63-бап. Уәкілетті экономикалық оператор куәлігін беру, оның қолданылуын тоқтата тұру және кері қайтару
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1. Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізілгені туралы куәлікті алу үшін заңды тұлға кеден ісі саласындағы уәкілетті органға кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ мына құжаттарды:
1) 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2) нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейтін толтырылған сауалнаманы;
3) кедендік баждар мен салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді растайтын мынадай құжаттардың бірін:
кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотына ақша аудару туралы төлем құжатының көшірмесін;
төлеуші мен кеден органы арасында жасалған мүліктік кепіл шартын және мүлік кепілінің нарықтық құнын бағалау туралы бағалаушының есебін;
банк кепілдігі шартын;
кепілгерлік шартын;
4) аудиторлық есепті;
5) мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алу мүмкіндігін қоспағанда, өндірістік операциялар жүзеге асырылатын үй-жайларға, ашық алаңдарға және өзге де аумақтарға меншік құқығын немесе шаруашылық жүргізу құқығын немесе жедел басқару немесе жалдау (қосалқы жалдау) не өзге заңды негіздегі құқығын растайтын құжаттарды табыс етеді.
2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды қарау кезінде ондағы мәліметтерді тексереді, сондай-ақ кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне заңды тұлғаның сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырған, бірақ уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы өтініш тіркелген күнге дейінгі бес жылдан аспайтын кезең үшін осы Кодекстің 211-бабы 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген талаптарды сақтау тұрғысынан, сондай-ақ өтініш берушінің осы Кодекстің 62-бабы 1-тармағының 2), 7) және 9) тармақшаларында көзделген уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру шарттарына сәйкестігіне осы Кодекстің 24-тарауында көзделген көшпелі кедендік тексеру жүргізуді тапсырады.
Егер бұрын көшпелі кедендік тексеру жүргізілген және осы Кодекстің 211-бабы 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген талаптардың сақталуы тексерілген жағдайда уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізуге өтінішке сәйкес мұндай талаптардың сақталуын тексеру алдыңғы көшпелі кедендік тексеру аяқталған күннен бастап уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізуге өтініш тіркелген күнге дейін қамтитын уақыт кезеңіне ғана жүргізілетін көшпелі кедендік тексеру шеңберінде жүзеге асырылады.
Өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды қарау, сондай-ақ көшпелі кедендік тексеру жүргізу нәтижелері бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган өтініш және көрсетілген құжаттар тіркелген күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне тұлғаны енгізу туралы куәлік беру не, бас тарту себептерін көрсете отырып, мұндай куәлікті беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне тұлғаны енгізу туралы куәлікті беру туралы шешім, ұсынылатын оңайлатулар көрсетіле отырып, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді.
Өтініш беруші өтініште, сауалнамада толық емес немесе анық емес мәліметтерді көрсеткен не осы баптың 1-тармағында көзделген құжаттар болмаған жағдайларда, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган өтініш және оған қоса берілетін құжаттар қабылданған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей өтініш берушіге бас тарту себептерін көрсете отырып, куәлікті беруден бас тарту туралы жазбаша хабарлайды.
3. Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесі берілген күннен бастап бір жыл өткеннен кейін заңды тұлға кеден ісі саласындағы уәкілетті органға осы Кодекстің 65-бабының 2-тармағына сәйкес қосымша арнайы оңайлатуларды алуға кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша толтырылған сауалнаманы қоса бере отырып, өтініш беруге құқылы.
Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган қосымша арнайы оңайлатуларды алуға өтінішті қарау кезінде кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне осы Кодекстің 211-бабы 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген талаптарды сақтау тұрғысынан осы Кодекстің 24-тарауында көзделген көшпелі кедендік тексеру жүргізуді тапсырады.
Қосымша арнайы оңайлатуларды ұсыну туралы шешім, ұсынылатын арнайы оңайлатулар көрсетіле отырып, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді.
Қосымша арнайы оңайлатуларды алуға өтінішті қарау, сондай-ақ көшпелі кедендік тексеруді жүргізу нәтижелері бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган өтініш тіркелген күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей қосымша арнайы оңайлатуларды ұсыну туралы шешім қабылдайды не, бас тарту себептерін көрсете отырып, қосымша арнайы оңайлатуларды беруден бас тартады.
4. Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәліктің қолданылуы:
1) уәкілетті экономикалық оператор уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру туралы өтініш берген;
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2) берешекті төлеген кезге дейін, осы Кодекстің 220-бабының 6-тармағында және 221-2-бабының 5 және 6-тармақтарында белгіленген мерзім өткеннен кейін кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешек болған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түпкілікті шешім шығарылғанға дейін, өтiнiш берушiге, құрылтайшыларға, акциялардың бақылау пакетi бар акционерлерге қатысты 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 209, 214 және 250-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 234, 236 және 286-баптары бойынша қылмыстық іс қозғау фактілері болған;
4) 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
5) осы Кодекстің 62-бабы 1-тармағының 7) және 9) тармақшаларында және 63-1-бабының бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген міндеттер орындалмаған кезде тоқтатыла тұрады.
Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы қолданыстағы куәлiктiң қолданылуы тоқтатыла тұрған кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде өтініш берушіге жазбаша хабарлайды.
5. Уәкілетті экономикалық оператор куәлігінің бұрын тоқтатыла тұрған қолданылуы осы куәліктің қолданылуы тоқтатыла тұрған себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды ұсына отырып, оның кеден ісі саласындағы уәкілетті органға берген жазбаша өтініші бойынша қайта жаңартылады.
Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәліктің күшін қайта жаңарту туралы шешім жазбаша өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде кеден ісі саласындағы уәкілетті орган басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді және бұйрық қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
6. Уәкiлеттi экономикалық операторлар тiзiлiмiне енгiзу туралы куәлiк:
1) уәкiлеттi экономикалық оператор өзiн уәкiлеттi экономикалық операторлар тiзiлiмiнен алып тастау туралы өтiнiш берген;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға таратылған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға қайта ұйымдастырылған;
4) өтiнiш берушi, құрылтайшылар, акциялардың бақылау пакетi бар акционерлер 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 209, 214 және 250-баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 234, 236 және 286-баптарына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тартылған;
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда
5) уәкiлеттi экономикалық операторында 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 527, 534, 543, 548, 549, 550, 551, 552, 558-баптары бойынша бір жыл ішінде екіден көп әкімшілік жаза қолдану туралы заңды күшіне енген қаулы болған;
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
6) осы Кодекстің 63-бабының 4-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіздер бойынша уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізілгені туралы куәліктің қолданысының тоқтатылу себептерін тізілімге енгізу туралы аталған куәліктің қолданысы тоқтатылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жоймаған кезде кері қайтарылады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 63-1-баппен толықтырылды
63-1-бап. Уәкілетті экономикалық оператордың міндеттері
Уәкілетті экономикалық оператор:
1) уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру кезінде қойылған талаптар мен Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген өзге де талаптарды сақтауға;
2) кеден ісі саласындағы уәкілетті органға уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін алу кезінде өзі мәлімдеген мәліметтердің өзгергені және (немесе) толықтырылғаны туралы мұндай өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды растайтын тиісті құжаттарды ұсыну арқылы өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде хабарлауға міндетті.
Осы Кодекстің 62-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында көзделген меншікті капиталдың азайғаны туралы ақпарат Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бухгалтерлік баланс түрінде табыс етіледі;
3) кеден органдарының талап етуі бойынша кедендік бақылауды жүзеге асыру мақсатында қажетті ақпаратты және есептілікті кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен табыс етуге;
4) кедендік баждарды, салықтарды төлеуді бас қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі аяқталған кезде мұндай мерзім аяқталатын күнге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей кеден ісі саласындағы уәкілетті органға көрсетілген бас қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін ұзарту туралы құжаттарды не кедендік баждарды, салықтарды төлеуді жаңа бас қамтамасыз етуді табыс етуге міндетті.
64-бап. Уәкілетті экономикалық операторлар тізілімі
Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган уәкілетті экономикалық операторлар тізілімін жүргізеді және ай сайын әр айдың бесінші күнінен кешіктірмей оны кеден ісі саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурстарында жариялауды қамтамасыз етеді.
