1) арыз берушiнiң, арыз берушiлердiң атауы (бұдан әрi - арыз берушi), арыз берушiнің тауар өндiруi туралы деректерi (көлемi және бағасы), сондай-ақ арыз берушiге белгiлi отандық өндiрушілердiң сондай тауарды өндiруi туралы деректер;
2) шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған импорттық тауардың сипаттамасы, өнiм берушi немесе өнiм шығарылған елдiң атауы, сол тауарды белгілі берушiлер, импорттаушылар туралы мәлiметтер;
3) субсидиялардың болуын, мөлшерiн, сипатын және ерекшелiгiн растайтын дәлелдемелер;
4) шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған импорттық тауар беру көлемiнiң серпiндiлiгiн қоса алғанда, материалдық зиян келтiрiлуiнiң немесе келтiру қаупiнiң айғақтары, оның сондай тауардың iшкi рыноктағы бағасына ықпалы және осындай тауар берудiң келеңсiз зардаптары.
4. Отандық өндiрушiлердiң арызы бойынша iстi қарау рәсiмiнiң басталуы үшiн уәкiлеттi органның бұл арызда өз пiкiрiн бiлдiрушiлердiң үлесіне отандық өндiрушілердiң тауар өндiру көлемінің елу процентiнен астамы келетiнiн анықтауы мiндеттi шарт болып табылады. Бұл пiкiрлер «жақтайтын», «қарсы» пiкiрлер болуы, сондай-ақ өзiнiң айқын көзқарасын бiлдiрмеуi мүмкiн. Бұл орайда отандық өндiрушiлер өндiрген тауардың үлесiне отандық өндiрушiлер өндiрген барлық осындай тауарлардың жиырма бес процентiнен астамы келедi.
17-бап. Уәкiлеттi органның бастамасымен iстi қараудың басталуы
Ерекше субсидиялардың және шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған импорттық тауар импортын беру келтiретiн материалдық зиянның болуына және олардың себеп-салдарлы байланысына жеткілiктi дәлелдемелер болған жағдайда уәкiлеттi орган өз бастамасымен iстi қарай бастау туралы шешiм қабылдауға құқылы.
2006.09.01 № 114-III ҚР Заңымен 17-1-баппен толықтырылды
17-1-бап. Консультациялар жүргізу
1. Уәкілетті орган арызды қабылдағаннан кейін және істі қарау басталғанға дейін тауарлары істі қараудың нысанасы болуы мүмкін шет мемлекеттерге (шет мемлекеттер одағына) осы Заңның 16-бабының 3-тармағында көрсетілген мәселелер бойынша жағдайды нақтылау және келісілген шешімге қол жеткізу үшін онымен консультациялар жүргізу туралы ұсынысты жібереді.
2. Істі қараудың барлық кезеңі ішінде тауарлары істі қараудың нысанасы болып табылатын шет мемлекеттерге (шет мемлекеттер одағына) іс жүзіндегі мән-жайларды нақтылау және келісілген шешімге қол жеткізу үшін уәкілетті органмен консультацияларды жалғастыруға мүмкіндік беріледі.
3. Консультацияларды жүргізу істі қараудың басталуына, қорытындылар шығаруға, осы Заңға сәйкес уақытша немесе түпкілікті өтем шараларын қолдануға кедергі жасамауға тиіс.
4. Уәкілетті орган тауарлары істі қараудың нысанасы болып табылатын шет мемлекеттердің (шет мемлекеттер одағының) өтініші бойынша істі қарауды бастау немесе жүргізу үшін пайдаланылатын құпия емес ақпаратқа қол жеткізуге рұқсат береді.
18-бап. Iстi қарау рәсiмiн бастаудан бас тарту үшiн негiздер
Егер осы Заңның 7-бабында көзделген субсидияның мөлшерi мен осы Заңның 10 және 16-баптарында көзделген шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған тауар импортының көлемi болмашы екенi анықталса, уәкiлетті орган iстi қарау рәсiмiн бастаудан бас тартады.
19-бап. Отандық өндiрушiлердiң атынан берiлген арызды
қайтарып алу
Арыз берушi арызды оны қарау басталғанға дейiн немесе оның барысында қайтарып алуы мүмкiн. Арыз iстi қарау басталғанға дейiн қайтарып алынса, ол берiлмеген болып есептеледi. Егер арыз iстi қарау барысында қайтарылып алынса, уәкiлеттi органның iстi қарауды жалғастыруға не оны шара қолданбай тоқтатуға құқығы бар.