Уәкілетті экономикалық операторлар тізілімінің және осындай тізілімге енгізу туралы куәліктің нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 65-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
65-бап. Уәкілетті экономикалық операторға берілетін арнайы оңайлатулар
1. Уәкілетті экономикалық операторға мынадай арнайы оңайлатулар беріледі:
1) уәкілетті экономикалық оператордың үй-жайларында, ашық алаңдарында және өзге аумақтарында тауарларды уақытша сақтау;
2) кедендік транзит рәсімін жүзеге асыру кезінде кеден органдары кедендік баждар мен салықтардың төленуін қамтамасыз етудің ұсынылуын талап етпейді;
3) кедендік декларацияны беру алдындағы кедендік операцияларды жасаудың және кедендік рәсіммен орналастырудың бірінші кезектегі тәртібі;
4) мерзімдік кедендік декларациялауды жүзеге асыру кезінде кедендік баждар мен салықтардың төленуін қамтамасыз ету қолданылмайды.
2. Уәкілетті экономикалық операторға мынадай қосымша арнайы оңайлатулар берілуі мүмкін:
1) уәкілетті экономикалық оператордың үй-жайларында, ашық алаңдарында, аумақтарында тауарларды шығаруға байланысты кедендік операциялар жүргізу;
2) осы Кодекстің 298-бабына сәйкес кедендік декларацияны бергенге дейін тауарлар шығару;
3) осы Кодекстің 319-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен уәкілетті экономикалық операторлар үшін кедендік транзит рәсімін қолдану.
3. Осы Кодекстің 62-бабының 1-тармағына сәйкес уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру шарттарына сәйкес келген кезде, тауарларды өндіру қызметін жүзеге асыратын және (немесе) кедендік әкету баждары қолданылмайтын тауарларды экспорттайтын заңды тұлғалар үшін осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген арнайы оңайлатулар ұсынылады.
4. Осы бапта көзделген арнайы оңайлатулар, егер уәкiлеттi экономикалық оператор осындай арнайы оңайлатуларды қолдану көзделетін тауарлардың декларанты болатын жағдайларда ғана қолданылады.
5. Осы бапта көзделген арнайы оңайлатулар қолданылмайтын тауарлардың тiзбесi Комиссияның шешiмiмен айқындалады.
2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6. Уәкілетті экономикалық оператордың халықаралық тасымалдайтын көлік құралын белгілеу мақсатында, мұндай көлік құралында кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітетін танымдық белгі пайдаланылады.
66-бап. Кеден органдарына алдын ала ақпараттарды табыс ету
1. Уәкілетті экономикалық операторлар, тасымалдаушылар, оның ішінде кедендік тасымалдаушылар, кеден өкілдері және өзге де мүдделі тұлғалар кеден органдарына Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілуі көзделген тауарлар, мұндай тауарларды өткізетін халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары, Кеден одағының кедендік аумағына тауарлардың әкеліну немесе мұндай аумақтан әкетілу уақыты мен орны, Кеден одағының кедендік аумағына келетін немесе мұндай аумақтан кететін жолаушылар туралы алдын ала ақпараттарды электронды түрде табыс ете алады.
2. Кеден органдары Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Кеден одағына мүше мемлекеттердің, шет мемлекеттердің кеден органдарымен (қызметтерімен) алдын ала ақпарат алмасуды жүзеге асырады.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3. Кеден органдарына алдын ала ақпаратты міндетті түрде ұсыну жағдайлары, оны ұсыну көлемі, тәртібі және кедендік мақсаттар үшін пайдалану тәртібі Кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес айқындалады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 66-1-баппен толықтырылды
66-1-бап. Уәкiлеттi экономикалық оператордың жауаптылығы
Уәкiлеттi экономикалық оператор өзінің міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
7-тарау. Ақпараттық жүйелер мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
67-бап. Кеден органдары пайдаланатын ақпараттық жүйелер, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және оларды қамтамасыз ету құралдары
1. Кедендік операциялар ақпараттық жүйе мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, оның ішінде ақпарат берудің электронды тәсіліне негізделген технологияларды, сондай-ақ оларды қамтамасыз ету құралдарын пайдалана отырып жасай алады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2. Ақпараттық жүйелер мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ендiру Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Кеден органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдары әзірлеген, шығарған немесе сатып алған ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және оларды қамтамасыз ету құралдарын пайдаланады.
4. 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
68-бап. Декларанттардың және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың меншігіндегі бағдарламалық өнімдер
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Кодексте көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну үшін декларанттар немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар пайдаланатын бағдарламалық өнімдер сәйкес болуға тиіс талаптарды кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді. Көрсетілген талаптар кеден ісі саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, веб-порталында орналастырылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Бағдарламалық өнімдердің кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін ғана оларды кедендік мақсаттар үшін пайдалануға жол беріледі.
2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Бағдарламалық өнiмдерге тексеру жүргiзу үшiн осы баптың 1-тармағында аталған тұлға кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органға мыналар қамтылған бағдарламалық өнiмге тексеру жүргiзу туралы өтiнiш бередi:
1) өтiнiш берушi туралы мәлiметтер: жеке тұлға үшiн - тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) және оның тұрғылықты жерi (мекенжайы); заңды тұлға үшiн - атауы және орналасқан жерi (мекенжайы); сәйкестендiру нөмiрi;
2) жеке тұлға үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi; заңды тұлға үшін - Бизнес-сәйкестендіру нөмірі.
Өтінішке оны жасаған адам қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, мөрмен куәландырады.
4. Өтінішпен бірге мынадай құжаттар:
2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) жеке тұлға үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi; заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
2) бағдарламалық өнімдерге бағдарламалық және пайдалану құжаттамаларының жиынтығы;
3) бағдарламалық өнімді әзірлеу кезінде лицензияланған бағдарламалық құралдардың пайдаланылғанын растайтын құжаттар;
4) әзірленген бағдарламалық өнім арқылы кедендік құжаттарды толтырудың ережелеріне сәйкес ресімделген кедендік құжаттардың электронды көшірмелерінің үлгілері қоса берілуге тиіс.
5. Өтініш тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде кеден ісі саласындағы уәкілетті орган өтініште көрсетілген мәліметтерді, сондай-ақ осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды қарайды және тексереді.
6. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган кедендік құжаттардың электронды көшірмелерін қалыптастыру бойынша бағдарламалық өнімдерді әзірлеушілердің тізілімін жүргізеді, онда мынадай мәліметтер:
1) бағдарламалық өнімді әзірлеуші болып табылатын тұлғаның атауы;
2) бағдарламалық өнімнің атауы;
3) бағдарламалық өнім нұсқаларының нөмірі;
4) электронды кедендік құжаттардың түрі қамтылады.
7. Кедендік құжаттардың электронды көшірмелерін қалыптастыру бойынша бағдарламалық өнімдерді әзірлеушілерді тізілімге енгізу туралы шешім кеден ісі саласындағы уәкілетті орган басшысының (не оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді және осы баптың 5-тармағында көзделген мерзімнен кешіктірілмей өтініш берушінің мекенжайына жіберіледі. Бағдарламалық өнімді әзірлеушіні тізілімге енгізуден бас тартылған жағдайда, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, бас тарту себептері туралы аталған тұлғаны жазбаша нысанда хабардар етеді. Өтініш беруші ескертулерді жойғаннан кейін осы баптың 3 және 4-тармақтарына сәйкес құжаттарды қайтадан табыс етуге құқылы.
8. Кедендік құжаттардың электронды көшірмелерін қалыптастыру бойынша бағдарламалық өнімдерді әзірлеушілерді тізілімге енгізу және шығару туралы ақпарат тиісті бұйрық қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей кеден ісі саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, веб-порталында орналастырылады.
9. Бағдарламалық өнімдерге қойылатын талаптар өзгерген жағдайда жариялануға және кеден ісі саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, веб-порталында орналастырылуға жатады.
Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бұрын тексерген бағдарламалық өнімді өз қызметінде пайдаланатын тұлға оларды осы тарауда көзделген тәртіппен жаңадан белгіленген талаптарға сәйкес келтіруге міндетті.