20-бап. Iстi қарау рәсiмiн өткізудi бастау туралы шешiм
1. Iстi қарау рәсiмiн бастау туралы не оны бастаудан бас тарту туралы шешімдi уәкiлеттi орган осы Заңның 16 және 18-баптарының талаптарын ескере отырып, барлық табыс етiлген деректердi зерделеу негiзiнде арыз қабылданған кезден бастап екi ай iшiнде қабылдайды.
2. Iстi қарау рәсiмiн бастау туралы шешiм қабылданғаннан кейiн уәкiлеттi орган ресми басылымдарда хабарлама жариялайды.
3. Iстi қараудың басталуы туралы хабарламада мынадай ақпарат болуға тиiс:
1) iстi қарауды жүргiзетiн уәкiлеттi органның атауы;
2) iстi қарауды бастайтын күн;
3) iстi қараудың нысанасы болып табылатын шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған тауарды шығарған немесе экспорттаған елдiң атауы;
4) iстi қарауды бастау үшiн негiздеме;
5) материалдық зиян келтiру немесе зиян келтiру қаупiн төндiру туралы пiкiр негiзделетiн фактiлердiң қысқаша мазмұны;
6) мүдделi адамдардың iспен танысуға мүмкiндiк алу үшiн өз өтiнiштерiн беруiне, өз пiкiрiн және мүдделi адамдармен кездесулер қажет екенiн мәлiмдеуiне болатын мерзiм.
Істi қарауды жүргiзуден бас тарту туралы шешiм қабылданған жағдайда уәкiлетті орган бас тартудың себептерi мен негiздемесiн көрсете отырып, арыз қабылданған кезден бастап екi ай iшiнде арыз берушiнi хабардар етуi керек.
21-бап. Ақпарат сұрату
2006.09.01 № 114-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Iстi қарау басталғаннан кейiн уәкiлеттi орган мүдделi тұлғаларға сауалдар жiбередi.
Мүдделi тұлғаларға сауал алынған күннен бастап оған жауап дайындау үшiн бiр ай уақыт берiледi. Салынған сауал оны почта арқылы жiберiлгеннен кейiн немесе мүдделi тұлғаның өкiлiне берiлгеннен кейiн жетi күннен соң алынған болып есептеледi.
Iстi қарау барысында уәкiлеттi орган мүдделi тұлғалардан жауап қайтарылуға тиiстi мерзiмдi көрсете отырып, қосымша ақпарат сұрауы мүмкiн.
Уәкілетті орган мүдделі тұлғалардың көрсетілген бір айлық мерзімді ұзарту туралы өтінішін назарға алуы керек және негіздемелер жеткілікті болған кезде мұндай ұзарту істі қарау барысында табыс етілуге тиіс.
2. Мүдделi тұлғаның өзi қажет деп санайтын кез-келген дәлелдеменi жазбаша түрде табыс етуге құқығы бар.
3. Егер қайсыбiр мүдделi тұлға қажеттi мәлiметтердi уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде табыс етпесе немесе iстi қарауды қиындатса, уәкiлеттi органның қолда бар деректер негiзiнде қорытынды шығаруға құқығы бар.
4. Мүдделi тұлғалар iстiң қаралуын жүргiзуге жәрдемдесуге және уәкiлеттi органның сауал салуы бойынша қажеттi ақпарат, оның iшінде құпия ақпарат беруге тиiс.
22-бап. Ақпаратты тексеру және iстi қарау мерзiмдерi
1. Мүдделi адамдар табыс еткен және iстi қарау нәтижелерi бойынша тұжырымдар негiзделетiн ақпараттың анықтығы тексерiлуге тиiс.
2. Ақпараттың анықтығын тексеру немесе қосымша деректер алу мақсатымен, тиiстi өнiм берушiлермен келiсе отырып және олардың елдерi ресми органдарының қарсылықтары болмаған жағдайда уәкiлеттi орган iстi қарауды сол елдердiң аумағында өткiзедi.
3. Шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған тауар импорты жөніндегі ақпарат тексерiлетiн кезең белгiлi бiр кәсіпорынның қаржы есебiнiң соңғы жылы не, егер бұл мүмкiн болмаса, iстi қарауға қатысы бар анық қаржылық және басқа деректер болған iстi қарау басталғанға дейiнгi алты ай болып табылады.
4. Шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған тауар импорты жөніндегі iстi қарау мерзiмi оның рәсiмi басталған кезден алты айдан аспауға тиiс.
23-бап. Құпия ақпарат
1. Iстi қарау барысында уәкiлетті органға табыс етiлетiн құпия ақпарат мүдделi адамдардың жазбаша келісімiнсiз жария етiлмеуге тиiс.