69-бап. Декларанттарға және кеден өкілдеріне кедендік құжаттардың электронды көшірмелерін қалыптастыруға рұқсат беру
1. Декларант немесе кеден өкілі кеден ісі саласындағы уәкілетті органның кедендік құжаттардың электронды көшірмелерін қалыптастыруға арналған рұқсатын алу үшін кеден ісі саласындағы уәкілетті органға мынадай мәліметтер:
1) өтініш беруші туралы мәлімет: жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және оның тұратын жері (мекенжайы); заңды тұлға үшін - атауы және орналасқан жері (мекенжайы); сәйкестендіру нөмірі;
2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) жеке тұлға үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi; заңды тұлға үшін - бизнес-сәйкестендіру нөмірі қамтылған кедендiк құжаттардың электрондық көшiрмелерiн қалыптастыруға рұқсат беру туралы өтiнiш бередi.
Өтінішке оны жасаған адам қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, мөрмен куәландырады.
2. Өтінішпен бірге мынадай құжаттар:
2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) жеке тұлға үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi; заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
2) кеден ісі саласындағы уәкілетті органның меншігіндегі кедендік құжаттардың электронды көшірмелерін қалыптастыру бойынша бағдарламалық өнімдерді пайдалану жағдайларын қоспағанда, бағдарламалық өнімдерді әзірлеушілер тізіліміне енгізілген тұлғамен жасалған шарттың нотариат куәландырған көшірмесі қоса берілуге тиіс.
3. Өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кеден ісі саласындағы уәкілетті орган өтініштегі мәліметтерді, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды қарайды және тексереді.
4. Көрсетілген мәліметтер мен құжаттар белгілеген талаптарға сәйкес келген жағдайда, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган өтініш берген тұлғаны осы баптың 3-тармағында көзделген мерзімде өз шешімі туралы жазбаша хабардар етеді. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның жазбаша шешімінде берілген код көрсетіледі, кейіннен оны өтініш берген тұлға әрбір қалыптастырған кедендік құжаттардың электронды көшірмесінде белгіленген жиекке жазады.
5. Өтініш берушіге берілген код кеден өкілі ретінде қызметті жүзеге асыратын тұлғалардан басқа, өзге тұлғалар өткізетін тауарларға кедендік құжаттардың электронды көшірмелерін қалыптастыру үшін пайдаланылмайды.
6. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттар табыс етілмеген жағдайда, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган кедендік құжаттардың электронды көшірмелерін қалыптастыруға арналған рұқсатты беруден бас тартады және осы баптың 3-тармағында көзделген мерзімде өтініш берушіге бұл туралы жазбаша хабарлайды.
7. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның берілген код көрсетілген жазбаша шешімін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган мынадай жағдайлардың бірі туындаған кезде:
1) өтініш беруші осы баптың 5-тармағында белгіленген талаптарды бұзған;
2) өтініш беруші бағдарламалық өнімдерді әзірлеушімен шарттың күшін жойған және бұл туралы кеден ісі саласындағы уәкілетті органға хабарламаған кезде кері қайтарып алуы мүмкін.
8. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның осы берілген код көрсетілген жазбаша шешімін кері қайтарып алу өтініш берушіге берген кодтың күшін жоюға және мұндай кодпен қалыптастырылған кедендік құжаттардың электронды көшірмелерін қабылдаудан бас тартуға әкеп соғады.
9. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттардағы мәліметтер өзгерген кезде декларант немесе кеден өкілі мәліметтер өзгерген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде кеден ісі саласындағы уәкілетті органды болған өзгерістер туралы жазбаша хабардар етеді.
10. Осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, өтініш берушіге берілген кодтың қолданылу мерзімі шектелмейді.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 70-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
70-бап. Кеден органдарының электрондық ақпараттық ресурстары
1. Электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық жеткізгіште, кеден органдарының интернет-ресурсында және (немесе) ақпараттық жүйесінде қамтылған ақпарат кеден органдарының электрондық ақпараттық ресурстары болып табылады.
2. Кедендiк операцияларды жасау кезiнде ұсынылатын құжаттар мен мәлiметтер, сондай-ақ оларды жасау үшiн қажеттi құжаттар негізінде қалыптастырылған кеден органдарының электрондық ақпараттық ресурстарына қолжетiмдiлiк шектеулi болады.